Главная страница

Сессия Экология (1). 1. Трмысты алдытарды утилизациялау (кдеге жарату) дістеріне айсылары жатады термоыдырату


Скачать 91.25 Kb.
Название1. Трмысты алдытарды утилизациялау (кдеге жарату) дістеріне айсылары жатады термоыдырату
Дата27.12.2022
Размер91.25 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСессия Экология (1).docx
ТипДокументы
#866319
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6


1. Тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау (кәдеге жарату) әдістеріне қайсылары жатады: термоыдырату,

2.2012 ж Рио-Де Жанейрода (Рио+20) Біз қалайтын болашақ атты қабылданған құжаттың мақсаты: Жасыл экономика

3. Өсімдік немесе жануарлар шикізатынан, организмдердің қалдықтарынан немесе органикалық өндірістік қалдықтардан алынатын отын: биоотын

4. Күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін энергия:жасыл энергия

5. Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасының іске асыру үш кезеңде жоспарланған. Қазір қай кезеңіндеміз?Екінші кезең(2020-2030),(қосымша Бірінші кезең 2013-2020; Үшінші кезең 2030-2050))

6.Тұрақты даму мақсаттары Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде қай жылы қабылданды? 2015

7. Біздің ортақ болашағымыз" атты баяндаманы жасаған қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссияның төрайымының аты жөні кім?

e.Гру Харлем Брундтланд

8. Тұрақты даму мақсатына жетуді басқару, осы үрдістерді бақылау, пайдаланылатын құралдарды бағалау тиімділігі, алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің көрсеткіштері: b.тұрақты даму индикаторлары

9. Тұрақты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен ________ халықаралық конференцияда аталып өтті: e.қоршаған орта мен тұрақты даму жөніндегі

10. Қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму дегеніміз____ e.Тұрақты даму

11. Тұрақты даму концепциясының мақсаттар саны: 17

12. Тұрақты даму концепциясының міндеттер саны: 169

13. Қазақстанда мемлекеттік қорық саны: 10

14. Қазақстанда ұлттық парк саны: 14

15. Юнеско-ның «адам және биосфера» бағдарламасы бойынша әлемде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қалай аталады? a. мемлекеттiк табиғи қаумалдар b. биосфералық резерваттар c. табиғат ескерткiштерi d. табиғи қорықшалар e. дендрологиялық парктер: биологиялық резерваттар

16. Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының (хтқо) қызыл кітабіндегі қауіпсіздік мәртебелеріның саны қанша? қысқарған сөз: халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (қазақша хтқо, ағылшынша iucn, орысша мсоп) d. 7

17. “қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері қанша категорияға (санаттарға) бөлінген: 5

18. Түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы дегеніміз: d. биологиялық әралуандылық

19. Адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сиымдылығы шеңберінде дамитын экономика қалай аталады: Жасыл экономика

20. Қоршаған ортаға әсері аз ғимараттарды салу және пайдалану түрі :

b. жасыл құрылыс

21. Қазақстандағы су электр станциялары негізінен қай өңірлерде шоғырланған :b. елдің шығысында және оңтүстігінде

22. Жасыл» экономиканы дамытудың қанша негізгі бағыттары бар: b. 7

23.--------қоршаған ортаға зиянды әсер деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін және қалпына келетін энергия түрі: жасыл көлік

24.Стратосфера қабатындаңы озон қабатының жұқаруының негізгі себебі: озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуы

25.---------дегеніміз бұл халықты өмір сүру үшін барлық ресурстармен қамтамасыз ете алатын және олар шығаратын барлық қалдықтарды сіңіре алатын биологиялық өнімді аумақпен акваторияның ауданы: экологиялық із

26.Көмір қоры қанша жылға жетеді:400

27. Арал теңізнің суының тартылуының негізгі себебі: Әмудария мен Сырдария өзендерінің суларынығ ауыл шаруашылығына пайдалануынан

28. Табиғи қорлардың шығу тегі бойынша жіктелуі: Табиғи компонеттердің ресурстары табиғи аумақтық кешендердің ресурстары.

29. Қышқыл жауын-шашынды қалыптастыратын антропогендік газ шығындылары: SO2 No2

30. Мал жиі жайылатын елді-мекендер немесе мал тұрақтайтын және суаратын жерлердің төңірегіндегі топырақтар жиі бұзылып, шаңы шығып, желег ұшады: Жайылымдық эрозия

31. ---------дегеніміз жердің климаттық жүйесінің орташа температурасынығ ұзақ мерзімді жоғарлауы: Ғаламдық жылыну

32.---------1968 жылы А.Петчеи ұйымдастыруымен құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерін біріктіретін халыққаралық ұйым: Рим клубы

33.---------суармалы егін шаруашылығымен айналасатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты топырақтың құнарлылық қабаты шайылып эрозияға ұшырайды: рекультивация

34.-----------дегенімзі әлемдік және мемлекет аралық деңгейлерде қалыптасқан экологиялық проблемалар кешені: Ғаламдық экологиялық мәселелер

35.Ауа-райы туралы жетекші ғалымдардың зерттеулері бойынша қазіргі жер бетіндегі жахандық жылынудың себебі: Озон қабатынығ жұқаруы

36.Адамның іс –әрекетінен бөлінген негізгі жылыжайлық газдарға жататындар: көмірқышқыл газы,метан

