гидрология. Курсовая гидрология. 1. зенні жылды аындысын есептеу
Скачать 342.66 Kb.
|
1. Өзеннің жылдық ағындысын есептеу Су шаруашылығы мәселелері су ресурстарын кешенді пайдалану кезінде, яғни берілген аумақтың су ресурстарын экономиканың барлық салаларын қамтамасыз ете отырып пайдаланғанда ұтымдырақ шешіледі. Су ресурстарын сарқылып кетуден және ластанудан сақтау ұтымды пайдалану кезінде өте маңызды рөл атқарады. Басқа маңызды бағыттарының бірі судың қатерлі әсерімен күресу. Нақтырақ айтқанда: су басумен, сел көшкінімен, топан сумен, тасқын, су эррозиясымен, өзен˗көлдің жағалауларын шайып кетумен, жардың пайда болуымен, қар жылжуымен, қар басумен күресудегі инженерлік шараларды дамыту және территорияны инженерлік қорғау, т.б. Осылайша жоғарыда көрсетілген барлық тапсырмалардың шешімін табу үшін есептік қамтамасыздықтың су ағындысын анықтау қажет. Мұнда негізгі гидрологиялық сипаттамалар болып келесі тізімдегілер есептеледі: Су шығыны - Q, м3/с; Су көлемі -V, W, м3; Ағынды модулі - q, М, л/(с ∙км2); Ағынды қабаты - h, мм. Есептік қамтамасыздықтың су шығыны мына формулалар арқылы анықталады: Qp= Qo∙ kp, ( 1 ) Wp = Wo∙ kp, ( 2 ) hp = ho∙ kp , ( 3 ) Mp = Mo∙ kp , ( 4 ) Мұнда: Qo, Wo, ho, Mo – (норма) су өтімінің орташа көпжылдық өлшемдері: Qo – орташа көпжылдық су өтімі, (норма,) м3/с; Wo – орташа көпжылдық су көлемі, (норма) м3; ho– орташа көпжылдық ағынды қабаты, (норма) мм; Mo– орташа көпжылдық ағынды модулі, (норма) л/(с ∙км2); kp – Р% есептік қамтамасыздықтың су өтімінің модульдік коэффициенті. Есептеу жолы: kp = f ( Cv , Cs , p%), ( 5 ) Мұнда: Cv – ағынның вариация коэффициенті; Cs – ағынның ассиметрия коэффициенті; P – ағынның қамтамасыздық коэффициенті, %. Өз кезегінде негізгі гидрологиялық сипаттамалар бір˗бірімен келесі көрсеткіштер арқылы байланысты: Wo , л/(с ∙км2) ( 7 ) немесе , л/(с ∙км2) ( 8 ) , мм ( 9 ) Мұнда : F – су жинау алабы, км2; T– уақыт интервалы (жыл – 31,5∙106 с, ай – 2,63∙106 с, күн – 86400 с). Есептік қамтамасыздықтың су өтімін анықтау үшін ағынның статистикалық параметрлерін (қамтамасыздық қисығының параметрлері) табу керек: Ағын нормасы - немесе Wo,ho, Mo; вариация коэффициенті - ; Асимметрия коэффициенті- ; Корреляция коэффициенті - . Жалпы алғанда су өтімінің статистикалық параметрлерінің жылдық өлшемдерін анықтауда ағын жайлы ақпараттардың болуының келесі жағдайлары бар, соған байланысты гидрологиялық сипатттамаларды есептеу тәсілдері де: а) гидрометриялық бақылау мәліметтері жеткілікті болуы; б) гидрометриялық бақылау мәліметтері жеткіліксіз болуы; в) гидрометриялық бақылау мәліметтері мүлде болмауы. 1.1. Жылдық ағынды үлестірімі қисығының параметрлерін моменттер әдісімен бағалау Гидрометриялық бақылау уақыты (қатары) жеткілікті болған жағдайда ГЕС анықтау жыл сайынғы ағындының асып кету ықтималдылығының үлестірімінің аналитикалық функциясын пайдалана отырып табылады. Бақылау қатары жеткілікті болып есептеледі, егер: қарастырылып отырған кезең толық кезеңді сипаттай алса (репрезетативті) және қарастырылып отырған гидрологиялық сипаттаманың есептік мәнінен салыстырмалы орташа квадраттық қателік өлшемі 10%˗дан аспауы қажет. Қатардың статистикалық сипаттамасының кездейсоқ қателіктері (әдетте орташа квадраттық қателікпен бағаланады) «n» қатардың санына және қарастырылып отырған кездейсоқ өлшемнің (таңдалған мәндер бойынша анықталатын белгісіз параметрлерді қоса алғанда) үлестірім заңына байланысты. Практикалық есептеулерде үлкен қателіксіз келесі формулаларды қолдануға болады. Бақылау қатарының статистикалық сипаттамаларының салыстырмалы орташа квадраттық қателіктері формуласы: (10) (11) (12) (13) Мұнда: – вариация коэффициенті; – корреляция коэффициенті; n – бақылау жылдарының саны. Бақылау қатарларының статистикалық сипаттамалырының кездейсоқ қателіктерін бағалау статистикалық сынақ (Монте – Карло әдісі) әдісімен алынады. және статистикалық сипаттамаларын анықтау (≤10%) үлкен дәлдікпен тек бақылау қатары n 100˗ден асқанда. Сондықтан практикада кейде және гидрологиялық біртекті аудандағы бір топқа жататын өзендердің бақылау қатары ұзағырақ болып табылатындарын қоса отырып, мәндерінің орташасын алады. Және де үлкен дәлдікпен салыстырмалы орташа квадраттық қателікті бен кезінде екінші және үшінші факторларды (10 және 11) формулада алып тастаса, есептеуге ыңғайлы. Онда: (14) (15) Бақылау мәліметтері болған жағдайда су өтімінің статистикалық параметрлерінің жылдық өлшемдерін келесі әдіспен анықтайды: Шындыққа жақын әдісі; моменттер әдісі; графо-аналитикалық әдіс ( Г.