^Nметотнази Психиатрия (копия) (копия). 1. Тйсік Тйсік
Скачать 93.16 Kb.
|
2. Ойлау мазмұны бойынша бұзылады 1) Сандырақ Сандырақ ойлар (бредовые идеи) – аурудың санасын толықтай жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулері. Сандырақтық тану пайда болған кезде сандырақ нақты мазмұнға ие болады, эмоциональды тынышталу жағдайымен жүреді, ол сандырақ кристаллизациясы деп аталады. Соңына түсу сандырағында науқас белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенеді. Әсер ету сандырағында сол аталған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі техникалар мен құралдарды қолданады деп есептейді. Улану сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді: науқас уландырудың негізгі көзі улы тамақ, улы заттар, дәрі, ауа, су деп есептейді. Фабуле бойынша 3 ке бөлеміз: Персекуторлы(соңына түсу): Соңына түсу сандырағы; Әсер ету; Улану; Сиқырлық; Материалдық залал; Дау-дамай; Қарым-қатынас; Қызғаныш және т.б.; Депрессивті өзін-өзі қорлау сандырағы; өзін-өзі айыптау; күнәкарлықтың; ипохондриялық. Ұлылық байлық; өнертабыстар; реформаторлық; жоғары шығу тегі; махаббат. СИНДРОМДАРЫ: • Обсессивті-фобиялық синдром • Дисморфоманиялық синдром • Жедел сенсорлық сандырақ синдромы • Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизм синдромы: псевдогаллюцинациялар, әсер ету сандырағы, психикалық автоматизм- идеаторлы(бұл менің ойларым емес, оны маған басқа біреу салды), моторлы( денемді өзім қимылдатып тұрғаным жоқ, оны басқа біреу қимылдатады), сенсорлы(сенестопатиялық) • Паранояльдық синдром • Параноидтық синдром • Парафрениялық синдром • Капгра синдромы • Котар синдромы 4. Ес Ес - информацияны жинақтау, сақтау және қажет жағдайда жиналған дағдылар мен тәжірибелерді іске асыру. Естің түрлері: • Қысқа уақытты және ұзақ уақытты • Механикалық және ассоциативті Естің негізгі компоненттері: • Фиксация-ақпаратты бекіту • Ретенция- ақпаратты сақтау • Репродукция- сақталған ақпаратты қолдану • Ұмыту Естің патологиясы: 1) Сандық (дисмнезия) 2) Сапалық (парамнезия) Дисмнезия (сандық) келесідей болып жіктеледі: - Гипермнезия - науқас адамның есіне өткен оқиғалар ретсіз, ұсақ-түйектеріне дейін түсіп, ойлау процесіне, жаңа информацияны қабылдауына кедергі келтіреді. Жиі маниакальді синдромда, кейде психотропты заттарды қолданғанда кездеседі. - Гипомнезия - естің барлық функцияларының,әсіресе бекітудің әлсіреуі. Науқас адам жаңа атаулар мен мерзімдерді, болған оқиғаларды есіне сақтай алмай қиналады. Жиі себебі болып мидың органикалық аурулары, әсіресе атеросклероз табылады. Бірақ психиканың функционалды бұзылыстары кезінде де (астениялық синдром, шаршау) болуы мүмкін. -Амнезия - естегі информацияның жоғалуы. Оның түрлері: • ретроградтық - аурудың басталуына дейін болған оқиғаларды есте сақтаудың жоғалуы; • конград - сананың өшуі кезеңінің амнезиясы; • антероград - ауру аяқталғаннан кейін болған оқиғаларды есте сақтаудың жоғалуы • бекіту(фиксациялық) – жадта жаңадан алынған ақпаратты ұзақ уақыт бойы сақтау қабілетінің күрт төмендеуі немесе жоғалуы; • үдемелі – үдемелі органикалық аурудың нәтижесінде барған сайын тереңірек қабаттардың есте сақтау қабілетінің дәйекті жоғалуы (Рибо заңы бойынша); Парамнезия (сапалық) келесідей болып жіктеледі: - Псевдореминесценция- естің иллюзиясы, жоғалған естеліктерді нақты оқиғалармен ауыстыру, бірақ басқа уақытта болған оқиғалармен. - Конфабуляция- естің галлюцинациясы, естен жоғалған естелік орнын ойдан шығарылған, ешқашан болмаған оқиғалармен ауыстыру. - Криптомнезия- құпия естелік, пациенттер естелік ретінде басқа адамдардан, кітаптардан, армандардан және т.