Главная страница
Навигация по странице:

  • Сұрақ: Осы жағдаяттан ауруға деген көзқарастың қай типін байқауға боладыЖауап: Утилитарлық

  • 2. Ситуациялық есеп

  • Сұрақ: Осындай жастағы науқаспен әңгімелесуіңіздің тактикасы қандайНауқаста ауруға деген көзқарастың қандай типі бейнеленгенЖауап

  • Назофобты

  • Сұрақ: Науқаста ауруға деген көзқарастың қандай типі бейнеленгенЖауап: Ипохондриялық

  • Психология 04.05. 1. Ситуациялы есеп


    Скачать 14.28 Kb.
    Название1. Ситуациялы есеп
    Дата04.11.2022
    Размер14.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПсихология 04.05.docx
    ТипДокументы
    #769489

    1. Ситуациялық есеп:

    Сіз хирургия бөлімінің бас медбикесі лауазымындасыз. Іс сапарға байланысты қызметтік тапсырма алғаннан кейін жолға шықтыңыз. Вокзалда екі апта жұмысқа келмеген қол астыңыздағы әріптесіңізді көріп қалдыңыз. Ол кісі де жол жүріп барады. Жұмыста оның ауырып жатқанын біледі. Кездескен кезде әріптесіңіздің дені сау, белсенді, көтеріңкі көңіл-күйі байқалды.

    Сұрақ:

    Осы жағдаяттан ауруға деген көзқарастың қай типін байқауға болады?

    Жауап:

    Утилитарлық – науқастың аурудан пайда іздеуі (жұмыстан босату қағазы, түрлі анықтамалар, мүгедектік және т.б.).

    2. Ситуациялық есеп:

    Науқас 9ж., тісіндегі қатты ауру сезіміне шағымданады. Осы кезде дәрігерді, кабинетті және инструменттерді көргенде қатты қорқыныш сезінеді. Ауыз қуысын көру үшін аузын ашудан бас тартады.

    Сұрақ:

    Осындай жастағы науқаспен әңгімелесуіңіздің тактикасы қандай?

    Науқаста ауруға деген көзқарастың қандай типі бейнеленген?

    Жауап:

    Менің ойымша бірінші науқасты сабырға шақырып, әңгімелесуге сенімділік тудыратындай жағдай жасау. Науқастың пікірі мен көзқарасын толықтай қолдау және де оған емшара қалай жүргізілетінін айтып түсіндіру керек деп ойлаймын.

    Назофобты – науқастың аурудан қатты қорқуымен сипатталады.

    3. Ситуациялық есеп:

    Науқас А., 46 жаста, терапиялық бөлімде асқазан жарасының ремиссия кезінде емделген. Ол өзінің денсаулығына үнемі назар аударып отырады, кейде аурумен байланысты жағдайлардан күдіктеніп тексеріледі. Екі жыл бұрын, асқазан қатерлі ісігінен пәтерлес көршісі қайтыс болған. Осыдан кейін көп ұзамай пациент дәрігерге асқазандағы ауырсыну, тітіркену, шаршау, ұйқының нашарлауына шағымданып келе береді. Медициналық тексеріс науқастағы созылмалы гастрит диагнозын көрсетті. бірақ 6 айдан кейін науқастың жағдайы нашарлады, екінші рет стационарлық тексерістен кейін оған асқазан жарасы диагнозы қойылды.

    Сұрақ:

    Науқаста ауруға деген көзқарастың қандай типі бейнеленген?

    Жауап:

    Ипохондриялық - науқастың өзінде жоқ ауруды қиялдауы, елестетуі, ойлап тауып алуы. Науқас дәрігердің қабылдауына барады. Өзін де, дәрігерлерді де азаптайды. Науқаста өзінің ауруы туралы дәлелдер қалыптасады.


    написать администратору сайта