Главная страница

Сит.есептер. 10сит Лизосоманы маркерлы ферментіышылды фостатазаны анытайтын арнайы бояумен боялан борпылда талшыты алыптаспаан днекер тініні препараты берілген.


Скачать 1.32 Mb.
Название10сит Лизосоманы маркерлы ферментіышылды фостатазаны анытайтын арнайы бояумен боялан борпылда талшыты алыптаспаан днекер тініні препараты берілген.
Дата31.03.2022
Размер1.32 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСит.есептер.docx
ТипДокументы
#430091

10-сит
1.Лизосоманың маркерлық ферменті-қышқылдық фостатазаны анықтайтын арнайы бояумен боялған борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препараты берілген. Препараттағы жасушалардың бір бөлігі ферменттің жоғары белсенділігін көрсетеді. Бұл қандай жасушалар және олардың негізгі қызметін атаңыздар.

Макрофагтар-организмнің гетерогенді маманданған қорғаныш жүйесінің жасушалық популяциясы. Олар қорғаныштық қызмет атқарады.
2. Метилен көгімен және пиронинмен боялған борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препаратындағы кейбір жасушалардың цитоплазмасында пиронинофилия анық көрінеді, ядро жанында ашық түсті боялмаған аймақ көрінеді. Бұл жасуша қалай аталады? Оның қызметін атаңыздар. Плазмоциттер – организмде антигендердің пайда болуы кезінде антиденелердің – гамма глобулиндердің өндірілуін қамтамасыз етеді.Плазмоциттерге антиденелердің өте шапшаң синтезделуі мен секрециясы тән.Ол иммуноглобулиндердің бірнеше мың молекуласын өндіреді.Олардың көлемі 7 мкм ден 10 мкм дейін ауытқиды.Ядролары басқалармен салыстырғанда үлкен емес,дөңгелек не сопақ пішінді, шеттей орналасқан.Цитоплазмасы өте базофильді,жақсы дамыған эндоплазмалық торы болады.Ядро маңында орналасқан кішкентай ашық түсті аймақта ғана базофилия болмайды.Ол жерді сфера немесе алаң деп атайды.Бұл жерде центриольдер және Гольджи кешені орналасқан.Плазмоциттер саны әртүрлі аллергиялық,инфекциялық қабынуларда арта түседі.
3.Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің құрылысының үлгісі.

БТҚДТ-нің жасушалары мен талшықтары құрылыс ерекшеліктерімен ажыратылады. Берілген үлгіге қарап жасуша мен талшықтардың құрылыс ерекшеліктерін және қызметін сипаттаңыздар.

А)Тіндік базофилдер – цитоплазмасында маманданған,диаметрі 0,3-1 мкм болатын ерекше гранулоциттері бар жасушалар тобы.

Б)Жуан коллаген талшықтары – коллаген белогынан құралып,тінге беріктік қасиет береді.

В) Макрофагтар – организмнің гетерогенді маманданған қорғаныш жүйесінің жасушалық популяциясы.

Г)Жіңішке эластин талшықтары – фибробласттардан өндірілетін,тінге иілгіштік қасиет беретін құрылым.

Д)Негізгі зат – жасушалар мен талшықтар арасын толтырып тұрады.

Е)Фибробласттар – жасуша аралық затының компоненттерін түзетін жасушалар тобы.

Ж) Адипоциттер – қоректендіруге,энергия түзуге,судың алмасуына ,көп мөлшерде май қорын жинауға қабілетті жасушалар.
4.Дәнекер тінінің екі препараты берілген. Екі препаратта да коллаген талшықтарының будаларының көптігімен және негізгі затының аздығымен ерекшеленеді. Бірақ бірінші препараттағы коллаген талшықтары бір-біріне параллель орналасқан, ал екіншісінде әртүрлі бағытта орналасады. Осы тіндердің атын атаңыздар. Біріншісі-тығыз қалыптасқан

Екіншісі- тығыз қалыптаспаған
5. Терінің дерма қабатының емізікті және торлы қабаттарының құрылыстары әртүрлі. Осы қабаттарды түзетін тіндерді атаңыздар.

Емізікті қабат-Борпылдақ дәнекер тіннен тұрады. Дәнекер тіннің құрамында-жіңішке коллаген, эластикалық, ретикулярлық талшықтар және жасаушалар болады. Олардың арасында фибробласттар, макрофагтар, мес жасушалары жиі кездеседі

Торлы қабат-Коллаген талшықтарының жуан шоғыры мен эластикалық (терінің жиі созылатын аймақтарында көп болады)талшықтардың торы бар Тығыз пішінделмеген дәнекер тіннен тұрады. Коллаген талшықтарының шоғырлары екі бағытта жатады, бірі терінің бетіне параллельді орналасса, екіншісі қиғаш бағытталады.
6. Дәнекер тіні берілген,оның құрамында тығыз бір бағытта орналасқан талшықтар мен аздаған жасушалық элементтері мен оның арасындағы негізгі заты бар. Дәнекер тінінің қай түрі берілген? Борпылдақ пен тығыз талшықты дәнекер тіндерінің құрылыс айырмашылығы мен ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.

Тығыз дәнекер тіннің пішінделген(қалыптасқан) түрі берілген.

Борпылдақ талшықты дәнекер тіні -құрамындағы талшықтары мен жасушалары бос орналасады

Тығыз талшықты дәнекер тіні- Құрамындағы талшықтары тығыз орналасқан
7. Қан түзуді реттеуде микроқоршау маңызды қызмет атқарады. Микроқоршау қай тіннің жасушаларынан түзіледі?

Ерекше қасиеті бар тіндердің ішіндегі-Ретикулярлық тін. Ретикулярлық тін қан түзетін мүшелердің стромасын құрайды. Дамып келе жатқан қан жасушалары үшін микроортаны түзейді.

8. Гематоксилин-эозинмен боялған дәнекер тінінің препаратын зерттеу барысында бір-бірімен өсінділері арқылы байланысқан жасушалар көрінеді. Осы жасушалар түзген торларда баулар түзе орналасқан лимфоциттерді көруге болады. Бұл қандай тін деген сұраққа бір студент ретикулярля тін,- деп жауап берсе, екінші студент –сүйек тіні,-деп жауап берді. Қай студенттің жауабы дұрыс?

Ретикулярлы тін,себебі оның құрлысы торға ұқсайды және өсінділі ретикулярлы жасушалардан және ретикулярлық талшықтан тұрады.
9. Лимфа түйінінің демонстрациялық микропрепараты. Бояуы гематоксилин-эозин.

Ретикулярлы тіннің құрылымдық элементтерін ажыратыңыздар.