б. жерден естіген, оқыған нәрселермен толтырады. - Эхомнезия- дежавю-ге ұқсайды, бірақ дежавюдегідей пароксизмальды қорқыныш сезімі болмайды. - Фантазмдар - - Амнестикалық афазия - белгілі бір затты толық сипаттай алады, бірақ атын ұмытатын жағдай. СИНДРОМЫ: Корсаков амнезиялық синдромы: 1)Фиксациялық амнезия 2)Антероградты амнезия 3)Парамнезия(псевдореминесценция, конфабуляция,криптомнезия) 4)Амнезиялық дезориентация 5. Назар(зейін) Назар(зейін) -сананың белгілі бір объектіге шоғырлануы; сыртқы және ішкі ортадан ең маңызды ақпаратты іріктеу процесі. Сергектік күйі (сергектік) назардың қажетті негізі (ми діңінің ретикулярлық қалыптасуы). Назардың түрлері: 1. Еріксіз – «пассивті», адамның саналы ниетіне қарамастан, зейіннің шоғырлануы әсер етуші тітіркендіргіштердің қасиеттеріне бағытталады(таламус, лимбиялық с-ма, қабылдаушы қыртыс). Пассивті зейін филогенезі жағынан ежелгі үрдіс, ол шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады. 2. Ерікті – «белсенді», саналы түрде бағытталған және реттелетін назар, онда адам назар аударылатын объектіні өзі таңдайды (маңдай бөліктері, алдыңғы иірілім). Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты, бұл адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа ұшырайды. Тітіркендіргіштердің көп мөлшерінен саналы және бейсаналы түрде адам олардың ең маңыздысын таңдайды, ал қалғандарын елемейді. Егер мұндай таңдамалылық болмаса, келіп түсетін ақпараттың көлемі соншалық, оны өңдеу үшін жүйке жүйесінің ресурстары жеткіліксіз болар еді. Назармен қамтамасыз етілетін ақпаратты өңдеудің таңдамалылығы ақпаратты сырттан қабылдауда да, ойлау және қозғалыс процестерінде де көрінеді. Адамда ассоцияциялар саны көп болуы мүмкін, бірақ ол өзінің мақсатына қажетті кейбіреулеріне ғана назар аударады, ал оның ойлауына кедергі келтіретін басқаларды елемейді. Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып табылады. Назар(зейін) патологиясы: Назар бұзылыстарын екіге бөліп қарастыра аламыз. Олар: сергектік күй бұзылысы (бұл жағдайда ерікті зейінмен қатар еріксіз зейін бұзылады) ерікті зейін сипаттамаларының бұзылуы (оның таңдамалылығы, тұрақтылығы, ауыспалылығы, көлемі және т.б.). 1) Сергектік күй бұзылысы: 1. Назарсыздық(апрозексия)- маңызды және маңызды емес ынталандыруларға зейінді шоғырландыра алмау және зейіннің толық болмауы. Осыған байланысты барлық тітіркендіргіштерді қабылдау бұзылады, олар еленбейді. Негізінде жүйке жүйесінің тонусының, сергектік деңгейінің және әрекетке дайындықтың төмендеуі жатыр. Мұндай күйде адам солғын(вялый) көрінеді, айналада болып жатқан нәрселерге мән бермейді, оның назарын бір нәрсемен аудару қиын немесе мүмкін емес. Әртүрлі дәрежедегі зейінсіздік кездеседі: -сананың бұзылуында -седативті препараттармен уланғанда -айқын шаршауда, апатия кезінде, ауыр интеллектуалдық бұзылуларда -белгілі бір локализациядағы мидың органикалық зақымдануында. 2. Шамадан тыс алаңдаушылық (гиперметаморфоз, аса сергектік) – назарды бірден адамға әсер ететін барлық маңызды және маңызды емес ынталандыруларға аудару. Негізінде жүйке жүйесінің белсенділігінің артуы мен шектен тыс сергектіктің жоғарылауы жатыр. Нәтижесінде зейін өте тұрақсыз, өте өзгермелі болады, адам үнемі әрбір жаңа ынталандыруға көңіл аударып кете береді. Ауыр жағдайларда сана әрекетінің реттілігі мен тұтастығы бұзылады, шатасу, абдырап қалу күйінің дамуына дейін барады. Мынадай жағдайларда кездеседі: - маниакальды күйде - стимуляторлармен және психодислептиктермен уланғанда - кейде галлюцинаторлы-сандырақ күйлерде - белгілі бір локализациясы бар органикалық бас миының зақымдануында. 