Главная страница

Сайт жасау бойынша дипломдық жұмыс. 1. webсайт зірлеу 4 1 азіргі оамдаы Интернет 4


Скачать 3.92 Mb.
Название1. webсайт зірлеу 4 1 азіргі оамдаы Интернет 4
АнкорСайт жасау бойынша дипломдық жұмыс
Дата19.05.2023
Размер3.92 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDiplom 0.2.docx
ТипДокументы
#1142856
страница2 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9
WEB-САЙТ ӘЗІРЛЕУ



    1. Қазіргі қоғамдағы Интернет


Интернет-бұл жалпыға қол жетімді ғаламдық компьютерлік желі, ол компьютерлерді байланыстыратын көптеген ішкі желілерге бөлінеді және қолданушы әртүрлі ақпаратты жібере және қабылдай алатын стандартты протоколдық ережелер жиынтығына ие. Интернеттің негізін қалаушы 1969 жылы АҚШ-та Қорғаныс министрлігі мен бірқатар академиялық ұйымдардың компьютерлік орталықтарын біріктіретін ARPANET компьютерлік желісі құрылды.

2020 жылы "Қазақстанда ақпарат құралдарын пайдалану жөніндегі артықшылықтардың негізгі үрдістері мен өзгерістері"атты зерттеу жүргізілді. Зерттеудің негізгі міндеттері интернетті пайдалану тенденцияларын анықтау, сонымен қатар ақпарат құралдарын тұтынушылардың жаңа талаптарын анықтау. Сауалнамаға қатысқандардың барлығы дерлік ақпаратты іздеу және жаңалықтарды оқу үшін желіні пайдалануды бірінші орынға қойды. Пайдаланушылардың едәуір көпшілігі, жас тобына қарамастан, пошта хабарламаларымен алмасады және сөйлесулерде сөйлеседі: көпшілігі бұл мүмкіндіктерді жұмыста пайдаланады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қолданушы Интернетте неғұрлым көп уақыт өткізсе, соғұрлым ол дәстүрлі ақпарат көздерін аз пайдаланады. Мысалы, апта сайын интернетке 20 сағаттан астам уақыт жұмсайтын пайдаланушылар үшін бұл ақпараттық ресурстардың негізгі көзі болып табылады. Желіге бір сағатқа кіретіндер теледидар, радио және газеттерді жақсы көреді.

Күніне мыңдаған пайдаланушалары бар жаһандық ақпараттық порталдан бастап, айына бірнеше ғана тұтынушылары бар қарапайым үй беті (домашняя страница), дүниежүзілік торда жарияланған кез-келген ресурс – бұл негізінен инженерлік-дизайнерлік құрылым болып табылатын шығармашылық туынды. Осындай туындыны қалыптасыру үрдісі web-дизайн деген атқа ие. Web-дизайн — бұл асқан шеберлікпен орындалған шығарма. Web-дизайн шығармашылық туындысы арқылы әр адам өзінің барлық шығармашылық қабілеттерін баршаға көрсете алады, өйткені бұнда сіздің еңбегіңіздің нәтижесі сіз және сіздің интернет бетіңіздің күнделікті пайдаланушылары болып табылады. Интернеттегі сайттарды дайындау барысында мазмұндық, көлемдік, көркемдеу жағынан шектелмейді. Дүниежүзілік торда web-ресурсты дайындаудың және жариялаудың себептері сан алуан болуы мүмкін. Егер бұл қарапайым ақпараттық парақша болса, web-шебер үшін бұл жердегі негізгі фактор әлемдік торда басқа адамдарға қажетті ақпаратты жариялау болып табылады. Кей-кездері өрмекші тор мысалға әдеби туындыларды, суреттерді, музыка және ғылыми зерттеу жұмыстарын тарату құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Осы арқылы интернет беттегі жарияланым авторы өз туындыларының оқырмандарын, суреттерінің көрермендері мен әндерінің тыңдаушыларын тауып, өз еңбегінің арқасында қаржы таба алады. Тұтынушыларына белгілі бір тақырып туралы ақпарат беретін коммерциялық емес сайттар қандай ресурс болмасын, танымдық, көңіл-көтеру порталы, музыкалық сайт немесе жоба т.б төңірегінде жұмыстар атқара алады. Кей кездері коммерциялық емес сайттың қожайынының таза тәжірибелік қызығушылықтарымен қатар, ол желілік электронды ақпарат көзінің күнделікті мыңдаған пайдаланушыларының әртүрлі қажеттіліктерімен санасу керек. Алайда, web-дизайн интернет-технологиялардың жас әрі жаңа ғана дамып келе жатқан саласы екенін ұмытпаған жөн, және де бұл сала қызметкерлерінің жұмысы жоғары бағаланады. Кіші және орташа бизнестің бірі ретінде бүгінгі таңда интернет перспективті ақша табу көзіне айналып отыр. Әрине, нарықтық замандағы Web-дизайнерлер мен бағдарламашыларға деген үлкен сұраныс пайда болды. Коммерциялық интернет-жобалар қаржылық табысқа жету мақсатында жасалынып, қаржы жанама және тура түрде берілуі мүмкін. «Бүкіләлемдік өрмекші торындағы» ақпараттық тасқынды реттеу мүмкін емес. Қазақстандағы интернет тұтынушылардың саны көбейген сайын ақпараттық арандатуға байланысты дау-дамайлардың да шеті шыға бастады. Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттіктер.

