Главная страница
Навигация по странице:

  • ш

  • сыр

  • Қаноғлы — Қанұ(ғ) лы — Қанұлы

  • нг

  • ұ

  • Қаноғлы

  • Жаркент

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • тооним. Қазақстан топонимдері. азастан топонимдері жасалуыны негізгі кезедері


    Скачать 41.17 Kb.
    Названиеазастан топонимдері жасалуыны негізгі кезедері
    Анкортооним
    Дата20.12.2021
    Размер41.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақстан топонимдері.docx
    ТипДокументы
    #311444

    Қазақстан топонимдері жасалуының негізгі
    кезеңдері
    Осыдан 15—20 жыл бұрын топонимика лексикологияның жер-су аттарын зерттейтін бір саласы деп танылып келсе, соңғы жылдары ол география, тарих және лингвистиканың түйіскен жерінде пайда болып, жеке ғылым ретінде қалыптасып келеді. Қазіргі талап тұрғысынан ономастиканы, соның ішінде топонимиканы бір ғылымның әдістерімен зерттеу жеткіліксіз, өйткені атаулардың шығу, даму тарихы айналаны қоршаған табиғатпен, түрлі әлеуметтік-тарихи өзгерістермен тығыз байланысты. Осыдан келіп атаулардың мағыналық және этимологиялық кұпияларын ашу үшін бірнеше ғылым салалары деректерінен хабардар болып, оларды жете пайдалану қажеттігі туып отыр. Топонимиканың кесек бір саласы этнотопонимика, яғни ру, тайпа, халық аттарынан қойылған географиялық атауларды зерттеу бөлімі. Ал этнонимдерден қойылған жер-су аттары этнотопонимдер делінеді.

    Топонимикаға берілген анықтамаларды қортындылай келгенде, топонимика, — біріншіден, белгілі бір территориядағы географиялық атаулардың жиынтығы, екіншіден, тіл білімінің лексика саласындағы географиялық жалқы атауларды зерттейтін үлкен бір бөлімі.

    Топонимика грек сөзі: топос — орын, жер, оно мо - атау. Топонимика, топоним деген терминдердің соңғы кездегі қолданылуында айырмашылық бар. Мәселен, қазір топонимика тіл білімінде, география ғылымында географиялық жалқы атауларды зерттейтін ерекше бір ғылым саласы ретінде қолданылыгі, ал, географиялық жалқы атаулар (жер-су аттары) топонимдер деп аталып жүр.

    Географиялық жалқы атаулар мен жалпы атаулардың арасында айырмашылық бар. Географиялық жалқы атауларға Алматы, Ертіс, Алатау, Ақкөл, Каспий теңізі т. б. осы сияқты географиялық объектістердің аттары, ал географиялық жалпы атауларга өзен, көл, тау, тас, қала, су, құдық деген сияқты сөздер жатады. Соңғылары географиялық жалқы атаулардың жасалуына негіз болады. Топонимдерді зерттеудің ғылыми маңызы жоғары. Жер, су, теңіз, өзен, көл, таулардың жалқы атаулары сол жердегі ертеде өмір сүрген халықтың тілінен алынған. Бұл атаулар әлгі халықтар сол жерден басқа жаққа кетіп, орнына басқа халық келсе де, алғашқы қалпында сақталып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Топонимика сол жердің тарихи сырын ашуға көмектесумен бірге, олардың саяси және этнографиялық піекараларын анықтауга да көмектеседі.

    Топонимика тіл ғылымында пегізінен үш түрлі бағытта зерттеледі. Біріншіден, тілдің көне формаларын бойына сактаган топонимдер тіл тарихы үшін, тілдің даму заңдарын зерттеу үшін материал береді. Екіншіден, топонимдердің жасалуындағы лексика-морфологиялық, лексика-синтаксистік тәсілдері зерттеліп, оны субстантивтену, абстрактану заңдылықтары ашылады. Үшіншіден, топонимдер семантикалық және этимологиялық жағынан зерттеледі. Топонимдердің қазақ тілінде дұрыс жазылуы және орыс тілінде (транскрипция арқылы) жазылуы да – практикалық маңызы зор ерекше мәселе. Тіл және оның даму зандарын тек қоғам тарихымен, сол зерттелетін тілдің иесі болып табылатын халықтың тарихымен тығыз байланысты түрде зерттегенде ғана түсінуге болатындығы белгілі. Олай болса, тіл тарихын халықтар тарихымен байланыстыра зерттеудің қандай жолы бар? Ол үшін, алдымен, сол тілдің өзін басқа туыстас тілдермен салыстыра зерттеу керек.

    Тілдің ескі материалын қазіргі жағдаймен салыстыру үшін, көне жазу нұсқаларының материалдарын сарқа пайдаланған дұрыс. Бұлармен қатар, тілдің өз ішіндегі диалектілік ерекеліктерін пайдалану да қажет. Топонимика материалы да тілдің ең ескі материалдарының бірі болып саналады.

    Мұндай фактыларды қазақ тілінен де он-ондап келтіруге болады. Қазіргі Қазақстан жеріндегі түсініксіз атауларды зерттегенде, Қазақстан жерінде болған бұрынғы халықтардың тілін, тарихын қоса зерттеу керек. Сол халықтардың тілін тарихпен тығыз байланыстырғанда ғана, түсініксіз көне атаулардың сыры ашылады. Қазақ халқы көрші халықтармен ертеден қарым-қатынаста болғаны мәлім. Мәселен, угасырдан бастап парсылармен, VIII ғасырдан бастап арабтармен қарым-қатынас күшейді. Бұл жөнінде акад. В. В. Бартольд былай дейді. «Все это постепенно изменилость после арабского завоевания, сначала встретившего упорное сопротивление и закончившегося только в IX веке. Туркестан вступил в более тесное общение с переднеазиатским культурным миром, особенно Персией». Ирандықтармен және арабтармен қарым-қатыстың нәтижесінде Қазақстан жерінде азды-көпті топонимдер қалды. Осы сияқты Қазақстан жерінде монғолдардың
    монғолдардың ертелі-кеш болуына байланысты монғол топонимдері территориямызда сан жағынан әжептәуір кездеседі.

    Қазақстан топонимдерiнiң қазіргі құрамын және ескі жазу нұсқаларында кездесетін түрлерін анықтау үшін, тарихи мәліметтерге сүйеніп, Қазақстан жерінде болған халықтар туралы материалдарды пайдалана отырып, олардың болғандығын дәлелдейтін топонимидерді, сонымен қатар, қазақ халқымен туыстас басқа да түрік және қазақ тайпаларының ертедегі дәуірінен бастап, қазіргі ұлт болып қалыптасуына дейінгі дәуірдегі топонимдерімен байланыстыра зерттеу қазіргі ғалымдардың басты мақсаттарының бірі болып табылады.

    Басқа тілден кірген сөздерді әр халық өз тілінің заңына бағындырып алатыны бізге белгілі. Сондықтан, Коряковты – Кереку деп, қазақтар өз тілінің үндесу заңдылығына бағындыруы тілдік жагынан әбден орынды. Орыс тілінен енген Семей, Өскемен, Гурьев сияқты создер қазақ тіліне сіңіп кетті.

