Кариес-я. 1. Терапевтік стоматолог байауындаы науасты тексеру дістері
Скачать 48.76 Kb.
|
1.Терапевтік стоматолог байқауындағы науқасты тексеру әдістері: 1) негізгі – сұрап,қарап немесе көріп,қағып,сипап,шұқып; 2) қосалқы немесе арнаулы- электометриялық,люминесцеттік,трансиллюминациялық, ЭОД, рентгензерттеу, витальды бояу әдіс,биохимиялық,микробиологиялық,иммунологиялық,цитологиялық,гистологиялық,термометриялық,аллергиялық,гистаминдік және т.б. Терапевтік стоматологиядағы есептік құжаттар: Науқастың стоматологиялық жеке картасы (ф.№043/у); Дәрігер- стоматологтың күнделікті есеп кітабы : ф.№039 Дәрігер стоматологтың күнделікті тіркеу картасы (ф.№037/у-88); Диспансерлік бақылау картасы (ф.№030/у); Амбулаторлық операцияларды жазатын журнал (ф.№069/у). 2. Жергілікті жансыздандыру (жергілікті анестезия) — бұл белгілі бір дене бөлігінде ауырсынуды басу, ол қалпына келетін процесс және науқас ұйықтамайды. Сезімталдықтың басқа түрлері (тактильды, проприорецептивті, суық) төмендеген, бірақ сақталған болады. + Жергілікті анестезияның артықшылықтары науқастың есі анық болады, яғни науқаспен қатынас орната алуға мүмкіндік болады; арнайы операция алды дайындықтың қажеті жоқ; орындаудың қарапайымдылығы мен қол жетімдігі; орындау үшін қымбат аппаратура қажетінің болмауы. Премедикация: ол пациентті тыныштандыру, ем жасар алдында қорқыныш сезімін жою немесе төмендету, пациент жағынан әртүрлі керек емес реакцияларды алдын алу. Седативтін әсерін 2 түрі бар: - медикаментоздық - медикаментоздық емес Медикаментозды (фармакологиялық) премедикация: - феназепам – 0,0005-0,001 г. - диазепам – (седуксен, сибазон, реланиум) -0,005 -0,01 г. - оксазепам – (тазепам) – 0,001 г. - элениум – 0,01 г. - фенибут – 0,25 г. - мебикар – 0,3 г. - валериана тамыры, пустырник. Медикаментозды емес премедикация: Оларға жататын гипноз, іне шаншу, электроаналгезия әдістер жатады. Анестетиктердің жүйесі: +Химиялық құрамы бойынша : -Күрделі эфирлер тобы -Бензокаин (анестезин). -Тетракаин гидрохлориды (дикаин). -Леокаин. -Прокаин (новокаин). -Амид тобы -Артикаин (Арткаин ИНИБСА, Альфакаин, Брилокаин, Примакаин, Септонест, Ультракаин, Убистезин). -Лидокаин (Байкаин, Дентакаин. Ксикаин, Ксилодонт, Ксилокаин, Ксилонест). -Тримекаин (Мезокаин). -Мепивакаин (Карбокаин, Мепивастезин, Мепидонт. Скандикаин, Скандонест). -Этидокаин (Дуранест). -Прилокаин (Ксилонест, Цитонест). -Бупивакаин (Анекаин, Маркаин, Карбостезин, Дуракаин). 3. Тісжегіні емдеу кезеңдері: 1) Емдеу керек тісті көрсетілім бойынша жансыздандыру:инфильтрациялық н/е өткізгіш 2) тісжегі қуысының аузын ашу және кеңейту:басы шар тәрізді бормен. 3) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу немесе некроэктомиялау: + ыдыраған және жұмсарған дентинмен кіреукені толық алып тастау, ал сау тіндерді максимальды сақтау. +кариес-маркерді қолдануға арқылы жұмсарған тінді толық алуға болады. 