Главная страница

көрнекіліктер. 1 сыныпқа арналған көрнекіліктер. 1сынып растыран Кеншілік Гулбаршын Бірінші санатты санатты бастауыш сынып малімі


Скачать 1.18 Mb.
Название1сынып растыран Кеншілік Гулбаршын Бірінші санатты санатты бастауыш сынып малімі
Анкоркөрнекіліктер
Дата24.04.2023
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1 сыныпқа арналған көрнекіліктер.docx
ТипДокументы
#1087110
страница3 из 4
1   2   3   4

Сауат ашу, ана тілі пәндері бойынша жинақталған білім кесінділері,тапсырмалар, жазба жұмыстары.

Бұл жинақталған материалдар бастауыш мектептің бірінші сынып оқушыларына сауат ашу барысында берілетін білім және іскерлік пен дағды дәрежелерін жетілдіріп, мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндердің қарапайым оқу мен жазуға үйрету мақсатын көздейді.

Сауат ашу барысында барлық дыбыстарды толық өтіп болмаған оқушылар кез келген тексті оқып кете алмайтыны белгілі. Сондықтан тапсырмалар өтілген әр дыбқа қатысты сөздерді , буындарды қамтиды.Оқушылардың материалдармен жұмыс істеуіне мұғалім тарапынан тікелей басшылық жасалады.

1-сынып оқушылары алғашқы 2 дыбысты өткеннен кейін олармен буындық, әріптік, көшіру диктанттары алынып отырғаны дұрыс, себебі оқушы алғашқы күннен бастап-ақ өз бетімен жұмыс істей білуге машықтанады.

1 тапсырма. Берілген сөздердегі дауысты дыбыстарды қызыл қарындашпен, ал дауыссыз дыбыстарды көк қарындашпен дөңгелектеп боя.Бірнеше рет қайталап жаз.

1.Апа, -па

2.Ата, -та

2 тапсырма.

1.Ә,же буындарынан сөз құрастырып жазыңдар.

2.Әже сөзінің буындық, дыбыстық сызбасын жасаңдар.

3 тапсырма.

1.Е,кі,зу буындарын жеке-жеке оқыңдар.Ондағы дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтыңдар.

2.Аталған буындардан сөздер құрастырыңдар.

3.Екі, езу сөздерін буынға бөліп жазыңдар.Жазған сөздеріңді буынға бөліп оқыңдар.

4 тапсырма.

1.Ө, зі,ру буындарын дауыстап оқыңдар.Осы буындардан сөздер құрастырыңдар.

2.Өзі, өру сөздерін буынға бөліп жазыңдар.Жазған сөздеіңді алдымен буындап, содан кейін тұтас сөзбен оқыңдар.

3.Өзі,өру сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.

5 тапсырма.

1.Ине сөзін буынға бөліп жазыңдар.Сөзді буындап оқыңдар.

2.Ине сөзінің дыбыстық, буындық сызбасын жасаңдар.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды тиісті бояулармен көрсетіңдер.

6 тапсырма.

1.Шана әдемі деген сөйлемді көшіріп жазыңдар.Бұл сөйлемде неше сөз бар?Сөйлемдегі сөздерді сызбаға орналастырып жазыңдар.

2.Шана әдемі деген сөйлемді бірнеше рет қайталап жаз.

7 тапсырма.

1.Көше,шөже,төбе,көде сөздерін буынға бөліп жазыңдар.

2.Аталған сөздердің дыбыстық сызбасын жасаңдар.Дыбыстарды өз түсінее сай дөңгелекшелермен бояңдар.

8 тапсырма.

1.Аққу –көлдің сәні сөйлемін көшіріп жазыңдар.Осы сөйлемнің схемасын жасаңдар.Сөйлемде неше сөз барын айтыңдар.

2.Аққу сөзін буынға бөліп жазыңдар,осы сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.

