саясаттану 3 тапсырма. саясаттану практика 3. 1тапсырма. азіргі лемдегі саяси режимдер жне оларды мемлекетті саяси жйесімен байланысы
Скачать 30.51 Kb.
|
1-тапсырма. Қазіргі әлемдегі саяси режимдер және олардың мемлекеттің саяси жүйесімен байланысы Қандай саяси режим түрлерін білесіз; Қазақстандық қоғам өз тарихында қандай саяси режимдерді басынан өткізді; Біздің еліміз үшін, сіздің ойыңызша, қай саяси режим тиімді болып саналады және не себепті? Саяси тәртіп(режим) – қоғамдағы саяси еркіндіктің деңгейін көрсететін, саяси билікпен жүзеге асырылатын формалар мен әдістердің жиынтығы. Қолданылатын билік тәсіліне байланысты саяси тәртіптің бірнеше түрін анықтауға болады – тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық. Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. 2.Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин кезінде байқалды, қаншама ұлы адамдарымыз қуғын сүргінге ұшырады. 3. Біздің еліміз үшін, менің ойымша, демократия саяси режим тиімді болып саналады себебі: Экономика саласында[ Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы; Меншік түрлерінің әркелкілігі; Ауқымды өндіріс демократиясы қажет; Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы; Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы; Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау; Саяси саладаСаяси пікірдің әр алуандығы; Көппартиялылықтың болуы; Демократиялық сайлау жүйесінің болуы; Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы; Оларды іс жүзінде қолдану; Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы; Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы; Оппозицияның болуы; Рухани саладаЗаң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы; Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы; Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы; Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы; Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу; Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу; Әлеуметтік саладаӘлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы; Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы; Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы; Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы; Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу; 2-тапсырма. Саяси жүйенің қызмет ету механизмі Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
|