    Топонимика қазақ тілінің ішкі даму заңын ашуға, жазу өнері аз дамыған елдерде тіл тарихына көп пайдасын тигізеді. Басқа халықтарда (мысалы, орыс халқы) ертеден жазу өнері болғандықтан, сол ескі жазу нұсқаларына кәзіргі тілді салыстыра отырып, даму затын ашу оңайлау болады.

    Қойтас, Тастақ деген топонимдердің тас деген бөлімі — жаңа атау жасаудағы негізгі ұйтқы. Өйткені қойтас дегендегі қой деген сөз әуелде меңзеу, тасты қойға ұқсатудан туған да, кейін тас деген сөзбен бірігіп топонимге айналған. Ал, Тастақ дегендегі топонимнің тақ деген бөлімі — жаңа сөз туғызатын жұрнақ. Екі жағдайда да топонимдердің жасалуына тас деген сөз негіз болып тұр және осы қасиетіне сай ол сөздің сөздік қорға жататындығына күмәні болмаса керек. Географиялық жалқы атаулардың басым көпшілігі, біздіңше, сөздік құрамға жатады. Өйткені, топонимдердің көбі екі-үш сөзден бiрігу арқылы, немесе бір сөзден жасалған көптеген топонимдердің өзі (Алматы, Арқарлы, Аюлы т. б.) жұрнақ қосу арқылы жасалады. Оның үстіне жекелеген топонимдер үстемдік етуші мемлекеттік аппараттың саясатына, еркіне сай өзгертіліп, орнына жаңа атаулар қойылады.

    Мысалы, қазіргі Қызылорданың аты үш дүркін өзгерді: Ақмешіт (ислам дінінің үстемдігіне байланысты), Перовский (Қазақстанның Россияға қосылуына байланысты), Қызылорда (Октябрь революциясы жеңіп, Совет өкіметі орнағаннан кейін). Сүйтіп, толонимдер де тілдің сөздік құрамында болып жататын өзгерістерге ұшырайды.) Тіліміздегі образды, суретті сөздердің көптігіне байланысты қазақ тіліндегі топонимдер Қазақстандағы

    Қазақстандағы жер бедерін, таулардың геоморфологиялық құрылысын, сол жерде бұрын болған, немесе кәзірде де бар жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сол сияқты табиғат байлығын білдіреді. Топонимика бұл қасиеттердің көрсеткіші бола отырып, оларды география, геология, биология т. б. ғылым салалары арқылы зерттеп, сырын ашуга пайдасын тигізеді.

    Географиялық атауларға байланысты зерттелінетін қазақ фольклорында деректер аз емес. Мысалы, әрбір эпоста және оның варианттарында кездесетін топонимдерді тарихи шындықпен салыстыра отырып зерттеу фольклористикаға қатысты. Сөйтіп, жогарыда келтірілген фактылардың барлығы да топонімиканың жалғыз тіл ғылымы үшін ғана емес, басқа ғылымдар үшін де маңызы зор екендігін көрсетеді.

    Қазақстан топонимдерінің шығуын тарихи дәуірлерге байланыстыруда тек бір ғасырды ғана бөліп алмай, ертедегі дәуірден сөз ету керек. Қазақтар XV—XVI ғасырларда халық болып қалыптасудан бұрын да қазақстан жерінде қазақ рулары, тайпалары өмір сүрген. Олардың тілі басқа да түрік тайпаларының тілі сияқты бір негіздегі туыстас тілдер болған.

    Қазакстан топонимдерінің жасалуы өз алдына бір бөлек қаралмайды, қазақ тілінің шығу, даму, қалыптасу дәуірлерімен тікелей тығыз байланыста қаралса ғана, топонимдердің тарихи жағынан зерттелуі, азды-көпті түрде қазақ тіл тарихына, осыған байланысты қазақ халқының тарихына пайдасын тигізсе ғана, құнды болмақшы. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан тарихына байланысты қазақ топонимдерінің негізгі кезеңдеріне шолу жасайық.

    Ұлығ, сарығ формадағы сын есімдері қосылу арқылы жасалған топонимдер дәл сол күйінде қазір қазақстанда кездеспейді. Бұл формалар тек мақал-мәтелдерде ғана кездеседі. Олар қазір Қазақстан топонимдерiнiн құрамында улы, сары түрінде ғана кездеседі. Мысалы: Ұлытау, Сарытау, Сарыкөл т. б. Бірақ бұл формалар бір кезде ұлық, сары түрде болғандығын көрсететін де фактылар бар. Бұлар ескі жазу нұсқаларында да, қазіргі кей- бір үорік тілдерінде де бар. Мысалы, ұлығ деген сөз VIII ғасырда Күлтегіннің құрметіне қойылған ескерткіште де, Тюньюкуктың ескерткішінде де, хғасырдағы «Алтын Ярукта» да, XII—XIV ғасырлардағы Ибн-Муханнаның «Китаб таржман уа фарси, уа турки, ya мoгoли» деген кітабында да, XIV ғасырдағы Рабғузидің шығармасында да кездеседі.

    Осы сияқты сары деген сөз де ертедегі жазу нұсқаларында да, қазіргі кейібір тюрік тілдерінде де бар. Бұл форма VI—VIII ғасырларға жататын Тоныкөкті ескерткішінде, ХІ ғасырдағы «Қудатку білікте» кездеседі. Сарығ деген форманы қазіргі тілдерде кездесуі жоғарыда айтылды. Бұл формалар Ұлыктау, Сарыксу сияқты топонимдердің кұрамында XVI ғасырдағы шығыс авторларының еңбектерінде.

    «Бабер-намада» ұлыдеген сөз бастапқы беттерінде-ақ кездеседі. Бірақ XVI ғасырдағы «Большой Чертеж» кітабында бұл топонимдер Улутов, Сарса, Сарсы, Сурсы түрінде бұзылып кездеседі. Бұнда ұлығ, Сарығ формалары сақталмаған, Сөйтіп, бұл факты да жоғарыда айтылғансөз аяғындагы тіл арты дауыссыздарты тіл алды дауысты га, я жартылай дауыстыға айналу процесі ХV ғасырға дейін болған деген пікірді тағы да дәлелдей түседі.

    Қазақ халқы басынан талай тарихи дәуірлерді өткізді. Қазақстанның осы күнгі алып жатқан территориясынын көптеген аудандарында тарихи дәуірлерге байланысты түрлітүрлі тайпалар болды. Олар басқа тайпамен, халықтармен қарым - қатысқа түсті. Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалар,тайпа одақтары, оларды шаруашылығы, кәсібі, әдет-ғұрпы туралы оліметтер біздің эрамызға дейінгі грек, парсы және қытай авторларының еңбектерінен орын алды. Осы территориядағы тайпаларды парсы нұсқалары «сақ» деп, ал ескі грек тарихшысы Страбон «Азия скифі» деп атады. Страбон бұл тайпалардың әрқайсысының өз аты бар екенін атап көрсетті.