1-сынып оқушыларына арналған жазба жұмыстары.(Білім кесінділері)

Төмендегі мәтіндерді әртүрлі мақсатта қолануға болады, мысалы мазмұндама, көшіру диктанты ретінде де, талдауға, тақырып бойынша сурет салуға, оқу шапшаңдығын жақсарту үшін де, дүниетану пәнінде жануарлар тақырыбына қатысты мәтіндерді пайдалануға болады.Сонымен қатар ана тілі пәнінде оқушыларға мәтіндердің мазмұнын айтқызу бағытында да қолануға болады.

Шұлық

Әжем жүннен жіп иірді.Жіптен маған шұлық тоқыды.Шұлық жылы.(10 сөз)

Мая

Шөпшілер мая-мая шөп жинады.Маядағы шөпті мал қыстыгүні жейді.(10 сөз)

Бұрғы

Бұл-бұрғы.Марат ағашты бұрғымен тесті. Одан орындық жасады. Орындық әдемі.(11 сөз)

Етік

Етік-аяқ киім.Оны қыста киеді. Суықта жылы етік аяқты тоңдырмайды. Етікті тазалап, күтіп кию керек.(16 сөз)

Жуа

Біз серуенге шықтық.Таудың баурайына бардық.Тауда жуа көп.Балалар жуа жинады.Тау жуасы дәмді екен.(16 сөз)

Кір жуу

Менің қуыршағым бар.Оның аты-Айна.Айнаның көйлегі бар.Көйлегі әдемі.Бірақ кірледі.Оны жуу керек.кір жууды апамнан үйрендім.(20 сөз)

Киім кию

Есен кішкентай.Мен Есенге киім киюді үйреттім.Ол енді өз киімін киюді біледі.(13 сөз)

Шынығу

Серік ерте тұрды.Дене шынықтырады.Суық сумен жуынады.Суық сумен жуыну денсаулыққа пайдалы.(13 сөз)

Атамның қойлары

Атам қой бағады.Оның қойлары семіз.Малды отты жерге жаю керек,сонда мал тез семіреді.(15 сөз)

Бояу

Айым сурет салды.Суреттерін түрлі-түсті бояулармен бояды.Туды көк түспен бояды.Ағаштарды жасыл түспен бояды.Суды көкшіл түспен бояды.

(20 сөз)

Аға

Менің ағам-шофер.Сенің ағаң-тракторшы.Мараттың ағасы-жұмысшы. Біз ағалардан үлгі алып өсеміз.(14 сөз)

Астық

Қазақстан –астыққа бай өлке.Астық-Отан байлығы.Астық еңбекпен келеді.Балалар,еңбек етуге үйреніңдер.(14 сөз)

Қуыршақ

Сәнімнің қуыршағы бар.Қуыршақ кірледі.Сәнім оны шомылдырды. Қуыршаққа ақ көйлек кигізді.Көйлек таза.Қуыршақ та әдемі.(17 сөз)

Әнші

Маржан домбыраға қосылып ән шырқады.Оның әні көпке ұнады.Ел қол шапалақтады.Маржан елге иіліп сәлем жасады.(17 сөз)

Ыдыс

Үйде ыдыс көп,Кесе, шәйнек, табақ, қасық, шанышқы, тәрелке-ыдыстар. Ыдыспен тамақ ішеміз.Ыдыс таза.Мен ыдыстарды жуамын.(18 сөз)

Саққұлақ

Бұзау үюлі тұрған шөпті жей бастады.Саққұлақ оған абалап үрді.Иттің дауысын естіген бұзау шөпті жемей кетіп қалды.(18 сөз)

Мұз айдыны

Аулада алаң бар.Алаңда балалар доп ойнайды.Қыстыгүні алаңға су құйып, оны мұз айдыныныа айналдырамыз.Мұз айдынында коньки тебеміз.(19 сөз)

Қоға

Қоға сулы жерлерде өседі.Жапырақтары таспа тәрізді, ұзын.Оның тамырында қант пен крахмал көп.Қоға-шаруашылық үшін пайдалы өсімдік.(19 сөз)

Шопан ата

Шопан ата құрметті демалысқа шықты.Атаның отырына енді оның баласы Жақан ие болды.Жақан әкесі сияқты малды жақсы бағады.(19 сөз)

