Главная страница

Әлеуметтану пәні 2023 (копия). 1. О. Конт леуметтану терминін алаш ай жылы енгізген


Скачать 51.77 Kb.
Название1. О. Конт леуметтану терминін алаш ай жылы енгізген
Дата24.05.2023
Размер51.77 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаӘлеуметтану пәні 2023 (копия).docx
ТипДокументы
#1157087

1.О. Конт «әлеуметтану» терминін алғаш қай жылы енгізген

  1. 1839

  2. 1836

  3. 1739

  4. 1832

  5. 1736



2.Әлеуметтану нені зерттейтін ғылым

  1. қоғамның ерекше қызмет атқаруы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы

  2. саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылықтары, формалары мен жолдары туралы

  3. табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы

  4. халықтың туу, өлім мәселелерін қарастырады

  5. адамдардың мiнез-құлқы туралы


3.Әлеуметтануда биологиялық (органикалық) бағыттың негiзiн қалаушы

  1. Г. Спенсер

  2. О. Конт

  3. Э. Дюркгейм

  4. К. Маркс

  5. Т. Парсонс


4.Макроәлеуметтану нені зерттейді

  1. кең көлемді әлеуметтік жүйелер мен тарихи ұзақ үрдістерді зерттейді

  2. тұлғааралық қатынастарды

  3. тұлғаның құрылымын

  4. әлеуметтiк алмасу теориясын

  5. шағын топтардағы әлеуметтiк құбылыстар мен процестерді


5.Әлеуметтанудың пәнi

  1. әлеуметтiк қатынастар мен байланыстар

  2. қоғамдық сананың формалары

  3. саяси қатынастар

  4. қоғам

  5. индивидтердiң психологиялық тәртiбi


6.Адамдарға олардың өмірін түсінуге мүмкіндік беретін әлеуметтанудың функциясы

  1. теориялық-танымдық

  2. бақылау

  3. болжау

  4. сынау

  5. адамгершілік


7.Қоғамның дамуын таптардың күресімен байланыстырған кім

  1. К. Маркс

  2. М. Вебер

  3. О. Конт

  4. Ф. Теннис

  5. Э. Дюркгейм


8.Мына әлеуметтанушылардың ішіндегі қайсысы қоғам дамуының үш сатысын бөлді: теологиялық, метафизикалық, позитивтік

  1. О. Конт

  2. Г. Спенсер

  3. Э. Дюркгейм

  4. Ш. Монтескье

  5. М. Вебер


9.О. Конттың мына заңы әлеуметтiк даму теориясы болды

  1. үш кезең заңы

  2. ғылымдарды классификациялау заңы

  3. елiктеу заңы

  4. инстинкт заңы

  5. қоғамның құрылымы заңы


10.Э. Дюркгеймнің әлеуметтанулық ілімінде пайдаланылған ұғымдар

  1. механикалық және органикалық ынтымақтастық

  2. символдық, нақтылық

  3. санасыздық пен бейсаналық

  4. «идеалды тип», харизма

  5. «қоғам» мен «қауым»


11.Қоғамды бір тұтас жүйе ретінде қарастырып, оны адам ағзасымен салыстырған кім

  1. Г. Спенсер

  2. О. Конт

  3. К. Маркс

  4. М. Вебер

  5. Э. Дюркгейм


12.Әлеуметтiк статика және әлеуметтiк динамика туралы iлiмдi қалыптастырған ғалым

  1. О. Конт

  2. М. Вебер

  3. К. Маркс

  4. Э. Дюркгейм

  5. Г. Спенсер


13.Әлеуметтанудағы позитивизмнің негізін қалаушы

  1. О. Конт

  2. Ф. Теннис

  3. М. Вебер

  4. Э. Дюркгейм

  5. П. Сорокин



14.«Әлеуметтану әлеуметтік фактілерді зерттейтін ғылым деп көрсеткен кім

  1. Э. Дюркгейм

  2. О. Конт

  3. М. Вебер

  4. Р. Мертон

  5. Х. Шелдон



15.«Әлеуметтік тұрақтылық - әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім болуын қажет етеді» деді...

  1. Э. Дюркгейм

  2. О. Конт

  3. М. Вебер

  4. Р. Мертон

  5. Х. Шелдон


16.«Әр қоғам - қоршаған ортаға бейімделу» керек деген қағиданы ұстанған

  1. Г. Спенсер

  2. Т. Парсонс

  3. Э. Дюркгейм

  4. К. Маркс

  5. М. Вебер


17.Өткен оқиғаларды зерттеуге мүмкіндік беретін, барлық ақпаратты талдауға бағытталған әлеуметтанулық зерттеу әдісі

  1. контент талдау

  2. бақылау

  3. сауалнама

  4. сұхбат

  5. эксперимент


18.Сауалнама әдісі қандай әдіс

  1. зерттеу барысында анкета толтыру арқылы мәлімет жинау

  2. әлеуметтанулық зерттеу барысында құжаттарды талдау

  3. зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау

  4. зерттеу барысында респондентпен интервьюердің әңгімелесу арқылы сұрау жүргізу

  5. арнайы жабдықталған ортада зерттеуге алынған адамдардың іс әрекеттерін бақылау


19.Интервью әдісі

  1. зерттеу барысында респондентпен интервьюердің әңгімелесу арқылы сұрау жүргізу

  2. зерттеу барысында анкета толтыру арқылы мәлімет жинау

  3. зерттеуге қатысатын респонденттер санын анықтау

  4. әлеуметтанулық зерттеу барысында құжаттарды талдау

  5. арнайы жабдықталған ортада зерттеуге алынған адамдардың іс әрекеттерін бақылау


20.Сұрау барысында ақпарат көзі болып табылатын адам

  1. респондент

  2. интервьюер

  3. корреспондент

  4. сарапшы

  5. әлеуметтанушы


21.Сауалнамадағы ашық сұрақтар дегенiмiз

  1. жауабын өзiң жазатын сұрақ

  2. жауаптың бiр нұсқасын ғана таңдау

  3. ия немесе жоқ деген жауаптың біреуін таңдау

  4. сұраққа бiрнеше нұсқаның болуы

  5. бiрнеше жауаптың болуы



22.Сауалнамадағы жабық сұрақтар дегенiмiз

  1. жауаптың бiр нұсқасын ғана таңдау

  2. нақты жауап беретін респонденттерді таңдау үшін қойылатын сұрақтар

  3. «ия» немесе «жоқ» деген жауаптың болуы

  4. өзiң толықтыруға болатын сұрақ

  5. жауабын өзiң жазатын сұрақ


23.Әлеуметтанулық зерттеу дегеніміз

  1. нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық рәсімдер жүйесі

  2. теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырым

  3. адамдардың алатын орнының маңыздылығының бағасы

  4. ар ождан еркіндігі принципі

  5. әлеуметтанулық білім деңгейін анықтайды


24.Зерттеу барысында алғашқы қадам не болып табылады

  1. зерттелетін проблеманы анықтау

  2. материал іздеу

  3. зерттеушілер тобын жинау

  4. тәжірибе жүргізу

  5. бақылау жүргізу


25.Зерттегіміз келетін нәрсе жайлы көбірек білу үшін неден бастағанымыз жөн

  1. басқа ғалымдардың зерттеулерін шолудан бастау керек

  2. материал көздерінен іздеуден бастау керек

  3. нұсқаушыдан кеңес алудан

  4. ниетің болуы керек

  5. практикалық жұмыстан бастау керек


26.Гипотеза дегеніміз

  1. теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырымдама

  2. әлеуметтік стратификацияның негізгі өлшемі

  3. әлеуметтік тәртіптің негізгі элементі

  4. байқауға негізделген әдіс

  5. бөлінуге, оқшаулануға талпыну


27.Әлеуметтік сатылық ұғымды көрсететін термин - ...

  1. стратификация

  2. статус

  3. теңсіздік

  4. жіктелу

  5. иерархия


28.Әлеуметтiк стратификация дегенiмiз

  1. әлеуметтiк теңсiздiктiң формаларын анықтайтын ұғым

  2. индивидтiң бiр қауымдастықтан екiншiсiне өту процесi

  3. әйелдердiң жағдайын сипаттайтын ұғым

  4. жiктелу мен кедейлену процесi

  5. қоныс аудару процесi



29.Ашық стратификациялық жүйені сипаттайтын тәртіп

  1. мобилділіктің жүзеге асуы

  2. әлеуметтік статустардың өзгермеуі

  3. оқшаулы тәртіп

  4. адамдардың бірнеше рөлдерді орындауы

  5. тоталитарлық тәртіп


30.П.А. Сорокин мына тұжырымдамалардың авторы болып саналады

  1. әлеуметтiк стратификация мен мобилдiлiк

  2. әлеуметтік қақтығыстар

  3. тарихи материализм

  4. әлеуметтік девиация

  5. субъективтiк идеализм


31.П. Сорокин бойынша индивидтің немесе топтың бір әлеуметтік позициядан екіншісіне өтуі ол