    1. Web-дизайн ұғымының анықтамасы


Интернет-жобалар өздерінің қызметтері мен қасиеттеріне байланысты сайттар, визиткалар, промакциялар, электрондық дүкендер, ақпараттық сайттар, корпоротивті өкілдер, портал, өндірісті басқару жүйесі болып бірнеше түрлерге бөлінеді.

Визитка – компания және оның көрсететін қызметі жайлы ақпарат беретін қысқа, тиімді, локальды сайт.

Промоушн-сайт – жеке алынған тауарға жасалатын жарнамалық сайт. Электронды дүкен – интернет арқылы тауар сатуға, қызмет көрсетуге арналған сайт.

Ақпараттық сайт – кейбір пәндер аумағын қамтиды. Сәйкесінше, мұнда түрлі авторлардың көптеген мақалалары бар, бұдан басқа сауалнама жүргізу, дауыс беру сияқты қызметтер көрсетіледі.

Корпоротивті өкілеттік – компания қызметін автоматизациялау. Оның құрамында электронды дүкен, тапсырыс жүйесі, корпоративті сервис, құжаттар мен электронды алмасу, онлайн режимінде сөйлесі, т.б кіреді.

Портал – интернет бірлестіктердің құрылуына арналған ірі веб-ресурс. Портал көптеген түрлі сервистерді біріктіруі мүмкін, клиенттерге тауар, сатып алу мүмкіндігін беретін, ал іскерлестеріне – ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынды басқару жүйесі – кәсіпорынды корпоративтік ақпараттық басқару жүйе сайты.

Жоғарыда көрсетілнен визиткадан басқару жүйесіне дейінгілер веб-басылымдарға барлық жағдайларға қатысты екендігі түсінікті. Ал перезнтациялық, маркетингтік, басқарушылықтан басқа веб-басылым ақпаратты – коммуникативтік функцияны орындауы тиіс. Сондықтан да басылымның түпнұсқасы визитка немесе промоушн-сайт секілді қаралуы түсінікті, бірақ БАҚ сияқты емес. Себебі тек презентация немесе басылым жарнамасы қызметін атқарады, ал өзі басылым болып саналмайды. Интернет БАҚ-тарда тек қана веб-журналистер жұмыс істемейтіні белгілі, интернет қызметкерлері ретінде веб-дизайнерлерді де алған жөн. Қандай да жарнама құралы болмасын, олардың ішіндегі көп пайдаланушылар мен тапсырыс берушілердің көп санын өзіне тартатыны w eb-сайт болып табылады.

Web-ресурс қызметкерлерінің күшімен жасалған сайт көмегімен қаржы тауып жатқан жарнамалық компаниялардың саны жеткілікті. Бұлар: өздерінің интернет-беттерінде жарнамалық кеңістікті сататын іздеу машиналары немесе ақпараттық порталдар; on-line режимінде белгілі бір тауарға тапсырыс беру қажеттілігін өтейтін интернет-дүкендер ; система интерактивті аукциондар жүйелері мен виртуалды жарнамалық агенттік . Коммерциялық жобаны жасау, әрине, уақыт пен ерең еңбекті талап етеді.

Web-шеберге жаңа жоба асау барысында жұмыс орыны мен жеке компьютерімен қатар оған белгілі бір бағдарламалық қамсыздандыру қажет. Интернет-жоба жасау үшін қажетті бағдарламалыр тізбегі төменде көрсетілген. Яғни толыққанда Web-дизайнер жұмысына Windows 9X басқармасымен орындалатын келесідегілер қажет:
1) құжат өңдеу құралы, HTML —WYSIWYG редактор деп аталады, 98, 2000 жылғы Microsoft FrontPage бағдарламасы, немесе FrontPage Express;
2) векторлы графика редакторы CorelDraw бағдарламасы;
3) суретті графика редакторы - Adobe Photoshop;
4) Microsoft Internet Explorer браузеры;
5) Netscape Navigator браузеры, 4.01 версиялы;
6) кириллицаны қайта кодтау бағдарламалары - ConvHTML және SNKDECode;
7) HTML оптимизаторы - 1.5 немесе одан жоғары версиялы UtilMind HTML Compressor бағдарламасы;
8) GIF суреттері - Gif-Clean 32 бағдарламасы;
9) JPEG суреттері оптимизаторы - JPEGCleaner 2.1 немесе одан жоғары версиялы бағдарламасы;
10) GIF анимациялар редакторы - Ulead GifAnimator бағдарламасы;
11) графика фрагментаторы – PictureDiser бағдарламасы;
12) FTP-клиент - CuteFTP бағдарламасы.
Осы бағдарламалардың көбін еркін түрде интернет беттерінен freeware және shareware версиыларымен тауып алуға болады.

    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта