көрнекіліктер. 1 сыныпқа арналған көрнекіліктер. 1сынып растыран Кеншілік Гулбаршын Бірінші санатты санатты бастауыш сынып малімі
Скачать 1.18 Mb.
|
Бастауыш сыныптар бойынша білім кесінділерінің жинағы (1-сынып) Құрастырған: Кеншілік Гулбаршын Бірінші санатты санатты бастауыш сынып мұғалімі Теміртау қаласы Түсінік хат «Бастауыш сыныптар бойынша білім кесінділерінің жинағы» атты әдістемелік кітаптың бастауыш сынып мұғалімдерінің сұранысын қанағаттандыру барысында қолға алынып, ұсынылып отыр. Мұндай атаудағы жинақтардың бар екені рас, бірақ та қазіргі оқулықтар мен бағдарлама негізінде жасалмаған. Бұл жинақтың ерекшелігі Мемлекеттік оқыту стандарты бойынша талапқа сай оқулықтар негізінде тоқсандық білім кесінділері әртүрлі деңгейдегі сыныптардың білімін есепке ала отырып құрылған.Математика, қазақ тілі және дүниетану пәндері бойынша 1-4 сынып оқушыларының білімдерін бақылау негізінде диктанттар мен бақылау жұмыстары, тестер ұсынылады. Білім кесінділерін әр мұғалім өз сыныбының білім деңгейіне сай жеңіл немесе күрделі түрін таңдай алады. Бұл 1-сыныптағы математикалық ұғымдар мен тәсілдерді үйрену барысында оқушының өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі дамытушы субъектісін қалыптастыру үдерісінде көмек көрсетуге негізделген құрал. Алғашқы кезеңнен бастап 1-сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу төмендегі құзыреттіліктерді талап ететіні белгілі:ең алдымен ерекше қамқорлық, шыдамдылық, тапқырлық, шеберлік қажет; әрі қарай оқушылардың әртүрлі дайындық деңгейін ескере отырып,оларды мектеп өміріне бейімдеуіміз қажет;сонымен қатар олардың әртүрлі психологиялық, танымдық ,жеке дара ерекшеліктерін ескеруге тура келеді және ойын әрекетінен біртіндеп оқу іс-әрекетіне көшуді іске асыру, тұлғаны тәрбиелеу,дамыту,математика пәніне деген қызығушылығын оята отырып, жіберілген олқылықтарды түзетудің жолдарын қарастырып,саралап отыру қажеттігі туындайды. 1-сынып бойынша берілетін тапсырмалар математика пәнінің мазмұнына сәйкес жүйеленеді,олар: 1.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі) 2.Математикалық ұғымдар және іс-әрекет тәсілдері 3.10 көлеміндегі сандар 4.Кестелік қосу және азайту 5.Ондықтар.Жүз. 6.Біз нені үйрендік? 1.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі).Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болып қалмауына,тілін дамытуға көмектесу,мектепке дейінге мекемелерде дайындықта болмай қалғандарға өз қатарластарымен және үлкен адамдармен дұрыс сөйлесе білуге тарту. 10 көлеміндегі заттарды санап және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктілігін қалыптастыру.Жалпы математикалық ұғымдар жайлы алғашқы түсініктердің мағынасын ашу, мағұлымат беру.Дәптермен жұмыс істей білу машығын үйрету. 