4) тісжегі қуысына қажетті пішін беру: пломба жақсылап жабысу үшін тісжегі қуысын белгілі бір қалыпқа келтіру қажет,мысалы қорап тәрізді (ящикобразный-терең тісжегіде). 5) тісжегі қуысы жиегін өңдеу-Финирлеу: тісжегі қуысының жиектерін 45º қиғаштап егеп Фальца жасаймыз, сонда пломба орнынан жылжымай тығыз жабысып тұрады. 6) дәрі-дәрмектермен өңдеу: 2 % хлоргексидин антисептикалық еріт.тазалу. +төсем қою:тісжегі түріне байланысты емдік және оқшаулағыш төсем қойылады(басы кіші экскаватормен қуыс табанына жағылады). +Одан соң Ортофосфор қышқылымен(Протравка или кондиционер деп атайды). 7)Адгезивті жүйені жағу:праймер,бонд(қазіргі кезде қосылған түрі жиі қолданылады:лампамен полимеризацияланады.) 8) тұрақты пломба қою:пломба түріне байланысты,химиялық және композиттік пломба штопфер-гладилкамен қойылады. 9) пломбаны өңдеу:науқасқа қара қағаз тістету арқылы тістің биіктігін анықтап,артық жерлерін алып тастаймыз.Силикон басты борлармен,дискілермен,полирлармен,щеткалармен,финишті борлармен пломбаны коррекциялаймыз. 10)Пломба қойылған соң,науқасқа кеңес беріледі:химиялық пломба қойылса 1,5-2 сағ.су және тамақ қабылдауға болмайды.Ал егер композитті пломба қойылса,су ішуге рұқсат бірақ тамақ 1,5-2 сағ.ішуге болмайды(анастезия әсерінен ұрт шайнау қауіпі бар). 11)Науқас тістері туралы толық кеңес береміз:қалған емделмеген тістерін емдеуге,яғни ауыз қуысын толық санациялауға.6 ай сайын «Ауыз қуысының профессионалды гигиенасын» жасауға,дәрігерге консультацияға келу керектігін,уй жағдайында ауыз қуысының индвидуалды гигиенасын сақтау керектігін түсіндіреміз. 4. Тістің қатты тіндерінің қалыптасу сатысында немесе тіс жарып шыққанға дейінгі пайда болған бұзылыстар: Тіс кіреукесінің гипоплазиясы Тіс кіреукесінің гиперплазиясы Тістің флюорозы Тіс тіндері дамуының тұқым қуалайтын бұзылыстары Тіс тіндері дамуының және жарып шығу аномалиялары Тістің қатты тіндерінің тіс жарып шыққаннан кейінгі пайда болған бұзылыстар: Тістердің пигментациясы мен қақтары. Тістердің патологиялық қажалуы. Тістердің сына тәріздес ақауы. Тістердің эрозиясы. Тіс қатты тіндерінің өлеттенуі. Тіс жарақаты. Тіс гиперэстезиясы. Емі: Эстетикалық және психологиялық маңызы зор.Косметикалық ыңғайсыздық тудыратын ақаулар болса,композиттік пломбылық материалдардың көмегімен олардың бетін жабу немесе ақауларды толтыру арқылы тіс сауытын қалпына келтіру. Флюороз емі:флюороздың дәрежесіне байланысты емделеді.Әдетте барлық нұсқаулар орындалғанда 6-8 айда алғашқы тұрақты әсерлері көрінеді. -+Жергілікті: Бастапқы дәрежесенде: -Тістерді ағарту. -Реминерализациялы терапия (тіс эмальін кальций,фосфор еріт.