Главная страница
Навигация по странице:

  • Бейнежазба (видеоролик) « Топтағы жұмыс» қарастырылады. – 8 мин

  • « Қандай кедергіге тап болдық»

  • « АДАСҚАН СӨЗДЕР»

  • Біз оны қандай жолмен анықтаймыз »

  • Әріптестерден алынған сауалнамалар дәлелдемелері

  • Кері байланыстағы әріптестердің ұсыныстары мен тілектері

  • 2. « Сабақтың мақсатын дұрыс қою» коучингісіне жазылған рефлексивтік есеп.

  • 2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

  • 3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау.

  • 1. Топты жмысты йымдасытыру коучингісіне жазылан рефлексивтік есеп. Бірінші Бетпе бет


    Скачать 3.66 Mb.
    Название1. Топты жмысты йымдасытыру коучингісіне жазылан рефлексивтік есеп. Бірінші Бетпе бет
    Дата20.03.2022
    Размер3.66 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла13.docx
    ТипДокументы
    #405005

    1. « Топтық жұмысты ұйымдасытыру» коучингісіне жазылған рефлексивтік есеп.

    Бірінші «Бетпе бет» кезеңінде коучтің барлық міндеттерін, коучинг өткізу мақсаттарын толық түрде оқып, түсініп, талдап, ортаға салғаннан кейін, ІІ деңгей Бағдарламасының қай модулі болмасын, барлығы топтық жұмыстың ұйымдастырылуымен атқарылатынын ескере отырып, «Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру» тақырыбында бірінші коучингті өткізуді жөн көрдім.

    Қазіргі кездегі дәстүрлі сабақтардағы ұйымдастырылып жүрілген топтық жұмыстардың дұрыс орындалмайтынын, топтық ереженің сақталмайтынын, топтық бағалаудың мүлдем жоқтығы «Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру» тақырыбында коучинг өткізуге түрткі болды.

    Мен жұмыс істейтін мектеп, негізгі базалық, оқытылу тілі қазақ тілінде жүргізілетін және жеке құрылған жоспарлар бойынша оқытылатын лицей сыныптарынан құралған ұлттық мектеп – лицейі. Мектеп 2001 жылы ұлттық мектеп болып ашылды.

    Мектеп мұғалімдердің ішінен менің коучинг сабағыма, барлығы 11 мұғалім қатысты. Олар, химия пәні мұғалімі- 1, математика пәні мұғалімдері -3, қазақ тілі мұғалімдері-2, технология пәні мұғалімі-1, орыс тілі мұғалімі-1, биология пәні мұғалімі-1 болды. Мұғалімдерге шақыру билеттері өзгеруге бейім, елгезек, жаңашыл мұғалімдерге бердім.

    Қазір, қай мұғалімнің сабағына болсын қатыссаң, мұғалімнің ашық сабағы топтық жұмыс арқылы жүргізіліп жатады. Ол да бір, жаңаша өткізудің түрі ретінде. Сабақ басталғанда, оқушылар бөлініп қойылған шағын топтарға арналған парталарда отырады. Сыртынан топқа бөлінген дегені болмаса, онда топтың ережесі, топ мүшелерінің рөлдері және топтық бағалау деген топтық жұмыстың негізгі міндеттері мен мақсаттары іске кез келгені тек қана топтық жұмыс ұйымдастыру негізінде іске асырылады. Сондықтан да, әр істің басталуы оның ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Егер оқушы топтық жұмыстың ережесін, міндетін, топтағы өз рөлін жақсы білсе, оның жұмыс істеуі әлде қайда түсінікті, әрі нәтижелі болатыны сөзсіз.

    Мен бұл коучинг сабағымда әріптестеріме, топтық жұмыстың ұйымдастырылуы, топтық жұмыстың ережесі, топтық жұмыстағы оқушылардың рөлдері және топтық жұмысты бағалау туралы жетік түсіндіруді жөн көрдім.