  1. әлеуметтік мобилділік

  2. әлеуметтік стратификация

  3. әлеуметтік кеңістік

  4. әлеуметтік дифференция

  5. әлеуметтік жіктелу


32.Гендерлік стратификация қандай белгілерге негізделген

  1. жыныстық

  2. нәсілдік

  3. діни

  4. ұлттық

  5. жас шамасына байланысты


Адамдардың бір топ, тап, деңгей, стратадан екіншісіне немесе керісінше өтуі дегеніміз

  1. әлеуметтік мобилділік

  2. имитация

  3. идентификация

  4. стратификация

  5. әлеуметтік бірегейлік


Касталық жүйе өмір сүрген мемлекет

  1. Үндістан

  2. АҚШ

  3. Куба

  4. Араб әмірлігі

  5. Қытай


Мына стратификациялық жүйе ашық жүйе болып табылады

  1. таптық

  2. құлдық

  3. касталық

  4. сословиелiк

  5. топтық


Әлеуметтiк мобилдiлік дегенiмiз

  1. жеке адамның немесе топтың әлеуметтiк мәртебесiнiң өзгеруi

  2. теңсiздiк формасы

  3. қала халқының өсуi

  4. туудың төмендеуi

  5. адамның тұлғаға айналу процесi


Тік (вертикалдық) мобилділік ұғымын сипаттайтын анықтама

  1. әлеуметтік мәртебенің жоғарғы немесе төменгі мәртебеге ауысуы

  2. балалардың ата-аналарына қарағанда әлеуметтік мәртебесінің ауысуы

  3. бір буынның (поколение) өмір бойына тұлғалық әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі

  4. индивид немесе әлеуметтік объектінің (топтың) бір деңгей бойынша орын ауыстыруы

  5. тұлғаның құндылықтық бағдарларының өзгеруі


Адамның әлеуметтік кеңістікте әлеуметтік мәртебесін өзгертпей ауысуы қалай аталады

  1. көлденең әлеуметтік мобилділік

  2. жоғарылаушы әлеуметтік мобилділік

  3. тік әлеуметтік мобилділік

  4. төмендеуші әлеуметтік мобилділік

  5. потенциалды мобилділік


Көлденең (горизонталды) әлеуметтік мобильдікке көрсетілгендердің қайсысы жатады

  1. индивидтің әлеуметтік мәртебесін өзгертпестен бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы

  2. жекеліктің бір жұмыс орнынан екінші табысы жоғары жұмыс орнына ауысуы

  3. жекелікті оның әлеуметтік мәртебесін өзгертіп жоғары орналасқан жікке ауыстыру

  4. жекелікті оның әлеуметтік құндылықтарын өзгертіп бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауыстыру

  5. жекеліктің әлеуметтік мәртебесін өзгертпестен бір әлеуметтік топқа төмендетіп ауыстыру


Қоғам көлденең және тік болып екіге бөлінетін белгілі мобильділікті сипаттайды

  1. П. Сорокин

  2. К. Мангейм

  3. К. Маркс

  4. М. Вебер

  5. Г. Моска


Жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару

  1. депортация

  2. ассимиляция

  3. миграция

  4. иммиграция

  5. депопулизация


Әлеуметтік статус дегеніміз

  1. белгілі бір құқықтар мен міндеттерге байланысты адам немесе топтың қоғамдағы алатын орны (жағдайы)

  2. қоғамның түрлі әлеуметтік топтарға немесе қауымдастықтарға жіктелуі

  3. қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгерулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым

  4. артықшылыққа ие, жартылай артықшылыққа ие және артықшылықтарға ие емес сословиелерге бөлінуі

  5. зат немесе меншік сияқты құқығы мен бостандығы жоқ адамдарды мәжбүрлеу, иелік ету


Болашақта қабылдайтын рөлдерімізге дайындайтын процесс әлеуметтенудің қай кезеңіне жатады

  1. алдын ала әлеуметтену

  2. алғашқы әлеуметтену

  3. кәсіби әлеуметтену

  4. қайта әлеуметтену

  5. әлеуметтік бірегейлік


Әлеуметтануға «аномия» түсінігін енгізуші

  1. Э. Дюркгейм

  2. О. Конт

  3. М. Вебер

  4. Р. Мертон

  5. Х. Шелдон


Қызметте көтерілу қандай мобильділік

  1. тік

  2. көлденең

  3. географиялық

  4. ұрпақішілік

  5. ұрпақаралық


«Әлеуметтену» дегеніміз

  1. индивидтiң тәртiп үлгiлерiн, әлеуметтiк нормалар мен құндылықтарды меңгеру арқылы тұлғаға айналу процесі

  2. адамның туа бiткен қасиеттерiнiң өзгеруi

  3. қандай да бiр әлеуметтiк ролдердi атқару

  4. индивидтiң әлеуметтiк белсендiлiгi

  5. балаларды үлкен өмiрге дайындау, қоғамдық өмiрдiң қарапайым ережелерiн игеру


Бірінші реттік әлеуметтенудің агенттері

  1. отбасы

  2. полиция

  3. армия

  4. БАҚ

  5. мемлекеттік мекеме


Әлеуметтенудің басты сипаты болып ...

  1. әлеуметтік рөлдерді үйрену

  2. құндылықтарды үйрену

  3. ойлау тәсілдерін үйрену

  4. бірегейлі болуды үйрену

  5. адам болуды үйрену

Әлеуметтенудің құралдарына не жатады

  1. құндылықтар мен нормалар

  2. сайлау

  3. имитация

  4. идентификация

  5. әлеуметтік бақылау


Әлеуметтену мектептерде, діни мекемелерде, отбасыларда және басқа жерлерде жастарды келіспеушіліктерден немесе ретсіз әлеуметтік өзгерістерден сақтай отырып, бір мәдениетке біріктіреді деп тұжырымдайтын теория

  1. құрылымдық-функциялық теория

  2. «Мен» тұжырымдамасы

  3. конфликт теориясы

  4. символдық интеракционизм теориясы

  5. дұрыс жауабы жоқ


Сана мен тәртіптің әлеуметтік маңызды сипаттарын бойына сіңіре отыра тұлғаның қалыптасу процесі

  1. әлеуметтену

  2. интеграция

  3. бейімделу

  4. деәлеуметтену

  5. депривация


Бірегейлік дегеніміз

  1. біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы

  2. мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі

  3. адамның бағып-қағудың процесі

  4. мәдениеттің рөлін атқару процесі

  5. рөлдерді басқару процесі


Тұлға дегеніміз

  1. адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні

  2. әйелдер мен ер адамдардың биологиялық ерекшеліктерінің сипаты

  3. адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым

  4. бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы

  5. азаматтық құқықтар статусы


Адам дегеніміз

  1. адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым

  2. әйелдер мен ер адамдардың биологиялық ерекшеліктерінің сипаты

  3. әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы

  4. адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні

  5. азаматтық құқықтар статусы


Әлеуметтік рөл дегеніміз

  1. әлеуметтік жүйе мүшелерінің белгілі бір қалыптасқан нормалардың, әлеуметтік статусы мен позициясы негізінде қоғамдық және жекелік қатынастарға түсуі

  2. индивид немесе топтың экономикалық, профессионалдық, этникалық, т.б. белгілері бойынша әлеуметтік жүйедегі орны

  3. әйелдер мен ер адамдардың биологиялық ерекшеліктерінің сипаты

  4. топтарға, мәртебелік дәрежелеріне қарай қарсы қойылған басқа да топтар

  5. аффективті жағдайдағы әрекет


Адамдар қоғамның ережелеріне бағынуға бейімделеді немесе басқа жолды таңдай алады деп есептеген символдық интеракционизм теориясының ХХ ғасырдағы ең ықпалды зерттеушісі

  1. Джордж Герберт Мид

  2. Вильфредо Парето

  3. Абрахам Маслоу

  4. Карл Маркс

  5. Огюст Конт


Тұлғаның қалыптасу механизмдерінің бір түрі

  1. идентификация

  2. әлеуметтік рөл

  3. әлеуметтік дәреже

  4. құндылықтар

  5. сайлау


Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ оны түсінбейді

  1. имитация

  2. сайлау

  3. идентификация

  4. әлеуметтік бақылау

  5. құндылықтар мен нормалар


Символдық интеракционизмді өзін-өзі бағалауды дамыту тұрғысынан кім сипаттады

  1. Чарльз Хортон Коули

  2. Джордж Герберт Мид

  3. Абрахам Маслоу

  4. Парсонс

  5. Гарри Харлоу



Әлеуметтенудің басқа пікірлермен келіспеуі мүмкіндігін, әлеуметтік тудыра алатынын түсіну үшін қандай теория пайдалы