қанықтыру): -Эстетитикалық реставрация. Ауыр дәрежесінде:Протездеу(винир,тіс сауыттары) +Жалпы: -Фтордың организмге көптеп түсуін шектеу. -Кальций препарттарын, микроэлементтер, витаминдерді тағайындау -Рациональды диета. Гипоплазия емі: +Жергілікті: -Тістердің профессиональды тазалануы; -Ауыз қуысының гигиенасын сақтайтын заттар тағайындау; -Құрамында кальций және фосфор, фторы бар препараттарды жергілікті пайдалану; -Композиттік пломбылық материалдардың көмегімен олардың бетін жабу (ламинаттау) немесе ақауларды толтыру (пломбылау). +Жалпы: -рационалды тамақтану,көмірсулы тағамдарды шектеу. -кальций препараттарын, микроэлементтерді, витаминдерді тағайындау, +Анық көрністерде,ортопедиялық көмекке жүгінген жөн:тіс сауыттары кигізіледі. 5.Ремтерапия: реминерализациялаушы терапия- дегеніміз бұл тіс эмалінің минералдық құрамын қалпына келтіру мақсатында жасалатын стоматологиялық процедура, нәтижесінде сыртқы әсерлерге сезімталдық төмендеп, тісжегі тудыратын бактерияларға кіреуке тұрақтылығы жоғарылайды. Екі әдісін ажыратамыз: -Табиғи жолмен;тамақ арқылы және адам организмі өз орнын толтырады.Егер жетіспеген жағдайда жасанды жолға жүгінеміз. +Жасанды жолмен: -Жалпы-препараттарды пероральді(ауыз арқылы) қабылдау;кальций глюконат н/е комплексті мультивитаминдер. -Жергілікті-тістің қатты тіндеріне тікелей әсер ету;кальций ерітінділерін аппликациялау,былайша тіске жағу(Беуфлюорид,Фторлак ең жиі қолданылады). -Реминерализациялаушы препараттарды электрофорез әдісі арқылы енгізу. РЕМИНЕРАЛДАНДЫРУ ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ӨТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІ 1.Тіс қақтарын толығымен алу:профессионалды тіс щеткасы және щеткасымен тіс бетін тазалап өту. 2.Тістің бетін кептіру ( сілекейден оқшалау):валиктер арқылы сілекей бездерін оқшаулау,тісті жеке тілден оқшаулау. 3.Аппликаторды және реминералды ерітіндіні дайындап: 20 минут аппликациялаймыз -10 % глюканат кальцийдін ерітіндісі, кальций хлориді,5 минут сайын аппликаты ауыстыру қажет.10 мин алады. +3-5 қабылдау сеансында 2 – 4 % фторид натрий ерітіндісімен аппликациясын атқару қажет, немесе фторлакты қолдану.10 мин алады. ЕМДЕУ КУРСЫ : 15 - 20 сеанс.Емдеу көрсеткішіне байланысты тағайындалады. АҚЫЛ КЕҢЕС БЕРУ: -Екі сағат бойы тамақ қабылдамау -ауыз қуысын шаймау Блэк 1-кл: тістердің табиғи сайлары мен ойықтарында орналасқан тісжегі қуыстары(премоляр,моляр,күрек тіс). Емі:егеу түрі тістің түріне байланысты (моляр,премоляр), зақымдалған табиғи ойықтарының ерекшелігіне байланысты келеді.Бұл класста тісжегі қуысы цилиндр пішінді,үшбұрышты,төртбұрышты,ромб тәрізді,крест тәрізді болуы мүмкін.Тісжегі қуысын егеу кезінде зақымдалған аймақ көлемінде фиссуралар толық ашылуы тиіс.Егер тісжегі соқыр тесік пен шайнау бетінде бірдей орналасса,екеуін қосу керек болады.Тісжегі қуысы жиегіне 450 ,пломба жақсы ұсталу мақсатында фальца жасаймыз. Блэк 2-кл: үлкен және кіші азу тістердің жанасу(апроксимальді) беттерінде орналасқан тісжегі қуыстары. Емі:2 классты егеудің ерекшелігі,қосымша алаң жасау болып табылады,ал ол өз кезегінде пломбаның жақсы бекуіне мүмкіндік береді.Егер тісжегі қуысы жан жақта орналаса,ортақ алаңға қосу керек болады. +әртүрлі тісжегі қуыстары болуы мүмкін.