Шәлі

Сәуле-әдепті оқушы.Әжесі Сәулеге шәлі тоқыды.Шәлі жылы.Ол әдемі және сәнді.Сәуле шәліні басына тартты.Ол қатты қуанды.(20 сөз)

Күз

Күз келді.Күн суыта бастады.Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды.Малға жылы қоралар әзірленді.Үйлерді жылытуға арналған құбырлар да жөнделді.(20 сөз)

Сәбіз

Балалар сәбіз жинауға барды.Дулат пен Дәулет сәбіз қазды.Қадиша мен Зейнеп сәбіз жинады.Мұрат пен Сәрсен шелекпен сәбіз тасыды.(20 сөз)

Ине

Әжемнің көзі жақсы көрмейді.Ол инеге жіпті сабақтай алмайды.Инеге жіпті мен сабақтап беремін.Әжем мені «жарығым, көз жанарым» деп жақсы көреді.(22 сөз)

Көрпе

Гүлжан әжесінен бір уыс мақта және көрпелік мақта қиындысын алды.Ол қуыршағына көрпе жасады.Көрпе жылы және әдемі болды.Енді қуыршағы тоңбайды.(22 сөз)

Бөлме

Мынау-менің бөлмем.Оның терезелері үлкен.Бөлменің ауасы таза.Оң жақта менің төсегім тұр.Сол жақта үстел,орындықтар қойылған.(19 сөз)

Қияр

Қияр-көкөніс.Ол бақшада өсіріледі.Қияр денсаулыққа пайдалы.Одан салат жасайды.Қиярдан жасалған салат дәмді.Қиярды тұздап,қысқа сақтауға болады.(20сөз)

Күріш ору

Күріш тору науқаны басталды.Елдің бәрі күріш оруға кетті.Менің ағам да күріш ору бригадасында.Олар күріш оруға барады.

Күріш-ел байлығы.(22 сөз)

Орман

Қуаттың әкесі-орманшы.Біз Қуаттың үйіне бардық.Орманды араладық. Онда неше түрлі ағаштар өседі екен.Орманда құстар да көп.Орман іші көңілді.(22 сөз)

Көйлек

Жанар қуыршағына көйлек тікті.Көйлек қуыршағына сыймай қалды.Өйткені оның иықтары тар болып кетіпті.Жанар қуыршағына иықтарын кең етіп, басқа көйлек тікті.(22 сөз)

Жиде

Жиде-жемістің бір түрі.Жиде ағаштары бақта өсіріледі.Біз мектеп ауласына жиде ағашын отырғыздық.Оны суарып, күтеміз.Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.(22 сөз)

Үкі

Үкі-пайдалы құс.Оның көзі үлкен,қауырсыны әдемі.Үкі Қазақстанның таулы жерлерінде жиі кездеседі.

Бұрынғы уақытта үкі қауырсынын сән үшін қыздардың бас киіміне таққан.(24 сөз)

Жаға

Кейбір киімдерде жаға бар.Жаға әрі сәнді,әрі жылы болу үшін жасалады. Көйлек ,пальто,тон-жағалы киімдер.Әрбір киімнің жағасын күтіп, таза ұстау керек.(24 сөз)

Ата

Ата деген ұлы сөз.Әрбір баланың атасы бар.Менің атам –Ұлы Отан соғысының ардагері.Ол елімізді жаудан қорғады.Атам біздің жарқын болашағымыз үшін күресті.Мен атамдай боламын.(27 сөз)

Ауа

Адам ауамен дем алады.Ауасыз өмір жоқ.Ауа таза болу керек.Сынып, бөлме ауасын үнемі тазартып тұру пайдалы.Ауа таза болса, адамның денсаулығы да жақсы болады.(26 сөз)

Әже

Менің әжем бар.Әжемді өте жақсы көремін.Ол маған ертегі айтып береді.Қобланды, Ертарғын, Алпамыс батырлар туралы жырлар айтады.