    Сөйтіп, тарихи, археологиялык, этнографиялық материалдар ертедегі Орта Азияны, Қазақстанды, Алтайды мекендеген сактардың осы төңіректе ежелдені мекен еткен көшпелі тайпалардың, рулардың тарихымен тығыз байланысты екенін, олардың мәдениеті мен шаруашылығының ұқсастығын дәлелдейді.

    Ескі грек және қытай нұсқаларында кездесетін сақтардың жер, адам, тайпа аттарытуралы кейбір пікір айтушылар сақ тілі түрік тіліне жатады деген қортындыға келді. Мәселен, проф. А. Н. Бернштам Қаратаудың солтүстік-шығыс жағындағы Созақ деген жердің аты екі сөзден жасалган су+сақ, яғни су сақтары деген сөзден шыққан деп қарайды. Бұл жорамал дұрыс та болуы мүмкін. Өйткені екі зат есімнен жасалган тарихи топонимдер де (мысалы, Темір қапығ VI—VIII ғасырларда), осы замандағы топонимдер де (Жарқамыс, Шөл дала, Жалагаш т. б.) толып жатыр. Сақтардың тілі жөнінде доцент М.Ақынжановтың айтқан пікірі де, дәлелдері де көңіл аударарлық.

    Бұл сияқты екі зат есімнен бірігіп топоним жасалу түрік тілдерінде кездесе береді. Орхон-енисей жазуында кездесетін VI—VIII ғасырлардагы Темір Қапы (железные ворота) деген атау да осы түрде жасалған. «Темір» деген сөз «қапығ» деген географиялық жалпы атаудың алдында анықтауыш болыс келіп, сол арқылы топоним жасалған. Сол сияқты дария деген географиялық жалпы атаудың алдынан сыр деген сөздің анықтауыш болып географиялық атау жасауы әбден заңды. Бұл жорамалға қосымша тағы бір дәлеліміз: сыр деген сөз сөздік қорға жата отырып, жаңа сөз жасайтын да, омонимдік те қасиеті бар. Мысалы, Шыршық (Чирчик) деп аталатын Сырдарияның оң саласы осы сыр деген сөзден жасалған. Бұл атаудың тюрік атауы екендігі және оның жасалу дәуірі туралы В. В. Бартольд былай дейді: «Турецкое название чир, откуда уменьшительное ирчик, появ-
    ляется в эпоху Тимура».

    Түрік тілдерінде ш дыбысы мен с дыбысының ауыса беретінін еске алсақ, Шыршықтың Сырдан жасалғанына күмән келтіруге болмайды.

    Сонымен қатар, сыр деген сөздің «краска» деген мағыасынан басқа «тайна», «секрет» деген де мағыналары бар. Ендеше, бұның өзі де Осы сөздің өте ертеден бар екеніне дәлел болады. Бұл атау Сыр түрінде ескі жазу нұсқа ларында XIII гасырдан бері бар.

    Сырдарияның аты сыр деген сөзбен түбірлестігіне соңғы бір дэлс.л Сырдарияның сырлы, бояулы, су тәрізді лайланып ағуы.

    Сөйтіп, бұл айтылган фактілердің барлығы да Сырдарияның құрамындағы сыр деген сөздің этимологиясын оның бояу деген мағынасымен байланыстыра қарауды талап етеді.

    Сырдарияны шығыс авторларының Сейхун деп атайтын топонимінің этимологиясы жөнінде акад. В. В. Бартольд былай дейді: «Так в географическом приложении к труду Мирхонда сказано, что Сейхун место в Туркестане, от которого река получила свое название». (Ал, сейхун атауын акад. В. В. Бартольд басқа бір еңбегінде «синяя деревня» деп те аударады). Ендеше, Сейхун деген жер аты Сырдарияның (өзен) атына ауысқан. Сөйтіп, біздің эрамызға дейінгі V ғасырда Яксарт аталған Сырдария содан бері өзінің басынан талай тарихи жағдайларды өткізіп, сол маңда болған сақ, түрік тайпаларының иран халықтарымен, арабтармен, қытайлармен қарым-қатынасқа түскендігінің айғағы болып отыр.

    Қазақстанға қатысы бар топонимдер біздің эрамыздың I ғасырынан бастап кездеседі. Сол дәуірден бері қарай Орта Азияда, Қазақстанда кездесетін топонимдердің де көпшілігі түрік атаулары. Олардың кейбір атаулары осы күнге дейін біздің эрамызды бастапқы ғасырларындағы формада, немесе аз ғана өзгерген түрінде сақталған, топонимдердің жасалу принципі қазіргі топонимдерге ұқсас.

    Тарихи жағынан алғанда да, бул дәуірде Қазақстан жерінде түрік атаулары кездесіп, ескі жазу нұсқаларында із қалдыруы әбден заңды. Өйткені, Орта Азияда, Қазақстанда бұл кезде де, одан ертерек дәуірде де, одан кейін де түрік тайпалары болған. Акад. В. В. Бартольд бiздңғ эрамызға дейінгі ІІ ғасырларда Қазақстан жерінде үйсін, қаңлылардың болғандығын атап өтеді. Түрік тайпаларының аты тек ескі жазу нұсқаларында ғана айтылып қоймай, белгілі дәрежеде географиялақ атауларда ізі қалдырды.

    Қазақ руларының бірі – қаңлылардың тілінде осы оғлыдан ұлы формасына көшуі ертеректе болғандығы осы қаңлы деген атаудың құрамындағы — лы формасы арқылы дәлелденеді. Қаноғлы өзінің осы күнгі түріне келуде төмендегідей процесті басынан өткізген. Схемасы: Қаноғлы — Қанұ(ғ) лы — Қанұлы Қаңылы — Қаңлы.

    Бұл процесте н дыбысының ң-га айналуында ғ дыбысы көмекші болған. Әдетте ң дыбысын орыс тілінде беру үшін нг дыбыстарының тізбектері қолданылуы кездейсоқ емес. (Мысалы: теңіз сөзі орыспа транскрипцияда тенгиз болып беріліп келді). Бұл нг дыбыс тізбектері ң дыбысына жақын болғандықтан, транскрипцияда осылайша беріліп келді. Сүйтіп, н дыбысы ғ дыбысының көмегімен ң дыбысына айналган. Осыдан келіп, Қаңұлы формасы қалыптасқан. Бұндагы о дыбысының ұ дыбысына айналуына соңгы ы дыбысы әсер еткен де, бұл процестің жалғасы Қаңылы түріне келген. Қанұлы формасынан Қаңылы формасына көшуде ортадағы ұ дыбысы соңғы қысаң ы дыбысының әсерімен қысаң ы дыбысына айналған. Ортадағы қысаң ы дыбысы буын арасында екі дауыссыз дыбыстың ортасынан келгенідіктен, ол түсіп қалып, қаңлы түріне көшкен. Міне, Қаноғлы формасының қаңлы фомасына көшуі жөнінде осындай жорамал айтуға болады. Қаңлы деген сөздегі -лы жұрнағы оғлы деген сөзден шығуы тюркологтардың жұрнақтар.

