1 таырып кіріспе дріс. Клік туралы негізгі тсініктер. Клікті пайда болу тарихы бойынша шолу. Клік, Кліктік желі біріай клік жйесі тсініктері
Скачать 58.44 Kb.
|
1 тақырып. кіріспе дәріс. Көлік туралы негізгі түсініктер. Көліктің пайда болу тарихы бойынша шолу. «Көлік», «Көліктік желі» «біріңғай көлік жүйесі» түсініктері. Мемлекеттегі көліктің қызметі, нарықтық жағдайда көліктің дамуының тапсырмалары мен тенденциясы. Көлік өнімінің ерекшеліктері. Нарықтық экономикаға өту жағдайына байланысты көлікке деген көзқарас ерекше мәнге ие болып отыр. Өндіріс саласындағы көліктің өзіне тән ерекшелігі - ол жаңа бағалы заттар шығармайды және қоғамның байлығын арттырмайды. Оның өнімі – жүк немесе адамдарды аймақтар бойынша тасымалдауды қалыптастыру іс-әрекеттері. Көлік мемлекеттегі экономикалық байланыстардың ұйытқысы, сондай-ақ өндірістің барлық түрлерін қамти отырып, айырбастау мен таратуда үлкен мәнге ие. Жүк пен жолаушылардың дер кезінде тасымалдануы өндіріс, сауда т.б. экономика салаларының бірқалыпты жұмыс жүргізуінде көлік өндірісінің нақты және тиянақты жұмысының ықпалы күшті. Қала қозғалысының өсуімен бірінші орынға қозғалыс қауіпсіздігін, ыңғайлылықты және жоғарғы қатынау жылдамдығын қамтамасыз ету мәселелері қойылады. Бұл мәселердің тиімді шешім табуы барлық автокөлік мамандары мен жол қозғалысы ұйымдарына жүктеледі. Автокөліктік кәсіпорынның диспетчерлік басқару бөлімдерін жаңа ақпараттық технологиямен жабдықтау және компьютерлендіру, басты мәселелердің бірі. Бұл мәселе үлкен қаражатты талап етеді, бірақ есептей келе белгілі бір уақыт аралығында ол өзін-өзі ақтайтыны дәлелденіп отыр. Бұл автомобильмен тасымалдау жұмысын басталуын айтарлықтай дәрежеде жақсартады, біріншіден таңертең автомобильдерді линияға шығаруда, жұмыстың басталуын жылдамдатады, екіншіден жұмыс аяқталу кезеңінде есеп айырысуды жылдамдатады. Линиядағы автомобильдердің санын, жөндеуге шыққандар санын есептеп уақыты мәлімет беріп отырады. Бір сөзбен айтқанда, қозғалыс жылдамдығы, жолаушыларға қызмет етуді жақсартып, жүргізушілер жұмысын жеңілдетеді, аппарат алысуды жеделдетеді. Талап етілген негізгі мәселелердің бірі жылжымалы құрамдарды тиімді пайдалану, жол шығынын азайту. Ол үшін бағыттардағы қозғалысқа кедергі болатын элементтерді жойып, жаяу жүргіншілер өткелдерін (жер асты, жер үсті) арнайы белгілермен белгілеп, жаяу жүргіншілердің автобус қозғалысының кедергі болуына жол бермеу, аялдамалардағы жолаушылардың алмасуына ыңғайлы жағдай жасау, бұл автобустардың аялдамаларды ұзақ кідіріп қалмауын қамтамасыз етеді. Көліктік процесс жайлы негізгі түсініктер оның жүйелері мен сипаттамсы. Көліктік процесс – автокөліктік кәсіпорындардың және олардың бөлімшелерінің жүктерді тасымалдауға дайындалу, жүзеге асыру және аяқтау кезінде өз бетінше немесе басқа ұйымдардың келісімімен орындайтын өзра байланысты әрекеттер мен опрациялардың тізбегі. Яғни тауарды (жүкті ) оны өндіру орнынан тұтыну орнына тасу, ал жолаушы көлігінің адамдардыөндірістік, мәдени немесе тұрмыстық қажеттілігіне байланысты қандай да бір пунктке жылжыту. Көліктік процесс тізбектеліп орындалатын жеке бөлімдерден (элементтерден) құрылған: жүктерді жөнелту пункттерінде жылжымалы құрамдарға (жолаушыларды отырғызу) тиеу ; жөнелту пункттері мен межелі пункттер арасында жүттердің немесе жолаушылардың жылжуы; межелі пунктте жүктерді (жолаушыларды) жылжымалы құрамдардан түсіру. Аталған үш элементтердің әрқайсысы өз кезегінде, тасымалдауды ұйымдастыру, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын бір қатар операциялар мен жұмыстардан құрылады. Бірінші элемент жүктерді тиеу, жүктерді жөнелтуге дайындау жұмыстарды; жүктерді алушылар немесе бағыттары бойынша топтау, автомобильге тиеу, бекіту, өлшеу немесе көлемін, санын анықтау, жүктерді алу және әкетуге құжаттарды рәсімдеу. Жүктерді тасу - жылжымалы құралдарды таңдау, қозғалыс маршруттарын анықтау жүктердің сақталуын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жылжымалы құрамдардың жолда жанармай материалдарымен қамтамасыз ету, ақауларын жою, жүктерді өз уақыттында жеткізу және қозғалыс графигінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрамдардың қозғалысын бақылауды ұйымдастыру жұмыстарын қамтиды. Жүктерді түсіру – жүк алшы тауар-көлік құжатымен танысу және жүктің оған сәйкестігін тексеру, жүктердің толық сақталғанын, жоғалмағанын тексеру, жүктерді түсіру, жүкті қабылдау бойынша тауар-көлік құжатын рәсімдеу сияқты операциялардан құрылған. Жүктерді жеткізу бойынша аяқталған операциялар кешенін тасымалдау циклі деп аталады. Тасымалдау циклдерінің жіктемесі 1-суретте берілген. 