Мен сауат ашқан соң әжеме Отанын қорғаған батырлар туралы жырларды оқып беремін.(32 сөз)

Шаш өру.

Сәуле шаш өруді әжесінен үйренді.Оның өрулі шашы өзіне жарасады. Енді Сәуле бұрымын өзі өре алады.Оған бантикті де өзі байлап, мектепке сәнденіп келеді.(24 сөз)

Іні

Менің інім бар.Ол әлі кішкентай.Мен оны жақсы көремін.Ініме киімдерді киюді үйретемін.Ол сурет сала алады,бірақ әріптерді танымайды.Мен ініме әріптерді ірі етіп жазып көрсетемін.(28 сөз)

Ұлу

Ұлу қыста қауашығында жатады.Күн жылыған соң, олар қауашықтарынан шығады.Ұлулар ылғалды жерде болады.Жерге түскен жемістерді жаралайды. Оның бау-бақшаға зияны мол.Ұлуларды улы дәрі сеуіп жояды.(28 сөз)

Мата

Матадан түрлі киімдер тігеді.Матаны фабрикаларда жіптен тоқиды.Жіпті жүннен, мақтадан және өсімдік талшықтарынан жасайды.Киім-адам көркі.Оны таза ұстап,күтіп кию керек.(24 сөз)

Шана

Атам маған дүкеннен шана сатып берді.Мен қуандым.Шана әдемі.Қар жауғанда жаңа шанамен сырғанаймын.Мен атама рахмет айттым.Жақсы сөзге атам да қуанып қалды.(25 сөз)

Қала

Біз қалада тұрамыз.Біздің қаламыз сәнді де сәулетті.Қаланың үйлері биік, көшелері кең.Көшелері жасыл желекке бөленген.Ерсілі қарсылы жүріп жатқан машиналар.Қалада демалыс парктері, стадион, көрме, кино-театрлар, балаларға арналған дүкендер бар.(33 сөз)

Бота

Біз түйе фермасына бардық.Фермадан түйелерді,олардың боталарын көрдік.Бізге әсіресе ақ бота ұнады.Ақ ботаның көзі мөп-мөлдір, өзі сондай сүйкімді.Ақ ботаға біз жем-су бердік.(28 сөз)

Бұғы

Бұғы-сиырға ұқсас мал.Оның мүйізі бұтақша тармақтана өседі.Бұғылар солтүстік жақта болады.Олар суыққа төзімді.Бұғы қарға батпай жүре алады.Сондықтан оны шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғылар мүк, қына сияқты шөптерді жейді.Тұяғымен қарды теуіп жайылады.(38 сөз)

Аула

Біздің аула өте көрікті.Оның айналасында жеміс ағаштары, әсем гүлдер өседі.Алаңда түрлі спортпен шұғылданамыз.Жазда футбол, қыста хоккей ойнаймыз.Біз ауламызды күтіп ұстаймыз.Аула таза.(32 сөз)

Айна

Адам өз түрін айнаға қарап көреді.Айна болмаса түріңнің қандай екенін білмейсің.Айна жүзің қандай болса, сондай етіп көрсетеді.Бетің таза болса, айна таза етіп көрсетеді.Жағаңды айнаға қарап түзейсің, шашыңды айнаға қарап тарайсың.Айна шыныдан жасалады.(37 сөз)

Жасырынбақ

Балалар жасырынбақ ойнады. Кішкентай Қуат іздеуші болды. Ол жасырынғандарды іздей бастады. Көп іздеді, бірақ ешкімді ұстай алмады. Ыза болған Қуат көзіне байланған орамалды жұлып алды да, артында тұрған Жанатты бас салды. Ойын тәртібі бұзылғандықтан ол қайта іздеуші болып қалды.(40 сөз)

Тауық

Мұрат тауықтарға жем шашты.Ақ тауық балапандарымен жемді теріп жей бастады.Сол кезде шұбар тауықтың бір балапаны жемге жүгіріп келіп еді, ақ тауық оны қуыр жіберді.(26 сөз)