    Қазақстанның оңтүстік аудандарында өте ертеден тюрік атаулары болуы кездейсоқ емес, Олар орта Азияның және Қазақстанның оңтүстігінде ертеде өмір сүрген сақ, түрік тайпаларына байланысты болды. Қазақстанға қатысы бар ендігі топонимдер жөнінде археологиялық зерттеулерге сүйеніп, V-ғасырдан былай сөз етуге болады.

    Қытай саяқатшысы Сюань Цзань 630 жылы қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан территориясында ондаған қалаларға кездеседі. Олардың ішінде Шу өзенінің бойында Суяб, Талас өзенінің бойында Талас (қазіргі Қамбыл) қаласы болған. Талас қаласының аты алғаш рет жоғарыдағы Сюань Цзанның саяхатынан бұрын 568 жылы сол жерде боғган Византияның елшісі Земархтың жазғандарынан да кездеседі. Ескі жазу нұсқалары да V—VII ғасырдан бастап кездесетін талас қаласының шығуы кейбір археологиялық зерттеулер бойынша V ғасырға жатады.

    Қазақстан территориясында сол кезде жергілікті иран тілінен көптеген географиялық атаулармен қатар топонимдердің құрамында кездесетін географиялық жалпы атаулар да енді. Мысалы, кент деген жалқы атаудың енуі жөнінде акад. В. В. Бартольд былай дейді: «В связи с распространением персидского литературного языка слова «кент» и «кет» были заменены словом «дих». Слово кент, утрачелое и забытое местным иранским населением персuіло в турецкие паречия».

    «Кент» деген сөздің көршілес иран халықарынан келгендігіне екі түрлі дәлел айтуға болады. Біріншіден, құрамында осы сөз бар топонимдер Қазақстанның тек оңтүстік аудандарында ғана кездеседі. Мысалы: Жаркент, Шымкент, Манкент т. б. Екіншіден, бұл кент деген сөзден жаңа сөздер жасалмайды. Кепт деген сөз шыгыс иран халықтарымен қарым-қатынастардың нәтижесінде VI ғасырларда еніп, Қазақстан жеріндегі кейбір қала аттарын жасауға негіз болды. Бұл жалпы атау кейде иран халықтарының сөзімен, кейде түрік халықтарының сөзімен бірге келіп, қала атын жасайды. Торік сөздерімен бұл жалпы атаудан біріге келіп, жалқы атау жасауы кент деген сөздің тюрік тілдеріне ертеден еніп, етене болып кеткендігін көрсетеді. Талас аңғарындағы ескі қалалардың қазіргі қалдықтарын зерттеген археологиялық жұмыстар бұл жерлердегі қалалардың VII—VIII ғасырларда салынғандығын дәлелдейді.

    Осы сияқты Қазақстан топонимдеріне қатысы бар материалдар қытай саяхатшыларының еңбектерінде де бар. Мысалы, 630 жылдары Жетісудан жүріп өткен қытай саяқатшысы, Сюань-Цзаньның саяқатын жазған Си-юй-Цзи былай дейді: «Сделав от cта сорока до ста пятидесяти ли на запад от Мыиг-Булака, он приехал в город Талас, имеющий в окружности от 8 до 9 ли. Здесь останавливаются и торгуют всевозможными товарами купцы, приезжающие 3 разных стран. По своим естественным богатствам и климату страна эта походит на Су-е».

    Бұл үзіндіде келтірілген Мыңбұтақ, Су (қазіргі Шу) сияқты атаулардың болғандығына ешбір шүба келтіруге болмайды. Өйткені, Шу өзені Қазақстан жерінде қазірде де бар. Ал, Мыңбұлақ деген атауды дәл орны табылмаса да, бұл сияқты атау Қазақстан жерінде қазір толып жатыр.

    Түрік тілдеріндегі-лы жұрнағы өзінің варианттарымен осы оғлы формасынан шыққан болу керек. Үйткені, кейбір түрік тілдерінде -лы жұрнағы әлі күнге дейін меншіктілікті білдіреді. Бұл құбылыс о бастағы бір руға тәуелділікті білдіретін конкретті оглы деген формадан шыққандығының айғағы болады. А. Н. Бернштам қытай жазу нұсқаларында кездесетін қаңлы топонимдерінен Улугйер, Сусак (қазіргі Созак), Тақыр, Арыс, Қаратау сияқты атауларды тапты.

    Сырдарияның ішкі бетінде өмір сүрген халықтар туралы және ондағы кейбір жерлер туралы біздің эрамыздың I ғасырындағы Плинийдің еңбектерінде мәліметтер берілген. Галинній айтқан тайпалардың ішінде дайлар, астактар, камактар, этайлар түрік тұқымдас тайпалар екендігіне қазіргі осыған ұқсас атаулар дәлел бола алады. Мысалы, дайлар, этайларға қазіргі түрікпендердегі және түрікпендерге көршілес қазақтардағы адайлар жақын. Бұлардың бұрынғы территориясы да қазіргі территория мен бірдей. Олардың Каспий теңізі маңындағы территориясы туралы Страбон былай деп жазған: «Большая часть скифов, начиная от Каспийского моря, называются даями».

    Ал астак деген тайпа қазіргі башқұрттар болу керек. Үйткені, башқұрттарды қазақтар естек деп атайды. Жоғарыда айтылған Қаспас қазіргі Каспий теңізі екеніне күман жоқ. Өйткені, акад. В. В. Бартольд Плинийдің Каспий теңізін білгендігін айтады Сүйтіп, біздің эрамыздың бас кезінде кездескен топонимдердің тюрік тілдерінде жасалғандығын байқауға болады. 

    Шарбақ жэне шардақ терминдері де пар-сыдан енген. Шарбаг деп сарайдың төрт жағынан қоршап тұратын төрт бақты айтатын болған. Кейінірек бұл термин қаланың бас бульварын қоријай егілгені ағаштармен қоса сол ауданды айтатын болған. Қазіргі қазақ тілінде ағаштан жасалган қоршауды шарбақ дейтіні бізге белгілі. Шарбақ деген термин Орталық Қазақстандагы кейбір топонимдердің құрамында кездеседі. Мысалы: Шарбақкөл, Шарбақтыкөл т. б.

    Максидидің айтуынша, Сауран маңындағы Яныкент деген қаланы арабтар ал-Қарьят, ал-Хадиси деп, парсылар Дехи-нау деп атаған. Дехи-нау тәжікше— жаңа қала деген сөз де, Қарьят арабша — село деген сөз. Бұдан арабтар мен парсылардың түрік атауларын өз атауларымен ауыстыруға тырысқандығын көреміз. Сөйтіп, Қазақстан жеріне басқа тілден азды-көпті осындай атаулар енді. Басқа тілерден енген топонимдердің ішіндегі ең аз енгені араб атаулары. Оның басты себебі, араб үстемдігінің де, арабтардың Қазақстан жерінде аз болғандығынан да болу керек.

    Қазақстанда арабтар болған дәуірде тюрік топонимдері сол кездегі топонимдердің ең басым көпшілігі болды. X ғасырда Қазақстанның оңтүстігіне көршілес тюрік тайпаларының тілі согдилардың тілін жеңе бастады, демек, согдилардың тілі тюріктене бастады. Бұл процесті ХІ ғасырдағы «Диван лугат ат тюрк» дейтін шығарманың авторы М. Қашғари былай деп сыпаттайды: «были лоди, которые говорили по-тюркски и согдийски, были люди, которые говорили только по-тюркски, но не было людей, которые говорили бы только по-согдийски».

    Қазақстанның оңтүстік аудандарына көршiлес согдилар бұл дәуірде өздерінің этникалық пішінін жоғалтып, тюрік халықтарымен араласып кете бастады.

    Қазақстан жерінде бұл дәуірлерде болған тюрік тілінде сөйлейтін тайпалар торік топонимдерін сақтап қана қоймай, оны дамытуІшы болды. Сол себептен де арабтардың, согдилардың келуіне байланысты сол тілдерден енген топонимдер Қазақстандағы тюрік тайпаларының топонимдерінің құрамындағы бір кішкентай ғана бөлшегін жасаған деп қараған жөн. Жетісу бойында араб шабуылы кезінде түрік тілдерінде сөйлейтін түрлі тайпалар болды. 766 жылдан Жетісу бойында үстемдік еткен қарлықтардың қолында Құлан, Мерке деген қалалар болған. Бұдан кейінгі тюрік тайпаларының бірі — Чигилдер. М. Қашғаридың айтуы бойынша, Чигилдер үш сан тюріктердің басын құраған. Олардың бір тобы Ыссықкөл маңында, екінші бір тобы Тараздың қасында Чигил дейтін қаланың маңында болған.

    Жетісудың шет жағын ала Шығыс Түркстанға қарай Ягма (жайма) дейтін торік тайпалары болған. Осы тюрік тайпалары Х ғасырдың аяғында қараханидтардың мемлекетін құрып, Орта Азияда және Мавреннахрда ХІІ ғасырдың бас кезіне дейін үстемдік еткен. Қараханидтер дәуірінде Мавреннахрға көптеген тюрік атаулары енді.

    Бұл айтылғаннан Мавреннахрдағы тюрік атаулары қараханидтердің үстемдігіне байланысты тек XI—XII гасырларда енді деуге болмайды. Өйткені, Мавреннахрда тюрік тайпалары ертеден-ақ болған. Бұл туралы өзбек халықтарының тарихын жазушылар былай дейді: «Не может быть опровергнуто положение, что племена, говорящие на языках тюркской системы, существовали на территории Средней Азии, и в частности, в Междуречье, задолго до VI века». Олай болса, бұл жерде торік семьялы тілдегі халықтардың болуына байланысты онда түрік топонимдері де болған.

    Ғ. Қоңқашбаев Қазақстан жеріндегі географиялық атауларды тек XIII—XVI ғасырлардың ғана жемісі деп қарамай, монгол тектес қалмақтардың Қазақстан жерінде XVII-XVIII ғасырларда да болуына байланысты деп қарайды. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында қалмақтар Эмба ауданы маңында көшіп жүргені белгілі. Бұл төңіректегі қалмақ деп аталатын монгол тайпалары XVII ғасыр) Орталық Қазақстанда бозып, содан кейініректе Жайық пен Волга (Еділ) өзендерінің аралығына барған. Қалган қалмақтар Қазақстанның Шығыс және оңтүстік аудандарында болған. Міне, осындай тарихи себептердің нәтижесінде Қазақстанның барлық аудандарында монгол атаулары кездеседі.

    Қорыта келгенде, араб, монғол шапқыншы- лығына байланысты Қазақстан территориясына сол тілдерден топонимдер енді. Бірақ, араб тілі де, монгол тілі де Қазақстандағы түрік тілдес тайпалардың тілін және одан кейінгі қазақ тілін жеңіп шыға алмады. Өйткені, арабтар да, монғолдар да өз тілін жоғалтып, қазақтардың этникалық құрамына кіріп кетті. Қазақта бұрын «қожаға қол бер, төреге жол бер» деген сөз болған. Осындағы қожа қазақ арасына сіңісіп кеткен арабтар да, төре монголдар.

    XV—XVI ғасырларда қазақтар өз тілімен мемлекеттік және этнографиялық біртұтас халық ретінде қалыптасқандықтан сол кездердегі топонимдерді қазақ топонимдері дейміз. Қазақстан топонимдері тек XV—XVI ғасырларда ғана қазақ халқының шығуымен бірге пайда болған жоқ, оның негізі бұрынгы ғасырларда да Қазақстан жерінде болған торік семьялы тілдегі, кейін қазақтың этникалық құрамына енген тайпалармен байланысты жасалды.

    XV-XVI ғасырлардағы тарихи документтердегі Қазақстан территориясында кездесетін топонимдерге талдау жасасақ, топонимдердің жасалу принципі жағынан да, сол тарихи документтердегі топонимдердің қазіргі топонімідермен бірдейлігі жағынан олардың нагыз қазақ топонимдері екендігі дәлелденеді. Мысалдар келтірейік.

    XV ғасырда Мұхаммед Хайдер өзінің «Тарихи Рашиди» деген еңбегінде былай дейді: «Северную границу его (Моголистана) составляют Кукче-тенгиз (так называет Мухаммед Хайдер озеро Балхаш) и Қарата.». Бұл айтылғандардан XV ғасырда Балқаштыің Көкшетеңіз аталганын, Көкшетеңіз деген атау қазіргі Көкшетау типтес жасалгандығы көрінеді. Өйткені, бұл топонимдер көкше деген сөзге бірде теңіз, бірде тау деген географиялық жалпы атау қосылу арқылы жасалған. Көкшетеңіз деген топоним мен оның кейінгі аты Балқаш та (балқаш – батпақты жер, саз) қазақ атаулары екендігіне ешбір шүба келтіруге болмайды. Балқаш ойрат тілінде де батпақты жер, саз деген мағынада қолданылады. Сол сияқты Қаратал дейтін өзен де осы күні сол атпен аталып, Балқаш көліне құяды.