А. Алексеев әдісі). Практикалық есептеулерде <0,5 болған жағдайда моменттер әдісін пайдаланған дұрыс, сәйкесінше > 0,5 болғанда ең үлкен шынайылық әдісі, ал графо˗аналитикалық әдіст ˗ның кез келген мәнінде қолдануға келеді 1˗ Тапсырма. Қақпатас өзені – Қақпатас өзені сағасынан 1,0 км жоғары аумақ тұстамасындағы жылдық су өтімін берілген қамтамасыздық мәні Р (Р = 95%) кезінде анықтау. Берілген мәліметтер: орташа жылдық су шығыны (м3/с) Қақпатас өзені – Қақпатас өзені сағасынан 1,0 км жоғары аумақ тұстамасындағы жылдық бақылау қатары (1948… 1959) (кесте 1). Есептеулерді орындау тәртібі келесідей: 1. Өзен ағынының көпжылдық орташа мәліметтері анықталады (орташа жылдық су шығынын есептеу кезінде жеңіл болу үшін кему ретімен орнатқан дұрыс)(кесте 2): , (16) Мұнда: – орташа - жылдық су шығыны; n – бақылау жасалған жылдар саны. Сонда, м3/с. Кесте 1.Ргайты өз. – Ргайты өзені сағасынан 1,0 км жоғары аумақтағы өзеннің орташа айлық су шығындары [1]
Кесте 2. Ргайты өз. – Ргайты өзені сағасынан 1,0 км жоғары аумақтағы өзеннің жылдық ағыны өзгергіштік коэффициентін моменттер әдісімен есептеу [1]
2. Есептердің дұрыстығы тексеріледі, келесі шарттар қанағаттандырылуы қажет: (17) 3. Өзгергіштік коэффициенті және бейсимметрия коэффициенттері есептеледі: (18) (19) 4. Бақылау қатарының жеткіліктілігі анықталады: (20) (21) 5. Өзгергіштік және бейсимметрия коэффициентінің есептік шамалары мына формулалар арқылы анықталады. Мұндағы, а1, …, а6 және b1, …, b6 - 3 және 4 кестеден анықталатын коэффициенттер 6. а1, …, а6 және b1, …, b6 коэффициенттерін анықтау үшін іргелес қатарлар арасындағы автокорреляция коэффициентін r(1) есептеледі: (24) Формуладағы: (25) (26) Корреляция коэффициентін анықтауға арналған есептеулер 5-кестеде көрсетілген: . 7. Сs/Cv=2,08/1,14≈1,84 қатынасы анықталды. 3 және 4 кестеде Сs/Cv=2 қатынасы және корреляция коэффициенті r(1)=0,13 пайдаланылып, а1, …, а6 және b1, …, b6 коэффициенттерінің мәндері табылды. Кесте 3. а1, … а6 коэффициенттерінің мәндері [1]
Кесте 4. b1, …, b6 коэффициенттерінің мәндері [1]
а1 = 0; а2 = 0,8; а3 = 0,98; а4 = 0,41; а5 = 0,02; а6 = 1,47; b1 = 0,03; b2 = 1,63; b3 = 0,92; b4 = - 0,97; b5 = 0,03; b 6 = 7,94. 8. Осылайша өзгергіштік (Cv) және бейсимметрия (Сs) коэффициенттерінің есептік мәндері анықталады: 9. Өзгергіштік және бейсимметрия коэффициенттерінің қатынасы табылады: . 10. Өзен ағынының қамтамасыздану мөлшерінің эмпирикалық қисығы тұрғызылады. Алдын ала мына формула бойынша эмпирикалық қамтамасыздану мөлшері анықталып алынады. (27) Бұл формуладағы: m - кему ретінде жазылған су шығынының реттік нөмірі n – қатардың жалпы саны 2-кестедегі (5 баған) және Р% (8 баған) шамаларының мәндеріне байланысты Қақпатас өзені су шығынының эмпирикалық қамтамасыздық қисығы тұрғызылды(1-сурет [2]). Кесте 5. Гидрологиялық қатардың іргелес мүшелері арасындағы автокорреляция коэффицентін ( r(1)) есептеу Ргайты өз. – Ргайты өзені сағасынан 1,0 км жоғары [1]
м3/с; м3/с ∑( - )( ) = 9,9597. ∑ ( - )2 = 10,28. ∑( )2 =10,28 11. 6-кестедегі қатынасы және Сv=0,655 өзгергіштік коэффициенті пайдаланылып, Қақпатас өзені су шығынының теоретикалық қамтамасыздық қисығы тұрғызылды(сурет-1 [2]). Кесте 6. Ргайты өз. – Ргайты өзені сағасынан 1,0 км жоғары аумақтағы өзен тұстамасындағы Сv=0,655 және Сs=1,5Cv кезіндегі жылдық ағынның қамтамасыздық қисығының теоретикалық ординаталары.
12. Өзеннің жылдық ағынының теоретикалық қамтамасыздық қисығының статистикалық параметрлері мына мәндерге тең болды: Ағынды нормасының орташа салыстырмалы қателігі ( ) 5-10%-дан және өзгергіштік коэффициентінің қателігі ( ) 10-15%-дан аспау керек. Бұл жағдайда . Бірақ біз м3/с тең деп қабылдай береміз. 13. Тапсырмаға сәйкес 95% қамтамасыздық кезіндегі өзеннің есептік су шығыны анықталды: м3/с |