  1. конфликт теориясы

  2. құрылымдық-функциялық теориясы

  3. «Мен» тұжырымдамасы

  4. символдық интеракционизм

  5. рөлді қабылдау


Әлеуметтік мәртебе дегеніміз

  1. индивид немесе топтың экономикалық, профессионалдық, этникалық, т.б. белгілері бойынша әлеуметтік жүйедегі орны

  2. әлеуметтік жүйе мүшелерінің белгілі бір қалыптасқан нормалардың, әлеуметтік статусы мен позициясы негізінде қоғамдық және жекелік қатынастарға түсуі

  3. әйелдер мен ер адамдардың биологиялық ерекшеліктерінің сипаты топтарға, мәртебелік дәрежелеріне қарай қарсы қойылған басқа да топтар

  4. аффективті жағдайдағы әрекет

  5. белгілі бір құқықтар мен міндеттерге байланысты адам немесе топтың қоғамдағы алатын орны (жағдайы)


Девиация кандай типтерден турады

  1. девиантты, делинквентті, криминалды мінез-құлық

  2. жағымды, жағымсыз

  3. iшкi, сырткы

  4. этикалык, саяси, әлеуметтік

  5. дұрыс жауабы жоқ


Девиантты мінез-құлық дегеніміз

  1. әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық, ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі

  2. батырлық, аса еңбекқорлық

  3. әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта

  4. отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар

  5. әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық, ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі


Девианттық іс-әрекетке қайсысы жатады

  1. агрессия, алкоголизм, наркомания

  2. жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес

  3. майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту

  4. наша сату және тарату

  5. қылмыс және оның түрлері


Криминалды мінез-құлық дегеніміз

  1. заң бұзушылық, қылмыс және оның түрлері, сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады

  2. билік және әкімшілік, мекеме сияқты ресми органдар тарапынан жүргізілетін бақылаудың түрі

  3. әлеуметтік нормалар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесі

  4. әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық, ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі

  5. заңға қайшы әрекет жасау, ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді, мысалы, жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, наша сату және тарату


Адамның өзіне-өзі қол жұмсауы қалай аталады

  1. суицид

  2. эгоизм

  3. шизоид

  4. астеник

  5. эпилептоид



Делинквентті мінез-құлық дегеніміз

  1. латын сөзі «қателік жасаушы» - заңға қайшы әрекет жасау, ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді

  2. әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық, ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі

  3. заң бұзушылық

  4. қылмыс және оның түрлері

  5. дұрыс жауабы жоқ


Этногенез дегеніміз

  1. бұл әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпа немесе халықтың шығу тегі

  2. бұл бір халықтың территориясынан бөлініп шығуы

  3. бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі, мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады

  4. тілдің, шаруашылық және мәдени іс-әрекеттің ортақтығына ие болған этностың типі, бірақ этникалық өзіндік сана әлі де жеткілікті рельефтік әлпет алмаған

  5. бұл бір тілде сөйлейтін, ортақ мәдениеті, салт-дәстүрі, психологиясы мен өзіндік санасы бар адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастығының жоғары формасы


Білім беру әлеуметтануының  негізін кім қалады

  1. М. Вебер, Э. Дюркгейм

  2. К. Маркс, В. Ленин

  3. О. Конт, З. Фрейд

  4. Ч. Ломброзо, У.Х. Шелдон

  5. Ж.Г. Мид, Ч.Х. Коули


Ресми позитивтік санкцияларға не жатпайды

  1. лидерлік қасиеттерін мойындау

  2. ресми ұйымдардың, мекемелердің жария түрде берген құптау, мадақтаулары

  3. мемлекеттік марапаттаулар

  4. ғылыми атақ, дәрежелер, ескерткіш тұрғызу

  5. төс белгілері, мемлекеттік премиялар мен стипендиялар


Әлеуметтік нормалар дегеніміз

  1. адамдардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын ережелер жиынтығы, адамдардың қоғамда қалай ұстау керектігін үйретеді