37.Қазақстандағы жерлердің деградациясының негізгі себебі неде: шамадан тыс мал жаю мен жүйесіз егін шаруашылығы

38. -------пайдалы қазбаларды өндіру кезінде әсіресе ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай құбырларын салу кезінде байқалады: Өндірістік эрозия

39.--------дегеніміз Рим клубына 1972 ж жарияланған есептің аты: Өсудің шегі

40.------- дегеніміх инфрақызыл диапозонындағы радиацияна сіңіріп, қайта тарататын атмосферадғы газ: Жылыжайлық газдар

41.Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры(WWF) бастамасымен жыл сайын әлемде------------: Ғаламдық экологиялық мәселелер

42. Тұрақты даму тұжырымдамасы---------үш негізгі көзқарастардың бірігіуінен пайда болады: экономикалық,әлеуметтік және экологиялық

43.ҚР жаңа экология кодексі қай жылы қабылданды: 2021 ж

44.-------дегеніміз белгілі бір уақыт аралығында адам немесе ұйымның қоршаған оратға жылыжайлық газдардың шығарылуының жалпы көлемін білдіреді: Көміртегі ізі

1. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 1-ДӘРІС. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ПӘНІ. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІМДЕРІ. ЭКОЛОГИЯ ( грек. οἶκος- үй, баспана; λόγος - ілім) - тірі организмдердің бірбірімен және қоршаған ортамен әрекеттесуін зерттейтін ғылым. Экология- жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің - популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. Экология - биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейінде көтерілуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімделушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелділік шеңберінде экологиялық тұрғыда қарастырады. Экология пәнінің мақсаты мен міндеттері Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіңдегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау. Экология ғылымының негізгі міндеттері: - организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу; - табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және Қорғаудың ғылымитеориялық негіздерін жасау; - адам, қоғам, табиғат арасындағы үйлесімдік байланыстарды реттеу; - биосфера шегіндегі географиялық зандылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру; - биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру; - көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру; - экологиялық қауіпсіздікті сақтау. Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзенкөлдер, т.б. обьектілердің жағдайы, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, қүрып кетуі, апаггардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде - далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүниежүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - климекамералар, видеоаппаратуралар, оптикалық құралдар, аналитикалық таразылар, топографиялық қүралдар, термостаттар, хромотограф,электронды микроскоптар, Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 4 компьютерлік т.б. керекті құралдармсн жабдықталуы тиіс. Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Тірі табиғатта болып жатқан алуан түрлі процесті оқуда, эксперименталдық әдістер үлкен көмек көрсетеді. Лабораториялық тәжірибеде организмдерге әр түрлі жағдайда әсерін зерттейді, олардың берілген әсерін түсіндіреді. Табиғатта болып жатқан қүбылысты тереңірек талқылауға болады, организмдердің жасанды жағдайда өмір сүру ортасымен қатынасын зерттеу. Бірақ экология лабораториялық ғылым болып табылмайды. Табиғатта тірі организмнің ортамен өзара байланысын толық зерттелетіні анық. Бірақ бүл оңай емес, әсіресе қарапайым ортаның өзін есепке алғанда қиын. Сондықтан экологияда табиғи бақылау және эксперименттер ең маңызды орын алады. Сонымен қатар экологтардың эксперименталдық тексеруінің мүмкінсіздігі байқалған фактілерді матеметика тіліне аударуға әкеледі. Осы қүбылыстың табиғатын терең түсіну үіпін, математикалық анализ (моделдеу) организдер мен ортаның қатынасының жиынтығын барлығынан бөліп көрсетеді. Әрине, яғни математикалық модель табиғаттағы қүбылысты шамамен елестетінін үмытуға болмайды. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен қүбылыстарды модельдеу, биоиндикация, экологиялық мониторинг қолданылып жүр. Зерттеу пәні: тіршілік ұйымдарының қоршаған ортамен өзара байланысындағы әр түрлі деңгейлері. Экология міндеті - табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасы заңдылықтарын және осы қатынасты арттыруды зерттеу. Зерттеу әдістері: Бақылау және сипаттау әдістері фактілерді сипаттау және жинақтау арқылы келтіріледі. 1. Салыстырмалы әдіс зерттеу объектілерінің әр түрлілігін және ұқсастығын талдау негізінде жүргізіледі. 2. Тарихи әдіс зерттеу объектінің даму барысын зерттейді. 3. Эксперимент әдісі табиғат құбылыстарын шартты жағдайларда зерттеуге мүмкіндік туғызады. 5. Моделдеу әдісі күрделі табиғат құбылыстарын неғұрлым жеңіл моделдер арқылы зерттеуге мүмкіндік туғызады. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы Аристотель (б.э.д. 384- 322ж.ж), Эмпедокл (б.э.д.ІУғ.), Теофраст (б.з.д. 371- 280ж.ж.) пен Үлкен Плиний (б.э.д. 23- 79), Роберт Бойль (1627-1691), К.Линней (1707-1778), Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде экологиялық көзқарастар сипатталған. Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып, өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды. ХІХғ. соңында Ч.Дарвиннің ілімі негізінде экология - организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған. Жоғарыда айтылған Дарвиннің анықтамасы бойынша, экологиятіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде, табиғаттағы барлық күрделі қарымқатынастарды зерттейтін ғылым дейді. ХХғ. 60-жылдарының басында, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің жылдам өсуімен сипатталады. ХХғ. 60-жылдарынан бастап экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды. Ұдайы болатын экологиялық мәселелер ақпараттар санының өсуіне әкеледі. Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 5 Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті. Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераны ғылыми түрде негіздеуге үмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Жиырмасыншы жүз жылдықтың екінші жартысында қазіргі ғылымның «экологизациялануы» жүрді. Бүл экологиялық білімнің ролі зор екенін мойындатумен байланысты, яғни қоршаған ортаға адам әрекеті, тек қана зиян келтірмей, оған жағымсыз әсер етуімен, адам өмірінің жағдайын өзгерте, адамзаттың тіршілігіне қатер төндіреді. Сондықтан қоршаған ортаға адамның әсері қалай болатынын түсіну, жағдайдың өзгеру шегін табу, экологиялық дағдарысты жіберуге мүрша бермеу қажет. Сонымен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін экология теориялық негіз болып табылады. Экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөлуге болады. І кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Ол кезең ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. К.Линей (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), А.Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В. Докучаев (1846- 1803), Шоқан Уалиханов (1835-1865), т.б. табиғат зерттеуші биологтар систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. ІІ – кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. Ол ХіХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде А.Тенслидің «Экожүйелер туралы ілім» Н.В.Сукачевтың «Биоценоз», В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» негіз болды. Осыдан барып экология ғылымының зерттеу әдістері, ғылым салалары, мақсат, міндеттері айқындала түсті. ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл ғаламдық ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетті. Экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Биологиялық экологияның зерттеу бағыттары: Аутэкология - жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланысын зерттейді. Демэкология - бір түрге жататын организмдер тобын, популяцияларды табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейді. Синэкология - бірлестіктер экологиясы - әр түрлі түрлерге жататын популяциялар жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Ғаламдық экология- биосфера шегіндегі, күн жүйесіндегі әлемдік өзерістер мен құбылыстарды зерттейді. 6. Адам экологиясы - халыққа үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, мораль, адамдардың экологиялық құқығы, этноэкологиялық проблемаларды зерттейді. Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды ақыл-оймен шешуді қарастырады. Экология бөлімдері: Зерттеу объектісінің мөлшері бойынша: 1. Аутэкология - особьтар экологиясы. 2. Демэкология - популяция экологиясы. 3. Синэкология - бірлестік экологиясы. 4. Ландшафты экология - тірі заттың қатысымен болатын ірі геоэкология, және оның ортасы. Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 6 5. Ғаламдық экология (мегаэкология) - жер биосферасы туралы ілім. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. «Экология» пәні биология, химия, математика, физика, мұнай шығару технологиясы, минералогия, геология, биотехнология және басқалармен тығыз байланысты. Экология қоршаған ортаны қорғауда, биосфераны сақтауда, инженерлік экология, өндірістік экология, экологиялық қауіпсіздік және басқа да ғылымдардың дамуына ғылыми негіз болып отыр: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Тұрақты даму (орнықты даму, sustainable development) «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз - қазіргі уақыттың мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын табиғат пен қоғамнын бірігіп даму түрі. Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет. Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)

