Стандарттау. Қолдашева Қазына Жарқынбекқизи практика 4. Криминалистикалы фотография,бейне жне дыбыс жазбалары Мазмны ндірістік практиканы масаты мен міндеттері
Скачать 56.01 Kb.
|
Криминалистикалық фотография,бейне және дыбыс жазбалары Мазмұны Өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттері Практика базасы:Шымкент қаласы Жеке тапсырма 3.1Криминалистикалық фотография,бейне және дыбыс жазбаларының түсінігі,маңызы және жүйесі.......................................................... 3.2 Сот жеделдік фотографиялық әдістер........................................... 3.3 Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері ........................................................................................... 3.4 Сот зерттеу фотографияларының әдістері................................... 3.5 Бейне- және дыбыс-жазбаларын криминалистикада қолдану..... 3.6 Криминалистикалық фото,бейне және дыбыс жазбаларын қолдануды процессуалды-криминалистикалық рәсімдеу........................................ ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Өндірістік практиканың міндеттері - кәсіпорынның ұйымдық құрылымымен танысу; - еңбек жағдайларын зерттеу; - пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыздандырулар және ақпараттық ағындарды ұйымдастырумен танысу; - ақпараттық технологиялар бөлімшелерінің немесе оның бөлімшесінің жұмыс ерекшеліктерін зерттеу, практиканың негізі болып табылады. - заңды тұлғада немесе оның бөлімшесінде жұмыс істейтін маманның өндірістік міндеттерін зерттеу. Бірінші рет “Криминалистика” деген сөзді 21 ғасырда Австриялық ғалым Ганс Гросс пайдаланған, яғни “қылмыстарды ашатын ғылым” деген. Кримимналистика пәні қылмыстармен күресу проблемасын шешуде үлкен роль атқарады. Кримимналистика айғақтарды, айғақ заттарды, дәлелді жинау, зерттеп баға беру, оларды пайдалану және қылмыстардың алдын алу туралы ғылым.Криминалистика дегеніміз- қылмысты жасау әдістері туралы, тергеуді жүргізу техникасы, тактикасы және методикасы туралы ғылым.Қылмыстарды тергеудің құқықты негізіне- қылмыстық процессуалдық құқықтардың нормасына жатады. Қылмыстың жеке түрлерінде болатын себептері мен жағдайларын анықтап, оларды болдырмайтын шаралар қолданған криминалистика қылмыстылықта қалай тергеу жүргізуді үйретсе, криминоглогия пәні қылмыстылықты қалай болдырмастын, алдын алуды үйретеді.Криминалистика философиямен, этикамен де тығыз байланысты. Психология, логика, физика, химия, математика, биология, тарихпен- басқа ғылымдармен. Құқықтық пәндермен- азамттық құқық, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, сот медицина, сот экспертология, криминология,жедел іздестіру қызметі. Криминалистика жүйесі. Криминалистика жүйесі бір бірімен тығыз байланстағы тараулармен бөлімдерден тұрады. Криминалистика ғылым ретінде 4 бөлімнен тұрады: 1. Криминалистиканың жалпы теориясы 2. Криминалистік техника 3. Криминалистік тактика 4. Криминалистикалық методика 1. Криминалистиканың жалпы теориясы криминалистиканың методикалық негізі болып табылады және жеке теориялар мен ілімдер, криминалистік құралдар, әдістер кіреді. Жеке криминалистік теорияға криминалистикалық идентификация мен диагностика, іздердің пайда болу механизімдері, тергеуді жоспрлау, тергеу болжамдарын құру т.б. жатады. 2. Криминалистік техника- дәлелдерді, техникалық заттарды, іздерді тауып, жинап, қылмыстың алдын алуда, қылмысты ашуда пайдаланылатын құралдарды, әдістерді, әдістемелерді, тәсілдердің ғылыми жиынтығын айтады. Криминалистиканың техника жүйесі төмендегі тараулардын тұрады: 1) криминалистикалық суретке түсіру және бейнежазу; 2) трасология; 3) сот- балистикасы; 4) қолжазбаларды (таңбаларды) техникалық-криминалистік зерттеу; 5) құжаттарды техникалық криминалистік зерттеу; 6) сырт келбетіне қарай адамды идентификациялау, криминалистік зерттеу; 7) криминалистік тіркеу және есепке алу; 3. Криминалистік тактика дегеніміз ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттарып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, терегеуді ұйымдастыруды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелер жиынтығы. 4. Криминалистикалық методика деп- қылмыстың жеке түрлері мен топтарына тергеу жүргізу және алдын алуға негізделген әдістемелерден тұратын ғылыми жиынтықтарды айтады. (кісі өлтіру, тонау, қарақшылық шабуыл, зорлау, ұрлау, бандетизм, алаяқтық т.б. тергек методикалары), алғашқы және кейінгі тергеу әрекеттері. Криминалистика әдістерінің ішінде айырықша орын алатын әдістердің бірі — техника — криминалистік зерттеу тәсілімен атап айтқанда оқиға болған жерді суретке түсіру, түстерді бөлу суретке түсіру, қарама-қарсы түстерді күшейту арқылы суретке түсіру, саусақтардың папиллярлық өрнектерін жіктеу, атылған оқ пен гильзаны мылтық пен сәйкестендіру тесілдері, тергеу әрекетін жүргізуде қолданылатын тактикалық әдістер, т.