  2. әлеуметтік ережелерді, тәртіпті бұзғандарды заң жүзіндегі санкциялар

  3. ресми емес органдардың немесе адамдардың жүргізген жазалау түрлері

  4. адамдардың әлеуметтік нормаларды сақтап отыруға итермелейтін мадақтаулар мен жазалау тәсілдер

  5. әлеуметтік ережелерді орындаған адамдарды мадақтау


Бейресми позитивтік санкцияларға не жатпайды

  1. мемлекеттік марапаттаулар

  2. достық мадақтау

  3. комплименттер, қолшапалақтау

  4. құрмет көрсету, лидерлік қасиеттерін мойындау

  5. ұжымның құптауы, жылы ізет-ілтипат білдіру


Масс-медиа (БАҚ) дегеніміз

  1. арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер

  2. бұл ақпараттың, идеялардың, құндылықтардың, капиталдың, тауарлардың, қызметтердің, адамдардың мінез-құлқы мен сән стандарттарының кедергісіз қозғалысы

  3. нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі

  4. қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс

  5. өндірістің адамдық факторы


Төртінші билікке жататынды көрсетіңіз

  1. бұқаралық ақпарат құралдары

  2. заң шығарушы билік

  3. атқарушы билік

  4. сот билігі

  5. сайлаушылар билігі


Көне латын тіліндегі мағынасы «қалалық» деген ұғымды білдіретін термин

  1. урбанизация

  2. миграция

  3. демография

  4. иммиграция

  5. ішкі миграция


Демографтар қандай мәселеге көңіл бөледі

  1. туу, өлім және миграциялық үлгілер

  2. туу және өлім

  3. туу, өлім және иммиграция

  4. туу және миграциялық үлгілер

  5. өлім және миграциялық үлгілер


Субурбандалу дегеніміз

  1. қалалық агломерациялардың қалыптасуының нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағының өсу және даму процесі

  2. эволюцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар

  3. қала халқының санының өсуі, бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы

  4. урбанизацияға кері процесс

  5. адамдардың қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі


Елді мекендер агломерациясы дегеніміз

  1. экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы

  2. бұл нақтылы территорияда тарихи түрде қалыптасқан, тілінің ортақтығымен мәдениетімен, психологиялық қисынымен және өзіндік санасымен байланысты болатын, адамдардың тұрақты жиынтығы

  3. адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі

  4. еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс

  5. табиғи өсім, жалпы адам санының артуы, табиғи азаю, өлім фактілері арқылы адамдар санының азаюы


Миграцияны мобильділіктің қай түріне жатқызамыз

  1. аумақтық

  2. гендерлік

  3. кәсіби

  4. этникалық

  5. жас ерекшеліктік


Иммиграция дегеніміз

  1. адамдардың басқа мемлекетке көшуі

  2. тұрғындардың бір географиялық орыннан екіншісіне ауысуы

  3. адамдардың мемлекет ішінде жаңа жерге көшуі

  4. халықтың шағын қалалар мен ауылдардан үлкен қалаларға ағылуы

  5. қала халқының табиғи өсімі


Әлеуметтік қозғалыстарға ресурстарды жұмылдыру теориясының негізгі болжамы

  1. депривацияга ұшыраған адамдар күресу үшін қажетті ресурстарды біріктіре алса, әлеуметтік қозғалыстар пайда болады

  2. адамдар қолында бары мен ойдағы үміті арасындағы зор айырмашылықты сезінген кезде әлеуметтік қозғалыстар пайда болады

  3. ойдағы үміт басқа топтармен және басқа кезеңдермен салыстырудан туады

  4. саяси мүмкіндіктер мен ресурстардың қолжетімділігін қарастырады

  5. сәтті қозғалыстар өзгерістердің қажеттігі мен мүмкіндігін қатысушыларға сезіндіруі керектігін мойындай отырып, ресурстарды жұмылдыру теориясына сүйенеді


Салыстырмалы депривация теориясы бойынша әлеуметтік қозғалыстардың себептеріне не жатады

  1. адамдар қолында бары мен ойдағы үміті арасындағы зор айырмашылықты сезінген кезде әлеуметтік қозғалыстар пайда болады, ойдағы үміт басқа топтармен және басқа кезеңдермен салыстырудан туады

  2. депривацияга ұшыраған адамдар күресу үшін қажетті ресурстарды біріктіре алса, әлеуметтік қозғалыстар пайда болады