1-сурет. Тасымалдау циклдерінің жіктемесі Автокөлікпен жүк тасымалдау кезінде циклі ретінде жүрісті алады, ал автобуста жолаушыларды тасымалдау кезінде көліктік процестің толық циклі ретінде рейсті алады. Рейске маршруттың бастапқы пунктінен аяғына деін автобус жүрісінде болған көліктік операциялардың кешені кіреді. Гараждан бірінші тиеу пункітіне (бірінші нөлдік) жүрісі автомобильдің қозғалуы барлық нөлдік жүріс сияқты тасымалдаудың жеке циклі емес, керісінше автомобиль жұмысының күніне жатқызылады. Қарапайым циклге бір көлік байланысы бар тасымалдау циклі жатқызылады. .Қарапайым цикл схемасы 2 суретте көрсетілген. q - 1 пунктінен 2 пунктіне жеткізілетін жүк шамасы (боятл) lгр - автомобильдің жүкпен жүрісі. lх- автомобильдің бос жүрісі (жүксіз) lгр және lх - сәйкестендірілген бірінші және екінші нөлдік жүріс. 2-сурет. Қарапайым циклдің схемасы Аралас цикл дегеніміз – бірнеше көлік байланыстары бар цикл. Аралас циклдің түрлілігі таратушы (3-сурет), жинаушы (4-сурет), жинаушы- таратушы және аралас циклдері болып табылады. 3-сурет. Көліктік байланыстардың графі және таратушы циклдің схемасы. Жинаушы- таратушы және аралас циклдер таратушы, жинаушы және қарапайым цикл элементтерін өз ішіне қамтиды. 4-сурет. . Көліктік байланыстардың графі және жинауш циклдің схемасы Жүк автомобиль тасымалдарының түрлері Жүк автомобиль тасымалдары бірқатар белгілер бойынша төмендегіше бөлінеді. 1. Орындау тәсілі бойынша: жергілікті тасымалдар – қысқы арақашықтықтарда бір автокөліктік кәсіпорын жүзеге асыратын тасымалдар; тікелей қатынауда тасымалдау — тасымалдау прцесі көліктің бір түрінде жүзеге асырылады, бірақ жүкті жөнелтушіден тұтынушыға жеткізу үшін бірнеше автокөліктік кәсіпорын қатысады; аралас қатынауда тасымалдау - жүкті тасымалдауда бірнеше көліктің түрі қатысады. 2. Ұйымдастыру белгісі бойынша; орталықтандырылған —жүкті алушыға жеткізуде АКК ұйымдастырушы болып және осы процессті жүзеге асырады. .Бұл тасымалдарды жүзеге асыруда жалпы пайдалану жылжымалы құралдарын пайдаланады. Орталықтандырылмаған - әрбір жүк алушы өз бетінше жүктерді жеткізудуі қамтамасыз етеді 3. Жүк партиясының өлшеші бойынша; көлемді – үлкен көлемдегі бір түрлі жүктері тасымалдаулар кіреді(30 т-дан артық)., партиялық 30 т-ға дейін, ұсақ партияда тасымалдау – жөнелтілетін жүктің көлемі көлік құралын толығымен жүктемейтін тасымалдар кіреді. Автомобиль көлігінде 2000 кг-ға дейін салмақтағы жүктер ұсақ партияда есептеледі. Жүк партиясы деп бір адреске бір тасымалдау құжатымен күзетілетін тасылдауға берілетін жүктерді айтады. 4 Аумақтық белгілері бойынша; технологиялық – кәсіпорын ішінде, құрылыс аумағындағы, қалалық(қала сыртында) – үлкен болмаған арақашықтықта жақсы жолмен сипатталады, аудан ішілік(аудан аралық) – үлкен арақашықтықта күрделі жол жағдайларымен сипатталады, қалааралық – тасымалдау арақашықтығы 1000 кг-ға жететін және одан үлкен, халықаралық – ҚР шекарасынан тыста және шет елдерде тасымалдау. 5. Меңгеру уақыты бойынша тұрақты – жыл бойында жүзеге асырылатын тасымалдар, маусымдық – жылдың анық мерзімдерінде кезеңімен қайталанып отыратын тасымалдау, уақытша - өзгерушең сипаттағы жүк тасыалдары. Сондай-ақ жеделдігі бойынша: жедел – дәл орнатылған уақыт бойынша жүзеге асырылады; мерзімсіз – орнатылған кезеңде жүзеге асырылады. Жолаушы автомобиль тасымалдары түрі, қызметі және ұйымдастыру пішіні бойынша жіктеледі. 1. Қызметінің түрі бойынша тасымалдар; - қалалық(қала аумағында, қарбалас сағаттарда жоғары ұйымдастыруды талап ететін) қала сыртында (аудан ,облыс аумағында қала шекарасынан 50 км-ге дейін арақашықтықта); аудан ішілік (селолық) ауыл аймағында қала шекарасынан 50 км-ден артық арақашықтықта; қалааралық, халаықаралық. 2. Қызметі бойынша тасымалдар экскурсиондық, туристік, қызметтік мектептік, вахталық және басқа. 3.Тасымалдауларды ұйымдастыру пішіні бойынша маршруттық (қатаң кесте бойынша), тапсырыстық(маршруттық емес – келісім шарт немесе бір мәртелік тапсырыс бойынша); аралас тасымалдар екі және одан көп көлік түрі келіслген кесте бойынша тасымалдар. |