б. Арнаулы әдістердің екінші бір тобы басқа ғылымдардан алынып, криминалистік объектілерді зерттеуге бейімделген. Олар: микроскопиялық зерттеу тәсілі, спектрдің көзге көрінбейтін; инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерін зерттеу, рентген сәулесін зерттеу, спектрлік талдау. Сот фотографиясында қолданылатын тәсілдер мен әдістері өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты сот-оперативті және сот зерттеу фотографияларының тәсілдері болып екіге бөлінеді. Криминалистік фотография дегеніміз тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айкындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі. Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу үшін қажетті мәліметтерді беруде: құжаттылығымен, көрнектілігімен, жоғары дәлділігімен, шынайылығымен және жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді. • Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар: а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т.б.); ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы); б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану; в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б. г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқкиім іздері); д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретуші — бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді карындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретуші суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді). е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер. Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді. Қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін фотосуретке түсіру. Оқига болган жерді фотога түсіру. Оқиға болған жерді фотоға түсіру, ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын мәйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады. Жақсы бейнелер алу үшін суретке түсіру орны жарық қажет негативтік фотоматериал тауып жарық фильтрін қолдану қажет. Ашық күндері түске дейінгі және түстен кейінгі сағаттар фотосуретке түсірудің ең тиімді уақыты. Бірақ, тергеуші өз қалауынша фотосуретке түсіру уақытын таңдау мүмкіндігіне ие болмағандықтан кез келген уақыт фотоға түсіру шарттарын білген жөн. Сөйтіп, ашық күндері күн бұлттың астына кіріп, заттар үкілген жарықта болғанда фотоға түсіру қажет. Аппаратты күн сәулесі оптикалық оське 45 градус бұрыш жасап бағытталатындай етіп құрады. Күнге қарсы түсіруге болмайды, өйткені ол негативке ахау келтіріп, бейнеге зақым келтіреді. Егер ондай жағдайдан күтілмеген сәтте, сәулелердің жолында бір тосқауыл қойып түсіреді. Олар: ғимарат, ағаш, дауыл болуы мүмкін. Көлеңкелеу үшін картон, фанера, портфель қолдануы мүмкін. Түсірген кезде негативтің жарықсезгіштігін ескереді, жағдайға байланысты жарық фильтрін алады: панхромат материалдар болғанда орташа – сары жарық фильтрі танғы және кештің алдындағы уақытта жақсырақ, тұманды күні – қызыл сары: өзен, көл, теңіз жағасында – сары, қыста – сары фильтр; күзде немесе жаңбырлы күні – жарық фильтрінсіз. Тінту барысында суретке тусіру. Фотоға түсіру тінтудің нәтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады және де тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орындарды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды. Бүкіл бөлмені құпия орынды суретке түсіру үшін, қосымша жарық көзін қояды. Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нәтижесін көрсету үшін қолданылады. Атап айтқанда ғимаратқа кіру мүмкіндіктері, үйдің үсті, балкон, жүк автомобилінің кузовы және т.б. бекітіледі. Тірі ағзаларды фотога түсіру. Қылмыскерлерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куәландыру нәтижесін бекіту үшін суретке түсіреледі. Өлікті фотога түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін және киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді. Панорамалық фотога түсіру — объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру арнайы аппарат көмегімен де, қарапайым фототаспа арқылы да жасалады. Мұндай жағдайда объектінің бөліктерін түсіріп, тұтас фотосурет құрастырады. Әрбір келесі сурет алдынғы суретте көрсетілген объектінің шамамен 10%-ы аудандық шетін қамту қажет. Барлық түсіру бірдей жағдайда өтеді. Аппараттың орналасу дұрыстығы түр іздегіш (видеоискатель) көмегімен анықталады. Осымен бірге белгілі бір бағдар болу қажет. Керек жағдайда жасанды бағдар қолданылады (қағаз, т.б.). Алынған негативтерден бірдей жағдайда фотодақ жасайды. Панорамалық фотоға түсіру тігінен де, көлденеңінен де жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда кеңістік немесе объектінің биіктігі бойынша фотоға түсіреді. Көлденеңі панорама ұзын учаскелерді түсіруде қолданылады. Сот-жедел фотографиясында көбінесе түсірудің көлденең көрінісі қолданылады. Өлшемді фотога түсіру объектілердің көлемін, олардың арақашыктығын есептеу үшін қолданылады. Ол масштабты және метрикалық болып бөлінеді. Масштабты түсіру заттың көлемін анықтауға көмектеседі. Масштабты фотогатүсіру барысында фотографиямен бірге масштабты сызғыш та қоса түсіріледі. Масштабты түсіруде кішірейту бір мөлшерде болу үшін екі шартты орындау қажет: – масштабты сызғышты тек объектінің жанымен ғана емес, объектінің жазықтығымен бірдей түсіру қажет. Фотоаппаратты объективтің оптикалық осі суретке түсірілетін жазыққа перпендикуляр етіп орналастыру