Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауап. 1.«Қазақ балалар әдебиетінің» мазмұны мен міндеті.

  • Балалар әдебиетінің міндеттері

  • 2. Қалыптасу және даму тарихы, кезеңдері.

  • Балалар әдебиетінің даму тарихы

  • Балалар әдебиеті. 1 тәж сабак. 1 практикалы тапсырма Сратар мен практикалы тапсырмалар


    Скачать 21.85 Kb.
    Название1 практикалы тапсырма Сратар мен практикалы тапсырмалар
    АнкорБалалар әдебиет
    Дата13.09.2022
    Размер21.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 тәж сабак.docx
    ТипДокументы
    #675469

    1 практикалық тапсырма

    Сұрақтар мен практикалық тапсырмалар:

    1. «Қазақ балалар әдебиетінің» мазмұны мен міндеті.

    2. Қалыптасу және  даму  тарихы, кезеңдері.
    Жауап.

    1.«Қазақ балалар әдебиетінің» мазмұны мен міндеті.

    Қазақ балалар әдебиеті де қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Балалар әдебиеті - келешек әдебиеті. Белгілі академик жазушы Мұхтар Әуезов : «Ел боламын десең , бесігіңді түзе» деген екен. «Бесікті » түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу. Бүгінгі балалар әдебиеті өрісі биік, өресі кең, мәдениеті үлкен әдебиет. Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге , ата-анасын сыйлау , үлкенге құрмет көрсету , имандылыққа тәрбиелеу.

    Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.

    Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке, т.б. ізгі мұраттарға баулу.

    Балалар әдебиетінің міндеттері

    - балаларды көркем әдебиетінің халық ауыз әдебиеті жанрымен және шығармаларымен таныстыру;

    - баланың шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуін қамтамасыз ету;

    - көркем сөздерді дамытудың негізгі тәсілдерін үйрету.

    Мазмұны:

    Балаға жеткілікті деңгейде мәтінді талдау, шығарманың ерекшелігі туралы түсінік беру арқылы әдебиет теориясының кейбір қарапайым ұғымдарын жеткізе отырып, әдебиетке қызығушылығын ояту.

    Көркем шығармаларды қалай қабылдайтынын, оларға қалай әсер ететіндігін байқап, шығарма туралы балалардың пікірін ескеріп, қажет болғанда түзетулер енгізіп, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру.

    Шығармалардың жанрларын анықтай білуге (өлең, әңгіме, ертегі), тілдің көрнекті бейнелілігінің үлгілерін (айқындау, теңеу және т.б.) байқауға үйрету.

    Бағдарламада берілген шығармалардан үзінділер жаттау (өлеңдер, шағын ауыз әдебиетінің жанрлары), тақырыпқа сай шығарманы таңдай білуге (түсінік айту) үйрету.

    Заманауи көркем шығармаларды енгізу есебінен балалар оқуының шеңберін кеңейту.

    Ұлттық әдеби шығармалармен, жазушылардың, ұлттық тілді жақтаушылардың немесе нақты аймақтың жазушыларының шығармаларымен таныстыру.

    Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруге және оқығаны туралы сұрауға, талқылауға, суреттерді мұқият қарап, таныс мәтіндермен сәйкестендіруге тәрбиелеу.

    2. Қалыптасу және  даму  тарихы, кезеңдері.

    Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол Х1Х ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960-жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады. “ Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті бөлімі.

    Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бір бөлігі. Оның қазақ әдебиетіндегі орны және ара -қатынасы, бір-біріне әсері.

    Балалар әдебиеті – халықтың сөз өнері мен жазба әдебиетінің балаларға арналған жанрлық түрлерін қамтыған пән.

    А.И.Герцен өзінің бір данышпандық сөзінде: «Кітап – бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырған жан сыры, өсиеті, өлмелі қарияның өмір табалдырығынан жаңа аттаған жас буынға айтқан ақыл-кеңесі»,-деген. Халықтың шығармалар да дәл осы А.И.Герцен айтқандай, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халық даналығы деп білеміз.

    Октябрь революциясына дейінгі қазақ балалар әдебиетінің асыл мұралары халық ауыз әдебиетінен басталады. 19 және 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеевтердің балалар әдебиетіне қосқан мол мұраларымен байыды. Өз алдына дербес үлесі бар, толық мәнді әдебиетке айналды. Ендігі жерде осындай бай мұраларды зерттеп, оның тәрбиелік, идеялық бағыттарын ашып, жас ұрпақтарға ұсынып, түсіндіріп отыру басты міндетке айналып отыр. М.И.Калинин: «Бізде социалистік қоғамның жаңа адамдары туып келеді, бұл жаңа адамға ең жақсы қасиеттерді сіңіре білу керек»- деген. Балалар фолклоры мен қазақ совет балалар әдебиетінің өсу жолдарын зерттегенде осы мақсатты көздедік. Осыған орай балалар фолклорынан бастап, бүгінгі қазақ совет балалар әдебиетінің кең өріс алған белесіне дейін оның қалыптасуы, өсу жолдары ұлы орыс халқының мол мәдениетінен, үздік әдеби мұраларынан, ғылымынан үлгі алып, тығыз байланыста дамығанын әрбір тарау сайын дәледі де ұтымды фактілер келтірумен растап отыруға тырыстық.

    Балалар әдебиетінің даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында — ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабиәл-Фарабидің (870 — 950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі — адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби — дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның “Музыканың ұлы кітабы”, “Поэзия канондары” т.б. зерттеулері — бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің “Поэтикасын” талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді


    написать администратору сайта