2. «Он көлеміндегі сандар» бөлімінің мақсаты математикалық білім мазмұнының арифметикалық құраушысын оқытудың жоспарланған нәтижесіне қол жеткізу.Кестелік қосу мен азайтуды оқып үйретуге, есепті және оны шығару тәсілдерін енгізуге дайындау. 3. «Кестелік қосу және азайту» бөлімінің мақсаты бір таңбалы сандармен амалдар орындауда, бір амалмен шығарылатын есептеуді шығаруда жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу.Алгебраның және геометрияның элементтерінмен, шамалар мен оларды өлшеумен байланысты білімді, біліктерді және дағдыларды дамыту. 4. «Ондықтар.Жүз» бөлімінде нені үйрететініміздің мақсаты: ондықтарды шығарып алуды, оларды қосуды және азайтуды оқытудың жопарланған нәтижелеріне қол жеткізу. Алдыңғы тақырыпты оқып үйренуде қол жеткізген оқыту нәтижелерін тиянақтай түсу.Екі таңбалы сандардың нумерациясын және олармен орындалатын амалдарды оқытып үйретуге дайындау. Алгебраның және геометрияның элементтерін, шама және оны өлшеуді оқыту нәтижелерін дамыту. 5. «Біз нені үйрендік?» бөлімінде оқытудың негізгі нәтижелерін бекіту, жалпылау және оларды меңгеру деңгейін анықтау жүзеге асырылады. Мұғалімнің оқушылармен жүргізген жұмыстарының қорытындысы шығарылады.Бастауыш математикалық білімнің Мемлекеттік стандарты мен математиканы оқыту бағдарламасы айқындаған негізгі нәтижелерге баса назар аударуға мүмкіндік туғызады. Бастауыш математикалық білімнің Мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады. 1- сыныптағы тексеруге арналған бақылау саны
Өзіндік және бақылау жұмыстарын бағалау : «5» қатесіз орындалса; «4»- 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате кетсе және есепті шығаруда өрескел қате кетпеуі тиіс; «3»- 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате кетсе және есепті шешу барысы дұрыс болуы тиіс; «2» - 4 өрескел қате кетсе. Өрескел қателер: 1.Мысалдар мен есептердегі есептеулер жүргізудегі қателер. 2.Арифметикалық амалдардың дұрыс орындалмауы. 3.Есептің шығарылмауы (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдамау,артық амалдар орындау). 4.Есептің немесе мысалдың толық орындалмаы. 5.Мүлде орындалмаған тапсырманың болуы. Өрескел емес қателер: 1.Есептеу тәсілінің тиімсіздігі. 2.Есептегі амалға сәйкес сұрақтың жұрыс қойылмауы. 3.Есеп жауабының дұрыс тұжырымдалмауы. 4.Берілген сандар мен белгілердің дұрыс көшілілмеуі; 5.Жұмыста кеткен грамматикалық қателер үшін математикадан бағасы кемітілмейді.Жұмыстың қалай болса солай безендірілуі, каллиграфиялық ережелердің сақталмағаны үшін математикадан 1 балл кемітіледі, алайда 3-тен кем балл қойылмайды. Осы құралда 1-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар мен білім кесінділерінің тізбегі, нұсқалары берілген, сонымен қатар 1-сыныпта оқытылатын басқа пәндер бойынша да тапсырмалар үлгісі енгізілген. Сонымен қатар бірнеше қызықты ойын түрлері де енгізіліп отыр. сынып оқушыларына арналған білім кесінділері І.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі). 1 . Осы шеңбердің жанына бұған қарағанда кішірек шеңбер сыз. 2 . Осыған ұқсас фигураны сал.Жасыл түсті қарындашпен боя. 3 . Жазуды жалғастыр. 4.Жазуды жалғастыр және боя.Сызбада қандай фигураларды көріп тұрсың? 5. Цифрларды қайталап, есте сақтаймыз.Суретті боя. 6 .Қандай айырмашылықтар бар? 7 3 2 3 .Терезелерге қажетті цифрларды жаз. + + 1 - + 1 + + 0 3 2 2 Ескерту! Оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып, берілген тапсырмаларды мұғалім оқып беріп отырады.Оқушылар өз бетімен орындауы тиіс. Аталмыш бөлімде әр тапсырмадан кейін цифрларды дұрыс жазуға байланысты тапсырмалар беріп отырған дұрыс. 8.Әр кірпіде қанша алмадан? Барлық алма саны қанша? Алмалар қатарын сал және боя. 9. Есептерді шығар және суретті боя. Балық суреттерін салуды жалғастыр. 1-сары 2-қызыл 3-жасыл 4-көк 5-қызыл сары 6-қоңыр 7-қара 10. Мыны фигуралар неге ұқсайды?Қажетті суреттерді сызықпен қос және боя. ІІ. «Он көлеміндегі сандар» бөлімі №1. Бақылау жұмысы 1.Арифметикалық диктант. Жауабын ғана жаз: Қай сан 8-ден 1 санға артық? Қай сан 7-ден 1 санға кем? 7-2= 5+2= 6-2= 2.Мысалдарды көшір және шығар. І нұсқа ІІ нұсқа 10-2 8-2 5+2 9-1 6+2 10-3 7+2 8-3 6-3 7-2 6+3 9-3 3. 1 қатарда 6 төркөзді қорша, ал екінші қатарда одан 3 төркезді кем қорша және боя. №2 Бақылау жұмысы І нұсқа 1.Есепті шығар: «Бұтақта 6 алма болды.2 алма үзіліп түсті.Сонда бұтақта қанша алма қалды?» 2.Мысалды орында: 7+2 2+6 9-5 10-9 5+4 1+8 10-3 8-7 ІІ нұсқа 1.Есепті шығар: «Ғанида 4 марка болды.Оған тағы 3 марка сыйлады.Ғанида барлығы қанша марка болды?» 2.Мысалды орында: 8-2 10-8 3+5 2+7 5+3 9-6 7-4 1+9 №3 Бақылау жұмысы І нұсқа 1.Есепті шығар: Қайратта 3 қызыл және 4 көк машинасы бар.Қайратта барлығы қанша машина бар? 2.Мысалды орында: 6+2 5+4 1+7 10-7 ІІ нұсқа 1.Есепті шығар: «Лаурада 9 марка бар. Ол 3 маркасын досына сыйлады.Лаурада қанша марка қалды?» 2.Мысалды орында: 8+2 7+3 3+6 9-7 №4 Бақылау жұмысы І нұсқа 1.Есепті шығар: «Берікте 3 кішкене және 2 үлкен машинасы бар.Берікте барлығы қанша машина бар?» 2.Мысалды орында: 4+3 10-1 7-2 6-3 5+1 6+2 ІІ нұсқа 1.Есепті шығар: «Айжанда 4 шар бар еді.Ол 3 шарды досына сыйлады.Айжанжа қанша шар қалды?» 2.Мысалды орында: 7-2 6+1 9-1 7-3 6+2 5+3 ІІІ. «Кестелік қосу және азайту» бөлімі. №1.Бақылау жұмысы 1.Арифметикалық диктант. Жауабын ғана жаз: 8+2 10-1 1 қосылғыш -5 , ал екінші қосылғыш -2. Қосындының мәні қанша? 8-3 6+4 2. Салыстыр, «>», «<» таңбаларын қой. 4+2 * 4 6-2 * 6 3.Мысалдарды көшір және шығар: І нұсқа ІІ нұсқа 7-2 5+3 10-4 6+2 4+3 1+7 9-3 4+4 1+8 10-3 3+3 8-4 №2.