Егер тісжегі қуысы жанасу бетінде болып,көршілес тіс болмаса(тіс арасы ашық болса,тіс қуысына егеуге жақсы мүмкіндік береді). +егер көрші тістері физиол.нормада болатын болса,тісжегі қуысын егеуге қиындық тудырады немес мүлдем мүмкіндік бермейтін болса(әдетте,көрші тістің жанасу бетіне матрица қою арқылы емдеуге болады.).Осы кезде тісжегі қуысына жолды шайнау бетінен саламыз.Ең жиі,әрі тиімді қолданылатын әдіс. +егер көршілес тістің де жанасу бетінде тісжегі болса,тікелей емдей береміз. +егер тісжегі қуысы жанасу бетінде,қабынған(әдете қызыл иекке жақын орналасқан тісжегі,қызыл иек қабынуын шақырады)қызыл иек емізігіне жақын орналасса,қызыл иекті бірінші коррекциялап содан соң тісжегіне емдейміз. Блэк 3-кл: күрек тістердің және ит тістердің жанасу бетінің зақымдануымен,кесу қырының сақталуымен жүретін тісжегі қуыстары. Емі:Бұл класстың ерекшелігі барынша,эстетикалық көрністі сақтау мақсатында сау тіндерді сақтап қаламыз ж/е қосымша алаң жасасақ та барынша көзге түспейтіндей жасауымыз керек. +Тікелей әдіс:көрші тіс болмағанда,н/е диастема,трема болғанда тісжегі қуысына ену онай келеді. +Тілдік(язычный) әдіс:егер тістер өте тығыз орналасса,тісжегі қуысына енуді тілдік беттен бастаймыз,бірінші жақын орналасқан тілдік аймақтан эмаль мен дентин беттерін алып тастап.Тісжегі қуысыны жол ашып,біріктіреміз(эстетикалық мақсатта ең тиімді әдіс б.т).Бұл жерде тіс артында орналасқан «соқыр тесікті» пайдаланған өте тиімді. +егер тісжегі процессі тек апроксимальді бетті ғана емес,вестибулярлы бетті де зақымдаса.Онда екі тісжегі қуысын біріктіреміз. Блэк 4-кл: алдыңғы тістердің жанасу бетінде, олардың тістеу бұрыштары мен тістеу қырларын бұза орналасқан тісжегі қуыстары. Емі:бұл класстың ерекшелігі:механикалық-күшті сақтай отырып (алдыңғы тістердің кесу қырына үнемі күш түседі)ж/е эстетикалық мақсатта,көзге түспейтін қосымша алаң жасау. +Тікелей әдіс:көрші тіс болмағанда,н/е диастема,трема болғанда тісжегі қуысына ену онай келеді. +Тілдік(язычный) әдіс:егер тістер өте тығыз орналасса,тісжегі қуысына енуді тілдік беттен бастаймыз,бірінші жақын орналасқан тілдік аймақтан эмаль мен дентин беттерін алып тастап.Тісжегі қуысыны жол ашып,біріктіреміз(эстетикалық мақсатта ең тиімді әдіс б.т).Бұл жерде тіс артында орналасқан «соқыр тесікті» пайдаланған өте тиімді. +Негізгі әдіс:осы класста жиі қолданылады.Тісжегі қуысына ену жолы:кесу қыры мен тілдік-таңдай беті Тістің кесу қырының дефектісі мен вестибулярлы бетінің бұрышына кішігірім фальца тәрізді-скос жасаймыз(пломба жақсы бекуі үшін ж/е пломба пен сау тін шекарасы көрінбес үшін).Таңдай н/е тілдік бетінен үшбұрыш тәрізді қосымша алаңқай жасап,біріктіреміз(соқыр тесік). Емдек тактикасы: -Тіс сауытының 1/3 зақымданғанда-композитті пломбамен реставрациялау. -Тіс сауытының 1/2 зақымданғанда-микропротездеу:винир,люминир,т.