Главная страница

Дидактикалық. Трбиеші Мусагулова Кымбат Хасеновна Степногорск


Скачать 33.86 Kb.
НазваниеТрбиеші Мусагулова Кымбат Хасеновна Степногорск
Дата15.12.2018
Размер33.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДидактикалық.docx
ТипДокументы
#60366

Тәрбиеші: Мусагулова Кымбат Хасеновна
Степногорск қ.
№2 "Балдырған" балабақшасы
3 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші»

«Кім сені шақырды, тап»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: арнайы құрал керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

«Бес санына шапалақта»
Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»

«Бұл не қылған дыбыс»
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

4 -5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Тында да айт»
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.

«Зейінді дыңда»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

«Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, ба-р тек қане «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен б-р ойыннан шығады.

«Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алды жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.

«Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.

«Ұйқтама, сөзді тез ата»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
«Қайтала»
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Құралдар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.

«Сөзді айқтап көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

«Дыбыс қайда тығылды»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.

«Тізбек »
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан

«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бір-неше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарапалсын. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)

«Суретті тіз»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б

«Дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріед

«Керікті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с - з, с - ц, ш - ж, ч - щ, с - ш, з - ж, ц - ч, с - щ, л - р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап - жақсы аспап

З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.

«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.
Ойын барысы:

1 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.

2 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.

3 - нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді

«Сөздер дауыстап және ақырын айтылады»
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.

«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы:
Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі - с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.

«Сөздегі бірінші дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)

«Сөздегі соңғы дыбысты айт»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойын барысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді.

«Асықпай ойлан»
Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бір-неше тапсырмалар беріледі, және сөзде берілген дыбысты анықтаушылығын тексеру
Ойын барысы:
«Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу.
Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға...)
Бірінші дыбысы қ – болғандай, соңғы дыбысы Ш болғандай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қәмәш, қамшы, қайшы…)
Егер ТО-ға бі дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, ток, топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр: ж - Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгірді.
Бөлмеде екінші дыбысы а болғандай сөздерді ойлап табыңдар (тарақ, қалта, тарелка, тақта...)

Дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізу кезіндегі ойын әдістері.

1) Дыбыстың артикуляциясы.
- тіл өз үйшігінде турыпты. Ол ұшақтың әнін үйренгісі келді. Ол күлімсіреп барлық тістерін көрсетті де, үйін кең ашты, дауысын қосты, құйыршығын тез жоғарғы есікке лақтырды суық желді жіберді. Тілі «р-р-р-р» деп ән айтты, құйыршықтың дірілдегенің сезді. Ұшақтың әнін бірге айтайық “ р-р-р”!
2) Дыбысты сөзде танып білу
Тәрбиеші суретті көрсетеді немесе сөздерді айтады. Ал балалар р дыбысы бар сөздерді танып біледі: шапалақтайды немесе қолдарын көтереді, сосын бірге айтып өтеді.
3) Буынұйқастар :
. ра-ра-ра – ұшып жүр ара; ар-ар-ар – дала толы қар; ыр-ыр-ыр – үйдың сыртында қыр; ры-ры-ры – жапырақтар сары; ір-ір-ір – үсті – басы кір;
4) Жаңылтпаштар:
Мұртты мұртын сүртті, мұрттыны біреу түртті. Торта қойдым, орта қойдым, орта қойдым, жорта қойдым.
л – р дыбыстарына дифференциация жұмысын жүргізү
1) л - р дыбыстарын белгілеу.
- Балалар естеріңе түсіріңдерші Тіл үндіктің жуан әнін қалай айтады. (“Л-л-л”.) Ал енді мотордың әнін еске түсірейік (“Р-р-р”.)
- Мен сендерге суреттерді көрсетемін, ал сендер л-р дыбыстарын нақты айтасындар.
2) Буынұйқастар:
Ло-ол-ор- торғайға жасадым тор; ло-ло-ро - Мальвинаның досы Пьеро; ал-ар-ал – көл жиегінде тал;
Балалардың дыбысты нақты дұрыс айтуын қадағалау.
3) Сөйлеммен жұмыс.
Сөйлемді тыңдап есіне сақтайды: Гүлге қонды ара. Менің киімім ала. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар аяқтайды. Педагогтың қолы кімге тиді сол бала жауап береді: Гүлге қонды.. . Менің киімім ...
4) Жаңылтпаштар:
Қыста боран болар, қар болар, қыздар шәлі, орамал оранар. Қара ала лақ, қара ала лақ. Қара ала лағым қорада бірақ.
5) Мәтінде л – р дыбыстарына сөздерді белгілеу.
Мәтендерді тыңдап отырып керекті дыбысты естігенде қолдарын көтереді.

Аққала
Қыс келді. Дала аяз. Олжас пен Ләйлә жылы тон, колға колғап, мойынға ала бөкібай салып далаға шықты. Олжас пен Ләйлә аулада аққала жасады. Олжас пен Ләйлә көңілді.

Орманда
Жазда Рамазан ауылға барды. Онда Рамазанның Раушан әжесі Арлан атасы тұрады. Арлан атаның қорасы бар қорасында арбасы бар. Арбаға атты жегіп Рамазан мен Арлан-ата орманға барды. Орманда араның ұясын көрді. Раушан әжеге араның балын әкеп берді.

Источник: http://фонематикалық есту, тіл дамыту, дидактикалық ойындар,



  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

Категория: Ступеньки к школе | Добавил: кымбат (22.05.2012) | Автор: мусагулова кымбат хасеновна E

Просмотров: 38224 | Теги: дидактикалық ойын, фонематикалық есту, тіл дамыту | Рейтинг: 2.6/16




Всего комментариев: 0


написать администратору сайта