требование. Рецензиялау тртібі
Скачать 17.38 Kb.
|
Рецензиялау тәртібі Редакцияға түскен мақалаларға білім саласы бойынша 2 жетекші мамандар мен ғылымдар пікір береді. Пікір негізінде редакция алқасы авторға мақаланы тағы да толықтыруға (түзетуге) ұсыныс жасауы, не мүлдем қайтарып беруі мүмкін. Бұрын жарияланған немесе басқа баспаға жіберілген мақалалар қабылданбайды. Мақала көлемі 5 беттен аз және 8 беттен көп болмауы керек. Көлемі 8 беттен артық болған жағдайда журнал редакциясымен хабарласып келісулері қажет. Мақала мәтініне енетін иллюстрациялардың, сұлбалардың және кестелердің көлемі мәтіннің жалпы көлеміне кіреді. «ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫ» СЕРИЯСЫ, «ХАБАРШЫ»ЖУРНАЛЫНА БАСЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРІЛУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 2020 жылдың қыркүйек айында жаңартылды «ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫ» СЕРИЯСЫ, «ХАБАРШЫ»ЖУРНАЛЫНА БАСЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРІЛУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР I. Қажетті материалдар 1. Жеке өз аттарынан жариялайтын докторанттар, магистранттар және студенттер үшін ғылыми жетекшінің рецензиясы болуы керек. 2. Мақала авторларының саны-4 артық емес. 3. Автор (авторлар) туралы мәліметтерді қамтитын, Хабаршы журналының электрондық Форма толтырылады: тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны (қала, ұйымның/ЖОО толық атауы және қысқартылған атауы), ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы, білім алушылар үшін – докторант, магистрант немесе студент, e - mail, байланыс телефоны; мақалаға аннотациялар, 3 тілдегі түйінді сөздер. II. Мақала құрылымыIMRAD форматына сәйкес болуы керек. 1. Мақала аты (7-10 сөзден тұруы тиіс, қысқартусыз, сөздердің саны бойынша асып кетуге жол берілмейді). 2. Андатпа (сіздің зерттеуіңіздің мақсаттары мен міндеттері ұсынады; зерттеу әдіснамасын қысқаша түсіндіреді; сіз қол жеткізген нәтижелер туралы айтылады; зерттеудің ғылым үшін маңыздылығы негізделеді). 3. Кіріспе (Кіріспесі. Неліктен зерттеу жүргізілді? Не зерттелінді, зерттеу мақсаты, қандай болжамдар сыналды?). 4. Зерттеу әдіснамасы (Зерттеулер қашан, қайда және қалай жүргізілді? Қандай материалдар қолданылды немесе кім енгізілді?) Когда, где и как были проведены исследования Какие материалы были использованы или кто был включен в выборку). 5. Зерттеу нәтижелері (Қандай жауап табылды. Болжам дұрыс тексерілді ме?). 6. Дискуссия (Нәтижелерді талқылау. Жауап нені білдіреді және бұл неге маңызды болады? Бұл басқа зерттеушілер тапқан нәрсеге қалай сәйкес келеді? Зерттеудің болашағы қандай?). 7. Қорытынды (выводы). 8. Пайдаланылған дереккөздердің тізімі (Web of Science және/немесе Scopus индекстелетін жарияланымдарға сілтемелерді қоса алғанда, 15-тен аспау керек). III. Мақаланы безендіру ережесі Мақала мәтіні Word редакторында бірлік интервал арқылы терілу керек; .Парақ пішімі : 210 x 297 mm (A4); Жоғары, төменгі, оң жақтағы, сол жақтағы өрістер: – 2 см; Мақала беттері нөмірленбейді; 5.Шрифт: Times New Roman (қазақ, орыс, ағылшын тілдері үшін) – 11 пт; жоларалық интервал – бір; абзацтың бірінші жолының шегінісі-0,5 см.; Word редакторында орындалған суреттер объект (топтастырылған) ретінде қойылуы керек; Кестелер мен суреттердің атауы болуы және нөмірленуі тиіс (10 қаріп, курсив). Мәтінде нөмірі көрсетілген кестелер мен суреттерге сілтеме болуы керек. Кестелердегі мәтінді безендіру: интервал бір, шрифт 10 Times New Roman, курсив. Мақала мәтіні ені бойынша форматталуы керек. IV. Формула жазуға қойылатын талаптар Формулалар мақала мәтініне MS Equation нысаны ретінде енгізіледі. Формуладағы символдардың өлшемдері : обычный – 11 пт, крупный индекс – 6 пт, мелкий индекс – 5 пт (математикалық редактор Equation). V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Мақалада пайдаланылған әдебиеттер мәтінде пайдалану ретіне сәйкес қолжазбаның соңында келтіріледі. Мақаладағы әдебиетке сілтеу квадраттық жақшада беріледі, мысалы, [1], [2,3], [4-7]. Беттің соңында нүктесіз тізімдеп келтіру керек. Әдебиеттерге сілтемелер саны 15 әдебиеттен аспауы тиіс. Дереккөздер тізімінде соңғы 5 жылда (2015-2020 жж.) жарияланған жұмыстар болуы тиіс. VI. Мақаланың түрі 1. Сол жақ жоғарғы бұрышында бас әріптермен МРНТИ (жартылай қарайтылған, кегль №10); 2. Сол жақ жоғарғы бұрышында бас әріптермен ӘОЖ (жартылай қарайтылған, №10 кегль); 3. Курсивпен, жартылай қарайтылмаған кіші әріптермен (№11 кегль) ортада автордың (авторлардың) аты-жөні мен тегі; Жоғарғы индекспен автордың жұмыс орны (бірнеше авторлар болған жағдайда) сәйкестігін көрсетеді. 4.Бір бос жолдан кейін курсивпен автор (авторлар) жұмыс істейтін ұжым және қаланың аты (кегль №11); 5. Бір бос жолдан кейін жартылай қарайтылған бас әріптермен, шрифт Cambria (кегль №11) мақала аты; 6. Бір бос жолдан кейін мақалаға үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) 100-150 сөзден тұратын қысқаша андатпа (кегль №10); "Аңдатпа", "Аннотация", "Abstract" жазылу тіліне сәйкес сөздерден басталады. Аннотацияда сілтеме келтіруге болмайды. Аббревиатуралар толық жазылуы тиіс. Аннотацияда жұмыстың мақсаты, зерттеу қорытындылары көрсетіледі. 7. Бір бос жолдан кейін үш тілде 6-8 сөзден тұратын түйін сөздер (кегль №10); «Түйін сөздер:», «Ключевые слова:», «Keywords:» сөздерінен басталуы керек. 8. Бос жолдан кейін мақала тақырыбын қайталау: басқа екі тілдегі авторлар, ұйымның атауы, андатпа және түйін сөздер (10 өлшем, Times New Roman). 9. Бір бос жолдан кейін мақала мәтіні (кегль №11); 10. Бос жолдан кейін жарияланым материалы туралы ақпарат көрсетіледі: егер мақала грант шеңберінде дайындалған болса, мақаланың авторлары болып табылмайтын, бірақ олардың көмегімен зерттеу жүргізілген ғылыми жетекшіге, әріптестерге алғыс білдіру және т. б. 11. Мәтіннен кейін екі бос жол тастап кіші әріптермен әдебиеттер тізімі курсивпен (кегль №10). Бірлік интервал. Әдебиеттер тізім нүктесіз нөмерленеді. VII. Мақалаларды жариялау тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Редакцияға түскен мақалаларға білім саласы бойынша 2 жетекші мамандар мен ғылымдар пікір береді. Пікір негізінде редакция алқасы авторға мақаланы тағы да толықтыруға (түзетуге) ұсыныс жасауы, не мүлдем қайтарып беруі мүмкін. Бұрын жарияланған немесе басқа баспаға жіберілген мақалалар қабылданбайды. Мақала көлемі 5-8 бет. Көлемі 8 беттен артық болған жағдайда журнал редакциясымен хабарласып келісулері қажет. Мақала мәтініне енетін иллюстрациялардың, сұлбалардың және кестелердің көлемі мәтіннің жалпы көлеміне кіреді. Мақаланы дайындау және жариялау бойынша пайда болған барлық сұрақтар бойынша журнал редакциясына хабарласыңыздар. e-mail: Vestnik.KazNPU.FMS@gmail.com |