СРСП. СОӨЖ Насипкали. 1 сож таырыбы
Скачать 19.26 Kb.
|
1 СОӨЖ Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің ерекшелігі. Латын тілінен аударғанда inclusion «енгізу» (включение) деген мағынаны білдіреді. Инклюзия – бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беру процесіне барлық балаларды толық енгізу процесі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбасы мүшелерін белсенді қатыстыру, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ол проблеманы баладан емес, жүйеден көреді. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру жүйесінің методологиясын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты бұл – білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау. Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтық құжаты дамуында жетіспеушілік бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр. Шет елдерінің тәжірибесін алатын болсақ, 1994 жылы Испания елінде Соломон декларациясы қабылданған болатын. Яғни бұл декларацияның негізгі көздеген мақсаты барлық балалардың мектепте оқуға құқығы бар екендігін дәлелдеу және де бұл тұждырымды білім беру заңдылығына енгізу болып табылды. Сонымен қатар ТМД елдерін алатын болсақ, бірінші болып Ресей Федерациясы инклюзивті білім беруді өз тәжірибелеріне енгізе бастауда. Инклюзивтік білім беру – мектеп жасына дейінгі әр түрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамытуды, мектепке дейінгі білім алуға және дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім беру процесі. Дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға білім беру құқығын іске асыру саласындағы негізгі міндеті ретінде олардың психофизикалық ерекшеліктері есебімен көрсетілген санаттағы барлық балалардың сапалы білімді алуына жағдай жасау қаралуда. Мүгедек балалар, денсаулығына байланысты тұрақты немесе уақытша білім беру ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқтар, үйден жеке бағдарлама немесе толық жалпы білім беру бойынша білім алуына қажетті жағдай жасауға міндетті. Орнын келтіретін қозғалыс және басқа реті бұзылған (мысалы, есту, көру қабілеті бұзылған), арнайы техникалық жабдықтың пайда болуына байланысты олардың сәтті әлеуметтік интеграция, мүгедектерге сапалы білім алуына мүмкін болады. 2 СОӨЖ Тақырыбы: Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамыту шаралары. 3 СОӨЖ тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен логопед, психолог, әлеуметтік педагог пен медициналық қызметкердің жұмыс істеу жүйесі. 4 СОӨЖ тақырыбы: Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары туралы мәлімет. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан. 5 СОӨЖ Тақырыбы: Оқытуға қабілетсіз балаларды анықтау жолдары (Векслер тесті. Вудкоктың тесті. Бендер тесті.) Векслер шкаласы Векслер тесті зияттың даму деңгейін анықтауға арналған тесттердің ең танымалдарының бірі. Оны Дэвид Векслер 1939 жылы шығарды. Ол вербалды және вербалды емес зиятты диагностикалайды. Ол 11 жеке субтесттен, 2 топқа бөлінеді. 6 вербалды, 5 вербалды емес. Әр тестте 10-нан 30 сұараққа дейін болады. Тест зият коэффицентімен өлшеніп, зияткерлік қабілетін анықтайды. Егер жинаған баллы төмен болатын болса, онда оның бұзылысы бары анықталады. Векслер тестінің 3 нұсқасы бар: · тест WAIS (Wechsler Adult Intelligence Scale), ересектерге арналған(от 16 до 64 лет); · тест WISC (echsler Intelligence Scale for Children) – балалар мен жасөспірімдерге арналған (от 6,5 в до 16,5 лет); · тест WPPSI (Wechsler Preschool and Primary Scale of Intelligence) балаларға арналған 4 до 6,5 лет. Вербальды шкала 1. Субетест «Жалпы білім» 2. Субетест «түсініктілік 3. Субетест «Арифметика» 4. ұқсастықтарды табу 5. Субетест «Сандарды есте сақтау» 6. Субетест «сөздік қорс» Вербальды емес шкала Вербалды емес шкала немесе" әрекет шкаласы " 5 субтесттен тұрады. 7. Субтест "шифрлау" (немесе "сандық таңбалар") 8. "жетіспейтін деталь" (немесе "суреттерді аяқтау") 9. "Болкаларды құрастыру "("Косс текшелері") – 10."бір тікбекті суреттер" 11. "Нысанды құрастыру"("фигураларды бүктеу") Векслер бойынша IQ көрсеткіштерінің жіктелуі: * 130 балл және одан жоғары – өте жоғары IQ – халықтың 2,2% - ында * 120-129 балл – жоғары IQ – халықтың 6,7% - ында · 110-119 балл – жақсы норма-у 16,1% * 90-109 балл – орташа IQ – халықтың 50% - ында * 80-89 балл – нашар норма-у 16,1% * 70-79 балл – шекаралық аймақ-халықтың 6,7% - ында * 69 балл және одан төмен – ақыл-ой кемістігі-2,2% 6СОӨЖ Тақырыбы: Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері: 1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес. 2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті. 3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 4. Барлық адамдар бір-біріне қажет. 5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж. 7. Әртүрлілік адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 8. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 9. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 7СОӨЖ Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмек. 8СОӨЖ Тақырыбы: Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу. |