1Сж тапсырмалар Синтаксис мселелеріні аза тіл білімінде зерттелуі
Скачать 48.45 Kb.
|
1-СӨЖ Тапсырмалар «Синтаксис мәселелерінің қазақ тіл білімінде зерттелуі» тақырыбына конспект дайындау. Конспект жоспары: 1) Синтаксис мәселелерінің Қазан төңкерісіне дейінгі зерттелуі жайында; 2) А.Байтұрсынұлының «Тіл–құрал» еңбегіндегі синтаксис мәселелерінің көрініс табуы; 3) Синтаксис мәселелерінің қазіргі кездегі зерттелуі жайында. Тіл білімі сөздіктерін пайдалана отырып синтаксис саласына қатысты ұғымдардың тезаурусын (сөздігін) түзу. Қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастарды тілдік мысалдар негізінде түсіндіру. Мәтін бойынша сөйлемдегі сөздерді синтаксистік қатынасына қарай ажыратыңыздар: қайсылары салаластық (теңдестік) қатынаста, қайсылары сабақтастық (бағыныңқы-басыңқы) қатынаста тұрып жұмсалғанын көрсетіңіздер. Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағамбетке, Кішкене Молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалары Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір ертегілерін, романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отырады. Осыдан он шақты күн бұрын әңгімені үлкен ықыласпен тыңдап, жақсы ұғынатын Баймағамбетке Абай бір қызық орман уақиғасын сөйлеп берген-ді. Ол роман – жаңағы Баймағамбет бастаған, Европаның орта ғасырында болған үлкен бір ауыр хикая болатын. Баймағамбет нелер шытырман, қиын уақиғалы әңгімелерді айтуға қызығады. Адамдары көп, олар арасында шатасқан қым-қуат тартысы көп уақиғаларды Абайдың бір айтып бергенінен жақсы ұғынды (М.Әуезов). 2-СӨЖ Тапсырмалар Мәтінді оқып, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қандай грамматикалық тәсілдер (жалғаулар, орын тәртібі, көмекші сөздер және дауыс ырғағы) арқылы байланысып тұрғанын анықтаңыздар. Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не? Мұның мәнісі – оқушының психикалық, моральдық бейнесіне ықпал жасау; оған он жылдық оқу бойында белгілі бір бағытта ықпал ету, яғни оны адам етіп шығару деген сөз. Тәрбиелеу дегеннің мәнісі – мектеп тұрмысында болмай қоймайтын сансыз көп келісімсіздіктердің, тартысулардың кезінде оқушылардың пікірінде мұғалім дұрыс істеді деген сенім қалдыратындай болу, оқушыларме осындай қатынаста болу керек деген сөз. Ал бұл – баланың жанына үлкен әсер етеді... Әрине, мұғалімдер, бір жағынан, өте-мөте білімді адамдар болуға тиіс, екінші жағынан, кіршіксіз адал адамдар боуға тиіс. Өйткені адамдықтың ең жоғары дәрежесі – мінез-құлықтың сатылмайтын дәйекті болуы. Бұл – балаларға жақсы әсерін тигізіп қана қоймайды, олардың кеінгі бүкіл өміріне терең із қалдырады... (Оқулықтан). Келтірген сөйлемдерден синтаксистік (сабақтаса байланысқан) сөз тіркестерін тауып, оларды төмендегі үлгі-сызба бойынша жазыңыздар. 1. Жаңа күн өзінің жаңа жорасын, жаңа тілегін жас көңілмен айтады. 2. Сол жоспарды іске асыру жолында Байжанның жарғақ құлағы жастыққа тимеді. 3. Көк биені ақырындау бір тебініп, жіңішке тобылғы сапты қамшысымен сипап қалып құбаша жігіт алдында жайылған дастархандай жайылып жатқан Сарысудың сары даласына қарай ұшырта жөнелді. 4. Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз, жұмсақ басталып еді. 5. Ежелден аты аңызға айналған Көкшетаудың совет дәуіріндегі тарихы да күрес пен жеңіс, жаңару мен жақсару жолындағы халық қаһармандығына толы. С ы з б а
3-СӨЖ Тапсырмалар Берілген мысалдар бойынша есімді сөз тіркесі түрлеріне талдау жасаңыздар: бағыныңқы сыңардың қай сөз табына қатысты дара, күрделі түрде жасалғанын, басыңқыға қандай тәсілдер арқылы байланысып тұрғанын көрсетіңіздер; байланысу түрінің қабысу, матасу, меңгеру екенін ажыратыңыздар. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерін білдіретін мағынасына қарай (сындық, мөлшер, заттық, қимылдық, қатыстық, мезгілдік т.б.) топтап көрсетіңіздер. Кең байтақ қазақ жерінде тарихы бай, табиғаты тамаша, қастерлі өлке көп (Р.Б.). Менің жасым биыл елу алтыда (С.М.). – Соқтыққыш жуандар кімге көкірек керсін! (М.Әуезов). Қарсы алдында қалшиып тұрған бізге жүрдім-бардым ғана көз тастады (С.Тал.). Ақбота мене үш жас кіші (Ғ.Мүсірепов). Үш салт атты тіл қатыспай жүріп келеді (Н.Ғ.). Уақыт әлі ерте (Ғ.Мұстафин). Қонақ үйде, дөңшгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр (М.Әуезов). Тайман тоғызыншы класта оқып жүр еді (З.Қабдолов). Лезде көше айқай-ұйқай дауысқа, сатыр-күтір шабысқа, тартыс-тұрсыл атысқа толып кетті (С.Мұқанов). – Сайып келгенде, мына төрт пен бесіңіз көз бояу болып шығады... (М.Иманжанов). Ол жанжалға себеп – Дәмеш (З.Шашкин). Берілген мысалдар бойынша меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін ажыратыңыздар: бағыныңқы, басыңқы сыңарларының қай есім сөз таптарынан жасалғанын айқындаңыздар, оларды мағынасы жағынан (объектілік, себептік, салыстырмалық, мекендік, мезгілдік т.б.) топтап теріп жазыңыздар. Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза (М.