Ретикулярлық тіннің құрылымы торға ұқсайды және өсінділі ретикулрлық жасушалар мен ретикулярлық талшықтардан тұрады.Ретикулярлық жасушалардың көпшілігі ретикулярлық талшықтармен байланысқан және бір-бірімен өсінділері арқылы түйісіп,үш өлшемді тор құрайды.

10. Дәнекер тінінің арнайы қасиеті бар шар тәрізді жасушасы берілген, оның орталық бөлімін бір үлкен нейтральды май тамшысы алып жатыр, цитоплазмасында органеллалары нашар дамыған, ядросы жалпақ бір шетіне жылжыған. Жасушаның пішіні жүзікке ұқсайды. Осы жасушаның атын атаңыздар.

Адипоциттер(май жасушалары)

Адипоциттер – қоректендіруге,энергия түзуге,судың алмасуына ,көп мөлшерде май қорын жинауға қабілетті жасушалар.Жеке орналасқан май жасушаларының пішіні шар немесе жүзік тәрізді.
11. Дәнекер тінінің адипоциттерінің цитоплазмасында көптеген майда май қосындылары бар. Жаңа туылған балаларда болатын дәнекер тінінің арнайы қасиеттері бар түрін атаңыздар.

Қоңыр май тіні. Себебі, цитоплазмасында ұсақ май қосындылары болады және жасушасына қоңыр түс беретін митохондрияның құрамындағы темірі бар пигменттер- цитохромдар болады. Ақ май тініне қарағанда митохондрия мөлшері көп. Қызметі: энергия бөлу
12. Жаңа туылған нәрестелердің қоңыр май тініндегі адипоциттердің электронды-микроскопиялық үлгісі.

Үлгіде адипоциттердің жасуша ішілік органеллалары, қосындылары және оны қоршаған құрылымдары берілген. Қандай жасуша ішілік органеллалар мен қосындылар жақсы жетілген?



Қоңыр май тіндері жаңа туған нәрестелереде мойынында,төс астында,омыртқа бойында,тері астында кездеседі.Ол гематоқылтамырлармен жиі торланған май жасушаларынан тұрады.Ал оның цитоплазмасында көптеген ұсақ май қосындылары болады.Сонымен қатар қоңыр май жасушаларында митохондриялар біршама көп болып келеді. Май жасушаларына қоңыр түс беріп тұратын митохондрия құрамындағы темірі бар пигменттер – цитохромдар.
13. Препаратта аз дифференцияланған борпылдақ дәнекер тіні берілген. Құрамында көптеген жасушалық элементтері бар, оның ішінде жіп тәрізді адвентициальды (камбиальды) жасушалар және жас фибробластар басым келеді. Жасушааралық заты гиалурон қышқылы басым келетін аморфты субстанцияға бай. Берілген борпылдақ дәнекер тіні құрылысы қандай жас кезеңіне сәйкес келеді? Фибробластың құрылысы сипаттаңыз. Қызметін атаңыз.

1.Ретикулин жасушалары;

2.Боз зат бояуларының лимфоциттері;

3.Қан тамырлары;

Препаратта лимфа түйінінің демонстарциялық микросуреті берілген. Бұл

жерде біз құрылысы торға ұқсас ретикулярлы тін жасушаларын көреміз. Олар ретикулярлы талшықтармен байланысып, яғни өсінділері арқылы түйісіп, 3 өлшемді тор құраған.
14. Борпылдақ дәнекер тінінің микропрепаратын зерттеу барысында жасушааралық затының мөлшерерінің көптігі анықталды: аморфты заты аз және талшықты құрылымдары көбірек. Коллаген талшықтары будаларға жинақталған, олардың фибриллярлы құрылымдары анық көрінеді. Эластин талшықтары біркелкі жіңішке жіпшелер түрінде көрінеді. Жасушалық элементтерінің арасында аз маманданған жасушалар саны аз, ал фиброциттер, макрофагтар мен тін базофильдерінің саны көбейген. Борпылдақ дәнекер тіні баланың қай жас кезеңінде жоғары маманданады? Фиброциттің құрылысын атаңыз. Қызметін айтыңыз.

1-Жаңа туылған балаларда және 1 жасқа дейінгі балаларда борпылдақ дәнекер тіні аз дифференцияланған болып келеді.

2-Фибробласттар нәруыздарды, протеогликан және гликопротеиндерді түзейтін жасушалар. Құрылыс әртүрлі, яғни аз дифференцияланған түрінен бастап ажыратуға болады.

3-Қызметі: қорғаныштық-жараның жазыла бастауы, грануляциялық тіннің дамуы, дәнекер тіндік капсуланың түзілуі-, гликозамингликан және протеогликандар синтездейді.

11-сит
1.Гематоксилин-эозинмен боялған гиалинді шеміршекті зерттеу барысында мүшенің шеткі аймағында екі қабат анық көрінеді: ішкісі- тығыздау, сыртқысының тығыздығы аздау. Аз дифференцияланған жасушалар-хондроциттердің ізашарлары қай қабатта орналасады? Хондроциттердің дифференциясының белсенділігін қандай гистохимиялық реакцияның көмегімен бағалауға болады?

Гиалінді шеміршек тінінің өзі екі қабаттан тұрады, шеміршек үсті қабығымен қапталып, шеміршектерді түзейді. Шеміршек үсті қабығы екі қабаттан тұрады:сыртқы және ішкі.Сыртқы қабаты қан тамырлары бар талшықты дәнекер тінінен тұрады. Ал ішкі қабатында хондроциттердің бастамалары болатын хондробласттар мен прехондробласттар орналасқан.
2.Сүйек тінінің екі препараты берілген. Бірінші препаратта концентрлі сүйек пластинкалары жақсы көрінеді, екіншісінде сүйек пластинкалары жоқ. Сүйек тінінің түрлерін және олардың орналасуын анықтаңыздар.

Бірінші препаратта қабыршақты сүйек тіні берілген(textus osseus lamellaris), себебі концентрлі сүйек пластинкалары жақсы көрініп тұр.

Қабыршақты сүйек тіні ересек адам организмінде сүйектің ең кең тараған түрі болып табылады. Ол сүйек табақшаларынан (lamellae ossea) тұрады. Қалыңдығы бірнеше ондаған микрометрден, ұзындығы бірнеше жүздеген микрометге дейін жетуі мүмкін.

Тұтас емес, әр түрлі жазықтықтарда бағытталған коллагенді фибриллалары болады.Табақшалардың қатпарлануы мүмкін.

Орналасуы – жалпақ және түтікшелі сүйектер.

Екінші препаратта дөрекі талшықты сүйек тіні(торлыталшықты немесе ретикулофиброзды) берілген. Дөрекі талшықты сүйек тіні негізінен ұрықтарда кездеседі.