қажет. Фотоға түсірілетін объектіні өлшеу үшін циркуль-өлшегіш қолданылады, оны объектінің көрінісінің ұлғаюына байланысты жылжытып, сосын сызғыштың бөліктеріне сәйкестендіріп, объектінің нақты өлшемін табады. Метрикалық тусіру тек ірі объектілердің мөлшерін ғана емес, олардың ара қашықтығын да өлшеу үшін қажет. Метрикалық түсіру көріністі және тораптық түсіру кезінде қолданылады. Метрикалық түсіру түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Тергеушілер қолданатын аппараттарда тереңдік масштабында фотоға түсіру қолданылада. Тереңдік масштабындағы фотосуреттер бейне бойынша фотоға түсірілген объектінің өлшемін анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін объекті орналасқан көлденең жазыққа сәйкес, тереңдік масштабының бөліктерінің нөмірін алады. Бөлік нөмірін көрсететін сандардан бірлікті есептеп алады. Алынған сан кішірею коэффициентін көрсетеді. Фотосурет бойынша қажет үлкендікті өлшеп оны кішірею коэффициентіне көбейтіп оның нақты үлкендігін алады. Репродуктивті фотосуретке түсіру үшін құжатты тегіс жазықтыққа орналастырады. Ол үшін әйнекпен бастыру ұсынылады. Репродуктивті фотоға түсіруде екі қажетті шартқа көңіл бөлу қажет: а) аппараттың артқы әйнегі құжат түсірілетін жазықтыққа параллель болуы қажет; ә) құжатқа бір қалыпты жарық түсу қажет. Репродуктивті фотоға түсіру кез келген аппаратпен жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ, аталған шарттар арнайы репродуктивті фототаспаларды қолданғанда ерекше тиімді болады. Репродуктивті құрылым құжат орналасатын экранмен жабдықталады. Экранның екі жағына интенсивті және бірқалыпты жарық түсіру үшін жарық көздері (софиттер) бекітеді. Фотоға түсірілген объектіні көрнекті елестету үшін, тергеуші бірнеше фотобейне жасауы керек, олар объектілердің қамтылуы және кішірейтілуі бойынша ажыратылады. Ол үшін фотосуретті әр түрлі қашықтықтан, нүктелерден жасайды. Жоғарыда айтылғандай, фотосуреттің келесі түрлері бар: бағдаршы, шолу, негізгі және бөлшектік фотосуреттер. Бағдарлық фотосурет белгілі бір объектіні немесе учаскені оны қоршаған ортамен бірге түсіру үшін қолданылады. Мәселен, бағдарлық фотосуретте оқиға болған жердің аумағы, оны қоршаған құрылыстар, аумақ бедері, кіру, шығу жолдарының көрінуі қажет. Оқиға болған жерді қоршаған орта (үйлер, ғимараттар, көшелер) туралы нақты көрінісі бере отырып, бағдарлық фотосурет кейін зерттеу барысында оқиғаның кімнің қайдан көре алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлық фотосуретті түрлі болған жерден қашықтықта орналасқан орындардан (қырдан, биік ғимараттардан) түсірген тиімді болады. ІІолу фотосуретінде учаскенің және объектінің қоршаған ортасыз бейнесі түсіріледі. Мәселен, шолу суретінде оқиға болған жер немесе үй ішіндегі заттарымен бейнеленуі қажет. Шолу фотосуретін бағдарлық суретпен салыстырғанда жақын жерден түсіреді. Негізгі фотосурет ең маңызды учаскелерді, объектілерді, қылмыстық әрекеттің іздерін бекіту үшін қолданылады. Түсірілетін объекті жасалған қылмыстың ерекшелігін ескере отырып тандалады. Бөлшектік фотоға түсіру заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бекіту үшін қолданылды. Оған қаруды, оқты, қылмыс құралдарын және олардың ізін, қол-аяқ іздерін жәнебасқада криминалдық мәні бар заттарды бекіту жатады. Тергеу іс-әрсксттерінің және сарапшы қорытындысының хаттамаларына қосымша ретінде тіркелетін фотосуреттер тиісті тәртіпте ресімделуі тергеу іс-әрекет хаттамасының қорытынды бөлімінде немесе қорытындының зерттеу бөлімінде: – қандай объект суретке түсірілгені; – қандай әдіспен және тәсілмен түсірілгені; – тергеу іс-әрекеті барысында қай жерден суретке түсіргені; – оны кімнің (тергеуші, маман, зерттеуші) суретке түсіргені; – суретке түсіру жағдайы (мысалы, фотоаппараттың моделі, жарықтың сипаты, негативтік материалдың түрі және оның сипаты, диафрагма, экспозиция, жарық фильтрінің қолдануы) көрсетілуі тиіс. Алынған фотосуреттерді арнайы бланктерге немесе тығыз ақ қағазға жабыстырады. Кестенің жоғарғы жағында қандай тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сарапшының қандай қорытындысына қосымша болып тіркелгені көрсетіледі. Әр фотосуретке нөмір қойыльш, қысқаша түсініктеме беріледі. Фотосуреттер нөмірі хаттамадағы нөмірлеуге сәйкес келуі тиіс. Егер фотосуретте белгілер жасалса (объектінің орнын көрсету, т.б.) кестеге белгілері жоқ дәл сондай фотосуреттер енгізіледі. Хаттамаға тіркелетін фотосуреттер тергеуші мөрімен сарапшы қорытындысына тіркелетін фотокестеге фотосуреттер сарапшы мөрімен бекітіледі. Сонымен бірге мөрдің жартысы фотобейнеде, екіншісі кағазға тусуі қажет. Хаттамаға тіркелетін фотосуреттерге тергеуші, маман, мүмкіндігінше айғақтар қол қояды. Сарапшы қорытындысына тіркелетін фотосуретті сарапшы бекітеді. Хаттамаға салынған фотосурет істе сақталады. Қылмысты тергеу барысында криминалистік бейнежазбаны қолдану іс бойынша орнату үшін маңызы бар белгілі бір іс-әрекет, оқиғаның не құбылыстың даму динамикасын жазып алу үшін қажет. Соңғы жылдары бейне жазба бекітудің электрондық әдістемелері қарқынды жетілдіріліп келеді. Олардың барлығы бейнені теледидарға