б -Тіс сауытының 1/2 көп бөлігі зақымданғанда-тіс сауыттары:металлокерамика,оксид-цирконий тағайындалады. Блэк 5-класс: барлық тістердің мойын бөліктерінде орналасқан тісжегі қуыстары. Емі:бұл классты емдеудің ерекшелігі,тісжегі қуысы қызыл иек емізігіне жақын орналасқан соң,барынша сақтықпен егеу(егер егеу кезінде қызыл иек емізігі зақымданса,қанайды ал ол өз кезегінде егеуге,пломба қоюға кедергі келтіреді).Тісжегі қуысына овальді және бауыр пішінді форма береміз( Қызылиек ретракциясы-ретракциялық жіпті қызыл иекке кордпакер н/е басы жалпақ гладилкамен енгізіп,қызыл иек сұйықтығы ағуынан сақтана аламыз ж/е емдеуге жақсы доступ береді). Блэк 6-класс:алдыңғы тістердің кесу қырында,шайнау тістерінің төмпешіктерінде орналасқан тісжегі қуыстары. Емі: бұл класстың ерекшелігі:механикалық-күшті сақтай отырып (алдыңғы тістердің кесу қырына,шайнау тістерінің төмпешіктеріне негізгі күш түседі)ж/е эстетикалық мақсатта,емдеу. +тудырушы себепты жою:прикус,пат.қажалу,жағымсыз әдеттер,ВНЧС. + Тіс сауытының 1/3 зақымданғанда-композитті пломбамен реставрациялау. +Тіс сауытының 1/2 зақымданғанда-микропротездеу:винир,люминир,т.б +Тіс сауытының 1/2 көп бөлігі зақымданғанда-тіс сауыттары:металлокерамика,оксид-цирконий тағайындалады. Диагнозы:тісжегі. Дәрі-дәрмек және оның әсері: +Кальцимол/Дайкал/Лайф/Кальципульп-емдік төсем:құрамындағы гидрокись кальций,жаңа дентин қабатын түзіп,пульпаны зақымданудан қорғайды. +Ионосил/Фуджи/Ионозит/Тайм Лаин-оқшаулағыш төсем:пульпаны пломбаның химиялық әсерінен қорғайды. Емдеу алгоритмі: Баяу түрінде 1)Науқасты тіс емдеуге дайындаймыз:қажет болса,премедикация. 2) Емдеу керек тісті көрсетілім бойынша жансыздандыру:инфильтрациялық н/е өткізгіш. 3) тісжегі қуысының аузын ашу және кеңейту:басы шар тәрізді бормен. 4) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу немесе некроэктомиялау: + ыдыраған және жұмсарған дентинмен кіреукені толық алып тастау, ал сау тіндерді максимальды сақтау. +кариес-маркерді қолдануға арқылы жұмсарған тінді толық алуға болады. 5) тісжегі қуысына қажетті пішін беру: пломба жақсылап жабысу үшін тісжегі қуысын белгілі бір қалыпқа келтіру қажет. 6) тісжегі қуысы жиегін өңдеу-Финирлеу: тісжегі қуысының жиектерін 45º қиғаштап егеп Фальца жасаймыз, сонда пломба орнынан жылжымай тығыз жабысып тұрады. 7) дәрі-дәрмектермен өңдеу: 2 % хлоргексидин антисептикалық еріт.тазалау. +төсем қою:тісжегі түріне байланысты емдік және оқшаулағыш төсем қойылады(басы кіші экскаватормен қуыс табанына жағылады). +Одан соң Ортофосфор қышқылымен(Протравка или кондиционер деп атайды). 7)Адгезивті жүйені жағу:праймер,бонд(қазіргі кезде қосылған түрі жиі қолданылады:лампамен полимеризацияланады.) 8) тұрақты пломба қою:пломба түріне байланысты,химиялық және композиттік пломба штопфер-гладилкамен қойылады. 9) пломбаны өңдеу:науқасқа қара қағаз тістету арқылы тістің биіктігін анықтап,артық жерлерін алып тастаймыз.Силикон басты борлармен,дискілермен,полирлармен,щеткалармен,финишті борлармен пломбаны коррекциялаймыз. 