Әуезов). Мұндай шарт-шұртта командир де жауынгер... (Ғ.Мүсірепов). Бұл кітапқа қазіргідегі Абай ықыласы тіпті бөлек (М.Әуезов). – Бұл араның қауынының тәттілігі Шаржойдікінен қалай? (С.Мұқанов). Мен саған кіммін? (С.Ерубаев). – Әке, мынау ағаш неге түп-түзу?.. (Ы.Алтынсарин). ...Оның ері – Шымкент қаласындағы облыстық мекемелердің бірінде бастық... (С.Мұқанов). – Адамға адамгершілік керек қой, Ыбеке! (С.Ш.). – Сіз оған қарсысыз ба? (З.Шашкин). Бұл екі кітап – бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жанына әлі тілімен де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М.Әуезов). Әркімге де сенім қымбат (М.И.). Ол... бүгін, ауылға жететін күні, үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанына дән ырза (М.Әуезов). Сіздің мұнай елін қорғауға аттанған жігіттермен біргемін (Ғ.Сланов). Жақын туысқаннан Тәкежан бар (М.Әуезов). – Колхозға былтырдан бері мүшемін (Ғ.Мұстафин). Септеуліктер арқылы қалыптасқан есімді сөз тіркестерін табыңыздар: бағыныңқы сыңардың қай сөз табы мен септеуліктер тіркесінен құралғанын, басыңқы сыңардың қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыздар. Көкше көктен гөрі көгірек (С.Мұқанов). Теңіз сынды терең өмірге енді түйіле қарап қалыпты (Ғ.Мұстафин). Сіз сахарада менің де әңгімелесетін жалғыз бір мәжілістесім есебінде қажетсіз, қадірлісіз! (М.Әуезов). Біреулер кейбір заттарды өзінің қажетіне қарай басқаларға қарағанда көбірек алатын болады (В.Карпинский). Бұл кітаптардан алған хабардың бәрі қазір аттанатын жолаушы үшін керек (М.Әуезов). Кешке қарай Рахымның бүкіл денесі дел-сал (Б.Тілегенов). Ендеше, Қатпа үшін бұл да қолайлы (Ә.О.). Абай туралы эпопея – үлкен дүние, зор еңбек (М.Қаратаев). Екі жұмадан бері тынышпыз (Ғ.Мүсірепов). Мен үшін кейде жексенбі де жұмыс күні (Ғ.Мұстафин). Сөйлемдегі сөз тіркестерінің негізгі жасалу құрамы мен күрделеніп қолданылуы жағынан дара (толық мағыналы екі сөзбен айтылған; екі сыңары не бірі толық мағыналы сөз бен көмекші сөзден, тұрақты сөз тіркесінен), күрделі (бағыныңқы, басыңқы сыңарлары не бірі анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық сөздер арқылы күрделеніп жұмсалған) екенін ажыратыңыздар, оларды жіктеп жазыңыздар: 1) дара сөз тіркестері; 2) күрделі сөз тіркестері. Адам баласының атам заманнан аңсағаны – азат өмір (З.Қабдолов). Абай астындағы күрең төбел ат – ұзақ жортуылдың аса сенімді аты (М.Әуезов). Тамылжыған дала, жібектей жұмсақ ән, көңілі тыныштық Олжабекті де әлдилеп келе жатқан сияқты еді (Ғ.Мұстафин). Назыкеш Сейіттің бетін жыртқысы келмеді (Ғ.Мүсірепов). Көптің алдында Хакім келе жатыр (Х.Есенжанов). Ақбалаға үйленгеннен бері ғана Еламан өзіне туыс тауып, қайын жұртына кәдімгідей арқа сүйейтін болды (Ә.Нүрпейісов). Түсі ақ сұо келген, өзі қоңыр сақалды, кексе мұрынды Бөжей осы отырғанның бәрінен де сұлу (М.Әуезов). 4-СӨЖ Тапсырмалар Етістікті сөз тіркесінің түрлерін талдаңыздар: бағыныңқы сыңардың қай сөз табына қатысты дара, күрделі түрінде жасалғанын, басыңқыға қандай тәсілдер арқылы байланысып тұрғанын ажыратыңыздар; байланысу түрінің қабысу, меңгеру екенін айқындаңыздар. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерін білдіретін мағынасына қарай (амалдық, сан-мөлшерлік, мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық) топтап көрсетіңіздер. Сізге сәлем бергелі бұрылдым (С.Мұқанов). Онда Тайман он жыл оқыды (З.Қабдолов). Ол – қоғамның даму заңын жақсы біледі (Ғ.Мұстафин). «Еңбек» колхозына жағалап мен де келдім (Б.М.). Амантай да бірге келді (С.Мұқанов). Оқта-текте бірдемені жазып қояды (Б.Майлин). Біз де ерегісе ілгері ұмтыламыз (С.Мұқанов). Берен мектеп үйінен шыға келіп, осы көрініске қарап бірсыпыра тұрды (Б.Майлин). Жұрт жапыр-жұпыр атқа мінді (М.Әуезов). Шолпанның бір-ақ рет ащы даусы естілді (Ғ.Мұстафин). Босағада отырған жігіттер өзара күңкілдесті (С.Мұқанов). Сабырсыз Баймағамбет Абайдың жай жүрісіне шыдай алмай алдын орап кетті (М.Әуезов). Сөйлемдердегі меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерін табыңыздар: бағыныңқы сыңардың қай сөз табына қатысты дара, күрделі түрде жасалғанын, қай септік тұлғасында жұмсалып тұрғанын анықтаңыздар, етістікті сөз тіркестерін мағынасына қарай мынадай үлгіде топтап жазыңыздар: Тура объектілік мағынадағы сөз тіркестері – Жанама объектілік мағынадағы сөз тіркестері – Мекендік мағынадағы сөз тіркестері – Мезгілдік мағынадағы сөз тіркестері – Себептік мағынадағы сөз тіркестері – Мақсаттық мағынадағы сөз тіркестері – Амалдық мағынадағы сөз тіркестері – Сан-мөлшерлік мағынадағы сөз тіркестері – Күніне үштен, төрттен бордақы қойларды сойғызып үйткізеді (М.Әуезов). Жомарт бинокльмен қарап әйел екенін таныды (Ғ.Мұстафин). Сағитты мен сол Жоламанның үйінен кездестірдім (С.Мұқанов). Баланы құшақтап маңдайынан бір сүйді де, «әкеңе бар» деп есікті көрсетті (Ғ.Мұстафин). Мейрам бой жазуға вагоннан шықты (Ғ.Мұстафин). Майбасар ұялғаннан үнсіз ғана, лекітіп күле берді (М.