2) Ерікті зейін сипаттамаларының бұзылуы: 1. Зейіннің тұрақсыздығы (патологиялық зейіннің ауытқымалылығы)– адамның өз еркімен зейінін өзіне қажетті объектіге аудара алмауы, осыған байланысты оның қызметінің өнімділігі төмендейді. Ерікті зейіннің әлсіздігімен жетекші рөлді еріксіз зейін ала бастайды, осыған байланысты адам үнемі оның назар аймағына кездейсоқ түсетін бөгде тітіркендіргіштермен, кездейсоқ ойлармен («бұлттарда қалықтайды», «қарға санайды») назары ауытқып кетеді. Науқас зейіні үздіксіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланып үлгереді, бірақ зейіннің бір объектіге шоғырланып, бір орында отыруы мүмкін болмайды. Бұзылыстың ауырлығы әртүрлі болуы мүмкін. Гиперактивтілікпен жүретін зейін тапшылығы синдромы(СДВГ-синдром дефицита внимания с гиперактивностью) - негізінде ерікті зейіннің тұрақсыздығы жататын бұзылыс. Бұл негізінен мектеп үлгеріміне және жұмыс қабілетіне әсер ететін салыстырмалы түрде жеңіл зейіннің бұзылуының тұтас спектрімен көрінуі мүмкін. Ерікті зейіннің шоғырлануын сақтау қабілеті балада ол дамып келе жатқанда бірте-бірте қалыптасатынын есте ұстаған жөн, сондықтан балалардағы бұл бұзылысты бағалау үшін жас нормаларын ескеру қажет. 2. Зейіннің қажуы(истощаемость) – адамның өз еркімен зейінін ұзақ уақыт ұстай алмауы; бастапқыда зейін индивидке қажет нәрсеге бағытталады, бірақ ол шаршаған сайын ол таусылады, демек, еріксіз зейін алдыңғы орынға шығады. Мұндай науқас әңгімелесу және ақылмен жұмыс жасау үрдісінде тез шаршайды, әңгіме арқауы үзіледі, жауап қайтару сапасы төмендейді. Бұндай симптом кездеседі: -шаршау кезінде -астенияда -СДВГ-да -бас миының органикалық зақымдануында 3. Зейіннің ригидтілігі (тұтқырлық, патологиялық қадалу) – зейінді бір тақырыптан немесе объектіден басқа тақырыпқа немесе объектіге ауыстырудағы қиындықтар. Баяу ойлаудың немесе брадифренияның көрінісі ретінде қарастырылады. Бұндай симптомы бар адам басқа ынталандыруларға назарын аудара алмайды және айналасында болып жатқан барлық нәрсеге мән бермей, тек белгілі бір тақырыпқа шамадан тыс назарын қойып, патологиялық пайымдауларын (сандырақ, аса бағалы идеялар мен обсессациялар(жабысқақ ойлар)) сипаттағанда да сол тақырып туралы айтады. Зейіннің патологиялық қадалуы кездеседі: -депрессивті ауруларда: науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта өз күйінен шығар жол жоқтай ойында бір ғана тақырып қайталанады. -мидың органикалық ауруларында: эпилепсияда, қан тамырлары ауруларында және т.б. 4. Зейін көлемінің тарылуы – бір уақытта зейіннің назарында аз ғана заттарды ғана ұстау мүмкіндігі. Керемет мысал аффект (аффективті тарылған сана) - жедел дамитын, күшті эмоционалды қозудың фонында қабылдауды сақтай отырып, қабылданатын ақпараттың (соның ішінде туннельдік көру деп аталатын) мөлшері күрт шектеле отырып, тек эмоционалды маңызды объектілерге назар аударып, адамды қоршаған басқа объектілер (оның ішінде қазіргі жағдайдан шығудың жолын табуға көмектесетін немесе баламалы әрекетке мүмкіндік беретін де объектілер) қабылданбайтын жағдай. 6. Интеллект Интеллект - адамның немесе тірі ағзалардың жаңа жағдайларға бейімделуге, өз білімі арқасында үйренуге, абстрактілі концепцияларды түсіну және қолдануға көмектесетін психика қасиеті. Интеллект патологиялары: Интеллект патологиясы туа біткен немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа біткен кемақылдылық: ақыл-ой кемістігі(олигофрения)- бұл интеллектуалдық қабілеттердің айтарлықтай жетіспеушілігімен туа біткен немесе ерте балалық шақта (3 жасқа дейін) психиканың жалпы дамымаған күйі. • Олигофрения – туа пайда болған кем ақылдылық. • Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық. 1) Олигофрения келесідей жіктеледі: Дәстүрлі жіктемеге байланысты 3-ке жіктеледі: -дебилділік -имбецилділік -идиотия • Дебилділік- жеңіл түрдегі кем акылдылық. Науқас адамдардың абстрактілік ойлау қабілеті төмен, білімі қарапайым, өз бетінше жұмыс істей алмайды, баяу, бірақ есте сақтау, сөйлеу мен еліктеушілік қабілеті жақсы дамыған. Арнайы мектеп, интернаттарда оқу, жазуға, санауға және біреудің қарауында қарапайым жұмыс істеуге үйретіледі. • Имбецилділік бұндай науқастардың абстрактілік ойлауға қабілеті жоқ, сөз қоры өте аз, сөйлем құрай алмайды, әріп пен сан білсе де оқи алмайды, қойған сұрақтарға өте қарапайым жауап береді. Өзін күтуге, қарапайым жұмыс істеуге үйретуге болады. • Идиотия психикалық кем ақылдылықтың терең түрі. Науқас адам сөйлемейді, эмоциялары қарапайым (жылау, айғайлау), жүре алмайды, кейде стереотипті қимылдар жасайды, өзін-өзі күте алмайды. Осындай науқастаға І топ мүгедектігі беріледі. Аурулардың халықаралық классификациясының (1994 ж.) 10-шы қаралымында( МКБ-10) ақыл-ой кемістігін ауырлығына байланысты төрт дәрежеге жіктейтейді: • жеңіл • орташа • ауыр • терең (яғни имбецилділік екі деңгейге бөлінген - орташа және ауыр ақыл-ой кемістігі). • Ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесі (дебилділік) Бұл жағдайда когнитивті бұзылулар күрделі ұғымдар мен жалпылауларды қалыптастырудың қиындығы мен абстрактілі ойлаудың мүмкін еместігі немесе қиындығында болып табылады. Ойлау негізінен көрнекі-бейнелі болады, жиі күнделікті сөйлеу жақсы дамыған болады (онда кейде күрделі абстрактілі ұғымдар қолданады, бірақ олардың мағынасын әрқашан түсіне бермейді). Көптеген жағдайларда жеңіл ақыл-ой кемістігі бар адамдар күнделікті үй шаруасын жақсы орындап, жақсы практикалық хабардарлық таныта алады («олардың дағдылары білімдерінен жоғары» - Е. Крапелин). Олар арнайы оқу бағдарламаларын меңгеруге және қарапайым еңбек дағдыларын меңгеруге қабілетті. Олардың көпшілігі арнайы мектептер мен мамандандырылған кәсіптік оқу орындарын бітіріп, біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істеп, отбасын құрып, жеке шаруашылықтарын жүргізеді. Дегенмен, олар мінез-құлықтың басым стереотипін өзгерту қажеттілігі туындайтын стандартты емес жағдайларға жолыққан кезде жиі қиындықтарға тап болады. Олар өз пайымдауларын әрең қалыптастырады, көбінесе өз еркімен шешім қабылдай алмайды , басқалардың айтқанына көнгіш(внушаемы), сондықтан олар басқа адамдардың көзқарастарын оңай қабылдайды, кейде басқалардың теріс әсеріне ілініп кетуі мүмкін (мысалы, зиянкестер жеке пайдасы үшін араңдата отырып, қолындағы құралға айналдыруы мүмкін). Мақал-мәтелдерді түсіндіріп, логикалық ойлауға есептер шығарғанда, олар нақты түсіндірмелер немесе кездейсоқ жауаптар беруге бейім. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар адамдарда IQ 50-69 диапазонында болады, бұл шамамен 9-12 жастағы балалардың психикалық дамуына сәйкес келеді. • Орташа ақыл-ой кемістігі (имбецилдіктің жеңіл нұсқасы) Психикалық дамуы орташа тежелген адамдар психикалық дамуы ауыр тежелген адамдарға қарағанда анағұрлым күрделі түсініктерді қалыптастыра алады. Оларда өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары болады, еліктеумен ең қарапайым еңбек дағдыларын жаттықтыру арқылы меңгере алады. Олардың сөздік қоры бай, қарапайым сөз тіркестерімен өз ойларын жеткізе алады, қарапайым әңгіме құра алады. Бұл индивидтердің салыстырмалы бейімделуі оларға жақсы белгілі жағдайларда ғана мүмкін болады, жағдайдың кез келген өзгерісі оларға нақты (тікелей тәжірибеден алынған) түсініктерін пайдалана отырып, жаңа жағдайға бейімделуіне қиындық тудырады, себебі олар бар түсініктерін пайдалана отырып жаңа жағдайға бейімделе алмайды. Мұндай адамдар өз бетінше өмір сүре алмайды, оларға үнемі басшылық пен бақылау қажет. Олардың кейбіреулері ең қарапайым жұмыстарды арнайы жасалған жағдайларда (мысалы, емдік-еңбек шеберханаларында) орындай алады. Бұл науқастардың IQ деңгейі 35-49 аралығында. • Ауыр ақыл-ой кемістігі (имбецилдіктің