    Мұхаммед Хайдер бұдан кейін Тараздың Яны, бұл Яны деген қаладан шығушыларды Мавреннахрда янылығ деп атағанын айтады. Осы кезде Мұхаммед Хайдердің еңбегінде кездесетін Джу, немесе Чу деген атау да Қазіргі Шу өзені екендігіне күмән жоқ. Coңғы Яны, Шу деген атаулар осы маңдағы түрік семьялы тілдегі тайпалардың топонимдері. Бұл факты.тардан XV ғасырдан бұрын да түрік атаулары бар екенін көреміз. «Тарихи-Рашидида» Қозыбацін, Атбаши деген атаулар кездеседі. Бұл атаулар қазіргі Түлкібас, Қарсақбас типтес ұқсатудан туғандыгы көрініп тұр. Сол сияқты осы тарихи документте қазіргі Алатау Алатаг түрінде, Ұлытау — Улугтау түрінде, Сарысу Сарыксу түрінде кездеседі. А., Шаян, Арсланлық, Чатырлы, Терс-Кендерлик сияқты атаулардың қазақ атаулары екендігіне шүба келтіруге болмайды. XVI ғасырдағы қазақ топонимдерін біз Иван IV-заманында жасалған «Большой Чертелдің» түсіндірме кітабынан табамыз. «Большой Чертеждің» өзі карта түрінде бізге жеткен жоқ, бірақ картаға берілген түсіндірмеде сол кездегі географиялық түсінікке қараії Қазақстан топонимдері де сөз етілген және Қазақстанға, оны шекаралас аудандарына катысы бар 58 атау берілген. Біз солардың бастыларына тоқтап өтейік,

    Қазақстанның батыс аудандарынан Жайық, Орал тауы, Ор өзені, Ырғыз өзені, Ақ- басты көлі, Айрық тауы сияқты топонимдер берілген.

    Бұл топонимдер «Большой Чертеж» кітабында Яик, Аралтовы горы, Вор, Иргиз, Ақбашлы, Урук, немесе Урюк деп берілген. Орал тауы және Жайық өзенінің орысша аты Урал. Орал тауының және өзенінің аты оралу деген етістікпен түбірлес тюрік сөзі болу керек. Бұл атауды осы маңда өмір сүрген башқұрттар, не татарлар қойған болу керек. Орал деген атау өзеннің оралып ағатын көрінісін дәл береді. Орал өзенінің бойында орала ағатын бір жерді орыстар Огиби деп атайды. Бұл атау туралы 1870 жылы халық аузынан былай деп жазылып алынған: «Огиби» — оттого, что крутые берега полукругом огибают Урал». Сөйтіп, тюрік сөзі орал, орыс сөзі огиби бұл өзеннің орала алатын қасиетін дәл бергендіктен, осылай аталған болу керек.

    Ор өзенінің этимологиясы туралы 1762 жылы П. И. Рычков: «Ор деген тіорік сөзі, оның екі мағыасы бар. Бірінші мағынасы «перекоп, линия», екінші мағнасы «устье, отверстие, ворота» дейді. Ор өзені өзінің атын Й. И. Рычков келтірген сөздің бірінші мағнасынан алған болу керек. Орск, Оренбург қалалары аттарының Ор өзенінің атына тікелей қатысы бар.1735 жылы Ор өзенінің бойынан қорған (крепость) салынады, бірақ оның орны қолайыз болып, 1739 жылы әлгі қорған 184 км жердегі Жайық өзенінің бойына көшіріледі. Осы қорғанның алғашқы Ор өзенінің бойындағы орнында Орск қаласы бар. Орск қаласы өзінің атын өзен атынан алгандыгына ешбір күман жоқ. Жайық бойына көшірілген қалаға Оренбург деген ат беріледі. Қала атының этимологиясы туралы П. И. Рычков былай дейді: «Оренбург имеет имя, сложенное из Турецкого слова Ор и из немецкого Бург».

    «Большой Чертеж» кітабындағы Иргиз өзеніне құятын Ақбасты дейтін көл қазір Шалқар деп аталады, бұл Ақбасты, Айрық сияқты атаулардың қазақ аты екенін дәлелдеп жатудың қажеті аз. «Большой чертеж» кітабында кездесетін Бозын-Гинчал-Илген деген өзен атын А. Макшеев Торғай өзенінің оң саласы деп тапты. Бұл өзен аты да — Бозінгеншaлөлген деген қазақ аты. Бозінген деген малдың өлуіне байланысты қойылған болу керек. Бұл қазіргі Кемпірөлген, Өгізөлген, Қызқазған типтес топонимдердің принципінде жасалған. Бұл фактыдан қазіргі бір сөйлем тәрізді болып келетін атаулар да XVI ғасырда болғандығын көреміз.

    «Большой Чертеж» кітабында Темирсу дейтін өзен аты бар. Темір деген өзен қазірде де бар, Ақтөбе облысындагы Темір ауданының аты осы Темір өзеніне байланысты қойылған болуы керек. Қазіргі Сағыз өзенінің аты Қай-нар-Саккиз түрінде кездеседі. Бұл өзен атын «сегіз» немесе, «сағыз» деген сөзбен түбірлес деп қарасақ қазақ атауы екендігіне нұқсан келмейді.

    Кітапта кездесетін Ойыл, Тус-тюбе, Индер, Сыр, Кендирлик, Улутов, Зиланчик, Сарса немесе Сурсу, сияқты атаулардың да этимологиясын табу қиын емес. Үійткені, бұлардың ішінен Ойыл, Индер, Сыр, Ұлытау, Жыланшық, Сарысу сияқты атаулар қазірде де бар. Ал Тұзтөбе, Кендірлік сияқты атаулардың түсініктілігін сөз етпесек те болады. «Больной Чертеждің» сөз еткен Сунак (Саганак), Ясырван (Сауран), Тюркустан (Түркстан), Сайрам (Сайрам) т. б. атаулар қазір де бар екені белгілі.

    Сөйтіп, «Большой Чертеж» кітабындағы түсіндірмеде Қазақстанның батыс, оңтүстік және кейбір орталық аудандарындағы топонимдер сөз етілді. Бұл топонимдердің көпшілігі осы XVI ғасырдағы жазу нұсқасында көрсетілген қалпында сақталған. Осы жазу нұсқасында көрінісін сақтаған топонимдер XVI—XVII ғасырларда да, одан кейін де қазақ тілінің негізінде дами берді.

    Ал, XVII ғасырдың басынан бастап қазақ тілінің негізінде дамыған Қазақстан топонимдерінің құрамына орыс халқымен қарым-қатынастың нәтижесінде орыс топонимдері де ене бастады.

    Қазақстан жеріне орыстардың келуімен патша үкіметінің Қазақстанды бағындыру саясатына байланысты 1613 жылы Орал қаласы салынды. Орал қаласының аты Орал өзені мен Орал тауының атымен аталған. Қаланың аты тюрік сөзі болғанымен, оның салынуына байланысты маңындағы объектілерге орыс топонимдері ене бастаған.

    Қазақстан жерінде өте ертеден орнаған қалалардың қатарына Гурьев қаласы жатады. Ол XVI-XVII ғасырлардың арасында балықшы поселкасы ретінде пайда болған. Гурьев қаласының салынуы туралы Ф. А. Брокгауз бен И. А. Ефронның энциклопедиялық сөздігінде былай делінген:«Гурьев или Гурьев-городок. Основан в первой половине XVII в. рыбопромышленником Гурием с сыновьями, устроившими здесь для защиты от нападений туркмен и ногайцев деревянный острог, впоследствии замененный каменным.»

    Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, қала патшаның бұйрығымен 1640 жылы салынған. Қаланың аты өзінің ұлдарымен

    қаланы салуға тікелей көмегі тиген Гурьи деген кісінің атына қойылған. Гурьевті қазақтар Үйшік деп атайды. Үйшіктің қойылуы жөнінде жергілікті адамдар мынадай аңыз айтады: «Баяғыда қазақтар осы маңнан кішкене үйшік көріпті, содан Үйшiк қаласы аталыпты-мыс». Бұл аңызға сенуге болмайды. Өйткені, Гурьев қаласының салынған кезінде қазақтар Гурьев маңынан қашық болатын. Гурьев маңында 1630 жылға дейін погайлылар жүрді де, 1630 жылдан былай қарай Алтай тауынан және Қытай шекараларынан көшіп келген қалмақтардың жаңа бір тобы көшіп жүретін болған. Сол себептен, қазақтар Гурьевтің орнында салынған үйшікті көруі мүмкін емес. Ендеше үйшік не деген сөз? Біздіңше, бұл сөз орыс тіліндегі учуг деген сөзбен түбірлес.

    Учуг деп осы Гурьев қаласында Қайық өзеніне орнатылған балық аулайтын кедергіні айтатын болған. Учугтің салынуы жүздеген адамның күнтін керек еткен. Учугті пайдалану, немесе оны жалға беру мемлекет тарапынан қолға алынып отырған. Гурьевтегі осы учуг арқылы орасан көп балық ауланады екен. Атақты зерттеуші Петр Палластың жинаған мәліметтері бойынша, учуг маңында жиналған балықтың көптігі сондай, тіпті балықтың сыгылыса итерген күшінен учугтің қирау қаупі болған. Сондықтан учуг маңындағы балықтарды үркіту үшін зеңбіректен дүркін-дүркін оқ атып тұрады екен. П. И. Рычков та 1762 жылы жазған еңбегінде Гурьевте учугтің болғанын атап өтеді.

    Сөйтіп, учуг үлкен объектінің аты болгaндықтан, Гурьев қаласы өзінің атын осы учугке байланысты алған болу керек. Жоғарғыдай бұл сөзді қазақтың үйшік деген сөзімен ұқсататын аңыз халықтық этимологиядан туды. Қорыта келгенде, бұл объектінің аты – Гурьев те, Үйшік те орыс тілінен енген сөздер.

    Орыс тілінен топонимдер ену процесі XVIII ғасырда, әсіресе Ертіс өзенінің бойындағы «Иртышская линия» деп аталатын бекіністердін салынуына байланысты көбейеді. Мұндай бекіністер 1716 жылы подполковник Бухгольцтің экспедициясы орнатқан Омск бекінісінен басталады. Етек ала бастаған бекіністер турапы В. В. Бартольд былай дейді: «Офицеры Мстигорев и Ступин проникли значительно
    дальше Ямышева, Ступин в 1718 г. Основал Семипалатинск; в 1719 г. майор Иван Лихарев с небольшим отрядом (всего 440 человек) достиг Зайсана и даже проп:1!ыл оттуда еще некоторое растояние по Черному Иртышу».

    Зайсанға бекініс орнату үшін тапсырма алған майор Лихарев бұл тапсырманы орындай алмайды. Бірақ, қайтар жолында Ертіс бойында Усть-Каменогорск бекінісін салады. Қазіргі мәліметтер бойынша бұл қала 1720 жылы салынды. Сібір мен Орта Азияның шекарасы болған «Иртышская Іния» бекіністері осылайша салынып бітеді. Осы айтылған бекіністердің ішінде Омск (Омбы) қаласы Ертістің бір саласы болып табылатын Омь (Омбы) өзенінің атына қойылған.

    Семипалатинск қаласының аты жөнінде халық аузында мынадай аңыз бар: «Сол жерді мекен етуге келген орыстар алғашқы уақытта жсті палата (шатыр) тігіп отырган. Қала өзінің атын осы орысша семь (жеті) палатадан алған». Бұл аңыздың шын болуы да мүмкін. Ал Ямышево, Усть-Каменогорск деген атаулар орыс сөздері екендігіне ешбір дау жоқ сияқты. Усть-Каменогорскіні қазақтар өз тіліне ыңғайлап Өскемен деп атайды.

    Ертіс бойындағы қазіргі Павлодар қаласының осылай аталуына дейін, Коряково деген атпен аталған. Бұл жерде Павлодар деп аталганға дейін ел болғандығы жөнінде мынадай материалдар бар. 1764 жылдан бастап сауда жасалған Петропавловск, Ямышево озеро, Семипалатинск, Омск сияқты жерлердің ішінде Коряково да бар.

    Павлодардың бұрын Коряково аталуына дәлел: полковник Красовскийдің бастауымен жиналған материалдардың үшінші бөліміне қосымша географиялық екі карта берілген. Сол картаның алғашқысында Коряково ден берілген объект кейінгі картада Павлодар деп берілген. Павлодарды осы күнге дейін қазақтар Кереку деп атайды.

    Жоғарыдағы Коряково деген топонимді қазақ өз тіліне ыңғайластырып Кереку деп алған. Коряковоның ел тұратын пунктке айналуы және ол жерді орыстардың алғашқы мекендей бастауы 1716 жылмен 1718 жылдың арасына жатады. Өйткені, 1716 жылы Омск (Омбы) қаласы орнатылады да, 1718 жылы Семипалатинск (Семей қаласы орын тебеді. Коряково осы екі объектінің арасында жатқандықтан,1716—1718 жылдары құрыла құрыла бастаған деп есептеуге болады.

    Қазақстан жеріне орыс топонимдерінің енуі ХІХ ғасырда кең өріс алды. Қазақстандағы қазіргі қалалардың көпшілігі ХІХ ғасырда салынды. Бұл қалалардың салынуы орыстардың келуіне тікелей байланысты болды. Орыс топонимдері жалғыз қалалардың атына ғана енбей, деревнялардың, поселкалардың, селолардың атына да енді. ХІХ ғасырда қазіргі облыс орталықтарынан мынадай қалалар салынды: Көкшетау (1824 ж.), Алматы (1854 ж.), Ақмола (1862 ж.), Жамбыл (1864 ж.), Ақтөбе (1869 ж.), Қостанай (1883 ж.), т. б.190)

    Бұл қалалардың әрқайсысының түрліше салыну тарихы мен бағалы жақтары да бар. Олардың көпшілігі орыс мәдениетінің, шаруашылығының және топонимдерінің енуіне тірек болды. Өткен ғасырдағы орыс ғалымдары бұл туралы дұрыс баға беріп кеткен. Мысалы, Көкшетау қаласы туралы мынадай пікір бар: «Кокчетав замечателен тем, что в начале текущего столетия был тем опорным пунктом, посредством которого русская которого русская народность внедрилась в киргизские степи и с которого начала подчинить их в административном и промышленном отношениях».