2-ДӘРІС. ДАРАЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ – АУТЭКОЛОГИЯ 1. Өмір сүру ортасы Өмір сүру ортасы -бұл тірі организмдерді қоршайтын және оларға белгілі әсер беретін, табиғаттың бөлігі. Тірі организмдер біздің планетада 4 өмір сүретін ортаны меңгерген: сулы, құрлық-әуедегі, топырақты және организмдік. Экологиялық факторлар және оның классификациясы Экологиялық факторлар - организмге әсерін тигізетін ортаның жеке элементтері. Әрбір өмір сұретін орта экологиялық факторлар әсерінің ерекшелігімен бөлінеді. Экологиялық факторлар үш топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропогендік. Экологиялық факторлар организмдерге тікелей және жанама әсер етеді. Жанама әсерлер басқа экологиялық факторлар арқылы өтеді. Мәселен, жоғарғы температура күйдіреді (тікелей әсер) мүмкін, немесе организмдерді құрғатады (жанама әсер). Түрлі экологиялық факторлар кеңістікте және мерзімдікте түрлі өзгерістері болады. Біреулері олардың тұрақты (мәселен күн радиациясы, мұхиттың тұздылығы) ал басқалары өте өзгергіш (температура, ауаның ылғалдығы, желдің күші). Орта факторларының өзгеруі периодты және периодсыз болуы мүмкін. Периодты факторлар мерзімдікте қайталанып тұрады (ауа температурасының өзгеруі, тәулік бойы жарықтың өзгеруі). Периодсыз факторлар (жанартаудың атқылауы,жыртқыштардың шабуы) Организмдерге орта факторлар әсерінің заңдылықтары Экологиялық факторлардың организмдерге әсер етуі мен организмдердің реакциясы бірдей болмайды. Әр бір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады. Және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либих (1948) ашқан. Оны «Минимум заңы» дейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызды. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады. Шешуші факторлармен бірге организмдердің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организмдердің факторларға деген талғамның шектелуі. Кез келген организмдердің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Организмдердің төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Әсіресе жабайы аңдар мен құстарды, өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тәртіптері ескеріледі. Бейімделуді үш типке бөлуге болады: морфологиялық, физиологиялық, этологиялық. 1. «Тіршілік ортасы» терминіне анықтама беру - тірі организмді қоршаған және оларға нақты әсер ететін табиғат бөлшегі. Экологиялық факторлар: организмге әсер ететін тіршілік ету ортасының жеке элементтері. Бейімделушілік (адаптация) - эволюция барысында организмде түзілетін әр түрлі бейімделулер, яғни тіршілік ортасына бейімделуі. − фотопериодизм - организмнің күн ұзақтығына жауап беру реакциясы. Биологиялық ырғақтар - биологиялық процестердің және құбылыстардың қарқындылығының мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгергіштігі. Ырғақтар тәуліктік, маусымдық, жылдық, көп жылдық және ғасырлық болып бөлінеді. Бақылау сұрақтары Экологиялық факторлар Биотикалық факторлар Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 8 Бейімделу жолдары Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары

3-ДӘРІС. ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ - ДЕМЭКОЛОГИЯ Жоспары: 1. Популяция туралы жалпы мағлумат. 2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары. 3. Популяциялық гомеостаз - популяцияның санын реттеу. 4. Ағзалар арасындағы қатынастар Дәріс мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру. Дәріс ұзақтығы: 1 сағат 1. Популяция туралы жалпы мағлүмат. Популяция дегеніміз белгілі ареалда үзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, ақпарат бере алатын, бір түрге жататын даралар жиынтығы. 2. Популяцияның статикалық және динамикалык сипатгамалары. Популяцияның статикалық сипаттамалары: 1) Жыныстық сипаты бойынша; 2) Жас ерекшелігі - әртүрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша; 3) Территориялық таралуы бойынша; 4) Этологиялық сипаты бойынша; Популяцияның дараларының жас ерекшеліктеріне байланысты түрлері: Әрбір популяцияға биотикалық потенциал - ұрпақты көп қалдыру - тән. Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақ. 1) Популяциялық гомеостаз - популяцияның санын реттеу. Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұру кабілеті. Реттеуші фактор популяциялық гомеостазды туғызады. Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым-қатынасы жатады. Жемтіктің көп саны жыртқыштардың көбею жағдайына себеп болады. Реттеуіпі факторлар түраралық фактор және түрішілік ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді. 2) Ағзалар арасындағы қатынастар: Симбиоз (мутализм, протокооперация) - қарым- қатынас екі түрге де тиімді, немесе әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік ету. Мутуализм

симбиоздың міндетті түрі - мысалы, қыналар: саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірлесіп тіршілік етуі. Комменсализм- екі түрдің арасыпдағы қарым- қатынас формасы, бұл қатынаста бір түр басқа түрге (комменсалға) тамақ немесе тұратын орын береді, бірақ өзіне ешқандай тиімді емес. («+-»). Нейтрализм - бір территориядағы екі түрдің бірлесіп тіршілік ететін және олар үшін жағымды не жағымсыз әсері жоқ биотикалық қатынастар формасы. Бәсекелестік-экологиялық талаптары ұқсас түрлер арасындағы қарым-қатынастар, яғни бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, мекені, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым- б.Жыртқыш-жемтік - бір түр өкілі екінші түр өкіліне өорек болып табылатын биологиялық қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтік үшін әрқайсысына тән әртүрлі экологиялық адаптациялары бар. Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету. Амменсализм - бір түр екінші түрге теріс ықпалын тигізіп, ал өзі олардың бірлесіп өмір сүруінен теріс те, жағымды да әсер алмайтын организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрі.