немесе мониторға шығарумен қатар, оның сезгіш фотоматериалда бекітілуін де қамтамасыз етеді. (Сондықтан оларды фотографиялық әдістемелерге жатқызады). Фотографиялық бейнені арнайы құралмен немесе тікелей телеэкраннан суретке түсіру арқылы алуға болады. Сонымен қатар электрондық тәсілмен объектінің ұсақ детальдарының сапалы бейнесін алуға болады. Осының негізінде жеделдікпен, технологиялық икемділікпен және жоғары ақпараттық көлемімен ерекшеленетін криминалистік бейнежазбасы қалыптасты. Объектінің бейнежазбасын магниттік тасымалдаушыға кадр-кадр бойынша түсіретін цифрлық фотоаппаратар да кең қолдану табуда. Олар кең тараған жіңішке пленкалы айналы камералар негізінде құрастырылған, сондықтан тұтынушы электрондық жетістіктерін бүкіл мүмкіндіктерін пайдалана алады. Арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы суреттерді өзгертуге болады, мәселен керек емес бөлшектерді алып тастауға немесе басқа суреттің фрагменттерін қосуға болады. Сондай-ақ, түстерді түзетіп араластыру, бейненің анықтылығын күшейту немесе бәсендету, суретті өңдеу, бояу, түстерді ажырату, бейнеге бедер беру, т.б. мүмкіншіліктері мол Криминалистикалық идентификация дегеніміз - қылмыстық сот өндірісінде шындықты анықтау үшін қолданылатын негізгі құралдардың бірі, яғни күдікті адамның заттарымен, қалдырған іздерімен байланысын анықтағанда қолданылатын негізгі құралдардың бірі.Идентификация - жалпы және жеке ерекше белгілеріне қарап, нақты объектті анықтауды айтады. Бүл адам болуы мүмкін, немесе адамның киімі, аяқ киімі, қылмыс қаруы, көлік құралдары да болуы мүмкін. Латынша “иден” тап соның өзі, дәл өзі деп аударылады.Адамның есінде іздер, қолжазбалар, суреттер, суретте бейнетаспадағы бейнелер - бәрі де кескін ретінде қалады.Криминалистік идентификация - кримтехника құралдары арқылы объекттерді үқсастыру арқылы анықтау, объект пен оның кескінін салыстыру арқылы, кейде үлгілерді пайдаланып /оқ, гильза, текст, үлгілері/ үқсастығын анықтауды айтады. Практика мен теорияда криминалистік идентификация 2 түрде кездеседі: 1. материалды бекітілген криминалистік идентификация; 2. идеальды (ең озық үлгідегі) криминалистік идентификация; 1. Материалды бекітілген криминалистік идентификация -материалды іздер мен олардың өзгерістерінің бегілерін есте қалдыруға байланысты болады, яғни объекттерде қалдырады (іздерді, фотосуреттерде т.б.). Бұларға: қол іздері, аяқ-аяқ киім іздері, қару-бұзу, қару іздері, адамдардың, айғақ заттардың, мәйіттердің фото-кин+обейнетаспадағы бейнелері, суреттері жатады. 2. Ең озық үлгідегі криминалистік идентификация деп - адамның есінде объекттің ойша есте қалуын айтады. Эксперт салыстыру арқылы зерттеу объекттерін зерттеп, олардың ұқсас және ұқсас емес белгілерін тауып, идентификация жасайды. Қайсы белгілері көп болса, соған қарап, ұқсастығы бар ма, жоқ па - соны анықтайды. Идентификациялық зерттеулер бірнеше сатылардан (стадия) тұрады: 1. Жеке дара зерттеулерден; 2. Салыстырып зерттеулерден; 3. Үқсастықтарының бар не жоқтығын қорытындылаудан; Қылмыстық және азаматгық істерді қарағанда үқсастықтарды анықтаумен қатар топтық үқсастығын да анықтайды, яғни идентификациялық зерттеу жүргізіп, жалпы белгілерінің үқсастығын тауып, кейін жеке ерекше белгілерінің үқсастығын анықтауға көшеді. Ерекше (жеке) белгілері аз болса, топтық үқсастығын ғана анықтайды. Идентификацияға кері қүбылысты, яғни объекттердің үқсас еместігін анықтауды - дифференциация дейді. Қолжазбаларды зерттеп, үқсастықтарын анықтау үшін эксперементалды және еркін үлгілер қажет. Эксперименталды үлгілерді эксперт-балист мылтықтан оқ атып, оқ пен гильза үлгілерін алады, диктант жазып (қолжазбаларды крңдоиналистік зерттеу) алады. Еркін үлгілерді алғанда, қылмысты іске қатысы жоқ, қылмысты іске дейінгі орындалған (жазылған) -хаттар күнделіктер (яғни үлгілер) жатады.Криминалистік идентификацш объекттері. Қылмысты істі жүргізгенде, сол қылмысқа байланысты адамдарды, құралдарды т.б. анықтауға тура келеді, яғни іздеріне қарап осы объекттерді идентификациялау әдісі қолданады. Іздерге жататындар: қол, аяқ, тіс таңбалары, көлік іздері, заттардың бөлшектері, қолжазба және машинка текстері, суреттер т.б. Салыстырғаңца үйқастығы немесе айырмашылығы анықталады. Объекттердің түрақты қасиеттері (белгілері бойынша) идентификациялық белгілер 2-ге бөлінеді: 1. Жалпы белгілері: объекттердің тектік» және түрлерінің қасиеттері мен объекттердің белгілерін (түрлері, өлшемдері, түсі т.б.) көрсетеді. 2. Жеке белгілері: объекттердің арнайы және ерекше белгілерін көрсетеді. Идентификациялық белгілер 2-ге бөлінеді: тыртық т.б). 1. Сапалы идентификациялық белгілерге: криминалистік идентификация (мысалы, саусақтағы 2. Сандық идентификациялық белгілерге: папиллярлық өрнектегі жеке белгілер саны 1.2.3.4........... 10.... жатады. Идентификациялау - экспертиза жүргізудің жалпы және жеке түрлерін жүргізу методикаларына сүйене жүргізіледі. Криминалистік идентификация қандай затты, нені идентификация жасауға байланысты түрлерге бөлінеді: 1. Материалдар арқылы идентификациялау (іздер, қолжазбалар, фотосуреттер арқылы, экспертиза жүргізу арқылы адамдарды үқсастыру). 