Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарым-қатынас

  • Қарым-қатынас барысында келесі кезендер бөлінеді

  • 1607487187432_СИСЕНОВА А. РК 2. 10. арыматынас психологиясы туралы тсінік арыматынас дегеніміз


    Скачать 46 Kb.
    Название10. арыматынас психологиясы туралы тсінік арыматынас дегеніміз
    Дата09.12.2020
    Размер46 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1607487187432_СИСЕНОВА А. РК 2.doc
    ТипДокументы
    #158646

    Сисенова Аяжан Талғатқызы

    1. группа стоматология 1 курс



    10. Қарым-қатынас психологиясы туралы түсінік

    Қарым-қатынас дегеніміз – бұл біріңғай іс- әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі. Соңғы жылдары қарым-катынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде кеңінен зерттеліп, қарым -қатынас мәселеci психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде жетекші орындардың бірін ала бастады.

    Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.

    1- ші кезеңі: В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте карым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым- қатынастык психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.

    2-ші кезеңі: 70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке түлғаның әлеуметтенуi туралы қағиданы негіздеу үшін колданылды. Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялык талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.

    3-ші кезеңі: 70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда карым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.

    Жалпы қарым-қатынас - адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады. Қарым – қатынасты үш жақты сипаттап көрсетуге болады.

    1-ші жағы: Коммуникациялық- адамдардың өзара ақпарат алмасуы.

    2-ші жағы: Интерактивті- адамдардың өзара әрекеттесін ұйымдастыру.

    3- ші жағы : Перцептивті –адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы

    Қарым-қатынас және ic-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым- катынас жасайды, жақыңдасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, акпарат алады.

    Қарым-қатынас барысында келесі кезендер бөлінеді:

    1) қарым-қатынасқа түсу қажеттігі адамды басқа адамдармен байланыска

    түсуге итермелейді;

    2) қарым-қатынас жағдайы мен мақсатына бағдарлану;

    3) өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның тұлғасын бағдарлау;

    4) өз мәліметінің мазмұнын жоспарлау, яғни адамның не айтатыны

    туралы ойлау;

    5) айтатын накты сөздерін таңдау, қалай айтатынын және өзін қалай

    ұстайтынын ойластыру;

    6) өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның жауап қайтаруын қабылдау

    және оған баға беру, кері байланыс негізінде қарым-қатынас тиімділігін

    бақылау;

    7) карым-катынастың тәсілдерін, стилін, бағытын өңдеу.

    Егер қарым-катынастың осы актілерінің біреуі бұзылса, онда адам күткен

    нәтижесіне жете алмайды, яғни қарым-қатынас тиімді болмайды. Ал осы

    актілердің бәрін дұрыс орындай білу қабілеттері «әлеуметтік интеллект»,

    "психологиялық-практикалық ақыл", "коммуникативті құзыреттілік", «ашық

    мінезділік», "қарым-қатынасқа тез түсушілік» деп аталады.

    Н ПРО БҚММУ 703-15-17. БӨҚ эталоны қорытынды мемлекеттік аттестаттау (жағдаяттық тапсырмалар, тестілер, билеттер, практикалық дағдылар) (таңдап алу қажет).Төртінші басылым.

    Ф ПРО ЗКГМУ 703-15-17. Эталон КИС итоговая государственная аттестация (ситуационные задачи, тесты, билеты, практические навыки)(необходимо выбрать).Изданиечетвертое.

    F PRO WKSMU 703-15-17. Model of MMFfinal state attestation (situational tasks, tests, cards, practical skills)(necessary to choose).Fourth edition


    написать администратору сайта