    Коучинг сабақты ұйымдастыруда, мен « Мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, топтық жұмысты теорияға сай ұйымдастыруды үйренеді» деген мақсат қойдым. Осы мақсатқа жету барысында, ең алдымен мұғалімдердің көңіл күйлеріне әсер етіп, сәлде болса шынықтыратын «Қаражорға» әуенді ырғақты сергіту сәтімен бастадым. Сергіту сәтінен кейін, еркіндік атмосферасын және позитивтік қарым-қатынас орнату мақсатында, қорапшада салынған, тілек жазылған кәмпиттерді бір- бірден алып, ортада тұрып, бір-біріне тілек айтып, кәмпиттерді сыйлай отырып, кәмпиттің түсімен топқа бөлінеді. Топтастыру стратегиясы бойынша, «Топтық жұмыс» сөзін топтастырады. Әр топ жұмыстарын қорғайды . Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.

    Бейнежазба (видеоролик) « Топтағы жұмыс» қарастырылады. – 8 мин

    Топтағы жұмысты әр топ сырттай бақылап, жеке, жұппен, топпен талқылап, « Қандай кедергіге тап болдық?» сұрағына жауап береді. Топта қандай сәтсіздіктер орын алды талқыланады. Топта жұмыс істеу рөлдері талқыланып, ортақ шешім қабылданады.

    Осы ортақ шешімді қабылдай отырып, мұғалімдер топтық жұмыстың ережесін, топтық жқмыстағы оқушлардың рөлдерін кедергіден шыға отырып талқылап, бірге шешім қабылдады. Талқылай отырып, әріптестер топтық жұмысты ұйымдастырудың маңызын, топтық жұмысты пайдалану себептерін, топтың көлемін, топтағы жұмысқа арналған ережелермен және топтық жұмыстағы оқушылардың рөлдерінің маңыздылығын толық қарастырып, талдап, түсініп, бұрыңғы топтық жұмыспен салыстыра отырып, айымашылықтарын анықтады.

    Талқылаудан соң, « АДАСҚАН СӨЗДЕР» атты мұғалімдерді қызықтыра отырып, сергіту сәтін ұйымдастырдым.

    Әріптестер топтық жұмыс туралы толық түсініп алған соң, енді алған білімдерін іске асыру мақсатында «Білу қажет!» стенді әдісі бойынша топтық жұмыс жасады . Ортада мәселені талқылап, топ мүшелері бір-бірінің пікірін толықтырды. «Білу қажет!» стенді

    Осы әдістен кейін топтық жұмысты критерий арқылы бағалау жайында, қысқаша тоқталып түсіндіріп кеттім. Топты критерий арқылы бағалау, әріптестердің қызығушылығын туғызды.


    Сабақтың соңы эмоция арналған кері байланыспен және сауалнамамен аяқталды.

    Осы коучинг сабақ барысында, әріптестердің нақты топтық жұмыстың ережесін сақтай отырып, «Білу қажет!» стендін толтырып, талқылағандары өте жақсы шықты.

    Ал, сәтсіздікте осы «Білу қажет!» стендінен шықты. Сәтсіздік стендтің «Біз оны қандай жолмен анықтаймыз ?» сұрағынан шықты. Бұл сұраққа стендтің «Бізге нені білу қажет ?» бөлімінен жауап алу керек еді. Сосын, менің түсіндіруіммен мұғалімдер түсініп, тапсырманы орындап шықты.