2. Бөлшектер арқылы бүтінді табу идентификация - деп объектің фрагменттері-сынықтар, бөлшектер, жыртылған қүжаттар т.б. жинап, бір-бірімен үйлестіріп, үқсастарын анықтап, бүтіндеп жасалынатын идентификацияны айтады. 3. Объектерді жалпы белгілеріне қарап идентификациялау - яғни бүрын бір түн болған объектердің бөлшектерінің үқсастықтарын іздеу ориентировкасы арқылы, есеп картчкасында жазылған сипитталу арқылы анықтауды айтады (мысалы, адамды сүйектің қадықтары арқылы идентификациялау т.б.). 4. Бейнелерді ойша идентификациялау - адамдарды, мәйіттерді, заттарды танытуға көрсету кезінде идентификациялау пайдаланады. Идентификациялаудан басқа объектердің топқа бөлуі (яғни қай класқа, қай топқа, қай түрге жататындығын анықтау көп тараған.Криминалистік диагностика. Криминалистік диагностика дегеніміз оқиғаны, оның күйін, қүбылысын, процесін анықтауға бағытталған әрекеттерді айтады. Диагностикалық зерттеу объектердің белгілі қасиеттері мен жағдайларын анықтау үшін, жағдайларың болу себептерін анықтау үшін жүргізіледі. Мысалы, аяқтың және аяқ киім іздері арқылы идентификация жасалады (ізді кім қалдырған? Көлік ізі арқылы, қандай маркалы автомашина қалдырған?). Оқиға болған жерде қалған белгілері бойынша ізделінуші объектілерге жататын таптықты анықтауды диагностика дейді.Аяқ киім іздеріне қарап, диагностика да жасалынады. (Мысалы, адам қалай кеткенін, қай бағытқа кеткенін, орташа жүру жылдамдығын, ауыр нәрсе көтергендігін т.б. анықтайды) бүзу құралдары іздеріне қарап, қай жағынан, қандай әдіспен бүзылғанын, қылмыскердің әдісін, күшін, тәсілдерін (кәсіби ме)- анықтайды. Криминалистикалық техника. Криминалистикалық суретке түсіру мен бейнетаспаға жазу. Криминалистикалық суретке түсіру — криминалистикалық техниканың бір тарауы, ғылыми ережелер жиынтығы, солар негізінде криминалистикалық объектілерді зерттеу, есте қалдыру үшін суретке түсіру әдістерін, құралдарын айтады. Суретке түсіру құралдарына: киноға, бейнетаспаға түсіру құралдары, фотоаппараттар, проекциялық аппараттар, плёнка мен фотоқағаздарды өңдейтін реактивтер жатады. Криминалистикалық фотосуреттер жүйесі 2 бөлімнен тұрады. 1. Жедел криминалистік суреттерге түсіру; 2. Зерттеулік криминалистикалық суреттерге түсіру 1. Жедел кримналистік суреггерге түсіру тергеу әрекеттері кезінде (оқиға болған жерді қарау, тінту т.б.), қылмыскерлерді іздеу, үрланған заттарды іздеу және қылмыстық тіркеуді үйымдастыру кезінде пайдаланылады. 2. Криминалистикалық зерттеу фотосуреттері экспертиза жүргізу кезінде зерттеуге келген объекттерді түсіру, фототехникалық экспертиза жүргізу үшін пайдаланады. Зерттелетін объекттердің суреттерін эксперттік қорытындыға қосып, фототаблица жасайды. Криминалистикалық жедел суреттер — деп суретке түсірудің әдістері, ғылыми жиынтықтарының жүйелісін, тергеу әрекеттері мен іздеу шаралары кезінде пайдаланылатын әдістерді айтады. Үлкен объекттерді түсіргенде панорамалық әдіс пайдаланады. а) Панорамалық суретке түсіру - егер түсіретін объект 1 кадрға симаса, немесе сол объекттен керекті қашықтыққа кері қарай жүруге жағдай болмаса, яғни бөлек-бөлек түсіріп, кейін бір-біріне жапсырылады. Панорамалық суретке түсіру 3 түрге бөлінеді. 1. Сызыктық панорамалык суретке түсіру - объекттен бірдей қашықтықтағы, бір сызық бойында, бірнеше нүктеден түсірген суретті айтады. 2. Шеңбарлі панорамалык суретке түсіру - бір нүктеден түсіріледі. Камераны әр кадрдан кейін белгілі бір бұрышқа бұрып түсіре береді. Штативте фотоаппарат не бейнекамера болады. 3. Кабаттык; панорамалык суретке түсіру - биік объекттерді түсіру үшін пайдаланылады. (Фотоаппарат "Горизоңт", объектив "Мир" немесе фотоаппарат "Зенит"). Монтаж жасағанда алдыңғы кадрдың 10%-алаңы алынады да, келесі не қойылып, жапсырылады.Метрлік суретке түсіру - дегеніміз суреттер арқылы объекттердің түрін, өлшемдерін анықтауды айтады. Метрлік түсірудің 2 түрі болады. (Сызықтық масштабтық, тереңдік масштабтық суретке түсіру).Криминалистік зерттеу суреттері - деп криминалистік экспертиза жүргізгенде зерттейтін объекттерді зерттейтін кезде суретке түсірудің әдіс-тәсілдерінің ғылыми негіздерін айтады.Экспертиза кезінде инфрақызыл немесе ультра-күлгін сәулелерде суретке түсіруге тура келеді, солар арқылы бұрынғы (бастапқы) жазылған текстерді оқуға болады. Микрофото түсіру - өте кішкентай криминалистік объекттерді үлкейтіп зерттеген кезде пайдаланады. Жай фотоаппараттармен ("Зенит", "ФЭД" т.б.) объективтеріне қосымша сақиналар жалғау арқлы объекттерді 4-5 есе үлкейтіп түсіруге болады. Экспертиза жасау кезінде объекттерді 10-100 есе үлкейтіп көрсету қажет болғанда, арнайы микрофото қондырғылар (әртүрлі микроскоптары бар МИН-10, МП-8, МБИ, МБС, МСК т.б.) пайдаланады.Фототехникалық экспертиза жүргізілгенде зерттеу объекттеріне төмендегілер жатады: фотосуреттер, слайдтар, негативтер, кинофильмдер т.б. Экспертиза арқылы идентификациялық және диагностикалық мәселелерді шешеді. Криминалистикалық бейне жазу.Қазіргі видеоаппаратуралардың көпшілігі шетелдік түрлі-түсті болып келеді. Цифрлық аппараттар көбейді. Барлық тергеу әрекеттерінде (оқиға болған жерді қарау, жауап алу, беттестіру, танытуға көрсету, жауапты оқиға болған жерде тексеру, тінту, тергеу эксперименті т.б.) бейнетаспа пайдаланады. Оқиға болған жерді қарау кезінде панорамалық әдіспен (шеңберлік бейнепанорама, сызықтық бейнепанорама) түсіреді. Оқиға болған жерді қарауды суретке түсіру. 1. Болжамды (ориент) суретке түсіру-дегеніміз оқиға болған жерді қоршаған торриториямен бірге түсіреді. Бұл түсіру оқиға болған жердің қай жерде болғанына толық жауап беруі керек. Көбінесе панорамалық түсіру әдісі пайдаланылады. Суреттер “Қай жерде болды“ деген сұраққа жауап беруі керек. 2. Шолымды (обзор) суретке түсіру - дегеніміз оқиға болған жердің дәл өзін көрсетіп, суретке түсіруді айтады. 2 немесе 4 қарама-қарсы нүктелерден түсіреді, панорамалық түсіруді де пайдаланады. Суреттер "не?" деген сұраққа жауап беруі керек. 3. Түйінді суретке түсіру — дегеніміз оқиға болған жерді қарағанда ең маңызды деген объекттерді түсіруді айтады (өліктер, есіктер, аяқ іздерінің жолы т.б.). Бұл суреттер "қалай?" деген сұраққа жауап беруі керек. 4. Бөлшекті (детальная) суретке түсіру - оқиға болған жердегі жеке іздерді, ерекше жағдайларды түсіруді айтады. (Мысалы, пышақ, саусақ іздері, қан іздері, аяқ киім іздері масштабы линейкамен түсіріледі). Сот балистикасы Сот балистикасы- оқпен атылатын қаруларды, оқ дәрілерді, олардын қалатын іздерді және атудың, оқтың ұшу заңдылықтарын зерттеп, солардың негізінде тергеу барысында осе объектілерді жинау және зерттеу әдістерін жетілдіріп, оқиғаның болған жағдайын анықтау отырысын криминалистикалық техниканың бір саласы. Сот балистика объектілері: 1. Оқпен атылатын құралдар, оның бөлшектері 2. Аңшы мылтықтары 3. Оқ-дәрілер 4. Оқпен атылатын қарулардың іздері 5. Оқтың іздері 6. Оқ-дәрілердің іздері Оқпен атылатын қаруларды, оқ-дәрілерді, олардың іздерін зерттейтін криминалистиік экспертиза түрі- сот балистикалық экспертиза деп аталады. Оқпен атылатын қарулармен жасалған қылмыстарлды тергеу барысында классификациялық, идентификациялық, диагностикалық, ситуациялық сұрақтар кездеседі. А. Классицикациялық сот-балистикалық зерттеулер төмендегі сұрақтарға жауап береді: оқиға болған жерде табылған оқ не гильза қандай қарудың түрінен, моделінде қолданылуы мүмкін Б. Диагностикалық зерттеулер: Қарудың жағдайын, жасалу тәсілін, өшірілген нөмірлерін анықтауға бағытталған В. Идентицикациялық зерттеулер: Оқиға болған жерде табылған оқ не гильза осы қарудан атылды ма? Деген сұрақтарға жауап берілді Идентицикациялық зерттеу барысында зерттелетін қарудан экспертизаларды ату арқылы, оқтың және гильзаның үлгілерін алады, оқ ұстағыш, салыстырмалы микроскоп МСК-1, Мс-51, развертка РФ-4 приборлары қолданады. Ситуациялық зерттеу барысында төмендегі сұрақтар шешілуі мүмкін: ату қашықтығын анықтау, қару қай жерден атылғанын , ату бағытын анықтау (визерлеу әдісі). Оқпен атылатын қаруды қолдан жасалған ату құралдарынан ажырата білу керек. Айырмашылығы, тек кинетикалық энергиясында ,оқтың жылдамдығында. Егер оқтың жылдамдығы 500м/сек. кем болса, ол ату құралы.Егер одан көп болса, оқпен атылатын қару деп саналады.Оқпен атылатын қаруды пневматикалық қарудан (снарядқа жылдамдық беретін ауа), және газды қарудан (снаряд орнына газ толтырылған капсюль қолданады) ажырата білу керек.Оқпен атылатын қарудың негізгі белгісі, олардың шабуыл жасауға немесе қорғануға, снаряд арқылы нысананы жоюға және денеге жарақаттар келтіруге жасалуы: Оқпен атылатын қарклар бірнеше топқа жіктеледі: 1.арналуына қарай (жауынгерлік, аңшылық, спорттық) 2.Оқпаның (ствол ) ұзындығына қарай (үзын оқпанды –55 см жоғ-ды орта оқпанды 55 см дейін қысқа оқпанды 55 см дейін қысқа оқпанды 16 см дейін ) 3.Оқпанның (ствол ) санына қарай (1,2,3,) 4. Оқпанның конструкциясының ерекшеліктеріне қарай (иіт, ойықты, тегіс) 5. Шаппа механизімінің әсер етуіне қарай (автоматикалық, жартыавтоматикалық, автоматикалық емес) 6. Қарулардың калибіріне қарай (кіші, 6,35мм дейін, орта 9 мм дейін, үлкен 9мм жоғары). Колибір стволдың ішкі диаметірі (иір ойықтыларда) 20мм үлкені артилериялық қару 7. Жасалу тәсіліне қарай. (заводтың, қолдан жасалған, өзгертіліп жасалған) Қылмыстардың көбіне әр-түрлі оқпен атылатын қарулар қолданылады. Жиі кездесетіндері: пистолет ПМ; ТТ; револьвер, автомат АК-74, аңшы мылтықтары, винтовкалар, қолдан жасалғандары.Қарулардың көбі иір ойықты болып келеді, ішінде тегіс оқтанды аңшы мылтықтары және олардың қысқартылған түрлері, қолдан жасалған қарулар кездеседі.Иір ойықты оқ ату қаруы деп оқпанның ішкі бетінде бұранда тәрізді иір ойықтары ьолады. Олардың сан 4 немесе 6 болуы мүмкін, олар оқты айналдырып қозғалтады.Иір ойықты ату қаруларында унитарлық патрондар қолданылады. Унитарлық патрондар гильза, снарядтан (оқ), гильзаның ішіндегі оқ-дәрілерден (порох) және гильзаның түбіндегі капсюльден құралған.Гильзалар формасына қарай: йилиндірлік, конус тәрізді, бөтелке тәрізді.Материалына қарай: металдан, картоннан, пластмассадан жасалғандар.