  3. саяси мүмкіндіктер мен ресурстардың қолжетімділігін қарастырады

  4. сәтті қозғалыстар өзгерістердің қажеттігі мен мүмкіндігін қатысушыларға сезіндіруі керектігін мойындай отырып, ресурстарды жұмылдыру теориясына сүйенеді 

  5. барлық жауап дұрыс

 
Жұмылдыру немесе мобилизация дегеніміз не

  1. әлеуметтік қозғалысқа қажетті ресурстарды қолжетімді ететін процесс

  2. қозғалыстар арқылы адамдарға олардың қызығушылықтары, құндылықтары мен сенімі ӘҚҰның мүддесімен астарлас екеніп көрсетегін процесс

  3. қарсы күресетін қозғалысқа мүлде өзгеріс енгіздірмейтін немесе қарсыласуға тырысатын әлеуметтік қозғалыс

  4. қоршаған ортаны қорғауды қолдаудың біржақты ұстанымы

  5. адамның білімі арқылы құралдар жасау және табиғи ресурстарды пайдалану


Әлеуметтік өзгерістердің әлеуетті 3 көзі

  1. ұжымдық мінез-құлық, әлеуметтік қозғалыс, технологиялар

  2. әлеуметтік қозғалыстар, айығу қозғалыстары, балама қозғалыстар

  3. технологиялар, реформистік қозғалыстар, революциялық қозғалыстар

  4. ұжымдық мінез-құлық, айығу қозғалыстары

  5. революциялық қозғалыстар, әлеуметтік қозғалыстар


Әлеуметтік қозғалыстарға саяси процестер теориясының негізгі болжамы

  1. саяси мүмкіндіктер мен ресурстардың қолжетімділігін қарастырады, адамдар әлеуметтік қозғалыстарға қатысуына «көтерілісшіл санасының» әсері қарастырылады

  2. адамдар қолында бары мен ойдағы үміті арасындағы зор айырмашылықты сезінген кезде әлеуметтік қозғалыстар пайда болады

  3. ойдағы үміт басқа топтармен және басқа кезеңдермен салыстырудан туады

  4. депривацияга ұшыраған адамдар күресу үшін қажетті ресурстарды біріктіре алса, әлеуметтік қозғалыстар пайда болады 

  5. барлық жауап дұрыс

 

Технология дегеніміз

  1. құралдар жасау, яғни табиғи ресурстарды адамзат игілігіне пайдалану үшін адамның білімін пайдалану

  2. эволюцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар

  3. әлеуметтік құрылымдардың немесе институттардың белгілі бір уақыттан кейінгі әрбір елеулі өзгерісі немесе трансформациясы

  4. әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты және өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдардың, топтармен ұйымдардың қозғалысы

  5. бір мәдениеттің құбылыстарын басқа тілге тұрақты мәдени өзара әрекеттесу, алмасу және аудару аймағы


Әлеуметтік қозғалыс дегеніміз

  1. әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты және өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдардың, топтармен ұйымдардың қозғалысы

  2. эволюцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар

  3. құралдар жасау, яғни табиғи ресурстарды адамзат игілігіне пайдалану үшін адамның білімін пайдалану

  4. әлеуметтік құрылымдардың немесе институттардың белгілі бір уақыттан кейінгі әрбір елеулі өзгерісі немесе трансформациясы

  5. бір мәдениеттің құбылыстарын басқа тілге тұрақты мәдени өзара әрекеттесу, алмасу және аудару аймағы


Революция дегеніміз

  1. өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негіздерін қиратып, қоғамдық өмірдің бүкіл немесе көптеген жақтарын толық немесе кешенді өзгерту

  2. өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың ңегіздеріне тимей, кейбір өмір саласын біршама жетілдіруді бірте-бірте жүзеге асыратын қайта құрулар

  3. саяси режимнің алмасуы, саяси өзгерістер, процестер

  4. қандай да бір партияларға біріккен бір топ адамдардың жасаған төңкерісі

  5. бір қоғамдық-экономикалық формациядан екіншісіне өту


Дамудың біртіндеп, өз ырғағымен, секіріссіз, үзіліссіз, жаңа сапалық деңгейге өту түрі қалай аталады