4-ДӘРІС. ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ-СИНЭКОЛОГИЯ Мақсаты. Қауымдастықтар экологиясы-синэкология, биогеоценоз, экожүйе туралы жалпы мағлұмат алу. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрайды. Оларды: бірлестіктер, қауымдастықтар, биогеоценоздар деп атайды. Биоценоз (bios- өмір, kenos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы - биотоптардан тұрады. Биотоп - организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп - биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз дегеніміз - биоценоз биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Олар өзара үнемі қарым-қатынаста болады. Биологиялық түрлердің өзара қатынасының моделі Түраралық қарым-қатынастар биоценоздардағы ағзалар санының динамикасында зор роль атқарады. Жыртқыштар жемтіктектерін жоя отырып, олардың санына әсер етеді. Паразиттердің де әсері осындай, иесін әлсірете отырып, олардың көбеюін тежейді. Тіпті өліміне де әкеп соқтыруы мүмкін. 1.Экологиялық пирамида. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің (азық) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмасалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы екіншісіне дейін толық өңделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратындығы анықталған. Бұл заңдылықты эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен Элтон пирамидасы деп атаған. Экологиялық пирамиданың негізігі үш типі бар: Сандық пирамида организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды. Биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты немесе «өнімділікті» анықтайды. Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды. Линдеманның 10 % ережесі. Трофикалық дәрежеде, экологиялық пирамидада біріншісінен екіншіге өткенде энергия 10%-дан артық болмайды. Экологиялық сукцессия. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында біртіндеп қалыптасады. Мысалы, вулканнан кейінгі аралдағы бірлестіктің даму моделінде ағаштар мен бұталар жалаңаш жартасты жыныста өсе алмайды. Себебі, оларға қажет топырақ жоқ. Ал балдырлар мұндай территорияларға қоныстанып, пионерлік бірлестік түзуге қабілетті. Ағзалардың біртіндеп жиналуы мен тау жыныстарының эрозияға ұшырауынан топырақ қабаты түзіледі. Экожүйелердің гоместазы. Экожүйелер тек энергия ағыны мен зат айналымымен ғана емес, сонымен қатар дамыған ақпараттық байланыстармен сипатталады. Гомеостаз - тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруға қабілеттілігі. Экожүйе және экожүйенің биологиялық өнімділігі Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 12 Бірлестіктерге тән қасиет олардың жаңа биомасса жасауға қабілеті болып табылады. Бұл қасиет жүйенің өнімділігі ұғымының негізінде жатыр. Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын - биологиялық өнімділік деп атайды. Тірі ағзалардың денесінің массасы биомасса деп аталады. Экожүйенің биологиялық өнімділігі - бұл олардағы биомассаның жасалуы. Биоценоздың кеңістіктік және түрлік құрылымы Экожүйедегі организмдердің қауымдастығы және оның құрамы бойынша экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері арқылы ерекшеленеді. Экожүйенің энергетикалық жіктелуі Экожүйедегі тірі және өлі заттар қатысатындағы заттардың тұрақты айналымын биогеохимиялық циклдер деп атайды. Бұл айналымдардың қозғаушы күші болып Күн энергиясы қызмет етеді. Экожүйе арқылы энергия ағынын зерттеу экожүйенің энергетикасы деп аталады. Энергия - материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалған кезде жүреді. Күннен энергияны бірдей алатын организмдер бірінші трофтық деңгейге жатады. Оларға өсімдіктерді жатқызамыз. Екінші - бірінші ретті консументтер, өсімдіктермен қоректенушілер. Үшінші - бірінші ретті консументтермен қоректенушілер. Төртіншіконсументтермен қоректенуші жыртқыштар. Мұнда алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылып қоректену тізбегін құрайды. Қоректік тізбектерді 2 түрге бөліп қарастырамыз: Жайылымдық тізбек. Жасыл өсімдік - шөп қоректі жануарлар - жыртқыш. Детритті тізбек. Өлген органикалық заттар: - ыдыратушылар (микроорганизмдер- бактериялар, саңырауқұлақтар); - детритофагтар (қосжақтаулы молюскаллар, жауын құрттар ); -детритофагтардың жыртқыштары (құстар, жертесерлер) Консументтердің көпшілігі полифагтар, яғни бірнеше қорек түрін пайдаланушылар. Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік тізбектер қалыптасқан Энергиясы бар экожүйенің ішінде органикалық заттар автотрофты ағзалармен түзеліп, гетеротрофтар үшін қорек болып табылады. Экожүйелердің бағыныштылық (иерархиялық) қатары Биосфера ← космостық фактор Құрлық және мұхит экожүйелері ← геологиялық фактор Биогеографиялық облыс ← эволюция факторы Биом ← климаттық климакс факторы (аймақтық климат) Ландшафт ← рельеф (жер бедері) факторы Биогеоценоз ← эдафикалық климат (мезоклимат) факторы Бақылау сұрақтары: 1.Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер. 2.Бірінші реттік продуценттер мен консументтер құрамы. 3.Организмдердің әртүрлілігі, динамикасы, қоректік тізбек және байланысы экологиялық пирамидалар. 4.Экологиялық сукцессия. Гомеостаз. 5.Қауымдастықтың биологиялық өнімділігі және экожүйе. 6.Биоценоздың кеңістіктік және түрлік құрылымы. 7.Биотикалық қарым-қатынастардың типтері. 8.Экожүйелердің бағыныштылық (иерархиялық) қатары дегеніміз не?