    Коучинг сабағы мұғалімдер арасында бірінші рет өткізіліп тұрғаннан соң, әрине, мұғалімдерге өте қызықты болды. Коучинг сабақтың басталғанынан аяқталғанға дейін, мұғалімдер тек қана топта жұмыс істеу барысында, топтық жұмысқа машықтана бастады. Сонымен қатар, мұғалімдерге мәселе тудыра отырып, мәселеден шығу жолдарын бағыттай отырып, қойылған сұрақтарға өздері жауап беру барысында, толықтай топтық жұмыстың ұйымдастырылуымен өздері танысты. Топтық жұмыстың ұйымдастырылуының нақты теориясына сүйене отырып, мұғалімдер өздерінің бұрынғы жұмыс істеп жүрген топтық жұмыстарымен салыстырып, айырмашылықтарын тапты. Сабақтың соңында мұғалімдер топтық жұмысты қалай дұрыс ұйымдастыру керек екендігі туралы толық нұсқаулық алып, толық түсініп, тапсырма орындай отырып, топтық жұмысты ұйымдастыруды іске асырды. Коучингтің мақсаты – әріптес мұғалімдерге Бағдарламаның жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету, яғни, үйренулеріне итермелеу болғандықтан, осы коучинг сабағында «Білу қажет!» стенді бойынша мәселені шешудің әдіс-тәсілін көрсетуді жөн көрдім. Тапсырманы орындау барысында, әрине мұғалімдердің пікірлері тапсырмаға қызығып кіріскендері ерекше болды. Бұл әдіс мұғалімдердің барлығына ұнады. Бірақ, топтық жұмысты ұйымдастыруда да мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп жатты. Атап айтар болсам, математика пәндері мұғалімі, шығарылатын есептің көптігінен математика пәні сабағында топтық жұмысты ұйымдастыру аздап қиынға соғады және бір сабақтың үстінде үлгермеуіміз де мүмкін деген пікірлерін білдірді. Бірақ, Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс- тәсілдерді тиімді, әрі оқушыларды қызықтыра қолдансақ, онда орындалмайтын, бітпейтін жұмыс жоқ деген ұйғарымға келдік. Коучингтің соңында, топтық жұмысты ұйымдастырудағы әріптестердің пікірін, көзқарастарын және ұсыныстарын білу мақсатында сауалнама жүргіздім.



    Әріптестерден алынған сауалнамалар дәлелдемелері

    Сабақты «Бір тілек, бір ұсыныс» кері байланысымен аяқтадым.




    Кері байланыстағы әріптестердің ұсыныстары мен тілектері

    Өз білімімді әдебиеттер, басқа бірге оқыған әріптестер және тренерлердің көмегімен жиі әрі үздіксіз жетілдіре отырып, оқыту мақсатын іске асыруда ерінбей еңбек етемін. Алдағы уақытта, мектептегі сабақ беру әдістемемнің толығымен өзгеретініне көзім әбден жетті. Сонымен қатар, өзім ғана өзгеріп қоймай, өзге әріптестерімді де Бағдарламаның 7 модулін түсіндіре отырып, бірге жұмыс істеуге жетелеймін.
    2. « Сабақтың мақсатын дұрыс қою» коучингісіне жазылған рефлексивтік есеп.

    Мұғалімдерге оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдерді, жеке тұлғаға бағытталған оқытуға және барлық оқушыларға өз әлеуеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін мінез-құлықты басқару стратегияларын пайдалануда қолдау көрсету бағдарламадан күтілетін нәтижені іске асыру барысында, екінші коучинг сабағымды өткіздім. Коучинг сабағымның тақырыбын « Сабақтың мақсатын дұрыс қоя білуге үйрету» деп таңдап алдым. Коучинг сабақтың негізгі мақсаты мұғалімдерді сабақтың мақсатын дұрыс қоюға жетелеу болып табылады.

    Өйткені, мақсат оқушылар не білуі, не түсінуі тиіс екендігін немесе сабақтың соңында немесе бірнеше сабақтан кейін олардың не істеуге қабілетті екендіктерін сипаттайтын бір немесе бірнеше сабақтың нәтижесі болғандықтан, кез келген мұғалімнің сабақ мақсатымен таныссаңыз, мақсаттың ауқымды, шынайы емес, өлшемсіз екеніне осы уақытқа дейін қанша әріптесімнің сабақтарына қатысып, сабақтарын талдап, мақсатымен танысқан кезде көзім жетті. «Мақсатсыз адам-қанатсыз құспен тең» дегендей әр нәрсенің нәтижесі мақсатынан екенін ескере отырып, коучинг сабағын жоспарладым.

    Мектеп негізгі базалық, оқытылу тілі қазақ тілінде жүргізілетін және жеке құрылған жоспарлар бойынша оқытылатын лицей сыныптарынан құралған ұлттық мектеп- лицейі. Мектеп мұғалімдердің ішінен менің коучинг сабағыма, барлығы 11 мұғалім қатысты. Шақыру билеттерін үнемі ізденіс үстінде, өзгеруге бейім, елгезек, жаңашыл мұғалімдерге бердім. Бірінші коучингте қатысқан мұғалімдерің басым бөлігі қызығушылық танытып, екінші коучингтің қашан өтетінін сұрап, біліп отырып өздері қатысуға ниеттерін білдірді.