Әуезов). Керуеннің қара жолымен өлкені өрлеп бір арбалы келе жатыр (Б.Майлин). Базаралы сұрланған жүзбен ызаланып қалып отыр (М.Әуезов). Қайлашылар айына бір қара табатын көрінеді (Ғ.Мұстафин). Бұлар ән айтқан ауылдың үстінен өтетін болды (М.Әуезов). Септеуліктер арқылы қалыптасқан етістікті сөз тіркестерін табыңыздар: бағыныңқы сыңардың қай сөз табы мен септеуліктер тіркесінен құралғанын анықтаңыздар. Дәстүрлер шебер суреткерлердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленіп отырады (М.Әуезов). Маған бола шай қоймаңыздар... (Ғ.Мұстафин). Бет пішіні де денесіне лайық дөңгеленіп, іріленіп қалған (М.Әуезов). Кемел ағам мені Қостанайға дейін шығарып салды (С.Көбеев). Оны да Абай арқылы аңғарып жүрмін (М.Әуезов). Кәрім үшін-ақ келген шығар (Б.Майлин). Өзіне біткен азаматтық, зор көкіректік бойынша Базаралы жоқ-жіттік жайын көпшілікке айтпайтын (М.Әуезов). Жанат бір жұма ұстағанда, әрбір нүктесіне дейін сынап қараған еді (Ғ.Мұстафин). Енді бүгін түстен кейін, кешке қарсы, көп қонақ атқа қонбақшы боп отыр (М.Әуезов). – Несіпбай құрлы істей алмас дейсің бе?.. (Б.Майлин). Екі атты осылай қарай ойыса шапты (Ғ.Мұстафин). – Манадан бері неге айтпадың? (З.Шашкин). Сіз Қапта деген адам туралы ештеңе естідіңіз бе? (Ә.Омаров). 5-СӨЖ Тапсырмалар «Жай сөйлемнің құрылымдық коммуникативтік түрлерінің интонациялық ерекшеліктері» тақырыбына конспект дайындау. Мәтінді оқып, сөйлемдерді коммуникативтік (айтылу) мақсатына қарай ажыратыңыздар. – Көлденең сөзді қоя тұрсақ қайтеді, – деді Нәзір, әжуа сөздер көбейіп бара жатқан соң, – өлең тыңдап алсақ қайтеді? Мақұл, – десті өзгелері. – Бірақ айтатын – кім? Мынау Сәбит ше? – деді Нәзір. – Өлеңші емес пе еді, осы ауылда жүргенде? Ие, ие... Айтсын, айтсын! – десті басқалары. Сен қиссаға тәуір ең ғой, жақсылау біреуін басташы! – деді Нәзір. Қиссаны емес, басқаны айтқызу керек бұған, – деді Ықшамбайдың Ахметі. Нені? – деді Нәзір. Осы бала өлең шығаратын бопты деп естідім. Қойшы?! Рас... (С.Мұқанов). – Кім боп істейсіз? Бұл кісі – дүкеншінің әйелі! Ал сіз не дейсіз! Біз әлі шешкеміз жоқ (З.Шашкин). – ...Мына жау жағадан алып жатқан кезде, ол бізбен құда болу үшін келген жоқ. Өзің айтқан папаңды қаладан шығарып әкетуің керек. Міне, сені сол үшін шақырттым. Бәкеңнің өзі қазір қай жерде, кімнің үйінде қазір? – деп сұрады Әбдірахман Шамильден (Х.Есенжанов). Мәтіндегі бұйрықты сөйлемдердің грамматикалық қалыптасу жолдарын анықтап, оларды мағынасы жағынан төмендегідей топтап жазыңыздар: Тіке бұйрық, нақты талап мәніндегі сөйлемдер – Тоқтау салу, тежеу мәніндегі сөйлемдер – Ұсыныс жасау, нұсқау, міндеттеу, шешім, тапсырма мәніндегі сөйлемдер – Кеңес беру, демеу мәніндегі сөйлемдер – Жалпы ескерту, сақтандыру, сес білдіру мәніндегі сөйлемдер – Тілек, өтініш, жалыну мәніндегі сөйлемдер – Іске шақыру, үндеу мәніндегі сөйлемдер – Келісім білдіру, іске жол беру мәніндегі сөйлемдер – Өлмей жұмысы бітпес болар адамның, барып қайт! – деп өтініш етті (С.Мұқанов). – Апаққа айтарсыңдар, аттарды суарып жіберсін! Мені қайнына кетті дер... Қане, мініңдер арбаға... – деді Байжан (Ғ.Мүсірепов). – Столға жақын отыр екен: Ырысты бастық болсын, Әбіш хатшы болсын!.. (Б.Майлин). – Е, Мекені біз қайтейік, аулыңның әр үйінде бір Ғали бар, сендер-ақ барыңдар! – деп, енді біраз адам екі нардан көздерін ала алмай тұр (Ғ.Мүсірепов). Сол кезде екі жақтан тұрған сақшылар Абайға қатты зекіп: – Тұр! Тоқта! – деп қалып еді. Абай орысша сөйлеп, салмақпен үн қатып: – Сабыр! Мен уездный начальник мырзаға өтуім қажет! – деді (М.Әуезов). Жұрт күлісіп жатты. Мұхит бұларды тимап еді, – тым асқынып бара жатқан соң, тоқтау айтты: – Тәртіп! Тәртіп! Хван жолдас, сөзіңіз бітті ме? (Ғ.Сланов). – Жазбаймын! Сен немене, зорлап жазғызасың? – Жоқ, жазасың! Сен не деп ойлап ең?.. (М.Шолохов). – Әже, – деді Раушан, – біз де кетейікші! (Ә.С.). – Айтармыз, жұрт келісіне салармыз. Тек қызу үстінде пәле бастай көрсеңдер! – деп, жалына сөйледі (М.Әуезов). – Дәл осы үйдің ішінен құдық қазыңдар! – деп, бір-ақ бұйырды. Жігіттер Нұрғанымның екі айтқызбас нық әмірін орындап, жер қазуға кірісті (М.Әуезов). – Уа, берік болыңдар, құлап қалмаңдар! (С.Мұқанов). – Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп ақтағайсың!.. (М.Әуезов). 6-СӨЖ Тапсырмалар Мәтіндегі әр сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып, олардың қай жақтық тұлғада жұмсалғанын анықтаңыздар; тұрлаусыз мүшелерсіз айтып көріңіздер. Майқұдық суының бойында әр жерге топталысқан, от жаққан, сырнай тартқан, өлең айтқан адамдар көрінеді. Көбі – жұмыс көлігі сияқты бірөңкей көрінген ересектер. Қызғалдақ терген төрт-бес әйел оңашарақ, қыранда жүр. Қызыл я көк орамал байланған нәлдеткен ақ жаулық салынған әйелдер мына қара қошқыл топтың бірден-бір ажары да, көз тартары да сияқты еді (Ғ.Мүсірепов). Сіз денсаулығыңызды сақтауға тиіссіз. Осылар кетіп қалған білем. Сіздікі дұрыс. Әділет жеңбей қойсайды. Бұл ұсынысқа сіздің тез жауап бере қоюыңыз қиын екенін білем. Әзірге сізді қыстамаймын да. Ойланыңыз, өлшеңіз... 