Бақылау жұмысы 1.Арифметикалық диктант (жауабын ғана жаз) 6-ға 3-ті қос 6 санынан 2 санын азайт 6-3 5 және 3 санын салыстыр қайсысы артық? 4+2 санының мәні нешеге тең? 2.Мысалдарды шығар: І нұсқа ІІ нұсқа 3+3 3+0 2+5 5+5 6+4 9-7 8-4 6-4 8-6 2+6 3+7 5+4 7-2 10-5 9-6 7-3 3.Есепті шығар «Асыл алғашында 5 дәптер, соңынан тағы 3 дәптер сатып алды.Асыл барлығы неше дәптер сатып алды?» 3.Есепті шығар «Оқушы дәптеріне 8 мысал жазды,оның 5-еуін шешті?Шешетін тағы қанша мысал қалды?» №3 Бақылау жұмысы 1.Арифметикалық диктант (жауабын ғана жаз) 1.20,18,12 сандарын жаз. 2.Құрамында 1 ондық 3 бірлігі бар санды жаз. 3.15 санынан кейінтұратын санды жаз. 4.20 санының алдында тұрған санды жаз. 5.8 саны 6 санынан нешеге артық, 7 саны 10 санынан нешеге кем? 2.Есепті шығар: І нұсқа «Жемсалғышта 8 торғай отыр, ал бозторғайдың одан 3-еуі кем. Бозторғайдың саны нешеу?» 3.Мысалды орында: 9-7 15-10 16+1 4+6 8+10 19-1 ІІ нұсқа 2.Есепті шығар: «Бірінші үйде 5 қабат бар, ал екінші үйде одан 4 қабат артық.Екінші үй неше қабатты?» 3.Мысалды орында: 2+8 10+6 17-1 8-5 19-9 13+1 4. Салыстыр, жұлдызшаның* орнына «>», «<» таңбаларын қой. 7 * 7-3 6 * 6+3 №4 Бақылау жұмысы І нұсқа 1.Есепті шығар: Алуаның 8 дәптері бар еді.Ол 4 дәптерін інісіне берді.Алуада қанша дәптер қалды? 2.Мысалды орында: 5+3 4+5 9-5 5+4 9-4 3+4 3. а мен 3 санының айырмасын жаз. а=10;9;8;7. 4. Ұзындығы 5 см кесінді сыз. ІІ нұсқа 1.Есепті шығар: Мерейдің 3 кітабы, Дәкіттің 5 кітабы бар.Оларда барлығы неше кітап бар? 2.Мысалды орында: 6+3 3+6 6-3 9-6 9-3 7-2 3.а мен 4 санының қосындысын жаз. а=3;4;5;6. 4.Ұзындығы 6 см кесінді сыз. №5 Бақылау жұмысы І нұсқа 1.Есепті шығар: Мұғалім 20 оқулық таратып берді.Оқулық 3 оқушыға жетпей қалды.Сыныпта барлығы неше оқушы бар? 2.Мысалды орында: 7+1-2 6-2+4 3. Салыстыр, жұлдызшаның* орнына «>», «<» таңбаларын қой. 4+5 * 8-1 2+4 * 9-4 4.а+5 өрнегінің мәнін тап. а= 0;4;2;3;1. ІІ нұсқа 1.Есепті шығар: Аулада 10 бала ойнап жүрді.Оның 4-еуі кетіп қалды. Аулада неше бала қалды? 2.Мысалды орында: 3+1+2 5+4-2 3. Салыстыр, жұлдызшаның* орнына «>», «<» таңбаларын қой. 7-5 * 3+6 8-5 * 3+0 4.а+7 өрнегінің мәнін тап. а= 0;2;3;1. №6 Бақылау жұмысы І нұсқа 1.Есепті шығар: Сауытта 9 алмұрт болды.6 алмұртты жеп қойды. Неше алмұрт қалды? 2.Мысалды орында: 6+2 7-4 4+2 9-3 6-3 7+3 3.Теңдеулерді шеш: 4+а=8 5-а=4 4. Екі кесінді сыз.Олардың біреуі екіншісінен 2 сантиметр қысқа болсын. ІІ нұсқа 1.Есепті шығар: Қорапта 7 кәмпит жатты.6 кәмпитті жеп қойды.Неше кәмпит қалды? 2.Мысалды орында: 5+3 8-2 7-5 4+4 3-2 10-6 3.Теңдеулерді шеш: 7-а=6 5+а = 6 4.Ұзындығы 6 сантиметр кесінді сыз. Одан 1 сантиметр кесінді сыз. ІҮ. «Ондықтар.Жүз» бөлімінде №1 Бақылау жұмысы. |