    ІІ деңгейлік курстың Бағдарламасымен толық танысып, теориялық тұрғыдан игерген кезде, қазіргі дәстүрлі қалпында жүргізіліп жүрген сабақтарымыздың мақсатының ауқымдылығы, шынайы еместігі әрі оқушының әрекетіне бағытталмағандығын түсіндім. Енді бұл мәселе, біздің мектептің барша мұғалімдерінде де бар деген оймен, өзімнің білгеніммен бөлісуге асығып, мақсат дұрыс қойылмаса, нәтиженің болмайтынына көзім жете отырып, коучинг өткізуді ұйғардым.

    2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау:

    Егер мұғалім оқушының әрекетінен өзінің үйреткенінен көре алса, ести алса, жаза алса, онда сабағының мақсатына жеткені болады. Міне, сабақтың мақсаты туралы толық түсінгеннен соң, өз әріптестеріммен бөлісуге асықтым.

    Коучинг сабақты «Екінші коучинг барысында мұғалімдер сабақтың мақсатын дұрыс қойып үйреніп, мақсат қоюдың жаңа түрлерімен танысады» мақсатын қоя отырып, іске асырдым.

    Коучингті мұғалімдердің шаршауын басып, денелерін сәлде болса шынықтырып, көңілдерін көтеру мақсатында «Ритмдік қозғалыс» сергіту сәтінен бастадым.

    «Адасқан мақалдар» ойыны бойынша, мұғалімдерді топқа бөлудің қандайда бір басқа әдісімен таныстыру мақсатында « Еңбек», «Білім», «Тәрбие» тақырыптарына мақалдар таратылып, өздері мақалдан не туралы екенін түсініп, топтарын тауып отыратын әдісімен топқа бөлдім.

    Ең әуелі, коучингті бастамас бұрын, өткен коучингтегі топта жұмыс істеу ережелерін бірден еске түсіріп, топ мүшелерін белгілеп алдық.

    Ең бірінші тапсырма мұғалімдердің сабақ мақсаты туралы ойларын білу мақсатында, « Сабақ мақсаты» сөзін қалай түсінеміз түрінде постер қорғау болды. Мында мұғалімдер өз түсініктерін ортаға салып, дәстүрлі сабақтың мақсатымен түсіндіруде болды.

    Екінші тапсырмада, мұғалімдерге дайын дәстүрлі сабақтың жалпылама түрде қойылған мақсаттарының үлгілері берілді. Бұл тапсырманы бергендегі баста мақсатым-мұғалімдердің сабақ мақсаттарымен таныса отырып, сабақтың мақсатынан жалпы сабақтың көрінісін елестеткізу болды. Бір ғана мұғалім мақсаттың оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарағанда жалпылама түрде екенін, анық қойылмағандығын айтты. Тапсырмалардан соң, теориялық нұсқау бердім. Сабақтың мақсаты деген не? Мақсат қою деген не? екенін түсіндіре отырып, сабақтың мақсаты- бір сабақтың нақты нәтижесі екендігі түсіндірілді. Топтық тапсырма мұғалімдерді сабақтың мақсатын нақты қойып, машықтандыру негізінде әр топқа кез келген пән бойынша, мақсат құру ұсынылды. Мақсатқа келесі сұрақтар қойылды:

    -Сіздің мақсатыңыз оқуыту мақсатын анықтай ма ?

    -Ол Сізге мұғалім ретінде оқушылардың сабақ соңында бір нәрсені меңгергендігін анықтауға көмектесе ме ?

    -Сіз сабақтың нәтижесін “көріп”, “тыңдап” немесе “оқып шыға” аласыз ба?