10)Пломба қойылған соң,науқасқа кеңес беріледі:химиялық пломба қойылса 1,5-2 сағ.су және тамақ қабылдауға болмайды.Ал егер композитті пломба қойылса,су ішуге рұқсат бірақ тамақ 1,5-2 сағ.ішуге болмайды(анастезия әсерінен ұрт шайнау қауіпі бар). 11)Науқас тістері туралы толық кеңес береміз:қалған емделмеген тістерін емдеуге,яғни ауыз қуысын толық санациялауға.6 ай сайын «Ауыз қуысының профессионалды гигиенасын» жасауға,дәрігерге консультацияға келу керектігін,уй жағдайында ауыз қуысының индвидуалды гигиенасын сақтау керектігін түсіндіреміз. Емдеу алгоритмі: Жылдам түрінде . 1-емдік шара: 1)Науқасты тіс емдеуге дайындаймыз:қажет болса,премедикация. 2) Емдеу керек тісті көрсетілім бойынша жансыздандыру:инфильтрациялық н/е өткізгіш. 3) тісжегі қуысының аузын ашу және кеңейту:басы шар тәрізді бормен. 4) ыдыраған және жұмсарған дентінді алу немесе некроэктомиялау: + ыдыраған және жұмсарған дентинмен кіреукені толық алып тастау, ал сау тіндерді максимальды сақтау. +кариес-маркерді қолдануға арқылы жұмсарған тінді толық алуға болады. 5) тісжегі қуысына қажетті пішін беру: пломба жақсылап жабысу үшін тісжегі қуысын белгілі бір қалыпқа келтіру қажет. 6) тісжегі қуысы жиегін өңдеу-Финирлеу: тісжегі қуысының жиектерін 45º қиғаштап егеп Фальца жасаймыз, сонда пломба орнынан жылжымай тығыз жабысып тұрады. 7) дәрі-дәрмектермен өңдеу: 2 % хлоргексидин антисептикалық еріт.тазалау. 8) тісжегі қуысына емдек төсемді салып,табанына жақпалаймыз. +Тісжегі қуысы ары қарай асқынып кетпеу мақсатында,дәрігер 7-12 күнге дейін емдік төсем бетін уақытша пломбамен жауып бақылауға жібереді.Егер осы уақыт аралығында науқас,тіс ауруына н/е жағымсыздығына шағымданса келу керектігін түсіндіреміз. 2-емдік шара: +екінші емдеуге келгенде:науқаста еш шағым болмаса,уақытша дентинді алып тастаймыз. + оқшаулағыш төсем қойамыз(басы кіші экскаватормен қуыс табанына жағылады). +Одан соң Ортофосфор қышқылымен(Протравка или кондиционер деп атайды). 7)Адгезивті жүйені жағу:праймер,бонд(қазіргі кезде қосылған түрі жиі қолданылады:лампамен полимеризацияланады.) 8) тұрақты пломба қою:пломба түріне байланысты,химиялық және композиттік пломба штопфер-гладилкамен қойылады. 9) пломбаны өңдеу:науқасқа қара қағаз тістету арқылы тістің биіктігін анықтап,артық жерлерін алып тастаймыз.Силикон басты борлармен,дискілермен,полирлармен,щеткалармен,финишті борлармен пломбаны коррекциялаймыз. 10)Пломба қойылған соң,науқасқа кеңес беріледі:химиялық пломба қойылса 1,5-2 сағ.су және тамақ қабылдауға болмайды.Ал егер композитті пломба қойылса,су ішуге рұқсат бірақ тамақ 1,5-2 сағ.ішуге болмайды(анастезия әсерінен ұрт шайнау қауіпі бар). 11)Науқас тістері туралы толық кеңес береміз:қалған емделмеген тістерін емдеуге,яғни ауыз қуысын толық санациялауға.6 ай сайын «Ауыз қуысының профессионалды гигиенасын» жасауға,дәрігерге консультацияға келу керектігін,уй жағдайында ауыз қуысының индвидуалды гигиенасын сақтау керектігін түсіндіреміз. |