  1. эволюция

  2. инновация

  3. революция

  4. экспрессивті қозғалыс

  5. реформаторлық


Қоғамның революциялық жолмен дамуын жақтаған ғалым

  1. К. Маркс

  2. М. Вебер

  3. П. Сорокин

  4. А. Бебель

  5. Д. Рикардо


Қоғамды түбегейлі өзгертуге бағытталған қозғалыс түрі

  1. революциялық қозғалыстар

  2. реформистік қозғалыстар

  3. әлеуметтік қозғалыстар

  4. айығу қозғалыстары

  5. балама қозғалыстар


Әлеуметтік қозғалыстың пайда болуын түсіндіретін негізгі теориялар

  1. салыстырмалы депривация теориясы, ресурстарды жұмылдыру және саяси процестер

  2. саяси процестер және ресурстарды жұмылдыру

  3. салыстырмалы депривация және символдық өзара іс–қимыл теориясы

  4. қүрылымдық-функциялық теория, жумылдыру

  5. символдық өзара іс-қимыл теориясы, конфликт теориясы


Ұжымдық мінез-құлық дегеніміз

  1. мінез-құлықтың мәдени ережелері бұлыңғыр болған жағдайдағы топтың тосын әрекеті

  2. мінез-құлықтың мәдени ережелерінің толық сақталуы

  3. әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты немесе өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдар

  4. саяси мүмкіндік және «көтерілісшіл сана»

  5. жануарлардың, азшылықтың және әйелдердің құқығы үшін күресушілер


Жеке тұлғаның әлеуметтік әрекетін басқаша қалай атайды

  1. әлеуметтік мінез-құлық

  2. әлеуметтік ұстаным

  3. әлеуметтік рөл

  4. кәсіби іс-қимыл

  5. әлеуметтік дүниетаным


Ең көп тараған психикалық аурудың түрі

  1. күйзеліс

  2. фобия

  3. ақыл естің төмендігі

  4. шизофрения

  5. алкоголь және есірткіге тәуелділік


Денсаулыққа, ауруларға және медициналық қызмет көрсетуге, халықтың әлеуметтік дамудағы денсаулық пен еңбекке қабілеттілігінің рөліне байланысты әлеуметтік мәселелерді зерттейтін әлеуметтану саласы

  1. Медицина әлеуметтануы

  2. Әлеуметтік психология

  3. Білім әлеуметтануы

  4. Әлеуметтік жұмыс

  5. Халыққа қызмет көрсету

 

Ақпараттық мәдениеттi дамыту дегеніміз не

  1. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану; жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану

  2. бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану

  3. өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану

  4. өз қызметтерiнде жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану

  5. жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм

 

Білім беру әлеуметтануының функцияларының бірі болып табылатын нұсқаны белгілеңіз

  1. әлеуметтендіру

  2. репродуктивтілік

  3. экономикалық

  4. эмоционалдық

  5. регенерация

 

Әлеуметтік өзгерістің анықтамасын көрсетіңіз

  1. әлеуметтік құрылымдардың немесе институттардың уақыт өте келе қайта түрленуі

  2. қоғамның қалыптан тыс бөлігі

  3. әлеуметтік қабылдаудың маңызды бөлігі

  4. жеке тұжырымдар мен әрекеттерді түбегейлі өзгертуге бағытталған

  5. әлеуметтік институттарды, қарым–қатынасты және өмір салтын өзгерту


Нақты жас маман иесінің жемісті карьерасы

  1. Тік мобильділік

  2. Көлденең мобильділік

  3. Топтық мобильділік

  4. Буынаралық (межпоколенная) мобильділік

  5. Демографиялық мобильділік


Титулды ұлт дегеніміз

  1. белгілі бір мемлекеттің халқының негізгі бөлігін құрайтын, мемлекеттің ресми атауы мен мәнін, бағыт-бағдарын айқындаушы ұлт

  2. бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық

  3. бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі

  4. әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік

  5. қандай да бір этникалық топ атауы

 

Этностың қалыптасуының маңызды шарттарына не жатпайды

  1. азаматтардың нақтылы категориясының қандай да болсын белгілерімен құқықтарының шектелуі немесе одан айрылуы

  2. территорияның тұтастығы, тілдің ортақтығы

  3. құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері сияқты рухани мәдениеттің құрамдас бөліктерінің бірлігі

  4. адамдардың санасы мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы

  5. этникалық мәдениетті құрайтын мәдениеттің элементтері

 


написать администратору сайта