ауыр нұсқалары) Танымдық белсенділік ең қарапайым бейнелерді ғана қалыптастыру мүмкіндігімен шектеледі; абстрактілі ойлау, жалпылау мүмкін емес. Пациенттер өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын ғана меңгереді, оларды оқыту мүмкін емес. Сөздік қоры бір-екі ондаған сөзбен шектеледі, сөздік қоры тек олардың негізгі қажеттіліктерін жеткізуге жеткілікті. Неврологиялық бұзылулар жиі кездеседі. Науқастар үнемі күтім мен назарды қажет етеді. Бұл науқастардың IQ деңгейі 20-34 аралығында. • Терең ақыл-ой кемістігі (идиотия) Идиотия – танымдық қабілеттердің дамуының ең терең(өрескел) бұзылуы. Психикалық дамуының ауыр тежелуімен ауыратындар өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын да (киіну, жуу, ас құралдарын пайдалану және т.б.) меңгере алмайды, олардың сөйлеуі не мүлде қалыптаспайды, не аз ғана қарапайым сөздерден тұрады, өздеріне айтылғанды аз ғана түсінеді, өзіне қамқорлық танытып жүрген адамдарды(мысалға,анасын) танымауы мүмкін, жеуге болатын және жеуге болмайтынды ажырата алмайды (жеуге болмайтын заттарды жұтады), көбінесе кеңістіктік қатынастар туралы түсінігі болмайды (мысалы, биіктік туралы: олар үлкен биіктіктен құлап кетеді), сирек ыстық, ащы және т.б. (зақымдануы, күйіп қалуы мүмкін) туралы түсініктерді қалыптастырады. Көп жағдайда интеллекттің дамымауы қозғалыс сферасының бұзылуларымен және ауыр соматикалық ауытқулармен бірге жүреді. Басқалардың тұрақты күтімі мен бақылауын қажет ететін мұндай науқастардың өмірі ең қарапайым өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандырумен анықталады. Ақыл-ой кемістігінің терең бұзылысы бар адамдардың IQ деңгейі 20-дан төмен. 2) Деменция келесідей жіктеледі: - Органикалык - Шизофрениялык - Эпилепсиялык • Органикалық деменция- бас ми жарақаттарында, ми тамырларының ауруларында, қарттық және сифилистік психоздарда кездеседі. Ол жіктеледі: тотальді (диффузді) ошақты (дисмнестикалық, лакунарлық, парциалді) 1)Тотальді органикалық деменция науқас адамнын барлық интеллектуалді функциялары төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және ауруына сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлгалық қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып, палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері ояна бастайды. 2)Ошақты органикалық деменция науқас адамда негізінен есте сактау бузылыстары болады. Ой пайымдау қабілеті, өз жағдайына сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа информацияны қабылдау қиын, сондықтан ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан жаттықтырылған, әсіресе профессионалді дағдылары ұзак уақыт бойы сақталады. • Шизофрениялық деменциянауқас адамда абстракті ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Бірақ апатия мен абулия салдарынан науқаста еңбек етуге, басқа адамдармен карым-катынаста болуға құлқы жоқ. Сондықтан осындай науқастарды кітапқа толы, бірақ ешкім оқымайтын шкафпен салыстырады. • Эпилепсиялық деменция есте сақтау қабілеті төмендеп, ойлау қабілеті өзгереді. Науқас адамда ой пайымдылығы, детализацияға құмарлық, сөз қорының азаюы мен қыстырма сөздерді көптеп қолдану байқалады; жиі кызығушылық төмендеуі мен өзінің жағдайына ерекше назар аудару болады (концентрациялық кем акылдылық). СИНДРОМДАРЫ: Психоорганикалық (энцефалопатиялық) синдром: Органикалық психосиндром (психоорганикалық синдром, энцефалопатикалық синдром) – мидың органикалық зақымдануының дамуын тудыратын әртүрлі синдромдар. Бұл синдромның көріністері кең таралған. МКБ-10 сәйкес анықталған көріністердің маңыздылығына қарай 2 топқа бөлінеді: - когнитивтік функциялардың бұзылуы (есте сақтау, интеллект, оқу, зейін және т.б.); - қамту, мазмұн, эмоция, мінез-құлық бұзылыстары. |