5-6 -ДӘРІСТЕР. БИОСФЕРА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ Мақсаты. Биосфера және оның тұрақтылығы, биомдар туралы жалпы мағлұмат алу. Биосфера (грек. bios - өмір и sphaira - шар) - Жер қабығы (тіршілік қабығы). Оның құрылымы, құрамы және қасиеті тірі организмдердің байырғы немесе қазіргі әрекеттерінің әсеріне байланысты. «Биосфера» терминін ең алғаш Э. Зюсс қолданды (1875); ол биосфераны Жер бетіндегі тіршіліктің жұқа қабаты деп білді. Бірақ, биосфераны жан-жақты ғылыми тұрғыда толық зерттеп оның теориялық негізін салушы академик В.И.Вернадский (1863-1945). Ол Биосфераның белгілі бір жиегі бар. Ол атмосфераның төменгі қабатымен, литосфераның жоғарғы қабатымен ұштасып, гидросфераны бүтіндей алып жатыр. Биосфераны организмдердің тіршілік ортасы ретінде сол организмдермен бірге үш сфераасты бөліктерге бөлуге болады: геобиосфера - литосфераның жоғарғы қабаты, мұнда геобионттар мекендейді; гидробиосфера - гидробионттар мекендейтін гидросфераның жерасты суы жоқ қабаты; аэробиосфера - аэробионттар мекендейтін атмосфера бөлігі. Тірі заттың химиялық құрамы Тірі заттың химиялық құрамын екі түрге бөлуге болады: 1. Атомдық құрамы - макро- (98%), микро- (0,1%) және ультраэлементтерден (0,01%) тұрады. 2. Молекулалық құрамы - клеткадағы маңызды бейорганикалық заттар - су және минералды тұздар, маңызды органикалық заттар - көміртегі, липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдары болып табылады. Биосферада тіршіліктің таралуы Биосфераның бүкіл массасынан тірі заттар массасы 0,01% ғана құрайды. Дегенмен, биосферадағы тірі зат оның ең негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Тірі заттың негізгі қасиеттері: – Барлық бос орынды жылдам иелену қабілеті. – Тек баяу қозғалыс қана емес, сондай-ақ, белсенді қозғалуы, яғни, ауырлық күшінің немесе гравитациялық күштің әсерінен ғана емес, судың қарсы ағымымен, ауырлық күші, ауа ағындарының қозғалысы, т.с.с. сипатталады. – Тіршілікте тұрақтылығы және өлгеннен кейін жылдам таралуы. – Өте жоғары бейімделушілік қасиеті. Биосферадағы зат айналымының типтері Зат айналымы - заттардың атмосферада, гидросферада және литосферада болып жатқан процестерге көп мәрте қатысуы. Зат айналымы Күннің сыртқы энергиясы мен Жердің ішкі энергиясының үздіксіз түсіп тұруының нәтижесінде іске асады. Қозғалу күшіне байланысты зат айналым ішінде геологиялық, биологиялық және антропогенді айналымдарға бөлуге болады. Биогеохимиялық циклде геологиялық циклдегідей масштаб жоқ және оған адам әсері төніп тұр. Шаруашылық іс-әрекеттер олардың тұйықтығын бұзады, сондықтан оларда цикл жойылады. Биосфераның тұрақтылығы Биосфера тұрақты жұмыс істейтін күрделі ғаламдық экологиялық жүйе болып есептеледі. Биосфераның тұрақтылығына ағзалардың үш тобының - түзушілердің (автотрофтар), тұтынушылардың (гетеротрофтардың) және бүлдірушілердің (минералды ағзалық қалдықтар) себепкер болады. Бұл күй «биосфера гомеостазы» деп аталады. Биосфера гемеостазы (биосфера тұрақтылығы) оның эволюцияға бейімділігін жоғалтпайды. Биосфера эволюциясы тарихының үлкен бөлігі мынадай негізгі екі фактор әсерінен жүзеге асты: - бірінші фактор - бұл Жер тарихындағы табиғи геологиялық-климаттық өзгерістері; Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 15 - екінші фактор - ағзалар эволюциясы және олардың биосфера құрам бөліктеріне әсері. Биомдар Биом (био... лат. omat, oma - жиынтық, жинақталған, біріккен деген мағынаны білдіретін жалғау) - белгілі бір ландшафтылық-географиялық аймақта мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар түрлері мен олардың тіршілік ету ортасының жиынтығы (мысалы, тундра, қылқанжапырақты орманды алқап, т.б.) Биомдардың таралуы келесі заңдылықтар бойынша жүреді: ендік зоналық (температуралық белдік) және вертикальды зоналық (теңіз деңгейі ұлғаюы кезінде температураның төмендеуімен байланысты болатын биіктік белдеулік), сондай-ақ секторлық (жауын-шашын бөлу бойынша). Әлемнің негізгі биомдары: саванна, шөл, тайга, теңіз, тропикалық ормандар. Бақылау сұрақтары: Биосфераның құрылымы Биосфераның қасиеттері Биосфераның тұрақтылығы Биомдар

7, 9 -ДӘРІСТЕР. ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК, ШӨЛЕЙТТЕНУ, ЛАСТАНУ Ғаламдық экологиялық мәселелер. Ғаламдық климаттың өзгеруі және пайда болу себептері. Озон қабатының жұқаруының себептері. Парниктік эффект. Экологиялық катастрофа. Жердің топырақ қабатының ғаламдық өзгерістері.Топырақтың ластануы. Шөлейттену және жерлерің деградациялануы. Топырақтың эрозияға ұшырауы. Шөлейттенуге қарсы күрес бойынша әлемдік тәжірибе. Гидросфераның ғаламдық ластануы. Әлемдік мұхиттардың экологиялық жағдайы. Су ресурстары және оның ластануының көздері. Адам тіршілігінде судың маңыздылығы. Негізгі жобалар және ғаламдық дамудың модельдері. Экологиялық тұрғыдан тұрақты қоғам құру. Қоғамның перспективті даму модельдері. Биоалуантүрлілік, ластану. Бақылау сұрақтары: Ғаламдық экологиялық мәселелер. Жердің топырақ қабатының ғаламдық өзгерістері. ҚО ластануы. Шөлейттену Биоалуантүрлілік,