Иір ойықты қаруларда қолданылатын снарядта (оқ) құрылысына қарай, формасына қарай, арнаулы мақсатына қарай бөлінеді. Криминалистикалық тактика дегеніміз - тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дәлулдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелер жиынтығы.Криминалистикалық тактика зерттейтін сұрақтардың ең бір негізгісі, түйіндісі – ол тактикалық тәсіл. Тактикалық тәсіл дегеніміз - ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдай, тергеу әрекетінің нәтижелігін артыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері.Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситцациялық жағдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы тәсіл қолданыланды.Бір тергеу әрекеті барысында, кезегімен бірнеше тактикалық тәсілдер қолданылуы мүмкін.Тактикалық комбинация мен операция дегеніміз – ол тергеу барысында тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығын және олардың бір кезекпен, жүргізу әдісі. Тактикалық тәсілдердің негізгі қағидалары: әдістің қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес келуі; адамгершілік пен этикалық қағидаларына сәйкестігі; ғылыми негізділігі; әдістәң қауіпсіздігі; сапалылығы; үнемділігі. Тергеу әрекеті – тергеушінің қылмыстық істі ашу барысында, дәлелдемелерді дер кезінде жинап, зерттеп, бағалап солардың негізінде қылмысты ашу үшін, қоланатын әрекеттері.Тергеу әрекетерін тергеуші жүргізеді. Тергеу әрекетіне міндетті түрде екі куә (қалыс) қатысуы керек. Тергеу әрекетінің өту барысы және оның нәтижесі хаттамаға түсіріл, осы тергеу әрекетінің процессуалды бектудің түрі болып саналады.Тергеу әрекеттерінің борлығы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүргізіледі. Бірақта ҚІЖҚ бойынша екі тергеу әрекеті қылмыстық іс қозғалмай жүргізілуі мүмкін, ол оқиға болған жерді қарау және экспертиза тағайындау. Осы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша тергеуші қылмыстық істі қозғауын не қоғамауын шешеді. Кейбір тергеу әрекеттерін өткізу үшін прокурордан санкция алынады (тінту, эксгумация). Тергеу әрекеттері: оқиға болған жерді қарау; жауап алу; беттестіру; танытуға ұсыну; куәландыру; жауапты оқиға болған жерде алу; сараптама тағайындау; тінту және зат алу; тергеу эксперименті; ұстау; Жедел іздестіру шаралары – болған қылмыстарды тез ашу үшін, болып жатқан қылмыстарды тоқтату үшін және болайын деп жатқан қылмыстардың алдын алу үшін арнаулы органдармен жүргізілетін шаралар.Жедел іздестіру шаралары қылмыстық іс қозғалмай тұрып жүргізілуі де мүмкін. Осы шараларды өткізу барысында жиналған мәліметтер, тергеушіге, қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады. Жедел іздестіру шаралары өз-бетінше және терге әрекеттерімен қатар жүргізілуі мүмкін.Жедел іздесті шаралары жалпы және арнаулы болып болінеді. Жалпы жедел-іздестіру шараларына мыналар жатады: азаматтарға, лауызымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хаттамалар алу; азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; қызметкерлерді қылмысты ортаға енгізу; астыртын кәсіпорындар мен ұй»ымдар құру; арнаулы техникалық құралдарды қолдану; бақылау үшін сатып алу; іздеу-қызмет иттерін пайдалану; белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру; құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты іс-әрекетке қатысы болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру; қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу; жедел, қылмыстар есептері және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру болып табылады. Арнаулы жедел-іздестіру шаралары: сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; почта жөнелтімілерін бақылау; байланыстыру почта, телеграф арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел іздеулер; телефонмен және өзге сөйлесулерді тыңдау; байланыстық техникалық арналарына, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; соның ішінде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбалары, кино-видео-сурет түсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өміріне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигізбейтін заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелеріне, көлік және өзге техникалық құралдарға кіру және оларды тексеру. Заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтілімдері құпиясы, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жедел-іздестіру шаралары тек ауыр және ерекшк ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты топтар әзірлеп жатқан және жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін прокурордың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Тергеу қарауы - қылмыстық іске қатысы бар объектілерді тауып және зерттеп, қарап шығуға бағытталған процессуалдық шара. Тергеу қарауын өткізілу мақсаттары: қылмыстың мән-жайларын анықтау; қылмыстың ізін және тағы басқа да айғақты заттарды табу, бекіту, алу және бағалау болжау жасау үшін алғашқы мәліметтер табу үшін; қылмыскерді іздестіруді үйымдастыру үшін керекті мәліметтерді табу үшін; қылмыс жасауға ықпалын тигізген жағдайлар. Тергеу қарауы әр-түрлі негіздерге қарай бірнеше түрге бөлінеді. Объектіге қарай – оқиға болған жерді қарау, мәйіттің сыртын қарау (мәйітті қарау), заттарды қарап