Қозы

Біз қойлы ауылға бардық.Бір қойдың екі қозысы бар екен.Олар енесіз қолдан сүт ішіп өсіпті.Бір қозы-сары, екінші қозы сары ала.Екеуі де жазда көкке тойып, марқайыпты.Біз қозыларға сүт беріп едік, олар ішпеді.(36 сөз)

Мысық

Мысық тышқанды қуды.Тышқан етіктің ішіне кіріп кетті.Мысық етікке басын сұқты.Етік мысықтың басына кептеліп қалды.Мысық басын әрі-бері сілкісе де, етіктен басын шығара алдмады.Ыза болған мысық мияулады.(30 сөз)

Көкек

Көкек-шағын құс.Ол «көкек, көкек» деп дыбыстайды.Сондықтан оны көкек дейді.Ол бірден артық жұмыртқаламайды.Көкек ұя салмайды.Ол балапан баспайды.Көкек жұмыртқасын кез-келген торғайдың ұясына тастап кетеді.Оны торғай басып шығарады.(35 сөз)

Мойнақ

Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар.Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек бодық.Бірақ, күшік шеңберден қарғымады.Қағазға мысықтың суретін салдық.Оны шеңберге жасырдық.Мойнақ суретті көрді.Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп , оқтай атылды. Сөйтіп , Мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.(38 сөз)

Ақ кептер

Еркін жаралы кептерді үйге алып келді.Қанаған жеріне йод жағып, дәкемен таңып тастады. Кептерді қорапқа салды да, алдына жем , су қойды. Аздан соң кептер жүре бастады.Үй ішінде ары-бері ұшып, қонды.Еркін жазылған кептерді далаға шығарып жіберді. Ақ кептер әуелеп ұшып кетті. Еркін бұған қатты қуанды.(47 сөз)

Бүркіт

Бүркіт-қыран құс.Ол қоян, қарсақ және тышқандарды жейді.Бүркіт кейде ақбөкен мен тауешкінің төлдеріне де түседі.Бұрын қазақтар бүркітті қолға үйретіп, онымен аң аулаған.Үйретілген бүркітті түлкі мен елікті қасқыр мен қарақұйрықты ұстаған.(34 сөз)

Ұя

Қарлығаш ұя салды.Бірақ ұяға торғай орналасып алды.Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды.Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келді.Олар ұядағы қарлығаштарды қуып шықты.Қарлығаш ұясына орналасты.Достарына рақмет айтты.(29 сөз)

Сүт

Сауыншы сиырды сауып еді,сиыр иімеді.Сауыншы сиырға жем берді.Жем жеген соң сиыр иіді.Сауыншы иіген сиырды тез-тез сауып, сүтті мол алды.(24 сөз)

Сым ұшақ

Кішкентай Болат сым темірді иіп,одан ұшақ жасамақ болды.Бірақ ол сымды қалай июді білмеді.Мұны көрген ағасы Болатқа сымды июді үйретті.Болат сымнан ұшақ жасады.(26 сөз)

Қамқорлық

Көшеде бір күшік жүре алмай, қыңсылап жатыр екен.Қанат күшікті аяп,үйге алып келді.Жарасына дәрі жағып,дәкемен орады.Біраз күннен кейін күшік жазылды.Қанат оған қатты қуанды.(28 сөз)

Өзен

Балалар серуенге шықты.Олар өзенге келді.Өзен суы таза.Айнала көк шөп.Балалар өзен суына шомылды.Өзен жағасындағы құмға аунап,бір-біріне су шашысып ойнады.Серуен көңілді өтті.(28 сөз)

Әтештер айқасы

Жерде бір уыс дән жатты.Екі әтеш келіп дәнді шоқи бастады.Бір кезде ақ әтеш пен қара әтеш жемді бір-бірінен қызғана бастады.Дәнді бөлісе алмаған әтештер ақыры шоқысып, бірін-бірі талай бастады.Күшік екі әтешті екі жаққа қуып жіберді.Ақтөс ақылды.(42 сөз)