    Осы сұрақтардан соң, теориялық мағлұматтарды жалғастырдым. Бұл теориялық мағлұматта сабақ мақсатындағы тұйық етістіктің орнына, осы шақтағы етістікті қолданатындығы туралы және СМАРТ мақсаттары туралы толық мағлұмат бердім




    Мұғалімдер берілген тапсырмаларды орындау, талдау, қорытындылау үстінде


    Дәстүрлі сабақтың мақсаты мен жаңаша сабақтың мақсатын салыстыра отырып түсіндірдім. Сабақтың басында берілген дайын дәстүрлі сабақтың мақсатын, жаңаша құрылған түрінде ұсындым.

    Сабақтың келесі кезеңінде, сергіту сәті ретінде, әрі мақсаты дұрыс қойылмаған сабақтың қалай болатынын иллюстративті түрде мұғалімдердің көздерін жеткізу мақсатында «Вавилон мұнарасы» жаттығуын орындады.

    Коучингтің мақсаты-тәлім ету, дайындау және жаттықтыру болғандықтан, осы сабақта мен мұғалімдерге оқытудың тағы да бір жаңа Эдвард де Бононың «Ақылдының 6 ойлау шляпасы» тәсілін көрсетуді жоспарладым. Бұл тәсіл әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру” мақсатында іске асырылады.

    Сабақтың қорытынды бөлімінде «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы алынды. Сабақтың соңын «Көбелек сабағы» презентациясымен аяқтадым.

    Сабақ бойынша, барлық тапсырмалар ойдағыдай орындалды. «Ақылдының 6 қалпағы» бойынша жұмыс істеуде, қызыл қалпақтар міндеттерін дұрыс түсінбей, біраз айналды. Бірақ, менің бағыттауым бойынша міндеттерін түсініп, тапсырманы орынды орындап шықты.

    3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау.

    Шақыруды алып, коучинг сабағының тақырыбымен танысқан соң, коучинг тақырыбы мұғалімді біраз ойландырды. Қанша жыл жұмыс істегенде біз, сабақтың мақсатын дұрыс қоймадық па? деген сыни көзбен қарады. «Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады» («Мұғалімге арналған нұсқаулық», 81 бет) сөзіне сүйене отырып, мұғалімдерге азда болса әдістемелік көмек беруге тырыстым.

    Алдымен берілген тапсырмаларда, мұғалімдер дәстүрлі сабақтың мақсаттарынан шықпады. Бірақ, соңғы жаңаша оқыту курстарына қатысып жүрген мұғалім ғана, берілген тапсырмадағы сабақтың мақсатын жақсылап талдап берді. Ол кісі берілген дайын сабақ мақсаттары жалпылама, түсініксіз екенін толық түсіндіре отырып, жас ерекшеліктеріне байланысты мақсаттың дұрыс еместігін дәлелдеп берді.

    Мұғалімдерге берілген теориялық білімдер негізінде, сонымен қатар дәстүрлі сабақтар мен жаңаша сабақтардың мақсаттарын салыстыра түсіндіру нәтижесінде, түсініп, өздері түсінгендерінше мақсаттарын құрып, бұрын құрған максаттарымен салыстыра отырып, мақсаттың дұрыс қойылмай жүргенін мойындады. Бірақ, біраз машықтанғанша, менімен бірге жұмыс істеуді ұсынды.

    Мұғалімдерге көрсетілген « Ақылдының 6 қалпағы» тәсілі мұғалімдерің көңілінен шықты. Әр топ өз рөлдерін қызыға түсініп, орындады. Мұғалімдер алдағы уақытта қолданамыз деп құлшыныс білдірді. Сабақтың соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын бердім.



    Кері байланыс

    Бұл коучингтен, алдыңғы коучингтегі олқылықтарды жеңе отырып, жұмыстың жүйеленгендігіне көзім жетті. Осы Бағдарламаның көмегімен өзім әдістемелік тұрғыдан зор білім ала отырып, жұмыстағы бағытымды өзгерткенімді сезіндім. Алдағы уақытта да, осы бағытымды жетілдіре отырып, жұмысымды жалғастырып, мұғалімдердің қажеттілігінше әдістемелік көмекті қолымнан келгенінше аямаймын.


    написать администратору сайта