10. 2 ток. 3 бжб. 10. 2C Химиялы тепетедік блімі бойынша жиынты баалау 1 (а) Берілген реакцияда 2SO2 O2 2SO3 q тепетедікті андай жолмен бастапы заттар жаына ыыстыруа болады 1
Скачать 17.35 Kb.
|
10.2C «Химиялық тепе-теңдік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1 (а) Берілген реакцияда 2SO2 + O2 ⇌ 2SO3 + Q тепе-теңдікті қандай жолмен бастапқы заттар жағына ығыстыруға болады? [1] A) қысымды төмендету B) қысымды арттыру C) температураны төмендету D) катализатор қолдану (b) Келесі жүйеде химиялық тепе-теңдік қай жаққа қарай ығысады? 4НСl(г) +O2(г) 2H2O(г) +2Cl2(г), ΔНх.р. < 0, егер: [4] i. қысымды жоғарылатса: ________________________________________________ ii. көлемді жоғарылатса: _________________________________________________ iii. температураны темендетсе: ___________________________________________ iv. бастапқы заттардың концентрациясын жоғарылатса: _____________________ 2 (а) Төменде берілген реакция теңдеуіне тепе-теңдік константасының өрнегін құрыңыз. (концентрация және қысым бойынша) [4] N02 =N2O4 b) H2+ J2 = HJ 3 . (а) Сутегі мен йодтың бастапқы концентрациялары 0,05 моль/л және йодсутектің (HJ) тепе-теңдік концентрациясы 0,04 моль/л екендігін ескере сутегі мен йодтың тепе-теңдік константасын есептеңіз. [2] (b) Қайтымды реакция теңдеуі: А + В → 2С. Барлық заттар 1.5 мольден араластырылған. Тепе- теңдік орнағаннан кейін 1,7 моль С заты анықталды. Тепе теңдік константасын табыңыз. [2] 4. Өндірісте аммиакты тікелей азот пен сутектің әрекеттесу нәтижесінде, Габер процесі арқылы алады. (а) Төменде Габер процесі арқылы азот пен сутектен аммиакты алу реакцияның теңдеуі берілген. Берілген реакцияға байланысты аммиактың шығымын қалай арттыруға болады? N2 (г) + 3H2 (г) = 2NH3 (г) + Q [2] Ә) Аммиак синтезі барысында химиялық тепе-теңдік әрекеттесуші заттардың келесі концентрациялары кезінде орнатылады: [N2]=2,5 моль/л, [H2]=1,8 моль/л, [NH3]=3,6 моль/л. Осы реакцияның тепе-теңдік константасын есептеңіз. Азоттың (N2) және сутектің (H2) бастапқы концентрацияларын есептеңіз. [3]
|