2.Мына сөйлемдерді тұрлаулы мүшелеріне ажыратыңыздар. Бастауыштарды төмендегідей жіктеп жазыңыздар: 1) Дара есім сөздерден құралған бастауыштар (зат есім, басқа сөз табы екені жақша ішінде аталатын болсын) - 2) Түйдекті синтаксисті есім сөздер тіркесінен құралған бастауыштар – 3) Кісі аты мен фамилиясынана құралған бастауыштар – 4) Тұрақты есім сөздер тіркесінен құралған бастауыштар – Осынша кең үйге жиналған жүк те жоқ. Бұл – дүниелік үю үшін емес, иесінің рахаты үшін жасалған үй (Ғ. Мүсірепов). Кішкентай кезінде Абай өзі кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын (М. Әуезов). Арбалы-ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б. Майлин). Отырғандар әлі дел-сал (С. Мұқанов) – Итбайдікі қай үй?.. – деп, жөн сұрады (С. Көбеев). Тас көмір тереңнен шығады (С. Сейфуллин). Қора іші - жеміс және гүл бақша (С. Мұқанов) Бәрі де адыр-адыр алда жатыр (Б. Майлин). Қасымда Мырзағазы Нұртазин және екі-үш тарантасты серіктерім бар (С. М.). Әке болу – табиғат заңы... (Ғ. Мұстафин). Барым – бір өзің! (М. Әуезов). Гүрс-гүрс бірнеше рет қайталанды (Ғ. Мүсірепов). Бүгінді ертең жеңеді (Ғ. Сланов) Тамаша мұнда екен!.. (М. Әуезов). Әбдіш сияқтылар өзінен-өзі сытылып шығып қалмақшы (Б. Майлин). Шабан қара кер үсті-үстіне ұрғызған соң бусанайын деді білем... (Б. Майлин) Ал мына канал құрылысына оның он-он бесі қатынасады (С. Мұқанов) Уақытында Шұғаның әңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді... (Б. Майлин). 3.Келтірілген сөйлемдерден күрделі (синтаксистік сөз тіркесімен айтылған) бастауыштарды тауып, жасалу жолын анықтаңыздар. Күрделі бастауыштарды төмендегідей жіктеңіздер: 1) Бастауышы жай синтаксистік есім сөздер тіркесінен құралған сөйлемдер: а) бастауышы матаспалы есімдер тіркесінен жасалған сөйлемдер – ә) бастауышы қабыспалы есімдер тіркесінен жасалған сөйлемдер – б) бастауышы қосарлы есімдер тіркесінен жасалған сөйлемдер – в) бастауышы кісі аты мен қосалқы айқындауыштық есім сөз тіркесінен жасалған сөйлемдер – г) бастауышы арнаулы (не қайталанған) бір құрамды есімдер тіркесінен жасалған сөйлемдер – ғ) бастауышы меңгермелі есімдер тіркесінен жасалған сөйлемдер – 2) Бастауышы үйірлі мүшелі синтаксистік есім сөздер тіркесінен құралған сөйлемдер – Сондықтан жасы шамаластар Хамитті өздеріне аға санайды (Қ. Жұмалиев) Онда бізді дивизия командирі полковник Орехов күтіп отыр екен (Т. Әлімқұлов) Әр ауылдың тұсында қой-қозысы, сиыр-түйесі мол жылқылары шұбарытады (М. Әуезов). Бүгін әнші Жүсіпбек келеді (Ғ. Мұстафин). Аталған жерлерге қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен (М. Әуезов). Үй иесі қартаңдау келген татар әйел еді (С. Мұқанов). Ешкі атаулы үйді-үйлердің ығына жабысып, жауын жаққа арқасын беріп, үнсіз мүлгіп тұрып қалысыпты (М. Әуезов). Сенің ойың – менің ойым (Б. Майлин). Олардың да тым-тырыс жатуы неліктен екен? (С. Мұқанов). Мақсат – біреу, екіге бөлу – ымырашылдық (Ғ. Мұстафин). Малы бары да, малы жоғы да мая-мая шөпті үйіп-үйіп тастапты (С. Ш.). Базаралының қасында бес-алты кісі қалған (М. Әуезов). Жаңағы ту тігілген – оның өз үйі (Ғ. Мұстафин). Жуан қара Рахымды көргенде... қуанып кетті (Б. Тілегенов). Осындай сырт ажарында дағдылы тірлік белгісі жоқ, суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты келді (М. Әуезов). Қазақ әнін салатын – Күнзила мен Жабай (Ғ. Мүсірепов). 7-СӨЖ Тапсырмалар 1. Келтірілген сөйлемдерді жеке-жеке оқып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне ажыратыңыздар. Тұрлаусыз мүшелердің синтаксистік ролі жағынан толықтауышқа, анықтауышқа, пысықтауышқа жататынын айқындаңыздар; толықтауыш мүшенің тура, жанама екенін көрсетіңіздер. Жанама толықтауыштардың қай-қай септік тұлғасындағы дара есім сөздер мен есім сөз тіркестерінен құралғанын, соған сәйкес құрылысына қарай жалаң, күрделі болып келгенін, қандай мағыналық айырмашылықта қолданылғанын және етістік мүшемен не есім мүшемен қатынасқа түскенін анықтаңыздар. 1) Етістік мүшеге қатысты жанама толықтауыштар – Есім мүшеге қатысты жанама толықтауыштар – а) зат есім мүшеге қатысты толықтауыш – ә) сын есім мүшеге қатысты толықтауыш – б) сан есім мүшеге қатысты толықтауыш – в) есімдік мүшеге қатысты толықтауыш – г) модальдік сөздермен айтылған мүшеге қатысты толықтауыш – ғ) үстеу сөздермен айтылған мүшеге қатысты толықтауыш – Көзіңді салшы далама Түкті кілем түгіндей, Тауыма сұлу қарашы Қыздардың жиған жүгіндей... (Ж.) Азығымен жер мүсінді, Еңбегімен ер мүсінді (М.). Бәріне пәтер керек (Б. Майлин). Қуаныштымын, екеуіңе де барынша ырзамын (М. Әуезов). Ішінде қазақтан төртеуміз (С. Мұқанов). - ...Ағылшындар тұсында алғанымыздан қалдырғанымыз көп болатын (Ғ. Мұстафин). Кең жазық маңдайында ажым аз (М. Әуезов). ...