|
08.02. 10В мк. 10. 3C 17топ элементтері
Бөлім:
| 10.3C 17-топ элементтері
| Педагогтің аты-жөні:
| Киргизбаева Сабира Батырбекқызы
| Күні:
| 08.02.2023ж
| Сыныбы: 10 «В»
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Галоген иондарын тәжірибе жүзінде анықтау
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 10.2.1.7галогенид-иондарды тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау және анықтау
10.2.1.8 хлордың суды залалсыздандыруда қолдануын түсіндіру және осы процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
10.2.1.9галогендер және олардың қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау
| Сабақтың мақсаты:
| -Галогенидтердің реакцияға түсу белсенділігін сипаттау,
-Галогенидтердің реакцияларының теңдеулерін жазу;
-Галогенидтердің химиялық қасиетін сипаттау үшін лабораториялық жұмыс жасау
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
5 мин
| Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Үй тапсырмасы айдары
«Білгір химиктер орманда» әдісімен үй тапсырмасы сұралады.
Топқа бөлу
Мұғалім «атомдар» деп айтса, оқушылар қозғалыста жүреді. «Молекулалар» деп айтып, бір санды атаса, сол аталған топтардағы сан құрамына жедел бірігеді. Үлгере алмай қалған оқушы айып өтейді (ән айтады, өлең оқиды) сабақ осы құрамда жалғасады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Галоген иондарын тәжірибе жүзінде анықтау
| Оқушылар сәлемдеседі.
Оқушылар слайдтағы сұрақтарға жауап береді.
Топқа «Атомдар мен молекулалар» әдісі бойынша бірігеді.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзіменынталандыру
|
АКТ Таратпа материал Бағалау парақшасы
| Сабақтың ортасы
(35мин )
6 мин
15 мин
3мин
5-6 мин
| «Миға шабуыл» Слайдта көрсетілген кестені толтырады.
Сұрақтарға жауап береді.
1. Галогенсутектер қандай қасиет көрсетеді?
2. Кестеде берілген галогенсутектерді лакмус, фенолфталейн, метилоранж ерітінділерін тамызғандағы өзгеріс қандай?
Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды.
Топтық жұмыс . «Кім жылдам?»
Жұптық жұмыс «Көршіңмен әңгімелес» әдісі
Мұғалім төмендегідей сұрақтар қою арқылы Хлордың қолданылуын түсіндіреді.
1.Хлормен зарарсыздандырудың мәні неде? 2. Хлормен суды зарарсыздандырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар. 3. Зарарсыздандырудан басқа суды тазалаудың тағы қандай әдістері бар?
| Оқушылар кестеге қарап,сұрақтарға жауап береді?
Топта талқылайды
Оқушылар тапсырмаларды орындайды(жеке)
2-Тапсырма
1.Натрий бромиді мен концентрлі күкірт қышқылы қышқылының реакциясы.
2.Натрий иодиді мен концентрлі күкірт қышқылы қышқылының реакциясы.
3.Натрий иодиді мен концентрлі күкірт қышқылының реакция теңдеуі және тотығу тотықсыздану теңдеуін құрыңыз.
3-тапсырма
1-тәжірибе .
Үш сынауыққа 2 мл NaCl, КBr және КI ерітінділерін құйыңыз. Әр сынауыққа бірнеше тамшы AgNO3 ерітіндісін құйыңыз Не байқадыңдар?
2-тәжірибе.
Картоптың бір түйіріне бірнеше тамшы йодтың спирттегі ерітіндісін тамызыңдар. Не байқадыңдар? Тәжірибелердегі байқалған құбылыстарды түсіндіріп, тиісті қорытынды жасаңдар
4-тапсырма
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, талдайды.
1.Хлормен зарарсыздандырудың мәні неде? 2. Хлормен суды зарарсыздандырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар. 3. Зарарсыздандырудан басқа суды тазалаудың тағы қандай әдістері бар?
| Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап, кері байланыс беріп отырады.
Дескриптор:
Галогенсутектердің қасиеттерін анықтайды.
Дескриптор 3 ұпай
-тәжірибенің реакция теңдеуін жазады;
- тұнбаның түсін анықтайды;
- Галогенсутектердің қасиеттеріне тоқталады.
- Реакцияның тотығу-тотықсыздану теңдеуін жаза алады.
-Дескриптор 4ұпай
- Реакция теңдеуін құрады
- Галогенид иондарына сапалық реакцияны анықтайды
- Экспериенттік деректерді пайдалана отырып ,сынауықтардағы белгісіз заттты болжайды және белгісіз заттың құрамынанықтайды
Дескриптор 4 ұпай
Галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы
сипаттайды Дескриптор 2 ұпай -ерітінді,балқыма электролизінің сызбанұсқасын құрады
-молекулалық теңдеуін жазып,коэффициенттер санын анықтайды
| .
видеоролик
Таратпа материал
Таратпа материал
Таратпа материал
АКТ
Слайд
| Сабақтың соңы 4 мин
| Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдау.Формативті бағалау Үй тапсырмасы. Есеп. Зауытта массасы 468 кг натрий хлоридінің ерітіндісін электролизге ұшыратты. Алынған газдар хлорсутектің синтезі үшін қолданылады. Алынған хлорсутек газын 708 л суда ерітті. Алынған ерітіндідегі тұз қышқылының массалық үлесін есептеңдер.
2. 8%-дық 400 г мыс (II) сульфаты ерітіндісін электролиздегенде катодта бөлінген өнімді сұйытылған азот қышқылымен өндегенде бөлінген газдың көлемі(3 л)
| Кері байланыс «Білім ағашы»
Түсті стикерді таңдап аты жөнін жазып, сабақтан алған әсерлерін білім ағашының жапырақтарына жапсырады
| Оқушылар1-10 баллдық жүйе бойынша, оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
| Шаруашылықтың барлық салаларында және өндірісте электролиз барлық жақты қолданылады.
Машина жасау, радиотехника,полиграфты өндіріс салаларында электролизді металдар немесе бұйымдар бетіне жұқа жабылғы салу үшін қолданады, оның себебі бұл пленка коррозиядан сақтайды және декоротивті түрге келтіреді, ыстыққа төзімді болады. өндірістік ванналардың классификация негізіне әт.рлі белгілер жатқызылуы мүмкін |
|
|