Ішік

Ішік-жылы киім.Ішікті аң терісінен жасайды.Оның сырты қымбат маталармен қапталады.Ішікті қыстыгүні күн суытқанда киеді.Ол әрі жеңіл,әрі жылы.Ішік киген адам суыққа тоңбайды.(27 сөз)

Емен

Емен-мәңгі көгеріп тұратын жасыл ағаш.Оның жапырақтары әдемі.Емен ағашы өте мықты,қатты. Еменнен кеме, вагон, жиһаз жасалады.Емен қабығының дәрілік қасиеті бар. Еменннің жаңғағын шошқа жейді.Алматы көшелерінде емен көп өседі.(33 сөз)

Ана тілі.1 сынып. Тест №1
1. Сөз неден құралады?
a) дыбыстан
ә) сөйлемнен
б) буыннан
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
а) 3
ә) 2
б) 4
3. Жуан дауысты дыбыстарды тап
а) к, п, а, ә
ә) ө, ү, о, ы
б) а, о, ұ, ы
4. Жұп дауысты дыбыстарды тап
а) а - ә, о - ө, ұ - ү, ы - і.
ә) ю - я, е - ё, ы - і.
б) қ - к, п - б, ғ - г.
5. «Орман емшісі» деп қандай құсты айтады?
а) торғай
ә) бұлбұл
б) тоқылдақ
6. Дұрыс жазылған сөзді тап
а) жұлдұз
ә) жылдұз
б) жұлдыз
7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді.
а) 2
ә) 3
б) 4
8. Үнді дауыссыз дыбыстарды тап
а ) к, қ, т, п, р.
ә) р, й, у, л, м, н, ң.
б) б, в, г, ғ, д, ж, з.
9. Түйе атасын қалай атайды?
а) Қамбар ата
ә) Зеңгібаба
б) Ойсылқара
10. Бір өркешті түйені қалай атайды?
а) нар
ә) түйе
б) атан
Ана тілі.1-сынып.Тест № 2
1. Қ дыбысының реттік қатарын тап
а) 12
ә) 14
б) 15
2. «Бөрте лақ» өлеңін кім жазды?
а) І. Жансүгіров
ә) Ы. Алтынсарин
б) А. Байтұрсынов
3. « Әке мен бала» әңгімесін кім жазды?
а) Ы. Алтынсарин
ә) А. Құнанбаев
б) М. Әуезов
4. Дұрыс тасымалданған сөзді тап
а) Ше – гіртке
ә) шег – іртке
б) шегі - ртке
5. «Мен әр түрлі ғылымдар оқыдым, тырма деген не нәрсе»қай мәтіннен
алынған?

а) Әке мен бала
ә) Оқымысты бала
б) Төзім
6. Тасымалдауға болмайтын сөзді тап
а ) бай – лық
ә ) ө – зен
б) мек - теп
7. Кім?, Не? Сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) бала, қала
ә) мектеп, дала
б) кітап, дәптер
8. Бас әріппен жазылатын сөздер.
а) жануарлар, жәндіктер
ә) адамның аты - жөні, жер - су аты, жануарға қойылатын аттар
б ) адамның аты, өсімдіктің аты
9. «Шырағым, ержетерсің, Ержетсең сірә не етерсің».Кімге арналып айтылады?.
а) Мұхтар
ә) Абай
б) Мағжан
10. Балмұздақ сөзінде неше буын бар?
а/ 4
ә/3
б/5

1-сыныптарға арналған тест жұмысы.

1.“Орман емшісі” қай құс?

2.Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты-............ .

3.Қой атасы-

Жылқы атасы -..............

Ешкі иесі -....................

Түйе атасы -...............

Сиыр иесі -................

4. ....... – аша тұяқты,жүні тығыз мал. Ол төрт түліктің ішіндегі момыны.Оның еті, майы, сүті, терісі пайдалы.

5.-Дүниеде не тәтті?

-Жұмсақта не жұмсақ?

Дүниетану пәні бойынша 1-сыныпқа арналған тестер.
1   2   3   4


написать администратору сайта