Андрей Жабай қартпен шүйіркелесе кетті (С. Мұқанов). Түстен бері осы қонақтар Абайдың үстіне келіп, сәлем берісіп, түстік астан, күндізгі шайдан ішісті (М. Әуезов). – Мен осы колхозға мүшемін бе, шеттен кірген кірмемін бе?.. (Ғ. Мұстафин). – Мен саған кіммін? (С. Ерубаев). Іс жүзіндегі жайларынан бәрі де әдемі (Ғ. Мүсірепов). Өнер, білім бар жұрттар тастан сарай салғызды... (Ы. Алтынсарин). Аңшылар он күннен бері бүркітпен, тазымен көп түлкі алды (М. Әуезов). Оныншы төртіншіден озып кетті (Ғ. Мұстафин). Ғылымның пайда болуы, дамуы мен өркендеуі қоғамның даму процесімен тікелей байланысты (С. Бәйішев). ...Жабай Апақтың бетінен сүйді де, үйге қарай беттеді (Ғ. Мүсірепов). Қазіргі оқылғаннан сіз ойлаған адамды таппадым. Бірақ осындай көрнекті өріске қадам басқан бір-екі кісі қазақ оқығандарында болған екен (М. Әуезов). Түпсіз терең жүректе жарқыраған шындық бар (Ғ. Мұстафин). Мен бұл хатты біреуден беріп жіберем (С. Сейфуллин). Ояу отырмысың, қалғып кеттің бе, оған оның бәрібір (Ғ. Мүсірепов). 2-тапсырма. Сөйлемдерден анықтауыштарды және олардың жасалу жолдарын төмендегідей ажыратыңыздар. 1)Зат есімдерден жасалған анықтауыштар – 2) Сын есімдерден жасалған анықтауыштар: а) дара, қосарлы сын есімдерден құралған анықтауыш – ә) күшейткіш үстеу мен сын есімнің тіркесінен құралған анықтауыш – б) негізгі сын есімдердің тіркесінен құралған анықтауыш – в) зат есім мен сын есім тұлғалы көмекші есімнің не септеулік демеудің тіркесінен құралған анықтауыш – 3) Сан есімдерден жасалған анықтауыштар: а) дара, құранды, қосарлы сан есімдерден құралған анықтауыш – ә) сан есім мен мөлшер мәнді зат есімнің не септеулік демеудің тіркесінен құралған анықтауыш – 4) Есімдіктерден жасалған анықтауыштар – 5) Модальдік есім сөздерден жасалған анықтауыштар – 6) Еліктеуіш сөздерден жасалған анықтауыштар – 7) Есімше тұлғалы дара, құранды, аналитикалық етістіктерден жасалған анықтауыштар – ...Сыздық – қайын інілерінің ішіндегі жан сүйері (Б. Майлин). Бірақ мөлдіреген моншақтай соншалық таза, сондай сүйкімді және ең ыстық, ең сүйікті баласының азынан шыққан мына сияқты анық кекесін Абайға аса ауыр тиді (М. Әуезов). Ондай нәрсе бұл кісіге жат болу керек (Ғ. Мүсірепов). Бұларда 12 мыңға жуық ғылыми қызметкерлер істейді (С. Бәйішев). Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды... (Ғ. Мүсірепов). Көп жылдар бойы Ойылды түйемен, даланы ағаш соқамен қайырды (Ғ. Мұстафин). Игілік Ұлытаудан бергі елдерді аралай қайтып еді (Ғ. Мүсірепов). - ...Елім сорлы ендігі қандай қиындық, ауыртпалықтан болса да сескенетін емес (М. Әуезов). Үстіндегі қан – мұның үстіне құлаған жолдастарының қаны (Ғ. Мүсірепов). ...Ауылға керек, қонақ-қопсыға керек қант, шай сияқты алатын зат көп (М. Әуезов). Он екі қанат үйдің әр керегесін төрт жігіт қолдасып, әрең жайды (Ғ. Мүсірепов). ...Дәмеш жымиып, кеудесінде герой ордені жарқыраған, талдырмаш, бұйра шаш, қара торы жігітке сүйсіне қарады (З. Шашкин). 3-тапсырма. Сөйлемдерден пысықтауыштарды тауып, мағынасына қарай анықтаңыздар. Мекен пысықтауыштар: а) іс-әрекеттің (қимылдың), күйдің, сапаның болу орнын (мекенін) білдіретін пысықтауыш – ә) іс-әрекеттің шығу мекенін білдіретін пысықтауыш – б) іс-әрекеттің жалпы бағытын, тыну мекенін білдіретін пысықтауыш – в) іс-әрекеттің қозғалу орнын (мекенін) білдіретін пысықтауыш – 2) Мезгіл пысықтауыштар: а) іс-әрекеттің (қимылдың), күйдің, сапаның басталу кезеңін білдіретін пысықтауыш – ә) іс-әрекеттің, күйдің, сапаның қазіргі (сөйлеу уақытындағы) болу кезеңін білдіретін пысықтауыш – б) іс-әрекеттің, күйдің, сапаның бұрынғы болу кезеңін білдіретін пысықтауыш – в) іс-әрекеттің, күйдің, сапаның келешектегі болу кезеңін білдіретін пысықтауыш – г) іс-әрекеттің, күйдің аралық не дүркінділік болу кезеңін білдіретін пысықтауыш – Еменнің түбі – сару бал, Еріскен көңіл бәрі – бал. Жоғарыдан төмен төгейін, Қасыма ерген жолдастар, Керегіңді теріп ал (Мах.) Ауылдың пейілі биыл кең... (І. Жансүгіров). Қазір қалайсыңдар? (Ғ. Мүсірепов). Мұны сол мінезі үшін аса қадірлейтін (М. Әуезов). Он жасымда жұмысқа кірістім (Ғ. Мұстафин). Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ (М. Әуезов). Екі дос орындарынан тұрып, жаңа құрылысқа қарай бет алды (М. Иманжанов). ...Сай-сайменен түлкі сұмдар зытып барады (Ғ. Мүсірепов). Топ-топ болған аттылы-арбалы адамдар тұс-тұстан ауылға ағыла бастады (Б. Майлин). Мұсақұл, Жидебай, Барақ сияқты үш үлкен қорықты жағалай отырған саны көп, дәрмені аз ғана ауылдарды күншығыс жақтан бастап күнбатысқа шейін шарлап шыққан (М. Әуезов). Белшемізден балшыққа батып ала сәуледе ағашқа кірдік (Ғ. Мүсірепов). Бұлар ән айтқан ауылдың үстінен өтетін болды (М. Әуезов). Күздігүні мен де Москваға келемін (Ғ. Мүсірепов). Жер қазу жұмысына көктемнен кірісті (С. Мұқанов). Құлаш мойын қызыл нар таңертеңнен кешке дейін тыныстамады (Ғ. Мұстафин). Жүреріңде тағы да келесің ғой... (Ғ. Мүсірепов). Дәркенбайдың шаңырағын бұл арадан әкете алмайды (М. Әуезов). Мен енді анамын! (Ғ. Мұстафин). Ұзақ кеш бойында бір жанып, бір тоңазыды (М. Әуезов). Биеге қарай тұра жөнелді (Ғ. Мұстафин). 8-СӨЖ Тапсырма: 1-тапсырма. Оқшау сөздердің түрлері мен тұлғасын, жасалуын, құрамын, мағынасын анықтаңыздар, тыныс белгісін қойыңыздар. Тегінде сен біреудің аяғын басып жарасына тиген боларсың? Меніңше осы шатақтың түпкі тамырын Жетісудан іздеу керек. Ал інім өзіміз оңаша армансыз сырласайықшы. Шіркін туған жерді кім ұмытсын! Гүлжан мысқылдап жымиды біріншіден Смен көтерілісте қаза тапқан; екіншіден Гүлжан сүйген жігіттің аты – Бәкен. Қымбатты менің туыстарым Туған елге аман-есен келгендеріңізді құттықтаймын! Әрине оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды. Ойбай-ау қаптап кетті ғой ел! Ардақжан Майпажан шай қойыңдар. Е тәйірі осынша жұрттан жұмыс қала ма? Бәрекелді «Бітер істің басына жақсы келер қасына» қане үй жаққа баралық. 9 СӨЖ Тапсырмалар: Құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшелігін төмендегі кесте бойынша толтырыңыз.
Төмендегі кестені пайдалана отырып, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
10 СӨЖ Тапсырмалар: 1-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық мағыналарын анықтап, олардың сыңарларын байланыстырып тұрған амал-тәсілдерді көрсетіңіздер, сыңарларының құрамын сипаттаңыздар (бір құрамды не екі құрамды екенін). Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат. Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді. Ұлы табалдырықтан аттау үшін адамға дәт керек, үлкен әрі таза рух керек. Орнынан тұрғысы жоқ, шамды да жақпады. Ізбайшаға Ескендірді көтеріп отыру жарасар-ақ еді, тағдыр жазбады. Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады, жүзін күн қаптап тотығып кеткен (Ш.Мұртазаев). 2-тапсырма. Төмендегі жалғаулықтарды келтіріп, салалас сөйлем құрыңыз: алайда, әрі, өйткені, кейде, не. Олардың қайсысы қайталанып та қолданыла алады және ондай салаластардың қандай ерекшеліктері бар? 3-тапсырма. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің әрбір түріне мысал келтіріңіз: олардың сыңарларын (компоненттерін) байланыстырып тұрған тәсілдерді, тыныс белгілерін түсіндіріңіз, олардың кейбірін жалғаулықты етіп қайта құрыңыз, қандай өзгеріске ұшырайтынына назар аударыңыз. Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрін қай автор сабақтасқа жатқызады, неліктен? 11 СӨЖ Тапсырмалар: 1-тапсырма. Бағыныңқы сыңар тұлғаларын және олардың сабақтастың қандай түрлерін жасауға атсалысып тұрғанын анықтаңыздар. Кедір-бұдыр қара жолда қара машина барын салып бақса да, жүрісі онша өнбейді. Итінің шабаланғанынан секемденген Елизавета Петровна, мына қара суықта иініне бірдеңе ілуге де шамасы келмей, сыртқа көйлекшең атып шықты. Ашынған қарын тойынып,ашылған етек жабыла бастады (Ш. Мұртазаев). Елизавета Быкова сауыға бастағаннан кейін,Байжанның ауыз үйі тіпті өзгеріп кетті (Ғ. Мүсірепов). Алғашқы топ кетісімен, өзге қонақтар да іркілген жоқ ( М. Әуезов). Үйді күртіктер баспау үшін, қыстың басында ауылды және үйлерді жағалай қамыстан қалқан ұсталады (С. Мұқанов). 2-тапсырма. Келтірілген баяндауыш тұлғалары арқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлерін жасаңыздар: -са,-п, -й. Өткен шақ есімше тұлғасы қандай өзгерістерге түсіп барып, бағыныңқы компоненттің баяндауышы болады және олар сабақтастың қандай түрлерін жасайды? -ғандай тұлғасы сабақтас құрмаластың қай түрін жасайды? Ол жөнінде, қандай көзқарастар бар? Сабақтас құрмаластың түрлері жөніндегі пікір алшақтықтарына тоқталыңыз. Егер әлдеқалай табан астында қарсы алдынан әкесі Рысқұл шыға келсе, не істерін білмей дағдарып қалар ма еді, қайтер еді... Алақанынан бір ыстық леп тыз етіп Рысқұловтың алақанына өтіп, өн бойын шарпып өткендей болды. Сырттай бірін-бірі білгенмен, жүздесуі тұңғыш. Сол көз ұшында көрінбей қалған балаға бір-ақ қарғып жеткісі келгендей, Рысқұлов кенет креслодан атып тұрды. Бала да көп жатырқамай, өгей шешеге тез үйренді (Ш. Мұртазаев). 12 СӨЖ Тапсырмалар : Аралас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін, сыңарларының байланысу тәсілін, мағыналық қарым-қатынасын түсіндіріңіздер, сұлбасын жасаңыздар. Жаздыгүні ауылдың шаруасы саябырлады да, енді тыныштық – демалыс кезіне шыққан соң, болыс Бақтығұлды «ел жұмысы» дейтін болыстың кеңсесінің керегіне жарата бастады (М.Әуезов). Арғы сөзге үлгермей, Айбарша кіріп келді де, «ас даяр» деп дастархан төседі, қызметкер әйел буы бұрқыраған қуырдақты табақпен көтеріп келді. Көшпелі ел жайлауға бармақ, күздікке келмек, мал тісі қайда айдаса, иесі соған ере бермек, Игіліктің жүзінде осы ғана (Ғ.Мүсірепов). Кім екенін білу үшін, жортып барып алдын ала тосайын деп еді, маңайлап ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келмей, жолдан қырындап кетті (С.Мұқанов). Манкеттің шырын алма-жүзімі, қауын-дарбызы аңқып тұрғандай - әсерден айыға алмай, конвертті ашты (Ш.Мұртаза). Шәкенннің ақылы жүрісті тоқтату емес, бірақ қатты жүрмей, баяу жүріп, ілгері жылжи беру болды (М.