Әртүрлі бағытта бей-берекет орналасқан коллаген талшықтары ақ жақсы көрінетін шоғырлар құрайды. Дөрекі талшықты сүйек тініде сүйек қуыстары немесе лакуналар болады, олардың ішінде – остеоциттер болады. Сыртынан сүйек үсті қабығы қаптап жатады. Орналасуы – бас сүйек тігістерінде, сіңірдің сүйекке бекінген жерінде.
3.Электронды микросуретте сүйек тінінің жасушасы берілген, оның цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық торы өте жақсы дамыған. Бұл жасушаның осындай ультрақұрылымы қандай қызметтерге байланысты және жасуша қалай аталады?

Остеобласттар . Қызметі:регенерация

Электронды микроскоптан қарағанда остеобласттардан көп мөлшерде түйіршікті эндоплазмалық торды көре аламыз. Бұл жасушалардың осындай ультрақұрылымы ондағы болып жатқан белок синтезі мен секрециясына байланысты. Себебі онда аморфты заттың копаненттері синтезделеді және жиналады. Сонымен қатар прогколлаген, күрделі көмірсe қосылыстары, глюкозамингликан гликопротеид синтезделеді.

Остеобласттар сүйек қабының терең қабаттарында және сүйектің регенерациялана тын жерінде кездеседі. Остеобласттар бөлініп көбеюге қабілетті болып табылады, осыған байла нысты сүйек сынған жерінде (травма) көбейіп, сүйек балкасы болып табылатын құрылымды түзеді. Бұлардың пішіні әртүрлі: куб тәрізді, пирамидальді, кейде көпбұрышты да болып келеді. Мөлшері 15-20 мкм. Ядросы дөңгелек, цитоплазмада эксцентрлі орналасқан, ядросы бірнешеу. Цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазмалық тор, митохондриялар және Гольджи комплексі болады.
4.Электронды микросуретте сүйек тінінің жасушаларының бірі берілген. Жасушаның цитоплазмасында лизосомалардың саны өте көп. Жасушаның осы құрылымдық ерекшелігі оның қандай қызметіне байланысты? Бұл қандай жасуша?

Остеокласттар. Бұл жасушалардың табиғаты гемотогенді. Олардың диаметрі 150 – 180 мкм ге жетеді, көптеген ядролары бар.Цитоплазмасы әлсіз базофильді , кейде оксофильді. Цитоплазманың микроқатпарланған шетінің үстінде көптеген ұсақ көпіршіктер және одан үлкендеу вакуольдер байқалады.Сыртықы ортаға көмірқышқыл газын бөліп , ал осы жерде анықталатын фермент карбоангидраза қышқылдың түзіліуіне және кальцийдің қоспалардың ерітілуіне септеседі.Остеокласстардың ферменттері коллагенді және сүйек тіні матриксінің протеогликандардын ыдырататын ,- митохондриялары , лизосомалары көп болады. Қызметтік ерекшелігі: сүйек тіні матриксінің протеогликандарын ыдыратады.

5.Эксперимент барысында кіші жіліншік сүйегін сылып алғанда (эпифизарлы пластинка бойымен өсу), сүйектің қабы сақталған кезде немесе сүйекпен бірге алынып тасталса сүйек толығымен қалпына келе ме?

Түтікті сүйектер негізі қозғалу барысында бір-біріне қажалуынан сақтау үшін және қоректік қызмет атқаруы үшін бізде сүйек қабы дамыған. Сүйек қабы 2 қабаттан тұрады: 1.Сыртқы-талшықты:талшықыт дінекер тінінен тұрса/коллаген талшықтары мен фибробласттар/; 2.Ішкі-жасушалық:дифф.жас-р, преостеобласт жіне остеобласттардан тұрады. Оның негізгі қызметі: сүйек тіндерін қоректендіру, сүйектің өсуі және регенерациясы үшін қажетті жаңа остеобласттардың тұрақты ағымын/келуін/ қамтамасыз ету болғандықтан, ол сылып алып тасталынса сүйек толығымен қалпыне келмейді.
6.Сүйек тінінің жасушаларының екі электронды микропрепараты берілген: біреуінің айналасында коллаген фибриллалары орналасады, ал жасушаның ішінде түйіршікті эндоплазмалық торы өте жақсы жетілген. Екінші жасушаның түйіршікті эндоплазмалық торы нашар дамыған, жасушааралық заты минералданған. Осы жасушаларды атаңыздар.

1- остеобласттар 2-остеоциттер
7.Шеміршектің аппозициялық өсуі туралы сұраққа жауабында студент өсу шеміршек қабының ішкі қабатындағы жасушалардың көбеюінен жүзеге асады десе, екінші студент оған қарсы, ол изогенді топтағы хондроциттердің синтездік қызметінің нәтижесінде жүреді,-деп жауап берді. Қай студенттің жауабы дұрыс?

1-ші студенттің жауабы дұрыс. Себебі шеміршекқап (перихондрий ) 2 қабаттан тұрады. Шеміршектің сыртқы қабаты - коллаген талшығынан, ал iшкiсі-шемiршек жасушаларынан тұрады. Бұл жасушалар камбиальды жасушалар.Мұнда жетiлмеген жасушалар нақтыланып, жас шемiршек жасушасы - хондробласт жетiледi. Шемiршектің өсуi шеткi шемiршек қабығы жасушаларының жетiлуiнен, көбеюiнен, бетiнде жаңа қабат қыртысы түзiлу жолымен (аппозициялық өсу) және жас шемiршек бөлiмiнде жасушалар көбеюiнен, жасуша аралық заттек мөлшерiнiң артуынан (аралық, интерстициальдi өсу) жүредi.
8. Адамның гиалинді шеміршегінің препараты берілген. Бірінші препаратта изогенді анық көрінеді, әртүрлі дифференсация сатыларындағы жасушалардан тұрады, жасушааралық заты мөлдірлеу(полупрозрачное) , гомогенді, екінші препаратта изогенді топтардың хондроциттері гипертропты, вакуольдері бар, кейбір жасушалар тіршіліктерін аяқтаған.Жасушааралық затыкей жерлерде минералданған.Осы препараттардың қайсысы гистологиялық құрылысы бойынша жас және егде адамдардың гиалинді шеміршегіне сәйкес келеді?

9.Сүйектің дамуының препаратын зерттеу барысында бірінші препаратында остеогенді аралшықтар бар, ал екіншісінде энхондральды сүйек, шеміршек қалдықтары бар. Осы препараттың қайсысы сүйектің мезинхимадан дамуына (тура остеогенез) және қайсысы мезинхимадан шеміршектің орнына дамуы (тура емес остеогенез) сәйкес келеді? Біріншісі – Тура остеогенез. Екіншісі – Тура емес остеогенез.
10. Шеміршек тінінің гистологиялық препаратында көптеген жуан, бір-біріне параллель орналасқан коллаген талшықтары көрінеді. Шеміршек тінінің қай түрі берілген?Зерттеуге алынған материал қай мүшеден алынған?

Талшықты шеміршек. Талшықты шеміршек тіні - омыртқа аралық дискіде, қозғалысы аз байламдарда, талшықты дәнекер тінінің гиалинді шеміршекке айналатын жерлерінде (байламдар мен сіңір) кездеседі.

Жауабы: Талшықты шеміршек

(Талшықты шеміршек тіні - омыртқа аралық дискіде, қозғалысы аз байламдарда, талшықты дәнекер тінінің гиалинді шеміршекке айналатын жерлерінде (байламдар мен сіңір) кездеседі. Бұл шеміршектің жасуша аралық затында параллелді бағытталған коллаген шоғырлары бірте-бірте босаңси келе гиалинді шеміршекке ұласады. Жасушалары хондроциттер жекеленіп те, топталып та орналасады. Хондроциттердің цитоплазмасында вакуолилері өте көп. Шеміршек жасушалары жеке немесе кішірек изогенді топтарды құрап орналасады.)
11. Зерттеуге шеміршек тінінің екі препараты берілген, бірі гематоксилин эозинмен , екіншісі орсеинмен боялған. Осы әдістермен бояғанда шеміршек тінінің қандай талшықтарын анықтауға болады? Талшықтардың қызметін атаңыздар.

Талшықты шеміршек тініндегі 1 типтегі коллагенді талшықтарды және гиалинді шеміршек тініндегі 2 типтегі коллагенді талшықтарды анықтау үшін гематоксилин, эозин бояуларын пайдаланамыз. Коллаген талшықтары (fibrae collageni) жануарлар организмінің дəнекер ұлпасындағы талшықтардың түрлері. Фибробластар, хондробластар, остеобластар синтездейтін коллаген белоктарынан түзіледі. Коллаген талшықтары фибриллдердің шоғырынан тұрады, əрбір фибрилла протофибриллден түзіледі. Коллаген талшықтарында кезең сайын (64 нм сайын) күңгірт жəне ашық аймақтар (сызықтар) кезектесіп орналасады. Клеткадан тыс аймақта тропоколлагеннің полимеризациясынан қалыптасады. Коллаген талшықтары берік, серпімділігі өте аз, механикалық (тіректік) қызмет атқарады. Шеміршекте коллаген талшықтарын – хондринді коллаген талшықтары, сүйекте – оссеинді коллаген талшықтары деп атайды.

Орсеинді эластикалық шеміршек тініндегі эластикалық талшықтарды анықтау үшін қолданады.

Эластикалық талшықтар (fibrae elastici), омыртқалылардың дəнекер ұлпасының талшықтарының түрі. Эластикалық талшықтардың пішінін, түзілуіндегі бағытын анықтайтын эластин белогынан жəне гликопротеидті микрофибриллдерден тұрады. Ұзын, жуандығы 3 мкм болатын біртекті берік созылмалы жəне жіпшелері қайнатуға төзімді, жіңішке тор түрінде тармақталады, ширатылады, жарықты күшті сындырады. Эластикалық талшықтар негізінен қантамырлар қабырғасында, эластикалық шеміршектерде, борпылдақ дəнекер ұлпасында шоғырланған. Тірек–механикалық қызмет атқарады. Эластикалық талшықтар иілгіштік(гибкость), созылмалы қасиет береді. Көптеген ұлпаларда эластин коллагенмен бірге кездеседі.

(Талшықты шеміршек тініндегі 1 типтегі коллагенді талшықтарды және гиалинді шеміршек тініндегі 2 типтегі коллагенді талшықтарды анықтау үшін гематоксилин, эозин бояуларын пайдаланамыз. Коллаген талшықтары берік, серпімділігі өте аз, механикалық (тіректік) қызмет атқарады. Шеміршекте коллаген талшықтарын – хондринді коллаген талшықтары, сүйекте – оссеинді коллаген талшықтары деп атайды. Орсеинді - эластикалық шеміршек тініндегі эластикалық талшықтарды анықтау үшін қолданады.)
12. Түтікшелі сүйектің компактты затында аралық пластинкалары өте көп, остеондар каналы кеңейген. Организмнің жасын анықтаңыздар.

25 жасқа дейін
13. Екі преапарат берілген, оның бірінде гиалинді шеміршек, ал екіншісінде эластинді шеміршек берілген. Шеміршектің түрлерін қандай ерекшеліктеріне байланысты ажыратуға болады?

Гиалинді шеміршек тіні – мөлдір , ақшыл көгілдір түсті , шыны тәріздес. Ересек организмде қабырғаның төспен біріккен жерлерінде , ауа өткізу жолдарында, сүйектің буын беттерінде , көмейде кездеседі.Буын шеміршегі анық бөлінбеген үш аймақтан тұрады; жоғары , аралық , базальды. Буын бетін қаптайтын гиалинді шеміршектің құрылымдық ерекшелігі оның буын қуысына қараған бетінде шеміршек үсті қабығының жоқтығы болып табылады.

Эластикалық шеміршек тіні – түсі сарғыштау , гиалинді шеміршектей мөлдір емес. Негізгі иілулерге үшырайтын – құлақ қалқаны , көмейдің мүйіз пішінді және сына пішінді шеміршектерінде т.б мүшелерде кездеседі. Жалпы құрылымдар бойынша екеуі ұқсас, гиалинді және эластикалық шеміршек тіні. Эластикалық шеміршектің негізгі айырмашылығы оның құрамында коллаген талшықтарымен қатар , эластикалық талшықтарда болады.

12 -сит
1. Бұлшық ет тіндерінің екі электрондық микросутері ұсынылған. Олардың бірінде параллель орналасқан миофибриллалар байқалады, оларда А-жəне I-дискілер анық көрінеді; миофибриллалар арасында - митохондрий тізбектері жəне түйіршіксіз эндоплазмалық тор жақсы дамыған.Басқа микросуретте митохондрия жəне түйіршіксіз эндоплазмалық тор каналдары да көрінеді, алайда миофибриллаларда А-жəне I-дискілердің кезектесуі байқалмайды. Бұлшық ет тіндерінің түрлерін анықтаңыз?

1-көлденең жолақты бұлшық ет тіні 2-жазық бұлшық ет тіні


2. Екі электрондық микросурет берілген: біріншісінде бір – біріне тығыз жанасып және бір-бірімен десмосомалармен байланысқан жасушалар, екіншісінде бір-біріне тығыз жанасып, базальды мембранамен бөлінген, бірақ бір-бірімен нексустармен байланысқан жасушалар. Электрондық микросуреттерде берілген жасушалардың тіндік құрамын анықтаңыз.
Бұл – жүректің бұлшықет тіні.Оның жасушалары кардиомиобластар мен кардиомиоциттер.Кардиомиоциттер көрші жасушалармен десмосомалар арқылы байланысқан.Цитоплазма жағынан әрбір десмосомаға,ұшымен десмоплакиндік кешенге бекитін миофибрилла келіп кіреді.Кардиомиоциттердің шығыңқы жерлерінің бүйі беттері нексус арқылы байлансады.Кардиомиоциттер пішіні цилиндр тәрізді созлыңқы.Ұштары бір-бірімен байланысып,қызметтік талшықтарды құрайды.Байланысқан аймақтарында ендірме дисктер қалыптасады. Кардиомиоциттердің сопақша пішінді ядросы, түйіршікті ЭПТ,Гольджи кешені,миофиламенттері жақсы жетілген.Гистогенез барысында 5 түрі пайда болады:жиырылғыш,синустық,өтпелі,өткізгіш,секреторлық.
3. Бұлшықет тінінің екі препараты берілген. Біреуінде қабығының астында көп ядролары бар оксифильді талшықтары көрінеді, ал екіншісінде тордың ортасында орналасқан таяқша тəрізді ядросы бар созылыңқы келген жіп тəрізді жасушалар жақсы көрінеді. Бұл қандай бұлшық ет тіні?

1. Көлденең жолақты бұлшықет тіні 2. Жазық бұлшықет тіні
4.Бұлшық ет тіндерінің түрлерін анықтаңыз: а) препарат гематоксилин-эозинмен боялған, оксифильді талшықтары жақсы көрінеді, көптеген ядролары мен талшықтары сарколемманың астында орналасады. б) препарат гематоксилин-эозинмен боялғанда саркоплазмасы  оксифильді боялады. Бірақ ядросы ортасында орналасқан және функционалды талшықтары сегменттерге бөлінген. (жасушa)

а)Сомалық b)Целомдық
5. Көлденең жолақты бұлшықет тінінің микросуретінде мыналар байқалады: жіңішке миофиламенттері А-дискісіне еніп орналасатыны сонша, саркомердің I-дискісі тіпті байқалмайды. Екінші микросуретте керісінше I-дискісі анық көрінеді. Екі микросуреттегі бұлшық ет талшықтарының функционалды жағдайын түсіндіріңіз.

Негізі саркомер-миофибрилланың құрылымдық бірлігі болып саналды. Оның құрамындағы күңгірт және ашық немесе анизотропты А-дискілері және изотропты I-дискілері бар.А-дискі: жұқа және қалың филаменттердің қабаттасуы нәтижесінде қалыптасқан.І-дискі:ашық түсті, А-дискінің 2 жағында орналасқан, тек жұқа филаменттерден тұрады. Яғни бұлшықеттің жиырылуы барысында саркомерлердің ұзарып қысқаруы немесе олардың құрамындағы филаменттерлің немесе жіпшелердің бір-біріне ауысыуы байқалады. Саркомердің қысқаруы нәтижесінде І-дискі қысылады, ал А-дискі өзінің формасын өзгертпейді/1-микросуреттегісіне сәйкес келеді/. 2-микросуретте қалыпты жағдайдағы/тыныштық/ саркомердің қалпы, себебі дискіде анық көрінген.
7.  Бұлшықет тінінің препаратын темірлі гематоксилинмен бояғанда көлденең жолақтары анықталды. Жүрек бұлшық ет тінінің қандай қосымша морфологиялық белгілері бар?

Жүректің көлденең-жолақты бұлшықеті,спланхнотомның висцеральды жапырақшасының симметриялық аймақтары-миоэпикардиальды табақшалар болып табылады.Жүрек бұлшықет тінінің бастапқы жасушалары кардиомиобласттар, кейін олар кардиомиоциттерге айналады.Кардиомиоциттер жүректің жұмысын реттеп отырады, яғни жиырылып босаңсытады.Оларға кардиомоциттердің арнайы түрлері жауап береді.Синустық кардиомиоцит белгілі ырғақпен автоматты түрде жиырылу күйін босаңсу күйіне ауыстырады.Жиырылғыш кардиормиоциттер-жиырылуды қамтамасыз етеді.Жиырылуды қамтамасыз ететін арнайы органеллалар миофибриллалар деп аталады. Жүрек бұлшықеті қаңқа бұлшықетінен қарағанда айырмашылығы бар, бірақ та екеуі де көлденең жолақты бұлшық етке жатады.Жүрек жасушалары бір-бірімен тығыз орналасып, ендірме дискілер арқылы байланысады.Ендірме дискілерде нексустар болады, яғни электрлік синапстар.Осы нексустар арқылы жүрек жиырылуын бастайты импульстар бір жасушадан келесі жасушаға кедергісіз өтеді.

8 Қаңқа бұлшықет тінінің «триадасы» не екенін түсіндірген кезде, студент триаданың бір Т-түтікшеден жəне күңгірт жəне ашық дискілер арасындағы екі шекара сызығынан тұратындығын айтты. Студенттің жауабы дұрыс па?бұрыс па? Түсіндіріңіз.

бір Т түтігі мен екі саркоплазмалық тордың қапшығынан тұрады
9.Жүрек бұлшықет тінінің препаратын дайындау кезінде диаметрі 15 мкм дөңгелек пішінді жасушалар көрінеді, цитоплазмасы гликоген қосындыларына бай. Бұл жасушалар жұмысшы кардиомиоциттердің талшықтарының арасында орналасқан. Бұл жасушалар қалай аталады жəне олардың қызметі қандай?

Жауабы-Жұмыскер (жиырылғыш) кардиомиоциттер. Олар өздерінің тізбектерін

құрай орналасып, бір-біріне реттеушілік сигналдарды өткізуге қабілетті. Қысқару

барысында бүкіл жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін қамтамасыз ететін жасушалар

болып табылады. Осы жиырылу қызметін атқаратын маманданған органелла-

миофибриллалары болады.

(Жиырылғыш кардиомиоциттер.Пішіні цилиндр тәрізді,ұзындығы 200-150 нм, қалыңдығы 10-20нм болады.Бір-бірімен қыстырма дискілер арқылы байланысқан,сырты базальді мембранамен қапталып,ретикулярлы коллаген талшықтарымен қоршалған.Сопақша келген ядролары кардиомитциттердің ортасында орналасады.Цитопладмасында түйіршіксіз эндоплазмалық тор жақсы дамыған.Саркомер-екі телефрагманың немесе Z- сызығының арасы. Сарколеммадан осы телефрагмаға Т тік түтікшесі өтеді.Түтікшелердің құрамына базальды мембрана енеді де,нерв импульсын алып келіп,кальций ионын эндоплазмалық тордан шығаруға ықпал етеді)
10. Жүрек бұлшықетінің препаратын дайындау кезінде цитоплазмасында көлденең жолақтары айқын байқалатын, ал ядролары ортасында орналасқан жасушалар көрінеді. Бір-бірімен қыстырма диск арқылы байланысқан. Жүрек бұлшық ет тінінің жасушалары мен қызметі қандай?

Жұмыскер (жиырылғыш) кардиомиоциттер: ядросы ортасында орналасқан, жасуша байланысқан аймақтарда ендірме дискілер қалыптасады

Қызметі: Қысқару барсында жүрек бұлщықетінің жиырылу күшін қамтамасыз етеді.
Бұл – жүректің бұлшықет тіні.Оның жасушалары кардиомиоблаттар мен кардиомиоциттер.Кардиомиоциттер көрші жасушалармен десмосомалар арқылы байланысқан.Цитоплазма жағынан әрбір десмосомаға,ұшымен десмоплакиндік кешенге бекитін миофибрилла келіп кіреді.Кардиомиоциттердің шығыңқы жерлерінің бүйі беттері нексус арқылы байлансады.Кардиомиоциттер пішіні цилиндр тәрізді созлыңқы.Ұштары бір-бірімен байланысып,қызметтік талшықтарды құрайды.Байланысқан аймақтарында ендірме дисктер қалыптасады. Кардиомиоциттердің сопақша пішінді ядросы, түйіршікті ЭПТ,Гольджи кешені,миофиламенттері жақсы жетілген. Гистогенез барысында 5 түрі пайда болады:жиырылғыш,синустық,өтпелі,өткізгіш,секреторлық.


13 -сит

  1. Микросуретте бір өсінділі жүйке жасушасы көрінеді. Бірақ сипаттамасында дендриті шетіне, ал аксоны ортасына бағытталатыны айтылған. Берілген сурет мәтінге сәйкес келе ме, түсіндіріңіз?

Псевдоуниполярлы нейрон, олардың денесінен жалғыз өсінді шығып, кейіннен екіге бөлінеді: аксон және дендрит.
2. Суретте үш ннейроцит көрсетілген- мультиполярлы, биполярлы, псевдоуниполярлы. Осы жасушалардың әрқайсысында неше аксон болады? Мультиполярлы – бір аксон, көп дендрит. Биополярлы – бір аксон, бір дендрит. Униполярлы – бір аксон.
3. Сызбада бір өсіндісі жұлынға, екінші өсіндісі (дендрит) бұлшық ет талшығына бағытталған нейроцит берілген. Бұл нейроциттің қызметі қандай? Нейрон немесе жүйке жасушасы – импульстарды қабылдауға,өңдеуге,өткізуге жауапты және басқа нейрондарға,бұлшықет,секреторлық жасушаларға әсер көрсететін маманданған жасуша. Өзінің өсінділерінің көмегімен,басқа нейрондармен синапстық байланыстарды құрау арқылы рефлекторлық доға(рецепторлық,ассоциативтік және эфферентті нейрондар) құрайды. Эфферентті нейрон. Афферентті нейрондар импульсты қабылдайды , эфференті нейрондар жұмыскер мүшелердің тіндеріне жеткізіп, оларды жұмысқа ынталандырады, ал ассоциативті нейрондар нейрон аралық байланыстарды қалыптастырады.
4. Нейроциттің аксонын кесу кезінде оның перифериялық бөлігі тіршілігін тоқтатады. Студент мұның екі себебі болуы мүмкін деп болжады: аксонның перифериялық бөлігінде белок синтезінің бұзылысы немесе оттегінің жеткіліксіздігі.Ұсынылған екі шешімді қалай бағалайсыз?

Аксонның перифериялық бөлігінде белок синтезінің бұзылысы.
5. Сызбада нейроглия жасушалары берілген. Бірінші түрі- кірпікшелері бар, пішіні цилиндр тәрізді жасушалар, екінші түрі- шектеуші мембрана түзетін, көп өсінділі жасуша. Нейроглия түрін анықтаңыз.

1. Эпендимоцит 2. Талшықты астроциттер
6. Сау адамдардың бас миының екі микропрепараты берілген. Бірніші препартта – нейрон цитоплазмасында көп мөлшерде липофусцин қосындыларының түйіршіктері анықталады, екінші препартта- липофусцин анықталмайды. Берілген микропрепарттар қай жас шамасындағы адамдарға сәйкес келеді

1.Қарт кісі 2. Балаларда,8 жастағы балада. Липофусцин пигменті қарттықтың бір белгісі, адам жасы ұлғайған сайын оның мөлшері нейрондарда көбейеді.
7. Жүйке импульсі бір жүйке талшықтары бойымен жылдамдығы 1-2 м/с, екінші жүйке талышқтары арқылы 5-120 м/с өтетіндігі анықталған. Бұл қандай талшықтар? Миелинді жүйке талшықтары 5 – 120 м\сек , миелинсіз жүйке талшықтары 1 – 2м\сек.

8. Суретте көп өсінділі нейроцит пен нейроглия көрінеді. Нейроглия нейронның сыртын қоршайды. Сипаттамада глиальды жасушалар болып нейролеммоциттер мен мантийлі глиоциттер табылады делінген. Нейрондар бөлігі мен оны қоршаған глиоциттерді атаңыз?

Шеткері жж-нің глиясы. Нейролиммоциттер – жүйке жасушасының өсінділерін қаптайды. Мантийлі глиоциттер – нейрондардың денесін қаптайды.
9. Гистологиялық зерттеуге біріншісі осмий қышқылымен, ал екіншісі күміс нитратымен боялған нерв талшықтарының көлденең кесіндісі берілген. Бірінші препаратқа нерв талшығының біліктік цилиндрі ашық түске, ал оны қоршаған қабығы күңгірт –қара түске боялған. Екінші препаратта керісінше біліктік цилиндрі күңгірт, ал сыртқы қабығы ашық түсті. Препараттағы нерв талшықтарының түрлерін анықтап, сыртқы қабықтарының аттарын атаңыз.

1. Миелинді талшық, қараңғы қабығы – миелинді қабат. Шван жасушалары – шаш фолликулаларының 80% жабатын өзіндік көп қабатты плазмалық мембраналары. 2.Миелинсіз талшық, оның ортасында олигодендроциттердің (леммоциттердің) ядросы орналасқан, ал плазмолеммада леммоциттер базальді өт пышағының 10-20 аксиларлы цилиндрлеріне (+ мезаксонның болуы) енеді.
10. Синапстың суреті ұсынылған. Оның оң жақ бөлігінде ұсақ көпіршіктер көрінеді, ал сол жағында жоқ. Бұл синапста пресинапстық бөлік қайда орналасқан? Бұл синапс қозуды қай бағытта өткізеді?

Оң жағы – пресинапстық бөлігі, сол жағы – постсинаптикалық бөлігі. Қозу оңнан солға қарай жүзеге асырылады.
11. Постэмбрионалды кезеңде жүйке талшықтарының миелинденуі алғашқы 3-6 айда жүреді. Нерв талшықтарының миелинденуі қай жаста аяқталады?

3 жаста аяқталады
12. Жаңа туылғандардың жүйке тінінің микропрепаратында жетілмеген нейрондар көрінеді, олардың нейроплазмасында хромотофилді субстанция жетілмеген. Нәруызды синтездейтін аппараттың жетілуіне байланысты олардың цитоплазмасында хромотофильді субстанция мөлшері де арта түседі. Балалардың нейрондары құрылысы бойынша қай жас шамасында ересектердікіне ұқсас болады? Жауап: Туғаннан кейін де нейрондардың саралануы цитоплазмасы мен өсінділерінің көлемі артуы жалғасады. 5-6 айлық ұрықта мультиполярлы байланыстар жетіледі. 8-9 айлық ұрықта нерондар толық жетіледі, тек көлемі артады




13. Миелин қабығы дамыған сайын жүйке талшықтарының қозғыштығы мен функционалды мүмкіндіктері жоғарылайды, бұл процесс бала жүре бастаған сәттен бастап күшейеді. Қай жүйке талшықтарының миелинді қабығы ертерек дамиды. Афферентті жүйке талшықтарының миеліндң талшықтарының дамуы ертерек, бірақ барлығы да 3 жасқа дейін дамып бітеді.
14. Жүйке- бұлшық ет синапсының 2 үлгісі берілген. 1-үлгіде қаңқа бұлшықетіндегі аксонның терминальді ұшы әлі өте қысқа және Т-тәрізді тармақталған. 2-үлгіде жүйке талшығының біліктік цилиндрінің соңғы тармақтары және арнайы бұлшықет талшығы көрінеді. Бұл үлгілердің қайсысы жаңа туған нәрестеге сәйкес келеді. Т тәрізді болады
15. Нейроглияның жасушалық элементтерінің 2 үлгісі берілген: I - апикальды полюсінде кірпікшелері бар, пішіні цилиндр тәрізді жасушалар; II - көптеген өсінділері бар ұсақ жасушалар анықталады. Осы және басқа жасушалық элементтер глиоциттердің қандай түріне жатады? Нейроглияның, соның ішінде астроциттің дамуы қай жаста аяқталады.

эпендимоциттер (5 жас) (кірпікшелері бар), астроциттер (көптеген өсінділері бар). Астроциттердің (5 ай) қызметтері тіректік,шекаралық  және  метаболиялық. Орталық жүйке жүйесінің сұр затында  орналасатын  протоплазмалық  астроциттерді  және  ақ  затта  орналасқан  талшықты  астроциттерді  ажыратамыз. Глиа туылғанға дейін қалыптасады. Макроглия микроглияға қарағанда біршама жақсы дамыған, әр түрлі даму деңгейіндегі элементтер. Толық глиа оның қалыптасуын алты айға дейін аяқтайды. Мидың каналына енетін эпиндиальды глиа жасушаларында кірпікшелері бар, олар 5 жылға дейін созылады.

14 -сит

1. Микроскопиялық зерттеулерге саусақ терісінен алынған екі кесінді (биоптат) берілген. Бірінші кесіндіде эпидермистің бес қабаты мен тері дермасындағы қарапайым бездер көрінеді. Ал, екіншісінде эпидермис өте жұқа, қабаттары өте нашар дамыған, дерма қабатында түктің түбірі мен екі түрлі қарапайым бездер көрінеді. Зерттеуге терінің қандай бөліктерінен алынған кесінді берілген?

Біріншісінде қолдың алақан жағынан алынған кесінді(қалың) тер бездері, екіншісі алақанның артқы жағынан алынған кесінді, Өйткені түкті болғандықтан тер және май бездері
2. Еуропалық адамдардың терісі күннің ультра–күлгін сәулесіне күйгенде қоңыр түске айналады. Бірақ көп ұзамай тері бұрынғы түсіне қайта келеді. Жазда тері түсінің өзгеруі неге байланысты? Тері құрамындағы қандай жасушалар бұл үрдіске қатысады?

Меланоциттер.Оның цитоплазмасында меланосомалары көп болады.Ол Гольджи кешенінде қалыптасады,бұған келіп тирозиназа және ДОФА-оксидаза ферменттері қосылады.Бұл ферменттер тирозин аминқышқылынан меланосомалардың құрамына кіретін терілік пигмент меланиннің үзілуіне қатысады. Меланин тері түсін өзгеріп,УК сәулесі әсерінен қорғайды,Д витамині түзілуіне қатысады.
3. Тері құрамындағы апокринді және голокринді секрециялы бездердің құрылыс ерекшеліктерін зерттеу үшін ғылыми қызметкер терінің қай бөлігінен кесінді алғаны жөн? Бұл бездерге қандай морфологиялық ерекшеліктер тән?

Сүт бездері және май бездерінен. Апокринді бездерге – лактация кезіндегі сүт бездерін жатқызсақ болады, себебі: бөліну барысында безді жасушалар жартылай бұзылады, ал голокринді бездерге терінің май бездері жатады, себебі өнім цитоплазмада толық жинақталып, безді жасушалар толық бұзылады.
4. Салыстырмалы зерттеулерге саусақ терісі мен бас терісі берілген. Бас терісіне қарағанда эпидермистің дәнді, жылтыр қабаттары мен дерма қабаты жақсы дамыған. Мұны дененің әртүрлі бөлігінен алынған тері құрылысының функциональды ерекшеліктеріне жатқызуға бола ма?

Жатқызуға болады, себебі саусақ терісі 5 қабаттан , ал бас терісі 4қабаттан онда эпидермистің жарқырауық қабаты болмайды.Бас терісі алақан табан терісіне қарағанда қызметі азырақ. Сондықтан алақан табан терілері эпидермисі қалың болады.
5. Апокринді тер бездері жыныстық пісіп жетілу кезеңінде дамиды. Жыныс бездерінің қызметтерімен қандай да бір байланысы бар ма?

Байланысы бар деп ойлаймын. жалпы- Апокринді бездер терінің кей аймақтарында ғана дамиды-қолтықта, артқы өтіс аймағында, маңдай терісінде, үлкен жыныс еріндерінде.Олар организмнің жыныстық есею кезеңінде дамиды және көлемдерінің үлкен болуымен ерекшеленеді. Апокринді тез бездерінің қызметі жыныс бездерінің қызметімен байланысты:етеккір алды, етеккір кезеңдерінде және жүктілік кезеңдерде бездердің секрециясы артады.

6. Супермаркетте болған ұрлықты тергеу барысында, полиция қызметкерлері сейфте қалдырған саусақ суретінің арқасында қылмыскерді тез арада тауып алды. Теріде ерекше құрылым- саусақ суретінің болуының себебін түсіндіріңіз.

Дерманың бүртікті қабаты туралы айтылған. Себебі бұл қабат бізде терінің үстіңгі бетіндегі сызықтардың орналасуының жеке сипатын анықтайды. Яғни, жеке адамды анықтауда сот-мед. маңызы бар. Жəне де бұл қабат емізулі нəрестелермен қарттарда болмайды.
7. Жарақаттанған тері эпидермисі қалпына келеді. Осы процесті жасушаның қандай диффероны іске асырады?

Меркель жасушалары- эпидермистин регенерациясын реттеп отырады.
8. Терінің әртүрлі аймақтарының микросуреттері берілген. «Қалың теріні» «түкті теріден» қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?

Эпидермистегі ерекшеліктеріне байланысты болады. Түкті тері: қалыңдығы 170 мкм, жылтыр қабаты болмайды, 2-3 қатар мүйізделген жасушалардан тұрады. Қалың тері: алақан және табанда болады, 5 қабаттан тұрады
9. Тері эпидермисінде меланин пигментінің түйіршіктері екі жасушада: меланоциттер мен кератиноциттерде болатыны белгілі. Осы жасушаларда меланин пигментінің түзілу механизмін түсіндіріңіз. Жасушаның қай түрі меланин пигментін синтездейді?

Меланосомалар сопақша пішінді құрылымдар, жалпы мембранамен қоршалған тығыз пигменттік түйіршіктерден және фибриллярлық каркастан тұрады. Олар гольджи кешенінде қалыптасады және онда оларға тирозиназа және дофа-оксидаза ферменттері қосылады. Терілік пигмент меланиннің түзілуіне тирозин аминқышқылынан меланрсомалардың ферменттері қатысады.
10.Түкті тері кестесінде суретші екі түрлі: қарапайым түтікшелі және қарапайым альвеолярлы бездердің суретін салды. Осы суретті сипаттай отырып қалыпты жағдайға сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтаңыз.

Қалыпты жағдайға келеді; тері бездері құрылысы бойынша түтікшелі болып келеді ал май бездері қарапайым альвеолярлы. Бір шаш түбінде 1-3 ке дейін бездер болады. Тер бездеріне қарағанда май бездері жоғары орналасып , дерманың бүртікті және торлы қабаттарының шекарасында анықталады
11.Терінің гистологиялық препаратының біреуінде тер және май бездері, ал екіншісінде тек тер бездері анықталған. Екі жағдайда терінің қандай аймақтары зерттелген? Препаратты зерттегенде терінің тағы да қандай туындыларын көруге болады?

В первом случае – участок тонкой кожи с волосом.Еще могли найти волос. Во втором случае – участок толстой кожи ладоней и ступней
12. Қалың тері эпидермисін зерттеу барысында оның ересек адамның терісіне қарағанда 2,5-3 есе жұқа және жылтыр қабатының жоқтығы анықталды. Қалың тері эпидермисінің осындай құрылысы қай жас кезеңіне сәйкес келеді? Эпидермистің құрылысы қандай?

Жаңа туылған балаларға сәйкес келеді (яғни, 1 жасқа дейінгі). Эпидермистің құрылысы 4 қабаттан тұрады- базальды, тікенекті, түйіршікті және мүйізделген; жарқырауық қабаты болмайды.
13. Тері препаратын зерттеу барысында оның қабаттары жұқа, дәнді, тікенікті және базальды қабаттарының жасушаларының көлемі ересек адамның тері жасушаларына қарағанда кішірек. Осы қабаттардың бірінің жасушалары бір қатарлы цилиндр тәрізді, жасушаларының байланысқан жерлерінде десмосамаларының саны аз. Жасуша цитоплазмасында көптеген рибосомалар, митохондриялар, эндоплазмалық ретикулум, Гольджи кешені, тонофиламенттері көрінеді. Қай жаста эпидермистің қабаттары жұқа болады? Эпидермистің қай қабатының құрылысы осы сипаттамаға сәйкес келеді?

1 жасқа дейін туылғаннан соң 2-3айдан соң, базальді қабат
14. Балалардың терісінің дермасын зерттегенде оның емізікшелі қабатының нашар дамығаны байқалады. Ол көптеген дифференцияланбаған жасушалар мен тін базофильдеріне бай, өте жіңішке коллаген талшықтарынан құралады. Торлы қабатында пісіп жетілген фибробластар мен жуан коллаген талшықтары кездеседі. Қай жаста дерманың құрылысы осы сипаттамаға сәйкес келеді? Дерманың қалыптасуы қай қабаттан басталады?

Жаңа туған нәрестенің дермасы.Себебі көп жасушалары әлі дифференцияланбаған,коллаген талшықтары жіңішке,емізікшелі қабаты нашар дамыған.Сонымен қатар негізі беттің терісінде бүртікшелер нашар дамыған болып келеді және адамның жасы ұлғайған сайын мүлдем жойылып кетуі мүмкін.Дерманың торлы қабаты алдымен қалыптасады да дерманың үзілуі осы қабаттан басталады.Ол тері беріктігін қамтамасыз етеді.




15. Зерттеу барысында баланың тері препаратынан тері құрамында ересек адамның терісіне қарағанда, көп мөлшерде терінің май бездері анықталды. Осы бездер бір бөлікшелі, көлемі кішкентай, беткей орналасқан. Гиподерманың осындай құрылысы қай жасқа сәйкес келеді? Тері асты қабатының құрылысы қандай? Май бездерінің қызметі қандай?

15-Жаңа туылған және емізулі балаларда, примерно 0-1,5 жасқа сайкес келеді.

дерма мен гиподерма арасындағы шекара бұлыңғыр. Сол себепті Гиподермисте, дермистегідей: коллаген талшықтары; эластин талшықтары; нерв ұштары; қан тамырлары; лимфа тамырлары; тер бездері; шаш түбірлері орналасқан. Дермадағы секілді гиподермада да коллаген және эластин талқықтары тор құрайды/ара ұясына ұқсас/, бірақ айырмашылығы дермада ол тор гилурон қышқылымеен толтырылса, гиподермада адипоциттермен толтырылған.

Май бездерінің қызметі: қорғаныс, бактерицидтік, құрамындағы бета-рецепторлары әсерінен майдың бөліну/расщепление/ процестері болады.


написать администратору сайта