    ХІХ ғасырда салынған басқа қалалардың да тарихи мәні күшті болды. Мысалы, Алматы қаласы өзінің салынған күнінен бастап, біріншіден, осы жердегі орыстар мен қазақтардықоқандықтардың шабуылынан қорғады, екіншіден, Өзбекстан сияқты Орта Азия елдерінің Россияга қосылуына тірек болды. Алматы маңында орыстардың болуына байланысты орыс топонимдері де молынан ене бастады. Алматының 1851 жылдан 1921 жылға дейінгі Верный деген аты да орыс сөзі екені белгілі.

    Қазақстандағы Сыр бойына орыстардың келуіне Ақмешіттің (қазіргі Қызылорда) Россияға бағынуы үлкен роль атқарды. 1847 жылы салынған Раимек бекінісі 1851 жылдан бастап Аралск бекінісі деп аталды. 1853 жылы Қазалы маңының қазақтары Россияга бағынды да, ол жер» № 1 форт деп аталды, 1867 жылы оның аты өзгертіліп, Казалинск аталды. Қоқан хандығының үстемдігіне байланысты 1820 жылдары салынған Ақмешіт қаласын 1853 жылы Перовский алып, форт Перовский деп аталды. 1867 жылдан бұл форт Перовск қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Сыр бойына орыстардың келуіне байланысты орыс топонимдері көтеп ене бастады.

    Дәл осы кездерде қазақ тілінің негізінде қазақ топонимдері де дамыды. Әдетте топо нимдердің аталуы жөнінде халық арасына жайылған аңыз, әңгімелер де көп болады. Мысалы, Ақмола қаласының шығу тарихына тоқталып өтейік. Ақмола қаласы ХІХ ғасырда ірісауда орталығы болған. Оған Түркістаннан, Сібірден, Россияның Европалық бөлігінен ірі саудагерлер келеді екен. Сол сияқты осы жәрмеңкеге малын ақшаға, товарға айырбастау үшін қазақтар да барған. Қорғалжын, Қарсақбай жақтағы қазақтар күздік жәрмсіңкеге келгенде, малды Есіл өзенінің Ақмола тұсынан өткізетін болған. Үнемі сол бір жерден ғана мал өткізетін болғандықтан, ол жер ылғи қап-қара тақыр болып жатады екен.

    Тарихи мәліметтер де Ақмола қаласының қасында осындай табиғи қара өткел болғандығын дәлелдейді. Ендеше Ақмоланың бұрын Қараөткел атануы осындай өткелге байланысты болған. Қаланың Қараөткел деген атының өзгеріп, Ақмола атануы жөнінде жергілікті тұрғындарда мынадай аңыз бар: «Ертеректе Қараөткелде бір адам өлген. Өлген адамға көр қазғанда, астынан ақ балшық шығады. Өліктің басына салынған моланы сол ақ балшықпен сылайды.

    Орнатылган мола бұдан кейін ағарып, алыстан көзге түсетін болады. Жәрмеңкеге мал айдап келе жатқан, не қалаға келе жатқан адамдар алдымен ағарып көзге түсетін ақ моланы көретін болган». Содан былай қаланы Ақмола деп атап, Қараөткел деген атау Ақмола болып өзгереді.

    ХІХ-ХХ ғасырларда саудага байланысты жалгыз Қараөткел сияқты топоним емес, бұдан басқа да Атбасар, Тайша, Қоянды, Бақты, Қатонқарағай (ІШығыс Қазақстан облысында) жәрмеңкелері деп аталатын топонимдер жасалды.

    Сонымен қатар революцияға дейін Қазақстанда патша үкіметінің үстемдігіне және саясатына байланысты кейбір объектістер патшаның оң қолы болған адамдардың аты- мен аталатын болды. Мысалы, Октябрь революциясынан бұрын қазіргі Қызылорда — Перовск, Шымкент - Черняев, Паскевич шығанағы, Столипин селосы т. б. осылар сияқты атаулар болған.

    Октябрь революциясынан кейін социалистік құрылыстың нәтижесінде туған жаңа объектілер пайда болды. Республиканың ішінде облыс, аудан, сельсовет, ауыстсовет, колхоз, совхоздар ұйымдастырылды. Осы объектілердің атаулары Октябрь революциясы тудырған қоғамдық құбылыстарға, оқиғаларға, халық сүйген адам аттарына т. б. байланысты болды. Мысалы: Ленин ауданы, Октябрь ауданы, Совет ауданы, Чапаев сельсоветі т. б.

    Октябрь революциясынан кейінгі топонимдердің ерекшелігі сол, облыс, аудан, колхоз, совхоз сияқты объект аттары өзінің алдынан келген сөзбен тіркесе қолданылады және ол сөз ілік септіктің жасырын түрінде келеді де, соңғы сөз тәуелдіктің үшінші жағында тұрды. Мысалы: Жамбыл ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қоммунизм колхозы т. б.

    Сөйтіп, жоғарыдағы Қазақстан топонимдерінің негізгі жасалу кезеңдерін қорыта келіп, мынаны айтуға болады: Қазақстан топонимдерінің құрамындағы басқа тілден енген топонимдер (согди, араб, монгол, орыс тілдерінен енген топонимдер) белгілі бір тарихи жағдайларға, кезеттерге байланысты ене отырып, сол халықтармен қарым-қатыстыі көрсеткіштері болып, Қазақстан топонимдерінің құрамын кеңейтті. Алайда, Қазақстан топонимдерінің, саны жагынан алғанда, басым көпшілігі қазақ тілінің негізінде жасалған топонимдер. Ал, согди, араб, монғол тілдерінен енген топонимдер Қазақстан топонимдерінің оннан бір бөлегіндей ғана.

    Қазақ тілі негізінде жасалған Қазақстан топонимдері бір ғасырдың ғана жемісі емес, олар ертеден-ақ Қазақстанда біздің эрамызға дейін болған, кейіннен қазақ халқының этникалық құрамына енген рулардың, тайпалардың тілдері негізінде жасалған.

    Қазақтар өз тілімен мемлекеттік және этнографиялық жағынан біртұтас халық ретінде XV—XVI ғасырларда шыққандықтан, сол дәуірге дейін жасалған Қазақстан территориясындағы топонимдердің ертедегі торік семьялы тайпа, халық тілдеріне ортақтас қатысы бар деп ойлаймыз. Анығырақ айтқанда, XV—XVI ғасырларға дейін Қазақстанда жасалған топонимдер осы торік семьясындағы тайпа тілдерінің негізінде жасалып, XV—XVI ғасырлардан былай қарай соның жалғасы ретінде қазақ тілінің негізінде дами берді.


    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    Қазақстанның жер-су аттары: жер-су аттары / А. Әбдірахманов; Қаз. ССР акад. тіл мен әдеб. ин-ты. - Алматы : Қаз. ҒА бас., 1959. - 220 б.

    Қазақстан этнотопонимикасы: зерттелу тарихынан

    А. Әбдірахманов ; жауапты ред. Г. Г. Мұсабаев; Қазақ ССР ҒА, Тіл білімі ин-ты. - Алматы : Ғылым, 1979. - 127 б


    написать администратору сайта