10-11 -ДӘРІСТЕР. ТҰРАҚТЫ ДАМУ: КОНЦЕПЦИЯСЫ, ИНДИКАТОРЛАРЫ. ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ. Сабақтың мақсаты: «Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы, тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері - жергілікті, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер, тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі туралы білім беру. Дәріс мақсаты: Студенттерге қоғамның тұрақты дамуы, адамның орнықты даму концепциясының аспектілері туралы білім беру. Ой-өрісін дамыту. Қажетті сөздер: орнықты даму, тұрақты даму, экологиялық аспектілері Қаралатын сұрақтар: 1.Тұрақты даму тұжырымдамасы 2. Тұрақты даму: концепциясы 3. Тұрақты даму индикаторлары 4. Тұрақты даму мақсаттары. Тұрақты даму дегеніміз қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.). Орнықты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті. Осы жиын қабылдаған Декларациядан үзінділер келтірейік: Рио-92 декларациясында қабылданған құжатта орнықты дамудың мынадай басты алғышарттары аталып өтеді: адамдық - «үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»; экологиялық - «қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін сақтау міндет»; экономикалық - «даму, тұтыну үшін мұқтаждық»; әлеуметтік - «кедейлік пен қайыршылықты жеңу»; құқықтық - «қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдар жүйесін жасау»; халықаралық ынтымақтастық пен әріптестік - «мемлекеттер мен халықтар арасындағы сүхбатты жаңа деңгейге көтеру» Адамның орнықты дамуының экологиялық аспектілері. Экологиялық-экономикалық дамудың осы замаңғы үлгісін экономикалық дамудың техногендік түрі ретінде анықтауға және оны табиғатты көп қажетсінетін даму есебінде сипаттауға болады, осы даму өндірістің жасанды құралдарын пайдалануға негізделеді, олар экологиялық шектеулерді есептеп алусыз құрылған. Тұрақты даму - табиғаттағы заттардың айналымын сақтаудың басты факторы ретінде, тіршіліктің алуантүрлілігін азайтпауды, қоғам мен табиғи ортаны құрайтын, әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйенің динамикалық тепе-теңдігін бұзбауды көздейді. Орнықты даму (ағылшынша Sustaіnable development - қуатталатын даму) - қоғамның адамның өмір сүру жағдайлары жақсарып, ал қоршаған ортаға әсер адамзаттың жұмыс істеуінің табиғи негізі бүлінбейтіндей күйдегі биосфера сыйымдылығының шектерінде қалатын дамуы. Орнықты даму кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болашақ ұрпақтар үшін залал келтірусіз жүзеге асырылады. Орнықты дамудың тұжырымдамасы адамзаттың ұзақ мерзімді прогресінің алғышарты ретінде қаралады, ол капиталдың көбеюімен және экологиялық жағдайлардың жақсаруымен қатар жүреді. Осыған сәйкес орнықты даму тұжырымдамасы сыртқы қолдау кезінде өзін-өзі басқару Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 18 арқылы аймақтың дамуын ұйғарады, осы даму ортаның тұрақты азып-тозу күйіне өту мүмкіндігінен сақтандырады. Тұрақты даму индикаторлары Тұрақты даму индикаторларын жасау кешенді және ақпараттың көп бөлігін қажет ететін, қымбат бағаланатын үрдіс. Индикатор деп экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар мен өзгерістер туралы талқылауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді айтады. Индикаторлармен қатар тәжірибе жүзінде индекстер жасалынып, қолданылады. Индекс - бірнеше басқа индикаторлар мен мәліметтерге негізделіп, өлшенетін индикаторлар. Индикатор қоршаған табиғи ортаның жағдайы мен ондағы құбылыстар туралы сипаттайды. Бүгінгі шешім қабылдауда болашаққа қатысты ақпараттардың маңыздылығы жоғары. Жасалып жатқан индикаторлар болашақ жайында ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Мысалы, инвесторлар үшін нарықтағы акцияның ертеңгі бағасын анықтау. Болашақтың индикаторлары күнделікті шешімдерді қабылдауда міндетті болып табылады, бірақ олардың да өздеріне тән кемшіліктері, жетілдірілмеген тұстары бар. Тұрақты дамуға көшудің бағыттары мен механизмдері келесі кестеде көрсетілген. Тұрақты дамудың механизмдері мен бағыттары республиканың әр саласы бойынша пайда болған мәселелердің шешімін тауып, тұрақты дамуға сәйкес дамуына негіз қалайды (9- сурет). 2007-2024 жылға арналған Тұрақты даму тұжырымдамасында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдары мен бағыттары келесідей көрсетілген. Тұрақты даму мақсаттары 2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, соның ішінде мемлекеттер және үкіметтер басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күресуге, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты дамудың 17 мақсаттарынан (және 169 міндеттерден) тұратын тізімді қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады. Бақылау сұрақтары: 1. Қоғамның тұрақты дамуы дегеніміз не? 2. Адамның денсаулығына антропогендік әсер қандай? 3. Орнықты дамуға мысал келтір. 4. Әлеуметтік және экологиялық дамудың міндеттері 5. Тұрақты даму концепциясы ұғымын түсіндір. 6. Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы? 7.

12-ДӘРІС. ТҰРАҚТЫ ДАМУ ШАРАЛАРЫ: ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА, ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ Сабақтың мақсаты: Табиғи ресурстар адам өміріне қажетті қорлар. Олардың сарқылуы және кейбір өсімдік, жануар түрлердің жоюылуы адам ықпалының әсерінен. Қажетті сөздер: альтернативті энергия, геотермальды энергия, жасыл экономика Қаралатын сұрақтар: 1.Экологиялық тұрғыдан таза альтернативті энергия көздерін пайдалану. 2. Табиғат ресурстарының жіктелуі. Тұрақты дамудың экономикалық аспектілері Жасыл экономика және тұрақты даму. 3.Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Жасыл экономика - бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр. Экологиялық технологиялар (ағыл. environmental technology), жасыл технологиялар (ағыл. green technology) немесе таза технологиялар (ағыл. clean technology) - қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қадағалау, модельдеу, сақтап қалу және адами теріс әсерлерді алдын алуға бағытталған экология ғылымы, химия, экологиялық мониторинг және электрондық құрылғылардың қолданылуын білдіреді. Аталған бағдарламаның негізгі міндеті - «Жасыл экономика» бағдарламалары мен жоспарларын іске асыру бойынша ғаламның ірі өңірлері мемлекеттерінің серіктестігіне ықпал ету, мемлекеттік, жеке секторлық, қоғамдық және халықаралық ұйымдар күштерін біріктіру. «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасында донор-елдер және көмек алатын елдер жоқ. Қозғалыс екі бағытта жүреді: бір жағында экологиялық таза жасыл технологиялар, ал екінші жағында «жасыл» технология бойынша өндірілген «жасыл» тауарлар. Алдыңғы қатарлы елдер «толығымен дайын» тегін негізде өздерінің жаңа жасыл технологияларын ұсынуы тиіс. Өз кезегінде, дамушы елдер «жасыл технологияларды» тарту үшін қолайлы инвестициялық климат тудыруы қажет. Бұл ретте барлық әріптес-елдер «жасыл технологиялар» бойынша өндірілген «жасыл тауарлар» үшін еркін нарық ұсынуы тиіс. Дамушы елдер үшін қолайлы жағдайлар жасау тек қана жоғары тиімді технологиялар және дамыған мемлекеттер нарығы үшін экспорттық тауарлар бизнеске көміртегі нарығын нақты өніммен толтыруға мүмкіндік беріп, қаржылық «көпіршіктен» аулақ болуға жол берер еді. «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасын іске қосу және жүзеге асырудың негізгі талабы - көпжақты келісім болып табылады. Осы бағытта алдағы уақытта ғалымдар мен әзірлеушілердің авторлығы сақтала отырып, «жасыл технологияларды» дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде қолжетімді ету шаралары қарастырылатын болады. Бақылау сұрақтары: Тұрақты даму шаралары Жасыл экономика Жасыл технологиялар Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