шығу, құжаттарды қарау, жануарларды қарап шығу, оқиға болмаған бөлмені немесе белгілі бір жердің учаскесін қарап шығу, куәландыр Кезеңіне қарау – алғашқы және қайта қарау; Көлеміне қарау – негізгі және қосымша. Оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың іздері талылған жер. Оқиға болған жермен қылмыс болған жер бір жерде (сәйкес) болуы мүмкін. Кейбір жағдайларды оқиға болған жер қылмыс болған жерден бөлек болуы мүмкін. Мысалы: Адамды пәтерде өлтіріп, жасырын түрде далаға шығарып тастаса. Қылмыс болған жер – пәтер, ал қылмыстың іздері табылған жер, немесе оқиға болған жер – дала. Оқиға болған жерді қарау дегеніміз тергеушінің оқиға болған жерде іздерді, айғақты заттарды іздеп табуға, оларды бекітуге, алып зерттеуге бағытталған, осымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның жасалу механизімін анықтау мақматында кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Оқиға болған жерді қараудың откізілу мерзіміне қарай үш түрге болінеді: 1. Алғашқы қарау – оқиға болған жерді бірінші рет қарап шығу. Өте мұқият өткізілуі керек өйткені бұл кезде қылмыс болған жерде ешқандай өзгерістер болмаған. Қылмыстың және қылмыскердің іздерін іздеп табу жеңілге түседі. 2. Қайталап қарау – ауа–райына байланысты немесе алғашқы қарау сапасыз, нашар өткізілген жағдайда өткізіледі. 3. Қосымша қарау – бұл қараудың түрі тергеу барысында туындауы мүмкін, алғашқы қарау барысында көңіл аударылмаған объектілермен байланысты. Оқиға болған жерді қарау, тергеу әрекетімен қатар жедел-іздестіру шараларыда жүргізіледі. Мысалы: куәгерлерді анықтау үшін халықтың арасында сұрастыру жүргізу, қылмыскерді қуу, үстау, т.б. Кейбір кездерде оқиға болған жерді қарау, тергеу әрекеті мен қатар басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы: жауап алу, тергеу эксперименті, тінту немесе зат алу, экспертиза тағайындау. Оқиға болған жерді қарауды бірнеше тәсілдермен өткізуге болады, ол қылмыстың болған жеріне де бойланысты болуы мүмкін. 1 Концентрлік тәсіл – шеттен отраға қарай қарау. Бұл тәсіл, қылмыс болған жер бөлме болса, немесе ғимаратта болса қолданылады. 2. Эксцентрлік тәсіл – ортадан шетке қарай қарау. Бұл тәсі, қылмыс ашық далада болса қолданылады. 3. Фронталдық тәсіл – оқиға болған жерді секторларға не болмаса квадраттарға бөліп қарау. Екінші – деталды (жеке) қарау кезінде масштабты суретке түсіру, оқиға болған жердегі бөлек объектілерді үстауға, қозғауға, айғақ заттарды анықтап оларды алуға бағытталған шаралар. Қорытынды кезеңінде - оқиға болған жерді қараудың барысы және оның нәтижесі бекітіледі. Хаттама толтырылады, керекті схемалар, сызбалар, жоспарлар жасалынады. Оқиға болған жерден алынған айғақты заттар және іздер оралып алынады. Оқиға болған жерді қарау барысында түсірілген фотосуреттер, фототаблица ретінде хаттамаға тіркеледі. 5. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеу әдістемесі. Егер қылмыс жасағанға дейін жасы 16-ға толса, кәмелетке толмағандар қылмыстық жауапқа тартылады 14-тен 16 жасқа дейінгілер кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіру, әйелді зорлау – қылмыстарына жиі қатысады, қылмыстық іс қозғалады. Жас балалар мен кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды тергеудің ерекшелігі сол, бұлардың өмірлік тәжірибелерінің аздығынан, өздеріне басқалардың көңілін аударту мақсаты т.б. жағдайлармен жасалатындығында. Статистика бойынша 14-17 жастығы балалар көбінесе ұрлық, бұзақылық тонау, қарақшылық шабуыл, есірткі заттарға байланысты қылмыстарды жасайды. Кісі өлтіру мен зорлауды сирек жағдайда жасайды екен. Ұрлықтар көбінесе топпен жасалынады. Топтын басшысы, жетекшісі болады. Ол обьектілерді өзі тауып, жасөспірімдердің әрекеттерін басқарып, егер «операция» сәтсіздікке ұшыраған кезде, өздерін қалай ұстау керектігін , қылмс іздерін қалай жою керектігін айтып қояды. Дүкен, киоск, буфет, атомашина, пәтерлерге жасалған ұрлақтар – есіктерді сындырып кіру, немесе форточка арқылы кіру жолдарымен жасалады. Қылмыс кезінде жасөспірімнің киімінің бір бөлігі жыртылып, қалып қояды, тіс іздері қалады. Қылмыстық топтарды бұрын сотталып, еклген қылмыскерлер басқарады. Кәмелетке толмағандар бұзақылық әрекеттер жасағанда дене жарақаттарын қол аяқтарымен салады. Пышақты өте сирек қолданады. Кәмелетке толмағандар тонау мен қарақшылық шабуылға қатысқанда, ақша, заттарды тез беруді талап етеді. Жәбірленушіге бірден қарақшылық шабуыл жасау өте аз кездеседі. Кәмелетке толмағандардың қылмыс ізін жою шаралары төмендегідей - қылмыстық іздерді жою өте сирек кездеседі. - ұрлап алған заттарды үйдін астына, шатыр астына, бұзалап не салынып жатқан үйлердің ішінде сақтайды. - өлікті қылмыс болған жерден алыс емес жерге жасырады Қылмысты іс қозғалатын жағдайлар: - Жасөспірімді қылмыс жасап жатқан жерден ұстағанда - Жәбірлануші мен куәгерлер «қылмскердің бейнесі және жүрісі - тұрысы осы кәмелетке толмағанның өзі» дегенде. - Қылмысты істі тергеуші қозғайды, қылмыскердің жасын біліп алуы керек. - Қылмыстың сипаттамасын, қылмыскердің жасын анықтау. - 14-15 жастағылардың құжаттары өздерінде болмайды, кейде олар өтірік те айтады. |