Әуезов). 13 СӨЖ Тапсырмалар : 1-тапсырма. Төмендегі күрделі синтаксистік тұтастықтарды талдаңыздар. Олардың тақырыбы не туралы? Қандай бөліктерден тұрады? Күрделі синтаксистік тұтастықтың бөліктері және оларды құрып тұрған сөйлемдер бір-бірімен қандай тәсілдер арқылы байланысқан. а) Есімдіктер арқылы; ә) Жалғаулықтар арқылы; б) Баяндауыштарының бірдей тұлғада, шақ, жақ жағынан біртектес болуы арқылы; в) Қайталанған сөздер арқылы г) Сөйлем құрылыстарының синтаксистік қатар құрауы арқылы т.б. 1. Жұман бай көш алдын Майқұдық бұлағына жақындай бергенде ғана қуып жетіп еді. Оған дейін Игілік көшінің қайда тартқанын болжай алмай әуре болды. Сүзісер жеріміз осы болар ма деп, Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші әрі асып кетті деген хабар алды. Көп салт аттының қоршауында кетіп бара жатқан, қос-қос түйе жігілген көп арбалы ұзын көш, алысқа тартқандай жинақы кетіп бара жатты. Сүріндірер жерім осы шығар-ақ деп, Соқыр өзенінен тосып еді, ол болжалы да дұрысқа шықпады. Сонымен, Жұман байдың жіпсіз жетеленіп, он екі күн көшіп, әрең аттан түсіп отырған ызалы жайы бар (Ғ.Мүсірепов). 2. Жаңа жеткен ат басымен алысады. Ендігі кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. Бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей берем. Кім біледі, бұдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас, яки көрсе де біраз біраз уақыт сағынуға тура келер деген ой елестейді. Бірімізге біріміз сөйлеспесек те біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Бұрын түнде барғанда маңынан жүргізбейтін Есімбектің аю төбеттері үріп алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, көздері бізде. Әңгімені соғып отыр. Кім біледі, әлде бізді мазақ қылып отыр ма?! Басына кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі қараша үйдің белдеуіне ботаны байлап түйе сауып отыр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Бәрі де, маған қуанышты секілді көрінді. Біздің кетіп бара жатқанымызға таңырқаған ешкім жоқ секілді, ұсталып айдалатынын әлдеқашан бәрі де біліп қойған тәрізді.Бәрі де күліп жүр, бәрі де босып жүр… Бірақ Шұға жоқ… (Б.Майлин). 3. Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. Құнанбай балалары қалаға келсе, Тінібек байдың үйіне жатушы еді. Семейге Абайдан бұрын келген Тәкежан сол құданың үйіне түскен екен. Қасында Майсар мен тілмәш, атшабарлары бар. Қоршап жүрген топыры коп. Соны көріп Абай мен Ербол Семей қаласының өз ішінен пәтер алды. Орталық тұста Кәрім дейтін момындау саудагер бар еді. Балалары жоқ, ерлі-қатынды екі бас, Үш бөлмесі бар екен. Сол үйге түсті (М. Әуезов). 4. Жұман үйі ескі әдетінше көшіп, ескі әдетінше әбігер еді. Бар әбігерліктің айыпкері Жұман байдың өзі болса да, тағы сол ескі әдет бойынша, бар салмақ Көпей бәйбішеге түсіп жатыр… Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті.. Жұман отыратын жерге бір ояң кез келіпті… Адалбақан уықтың қарына дұрыс бекітілмегендіктен, Жұманға қарай құлап, бір ашасы шекесін тырнап кетті. Осының бәрі аз болып отырғандай, жиенімсіп, еркінсіп қылжақтап Сейіт келе қалыпты. Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты. Іңір түсе қалып еді, құрық үстіне құрық жаудырып жылқыны әлдеқайда қуып бара жатқандары естіледі. Осының қайсысынан бастап бәйбішеге байланысарын біле алмай отырғанда, Жұманның қолына Көпей бәйбішенің өзі келіп ілінді, қапысыз ілінді… (Ғ.Мүсірепов). 14 СӨЖ Тапсырмалар: 1-тапсырма. Төменгі текстерден бөгде сөздің түрлерін (төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөз) ажыратыңыздар. Олардың бір-бірінен ерекшеліктерін, қолданылу жағдайларын, тыныс белгілерін, автор сөзімен қарым-қатынасын түсіндіріңіздер. 1.Абай үлкен үйге түсті де, шешелерімен амандасып болған соң көші-қон жайын айтты. Жылдағы әдет бойынша бұл ел әуелі бауырға қарай, көктемдік қоныстарға барушы еді. Ұлжан солай көшерміз деп, қыстауда қалдыратын жүктерін, қоймаларын сайламаған екен. Жайлау биыл ерте көктеді. Шыңғыстағы ел бауырға көшпей, жайлауға асығып отыр. Сондықтан бұл ауылда дүрмектен қала алмайды. Ол жағын Ұлжан ұқты. Бірақ, баласы ойлағандай тез көше алмайтынын білдірді. Үй ішін жеңілейту, теңдер буғызу, жатақшының жазғы күнін бейқам ету, баршасы да бұл ауылды не қылса да бес-алты күн бөгемекке керек. Абай өз ішінен: «Сүйіндік аулы сыртқа кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді-ау» деп тынышсызданып еді. Шынында сыйлас ауылмен немесе достас жандары бар ауылмен қатар көшкен қандай қызық. Ертелі-кеш бірге көшіп, бірге қонып отырса, күндіз-түн көрісе жүрудің сылтауы көп. Бірақ шешесінің байлауы жаңағыдай шаруа жағынан келгенде, бұзылмайтын байлау болады. Ондайда Ұлжан Құнанбайдың айтқанын да орындамай, өз билігімен кететін. Көңіл қаншалық қиял құшып, аласұрса да, Абай амалсыз көңілді (М. Әуезов). Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, белгілі бір қоғамдық коллективтің мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Бұл даусыз шындық! Жалғыз-ақ осы шындықты әр көзқарастың өкілі әртүрлі түсінуі ықтимал. Мәселен Хемингуэй. Ол әлгі шындықты мүлде мойындағысы келмейді. Оның түсінігінше, қоғам –белгілі бір мемлекеттік жүйеге, белгілі бір үкіметке тәуелді нәрсе. «Менің ойлатыным – бәрінен бұрын өз жайым, өз жұмысымның жайы,- деп жазды Хемингуэй, – содан соң семьямның қамы. Қала берсе, көршіме көмектесем. Ал мемлекет дегенде менің жұмысым жоқ». Хемингуэйдің мұнысына құлақ қоймасқа да болмайды. Империалистік Американың қоғамдық құлқы, Америка Құрама Штаттарының мемелекеттік мінезі, Хемингуэй айтқандай, «тек қана әділетсіз алым-салыққа» негізделгенін жоққа шығаруы мүмкін емес. Алайда оның «жазушы да бір – цыган» дей келіп, жазушыны өз топырағынан, өзі өмір сүріп отырған дәуірі мен қоғамық ортасынан бөліп әкететін қияс байлауына қосылу қиын. Керісінше, Хемингуэйден жүз жыл бұрын айтылған Белинскийдің «Акын бәрінен бұрын адам, содан соң өз жерінің азаматы, өз дәірінің перзенті» деген қағидалы сөзі - әлгіден гөрі әлдеқайда әділ, дұрыс, әлгіден гөрі әлдеқайда прогресшіл пікір» (З.Қабдолов). 3. Шаршай білмейтін, демалу дегенді ұмытқан Ушаков келген бетінде моншаға түсіп шықты да, шай ішіп, отырып Бернердің баяндамасын тыңдады. Үлкен жез самауыр, инженер Некрасов, Бернер төртеуі ғана. Завод қитықсыз жүріп кеткен. Екі тас пеш мысты ойдағыдай беріп тұр, енді екеуі жақын арада қатарға қосылады… Тас үгетін екі тиірмен, екі елек әрі үлгере алмайды, әрі ірі жібереді… Көмір келіп жатыр, терңдеген сайын сапасы да түзеле бастапты. Ушаковтың келуін тосып, қортылған мысты әлі жөнелтпеген… Бернер істің жақсы жақтарын осылай қысқа-қысқа баяндады да, күн санап жылжып қойып жақындап келе жатқан қауіптерге ұзағырық тоқтады…(Ғ.Мүсірепов). 4. Оңай болып па еді Жабайға?... Назыкештің бағын байламаймын деп оңай айтып па еді? Жоқ-ты!... Қорлық зарын тартқан адам ғана қорлауға бармайды. Жабай Назыкешті қорлық көрмесін деп еді. Өзінің қиратылып қалғанын ойлап, Назыкеш басына өмір бойы мұң болмайын деп еді. Қазіргі кеште Жабай Назыкешті жиі көріп тұрғысы келетінін сезді… (Ғ.Мұстафин). 5. Нәрсе – қарасын алып, жүрейін деп жатқанда үй жанында тұрған Күләшқа Құрымбай кездесіп қалды. Күләш жымиып күлді. Түнде ашуланса да, неге екенін өзі де білмей күлді. Құрымбай да күлді. Түндегіге ашуландыңыз білем? Жоқ, ашуланған жоқпын. Ашуланбасаңыз айып алуыңыздың жөні қалай? Қайдағы айып? - Айып емей не, байлардың жүздеген қойын көрмей, біздің үйдің екі қойын көрмей, біздің үйдің екі қойын жазып кетіп отырсыздар, төрелігіңді былай қояйық, мұның тіпті жігітшілігіңе лайық емес қой. Құрымбай апалақтап қалды. Істеген істерінің бұрыстығын жаңа сезгендей болды. Ұялып бетінен оты шықты… (Б.Майлин). 15 СӨЖ 1-тапсырма. Сөйлемнің тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңдар. БҰРЫЛЫС Ол Мақсұттың көңіліне қаяу салғысы келмеді Шамасы келгенше Мақсұтты жаладан арашаламақ ойы бар. Мұның жайдары мінезін ұната ма болмаса қайта-қайта тықақтап айта берген украиндық дос жөніндегі әңгіме ой салды ма әйтеуір отрядқа жаңа келген вожатый Сәуле бірер күннен соң онымен туған бауырдай болып кетті. Жасы кіші-ау деп қарамай кейде көңілдегі ойын бүкпей сырласатын да. Қасынан Раушанды бұл да екі елі қалдырғысы келмейтін болды. Мақсұттың шешесі соңынан әкесі Дулат баласын іздеп Раушанның үйіне келгенде ол қатты үрейленді. Соның алдында ғана Сәулемен ертең отряд советіне жаңа мүйіс ашу туралы сөйлесуге келіскен. Оған Мақсұтты қайткен күнде де қатыстырмақ болған. Сөйтіп отырғанда суық хабарды естіді Раушан жас көңілі осы арада бір шайқалған еді. «Үйден қашып кеткен несі. Әлде өріктің дәнін ұрлап құмыраны сындырғаны рас болды ма. Олай болса бұрынғы айтқандарының бәрі жәй... екен ғой. Енді Сәулеге балаларға не бетіммен қараймын». Класқа кірген бойда балаларды көзбен шолып өтіп іштей бір барлап шығу Жомарттың ежелден әдеті. Көп жылдық ұстаздық тәжірибе әр баланы қас-қабағынан тануға үйреткен. Бүгін де кірген бойда класс журналының беттерін парақтап тұрып көзін парта-партаға жүгіртіп еді Мақсұт (ол ортаңғы қатарда отыратын) бетіндегі құбылысты бірден таныды. Жомарттың өз басы жас балаға жүрегі елжіреп-ақ тұр еді. Бар мақсаты да оларды адал әдепті еңбек сүйгіш әрі білімді ету. Бірақ тәрбиенің де шытырман жолы бар. Сонда да Жомарттың тыңдайтыны ұстамдылық қаталдық Қарадүрсін айғайға болмаса желбуаз ұраншылдыққа оның жүрегі әсте жібіген емес. «Кімнің класында немесе кімнің пәнінде үлгермеушілер аз, бүгін сол алда» дейтін. Жомарттың құлағына түрпідей тиетін бірдеңе шықты. Сабақ біткенде Жомарт мұғалімдер бөлмесіне келіп отырып алған. Неге екені белгісіз көңілі алабұртып, өз-өзінен алып ұшады. Сол кезде Сәуле де келіп кірген болатын. Сенсеңіз бар ғой Мақсұт сіздің ойлағаныңыздай емес деп сөйлей кірді. Жомарт жалт қарады. Сонда құмыраны сындырған басқа екен ғой. Жомарт ойланып қалды ( С.Сарғасқаев). |