13-14-ДӘРІСТЕР. ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ШАРАЛАР Дәріс сабақтың мақсаты: Студенттерге қорықтардың атқаратын қызметі туралы айту, Қызыл кітапқа енген өсімдік пен жануар әлемін қорғаудың маңыздылығы. Қажетті сөздер: қорықтар, ұлттық саябақтар, құқықтық ережелер. Қаралатын сұрақтар: 1.Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар - қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. 2.Табиғат лабораториялары. Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары туралы мәлімет. 3. Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері. Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты - еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады. Қорықтар -бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң- құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынған. Қазіргі кезде жер шарында қорықтарға қарағанда ұлттық сая бақтардың саны әлдеқайда көп. Оның себебі, шет елдерде қорықтар аймақтары шектелген табиғат қорғау жүйесі болғандықтан, табиғаты қорғау үшін ұлттық бақтар ұйымдастыру әлдеқайда ұтымды болып табылады. ҚР бойынша 10 мемлекетік қорық 60 қорықша (зоологиялық, ботаникалық, палеонтологиялық) 14 ұлттық табиғи парк, 25 астам табиғат ескерткіштері , 7 ботаникалық бақ, 6 ұлттық резерват бар. Соңғы жылдары ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтар желісіне Қазақстаннан 13 нысан кірді. Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи саябақтар жатады. Табиғат ескеркіштері -24, Қорықтар толық қорғаудың жетілдірілген түрі. Ең алғашқы халықаралық табиғат қорғау ұйымы 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. «Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы «Қызыл кітаптың» ең алғашқы басылымы шықты. 1966-1975ж.ж 5 томы жарық көрді. 1978 жылы жануарлардың «Қызыл кітабы», 1981 жылы өсімдіктердің «Қызыл кітабы» жарық көрді. 1991 және 1996 жылдары жаңадан өңделіп шықты. “Қазақстанның Қызыл кітабы” - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымындағы қауіпсіздік мәртебелерінің саны 5. Ал ХТҚО-ның Қызыл тізіміндегі қауіпсіздік мәртебелерінің саны 7. Экологиялық із - бұл халықты өмір сүру үшін барлық ресурстармен қамтамасыз ете алатын және олар шығаратын барлық қалдықтарды сіңіре алатын биологиялық өнімді аумақ пен акваторияның ауданы. Көміртегі ізі, керісінше, белгілі бір уақыт аралығында адам немесе ұйымның қоршаған ортаға жылыжайлық газдардың шығарылуын білдіреді. Ол СО2 Дәріс тезистерін Еликбаев Б.К. дайындаған 22 эквиваленттерінің бірлігінде шығарылған жылыжайлық газдардың мөлшерін ескереді. Бұл пайдалы қазбаларды жағудың нәтижесінде пайда болатын планета туралы түсінік береді. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бастамасымен жыл сайын әлемде Экологиялық қарыз күні аталып өтеді. Күнді Жаһандық іздері желісі сарапшылары есептеп белгілейді: олар биологиялық ресурстарды тұтынуды планетаның қалдықтарды қалпына келтіру және сіңіру қабілетімен салыстырады. Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік-экономикалық проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан территориясында бұрынғы Одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблемалар туғызуда. Сонымен қатар жер мен ландшафтардың деградацияға ұшырауы (республиканың 60%-нан астам жері шөлейттенуге ұшыраған), су ресурстарының жетіспеуі (сумен қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде соңғы орында), елдегі су айдындарының экологиялық мәселелері, елді мекендердегі атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы да өзекті болып отыр.

1) Тірі организмдардің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысымен байаланысын зерттейтін ғылым:

А) Экология +

Б) Нооэкология

С) Адам экологиясы

Д )Биология

Е) Анатомия

2) Абиотикалық фактор дегеніміз:

A.Климаттық фактор +

B. Жыртқыштық-құрбан қатынасы

С. Тірі организмдерінің өзара байланысу формасы

Д. Аменсализм

Е. Коменсализм

  1.   1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта