Стандарттау. Қолдашева Қазына Жарқынбекқизи практика 4. Криминалистикалы фотография,бейне жне дыбыс жазбалары Мазмны ндірістік практиканы масаты мен міндеттері
Скачать 56.01 Kb.
|
- Жұмыстағы, оқудығы достарының әсері. Бұрын әкімшілік немесе қылмыстық жазаланған ба еді? Жазаланған болса не үшін? - Жасөспірімнің оқуға жұмысқа көзқарасы қандай? Кітап оқуды жақсы көреді ме? Жақсы көрсе қандай кітап әдебиеттер оқиды. Қандай фильмдерді жақсы көреді? Есірткі, алкоголь ішімдіктерін ішеді ме? - Қылмыстың жасалу себебі, мақсаты. Кәмелетке толмағандар ұрлайтын заттар: - тамақтар, мотацикл велосипед, модельді заттар(киімдер, магнитафон, компьютер т.б.), ақша маркалар,ескі теңгерер т.б. Қылмысты жасау әдісіне қрап кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарды анықтауға болады.(Оқиға болған жерді қарау кезінде) - қолдары мен аяқ іздерінің кішкентай болуы - қылмыс болған жерде қалдырып кетен заттары, аяқкиім іздері арқылы - азық - түлікте қалтырылған тіс іздері арқылы күдікті адамның жасын шамалап анықтауға болады. Кәмелетке толмағандарды тінтігенде ұрланған заттарды, қылмыс жасау құралдарын, қылмыс кезіндегі қылмыскердің киімдерін, кунделіктерін, жазба дәптерін табуға әрекет етеді. Жасөспірімдер ұрланған заттарды сарайда, үй астында, шатыр астында жасырады. Ұрлақ тонау қарақшылық шабуыл кезінде олар көбінесе авторучка, зажигалка, пышақтарды алып, өзінде не үйінде ашық ұстайды. Олардан жауап алғанда, қылмысын мойындап, қылмыс ашылуына белсене қытысса, оған жеңілдіктер болатындығын айту керек. Жауап алғанда педагог не жасөспірімдер психиологиясынан маман адам қатысуы керек. Егер оларды беттестірген кезде (жасөспірім өтірік жауап барген кезде немесе беттестіргенде жас айырмашылықтары өте аз болғанда) бірінші кәмелетке толмағаннан жауап алады. Куәгерлер ретінде жас балалар болса, олардан жауап алғанда педагог (бала бақша тәрбиешісі) мен ата – анасы қатыстырылады. Бастапқы тергеу әрекеттері: 1. Ұстау, тінту. 2. о.б.ж. қарау. 3. Жаүап алу. 4. Экспертизалар тағайындау. Кезектегі тергеу әрекеттері: 1. Жауап алу, беттестіру. 2. Танытуға көсету. 3. Тергеу эксперементін жургізу. 4. Жауапты о. Б. жерде алу. (тексеру) 5. Экспертизалар тағайындау. Жәбірленушіні сот- медициналық зерттеу. Сот-медициналық экспертиза арқылы зорлаудың болғанын анықтайды. 6-14 күннен кейін қыздық белгінің бұзылуын анықтау мүмкін емес. Бұрын жыныстық қатынаста болған ба, қан, сперма іздері денесінде барма, екіқабат болдыма, венералогиялық аурумен ауырған ба т.б.сұрақтарға жауап береді. Оқиға болған жерді қарау. ОБЖ қарау арқылы тергеуші қылмыскер туралы көп мәліметтер алады. Егер қылмыскер белгілі болса жәбірленушінің айтқан жауаптары оқиға болған жердің жағдайына сай келеме, осындай белгілі жағдайда жыныстық қатынас жасауға болады ма, т.б. анықтайдыЕгер қылмыскер белгісіз болса, оқиға болған жерді қарау кезінде, қылмыскерге қатысты қол, аяқ, кйім іздерін, қан, сперма, түкірік іздерін зорлаушы қалдырған баскиім, беторамалдар табуға тырысу керек, ләжі болса. Күдіктіден жауап алу. Күдікті адам кейде қылмысты мойындайды, кейде мас болып қалғанын, немесе психикалық ауруға шалдықанын айтады. Кейде жыныстық қатынастың жәбірленушінің еркімен болғандығын, кейде басқа адамдардың жәрдемімен өзіне алиби тауып алып, мойындамайды. Жауап алғанда төмендегі сұрақтарды анықтау керек. Жәбірленушімен қай жерде, қашан, қандай жағдайда танысқан. Жыныстық қатынас өз еркімен болды ма, әлде зорлықпен бе. Егер зорлау топтасқан түрде болса кімдер қатысты. Жәбірленуші арызды неге берді. Күдікті адамды куәландыру оның киімдерін қарау және тінту. Жауап алып болған соң, күдікті адамды куәландыру киімдерін мұқият қарайды. Куәландыру арқылы қол, мойын, беті, сандарындағы тырнақ іздерін, микроталшықтар, өсімдік, топырақ қалдықтарын табуға болады.Күдіктінің тұратын жерін тінтігенде, қылмыс жасаған кездегі киімдерін, қаруларын табады.Көрген адамдардан жауап алғанда, олардың қай жерде, қашан, не көргендіктерін, сол кезде не істеп жатқандарын анықтады.Жедел іздестіру шаралары. Тергеуші бұл шараларды тез жүргізеді. Итпен іздейді, қылмыскердің бет -әлпетін көрші полиция бөлімдеріне хабарлайды. Есепте тұрған бұрынғы сотталғандар арасынан іздейді, субьективті портретті (фоторобот) жасап, суретін көбейтіп, таратады. Тергеу болжауы бастапқы кезде жыныстық қатнас болды ма,болса зорлықпен болды ма (яғни күшпен немесе психикалық әсер ету арқылыма)-осы сұрақтарға жауап іздейді. Жәбірленушіден жауап алғанда, неғұрлым толық алу керек.Кезектегі тергеу әрекеттері. Куәлардан жауп алу. Жәбірленуші адамдар айтқан адамдардан, кейін олардың таныстары, туыстары, көршілерінен жауап алынады. Егер осы куәлар күдікті мен жәбірленуші бұрыннан танитын болса, төмендегілерді анықтау керек.Оларды қашаннан бері таниды, жәбірленушінің, айыпкердің жүріс-тұрысы қандай, зорлау туралы қалай, қашан естіді? Тергеуші сұрақтарды алдын-ала дайындайды. Экпертизалар тағайындау. Сот-биологиялық, криминалистік, сто-психиотриялық экспертизалар тағайындалады. Сот-биологиялық экспертиза киімде, денеде қалған қан дақтары арқылы қанның тобын анықтайды. Соңғы кезде генотипоскопиялық (геноидентификациялық) экпертиза көппайдалана бастады. Адам организмнен шығатын қан, сперма, шаш, тері т.б. арқылы адамды идентификация жасайды. Бұл белок пен дезоксирибоноклейн қышқылын (ДНК) зерттеуге негізделген экспертиза. Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүліктіталан-таражға салуды тергеу әдістемесіТонау және қарақшылық шабуылдарыпың криминалистикалық сипаттамасы.Тонау - бүл бөтеннің мүлкін ашық турде үрлау, яғни осы мүлікті иемдепунп тулгалардың жэне басқа азаматтардың көзінше ұрлау. Мүлік иелері жэне басқ:і түлғалардың қатысуын үрлаушы түсінеді, бірақ саналы түрде ескермейді.Қарақшылық - бүл бөтен мүлікті үрлау мақсатында шабуыл жасаут үшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немссс осындай күш қолданамын деп қорқытумен үштасқан шабуыл жасау.Тонау мен қарақшылық бір объектіге, яғни меншік иесінің мүліктік қүқы ғына қол сүғады. Қарақшылық кезінде, сонымен қатар қол сүгу объектісі болып, иелігіндегі мүлікті иемдену мақсатымен шабуыл жасалатын тулғал:і|> дың өмірі және денсаулығы табылады.Тонау да, қарақшылық та жай (қарапайым) және сараланған болып бөлінеді Тонаудыңжай формасында мүлікті үрлауда күш қолданбайды. Ал сараланын түрінде күш көрсетумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен кездеси мүмкін. Алайда қарақшылықтан айырмашылығы, бүл күш көрсету жәбірлеіп шінің өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылмайды.Қарақшылықпен шабуыл жасау қылмыстарының ауырлататын жағдайлар,л.і жасалуы: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы; қару немесе қар\ ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен; түрғын, қызметтік, өндірістік үн жайға немесе қоймаға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық; ұйымдасқ;іп топпен; денсаулыққа ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбірленушінің өліміік экеп соққан қарақшылық. Сонымен қатар, қарақшылық аса қауіпті рецидивис пен жасалған жэне қайталап жасалынған қарақшылық, мүлікті ірі мөлшердс үрлау жатады.Занда аталған тонау мен қарақшылық белгілеріне талдау жасау осі-і қылмыстарды бірбірінен ажыратып қарастыруға негіз ғана болмай, сонымси бірге тергеу барысында шешілетін мэселелер шеңберін анықтауға негіз боладі.іЕң алғаш шешілетін мэселеге - қылмыстың барлық болган жағдайларыи анықтау жатады. Қарастырылып отырған қылмыстарға қатысты бүл ең алдымсн қарау жүргізіліп жатқан себепке байланысты қандай оқиға орын алганын (тои.і\ немесе қарақшылық па, жай немесе сараланған түрі ме жэне т.с.с), бүл оқнм қандай нақты көрініс тапқанын анықтау керек.Аталған мәселелерге сэйкес, алдын ала тергеудің алгашқы кезеңінде іздестіруге, бекітуге және алынуга жататын іздердің сипаты анықталады. Оларға мына іздер жатады: тонауды немесе қарақшылық шабуылын анықтайтын немесе жоқка шығаратын іздер, сонымен бірге, оқиға болған жерді қарау кезінде инсценировкаланған қылмыстың үйымдастырылғанын керсететін іздер; кылмыскердің эрекет жасау тәсілін, ашық түрде мүлікті үрлаудың немесе қарақшылық шабуылдың мазмүнын сипаттайтын; қылмыстык іс-эрекет жасау кезінде куш қолданғаны немесе қолданамын деп қорқытуын сипаттайтын; тонау немесе қарақшылық шабуыл жэбірленушілерге қатысты жасалғанын сипаттайтын жэне жэбірленушінің тонау мен шабуыл кезінде жасаған іс-эрекеттерін сипаттайтын; тонаудың немесе қарақшылық шабуылдың мақсаты болып накты не табылды, қандай заттар мен қүндылықтар тоналды, олардың кейінгі тағдыры қандай екенін анықтауға мумкіндік беретін; тонаудың немесе қарақшылық шабуылының қатысушыларын, сонымен қатар, өздерінің әрекеттерімен қылмыс жасауға мүмкіндік тугызған немесе оның ашылуына кедергі келтірген түлғаларды көрсететін; ұйымдаскан қылмыстық топты көрсететін: түрактылығын, қаруланғандығын, қьшмыстық іс-әрекеттерді бірнеше рет жасағандығын жэне жауапкершілікке тартылатын қылмыскерлердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды көрсететін іздер. Тонау немесе қарақшылық шабуылдың нақты орны мен уақыты туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтау қажет. Мүндай мәліметтер қылмысқа кінэлі айыпталушының жалған алибиін эшкерелеуге маңызды болып есептелінеді. Тонау мен қарақшылык шабуылдары қылмыстарын ашуға мүмкіндік тугызатын дэлелдемелермен қатар, осы қылмыстардың жасалуына әсер еткен себептер мен жагдайлар туралы қорытынды жасауға негіз болатын дәлелдемелерді жэне оларды болдырмау шараларын анықтау керек. Баска қылмьістармен салыстырғанда тонау мен қарақшылық шабуылдьің бірқатар ерекшеліктері бар: • эдетте бул қылмыстар топпен жасалады; • алдын ала дайындық жумыстары жүргізіледі; • тез, дөрекі жэне қатаң түрде жасалады; • оқиға болған жерде заттай дэлелдеме ретінде танылатын заггардың көлемі шектеулі болып келеді. Бүның барлығы тергеуге өз эсерін тигізеді. Қарақшылық шабуылдың бір топ адамдармен алдын ала дайындалып жасалуы осы қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шараларын белсенді түрде қолдануга мәжбүр етеді. Қарақшылық кенеттен, қару-жарақ қолданып жасалгандықтан жәбірлену-шілер көбінесе қылмыскерлерді толық анықтап, көре алмайды, бул кейіннен оларды іздестіру мсн тану ушін көрсету кезінде қиындықтарды туғызады. Осыған байланысты тонау мен қарақшылық қылмыстарын тергеу бірқатар талаптарга сэйксс жүргізілуі тиіс: • тергеудегі жылдамдықпенжеделділік; • тергеу барыеындагы тергеу эрекеттері мен жедел шаралардың өзара байланыстылыгы; • криминалистикалық техника тэсілдерін белсенді қолдану; • қылмыстық тіркеу мүмкіндіктерін кеңінен қолдану. Тонау жэне қарақшылық шабуылды жасау кезінде қылмыстық қол сұғушылықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік, қогамдық жэне азаматтардың жеке жэне өзіндік меншіктері табылады. Белгілі бір көлемде заттардың бірлігі (мұлік) осы қылмыстардың жасалу эдістері мен оларды тергеу эдістемесінің ұқсастықтарын көрсетеді.Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу аталған кылмыстардың көбісіне тэн қасиет. Қылмыскерлер алдын ала қылмыс жасау орнын (дүкен, қойма, пәтер) немесе шабуыл жасауға ниетгенген тұлғаны белгілейді (инкассатор, сатушы, күзетші), қылмыс жасауға қажетті қүралдарды дайындайды (бұзу қүралдарын, атыс немесе суық қаруларды), көлік қүралдарын дайындайды, өзара рөлдерді бөледі, ұрланған заттарды жасыру мен өткізу жерлерін іздестіреді.Тонау жэне қарақшылық шабуылдар, тэжірибе көрсеткендей, көбінесе екі-үш немесе төрт адамнан түратын топпен жасалады. Қарақшылыкпен жасалатын топтар көбінесе тұрақты болып келеді жэне олармен бірнеше қылмыстар жасалады. Бұл топтарды бұрын сотталған трасологияның, дактилоскопияның, баллистиканың мүмкіндіктерін, ауызша суреттеудің маңызын білетін қылмыскерлер басқарады. Көп жағдайларда қылмыскерлер беттеріне сыртқы белгілерін жәбірленушілер мен куәларға анықтап көруге кедергі келтіретін маскілерді киеді (шүберек, беторамал, көзге арналған тесігі бар шұлықтар), қылмыс жасаған орнында саусақ іздерін қалдыру мүмкіндігін болгызбайтын қолғаптарды пайдаланады, қылмыс жасағандарын әшкерелейтін заттай дэлелдемелерді табуды қиындататын арнайы қару-жарақтарды немесе ұрланған заттарды сақтайтын жабдықтарды дайындайды.Дүкен, банк қызметкерлеріне, инкассаторларға шабуыл жасауға мұқият дайындалады: қылмыскерлер өнеркэсіптің, мекеменің, ұйымның жұмыс тэртібін, инкассаторлардың, кассирдің, банкке ақшаны жеке өзі өткізетін сауда орындары қызметкерлерінің қозгалыс маршрутын байқап зерттейді. Қажетті мәліметтерді алғаннан кейін олар шабуыл жасау орны мен уақытын, топтың кұрамын анықтайды, көлік құралдары мен қару-жарақтарын дайындайды, қылмыс жасағаннан кейінгі кету жолдарын ойластырады, ұрланған заттарды жасыру үшін орын дайындайды. Мұндай кылмыстар күндізгі уақытта немесе электрлік жағынан жақсы жарықтанған жерлерде (адамдар көп жүретін көшелерде, ғимараттарда) жиі жасалатындыктан, өздерін тануга қиындық туғызатын жагдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Алдын ала егжей-тегжейлі дайындыгы жоқ тонау жэне қарақшылық қылмыстары жиі кездеседі. Оларға қылмыстық қол сұғушылық үшін алдын ала белгіленген объектінің болмауы тэн болып табылады. Мысалы, қылмыскерлер бірнеше пэтерлерді аралап, қоңырау соғады, егер есікті қарт адамдар немесе балалар ашса, оларға шабуыл жасап (ұрып-соғады, байлайды) құнды заттарды ұрлайды. Мұндай қылмыстар эдетте күндізгі уақытта, демалыс немесе мейрам күндері, яғни тұрғындардың көпшілігі жұмыста, қала шетінде, пәтерде ешкім болмаган кезде немесе балалар және қарт адамдар қалган кезде жасалады.Әдетте, бұл қылмыстарды бас бостандығынан айыру орындарьшан енді гана босап шыққан қылмыскер-кезбелер, сонымен қатар басқа аудандарда тұратын, яғни кездейсоқ танылып қалудан қауіптенбейтін тұлғалармен жасалынады. Қылмыскерлердің жеке басына сипаттама беретін болсақ, олардың типтік психологиялык портреті - жұмыс жасамайтын, аморальды өмір сүретін, жүйелі түрде алкоголь, есірткі заттарды қолданатын ер адамдар жатады. Олардың басым көпшілігі бұрын осындай қылмыстар үшін сотталған болып келеді. Қылмыскерлер әр уақытта тонау жэне қарақшылық шабуылдарын кенеттен жасауға талпынады. Пәтер тұрғындарына немесе күзетшілерге шабуыл жасауда олар үй-жайга кедергісіз кіру мақсатымен өздерін жеке меншік пэтерлер кооперативтерінің (КСК), газ қызметкерлері, энергия жабдықтау, полиция, өрт пен сақтандыру қызметінің өкілі ретінде, жэбірленушінің отбасы мушесі жұмыс істейтін өнеркэсіптің өкілі ретікде атайды. Егер қылмыс ашық жерлерде жасалынса, шабуыл кенеттен артқы жағынан немесе торуылдан (құрылыстың бұрышынан, бұталардан немесе жекелей тұрған ағаштардан) жасалады. Жэбірленушіге күдік тудырмай қасына келу үшін қылмыскерлер шылым тұтатьш алуға, жолды көрсетіп жіберуді немесе өзге де назарын аударатын сұрақтарды қояды. Әңгіме басталып кеткен уақьпта олар жэбірленушіге жақындаса, шабуыл жасайды.Тонау жэне карақшылық шабуылдың құрбандары болып көбінесе эйелдер немесе мас күйінде болып қарсылық көрсете алмайтын ер адамдар болады.Тонау және карақшылық шабуылдарда эдетте теріден жасалған бұйымдар, багалы заттар, ақша, хрусталь, суреттер, антиквариатты бұйымдар, тұрмыстық техника жэне жоғары сұраныстағы заттар мен құндылықтар ұрланады. Әлбетте тонау және қарақшылык шабуылдарын жасайтын түлғалар алғашқы кылмысы ашылмай қалганнан кейін жэне жазаланбайтындыгын сезінгеннен кейін тұрақты топтарға бірігеді және ұзақ уақыт бойы көрші региондардың аумақтарында тонау мен карақшылық шабуылдарын жасайды. Сондықтан тергеушілердің керші криминалдық полициямен тығыз қарым-қатынаста болуы және осындай қылмыстардың жасалгандығы туралы уақытылы бір-біріне мәлімет беріп отыруы маңызды больш табылады.Осы қылмыстарды тергеу барысында тонау жэне қарақшылық шабуылдарын инсценировкаланған жағдайлары да кездеседі. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау Тонау және қарақшылық шабуылдары бойынша қылмыстық іс көбінесе жэбірленушінің өзінің арызымен, ал егер шабуыл кэмелетке толмагандарға немесе әйелдерге қарсы жасалса жэне олар қорқыныш сезімінде болып жасалынған қылмыс туралы өздері арыз бере алмаса, туысқандарының, көршілерінің арызы бойынша қозғалады. Күзетшілерге шабуыл жасалынған кезде қылмыстық іс олардың арызы немесе лауазымды тұлғалардың хабарлауы бойынша қозғалады. Жәбірленушілердің емдеу мекемелеріне келіп түсуінен анықтама және тергеу органдары қарақшылық шабуылы туралы есту жағдай-лары да кездеседі. Егер жэбірленушінің нашар хал жағдайына байланыстыжауап алу мүмкін болмаса жэне іс бойынша куәлар жоқ болса, қылмыстык іі емдеу мекемелерінен алынған хабарламаларының немесе оқиға болған жерді қарау нэтижелері негізінде қозғалады.Тонау жэне карақшылық шабуыл істері бойынша алғашқы тергеу эрекеттерінің кезектілігі, көбінесе, қылмыс жасау үстінде ұсталған қылмыс керге қатысты немесе жасалган қылмыс фактісі бойынша қылмыстық істіи қозгалуымен тікелей байланысты.Тергеудің алгашқы кезеңінде жалпы болжаулар ұсынылуы мүмкін: ТОІІ;І\ жэне қарақшылық шабуыл шынымен жэбірленуші хабарлаған жағдайлард;і жасалынды; шабуыл шынымен жасалынған, бірақ оқиганың мэн-жайлары арызданушымен бұрмаланған; басқа қылмыс орын алған (бұзакылық, біреудің өміріне қастандық жасау); тонау және қарақшылык шабуылы болған жоқ, тсі* шабуыл инсценировкаланған.Тергеу ерекшеліктерінің қатарына уақыт факторын есепке алу маңызды лығын және осымен байланысты жедел-тергеу тобының оқиға болған жеріх/ шығуға жоғарғы деңгейдегі дайындығын қамтамасыз ету қажеттіліі ім жатқызуға болады. Тонау жэне қарақшылық шабуылы тез арада жасалынатын қылмыстар қатарына жататынын ескеру керек.Тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеу ситуациясы тергеушінің іс-әрекетіиін алгоритмін анықтайды.Тонау жэне қарақшылық шабуылдарын тергеудің алғашқы кезеңіндеі і біртектес тергеу ситуацияларына келесілер жатады: • тонауды немесе қарақшылық шабуылды жасаған түлға кылмыс үстіиді' немесе оны жасаганнан кейін бірден ұсталса; • тергеушіде қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті жасаған тұлға жөніпд< жеткілікті мэліметтер бар, бірақ ол элі ұсталынбаса; • қылмыс жасаған түлға жөнінде мәліметтер болмаса. Егер тонау немесе қарақшылық шабуылы туралы хабар жәбірленушіден іх ■. арада түссе, тергеу эрекеттерінің тэртібі келесідей болу керек: ізін суытшш сезіктіні ұстау, жэбірленушіден жауап алу, тану үшін көрсету, жэбірленуіпіиі және сезіктіні куэландыру, оқиға болған жерді қарау.Жәбірленуші мен өз көзімен көрген-куэлардан жауап алу кезіин шабуылдың жагдайлары, қылмыскердің ерекше белгілері, сонымен қатнр, ұрланған заттардың белгілері мен бағасы анықталады.Егер қылмыстық іс қылмыстың жасалу фактісі бойынша қозғалып жатсп, онда тергеу әдетте, жэбірленушіден жауап алудан, оқиға болған жерді қараудан, киімді қарау жэне жэбірленушіні куэландырудан, жэбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындаудан, өз көзімен көрген-куәгерлерден жау;ні алудан басталады.Тергеу эрекеттерінің тактикасы. Жэбірленушіден жауап алу кезінде тонау немесе қарақшылық шабуыл чн үшін эр уақытта кенеттен болған жағдай екенін ескеру керек. Қарсы алдынмп қылмыскерді, эсіресе қаруланған қылмыскерді көргенде, жәбірлепунн сасқалақтап қалады. Кейбір жэбірленушілер қорқыныш сезімінен белгілі бір уақытқа есінен танып қалады, ал есін жинап бұл жағдайда не істеу керектігін: көмекке шақыру керек пе, қарсылық көрсету керек пе, қылмыскерге затты ешбір қарсылықсыз беру керек пе, әлде қашу керек пе екендігін ойлағанша біраз уақыт өтеді, ал бұл уақыт қылмыскердің қажетті құндылықтарды алып жасырынуына жеткілікті болып табылады. Жэбірленушінің есінен танып қалуы жэне өзінің кейінгі эрекетін ойластыруы айналасында болып жатқан оқиганың мэн-жағдайларына коңілін жинақтап қарауға кедергі жасайды. Сол себептен де, жэбірленуші іс үшін маңызы бар мэн-жайларды есінде сақтай алмайды.Бұл психикалық жағдай жауап алу кезінде міндетті түрде ескеріліп, сәйкесінше бағалануы керек. Жәбірленушінің сасқалақтау нэтижесінде қылмыскердің ерекше белгілерін, қару турін жэне өзге де қылмыс оқигасының мэн-жайларын кере алмауы мүмкін. Сондықтан қанша сұрақ қойылса да нэтижесіз болады. Жәбірленуші инсценировкаланган кылмыстың ұйымдасты-рылуында сезікті болып қалуы да мүмкін. Сондықтан да жэбірленушінің көрсетпелеріне баға беруде ол шын мэнінде болған мән-жайды барлық уақытта қабылдап және оны айтып берс алмайтындығын ескеру керек. Мысалы, шабуыл қылмыстық топпен жасалғанда, жәбірленушіге қылмыскерлер кеп болып көрінуі мүмкін. Қылмыс құралдарын сипаттауда қателіктер жиі жіберіледі. Қылмыскердің қолынан көрінген кез-келген жылтыраган затты атыс каруы немесе пышақ деп қабылдау жағдайлары жиі кездеседі. Қылмыскерлер тапаншаның орнына ағаш макеттерін, ойыншық тапаншаларын немесе өзге де қаруга ұқсайтын заттарды қолданған жағдайларда қателіктер кетуі мүмкін. Мысалы, жэбірленуші қылмыскерлер мылтықпен қаруланған деп хабарлайды, ал шын мэнінде оның қолында шыбық болған.Мұндай қателіктер тонау жэне қарақшылық шабуылдардың эдетте кешкі уақытта, нашар жарықтану кезінде немесе басқа да қабылдауға колайсыз уақытта жасалатындығымен түсіндіріледі.Көп жагдайларда жэбірленуші оған шабуыл жасалгандығы туралы бірден хабарлайды. Сондықтан алғашқы жауап алу кезінде жэбірленуші өзіне-езі келе алмайды: жылайды, қылмыскердің дөрекілігіне ашуланады, қорқыныш сезімінде болады, ұрланған құндылықтардың жоғалғанына кене алмайды, алынган дене жарақаттарынан ауырсынады. Осы психологиялық жағдайды ескере отырып, жәбірленушіні жауап алар алдында жүбату керек, оған қауіптің еткендігін жэне барлық көңілін болған мэн-жайды, эсіресе қылмыскерді іздеу мен эшкерелеуге маңызы бар мән-жайларға баса назар аударып есіне түсіру керектігін түсіндіру керек.Жэбірленушіден жауап алу барысында келесілер анықталады: тонау немесе қарақшылық шабуыл қай уақытта жэне қай жерде (қала, ауыл, көше) жасалды; жәбірленуші ол жерде қандай жағдайлармен жүргендігі жэне қай жерде шабуылға ұшырады; қандай жағдайда ол қылмыскерді көрді, оның артынан біреудің андып келе жатқандығын байқамады ма; қылмыскердің іс-эрекеті қандай болды, кұнды заттарды беруді талап етті ме, элде жұлып алды ма, егер қылмыскерлер бірнешеу болса, онда олардың арасында қандай әңгіме болды, олар бір-бірін аты-жөндері бойынша немесе лақап аттарын атаған жоқ па,кандай заттармен қорқытты, бұл заттардың белгілері; қандай заттар тоналды, олардың жекелеген белгілері немесе зауыттық нвмері қандай еді. Жэбірленушіде тоналған заттар, заттардың қандай да бір бөлшектері (сагаттыц бауы, жұлып алып кеткен сумканың бауы, сыртқы киім матасының бөліктері) сақталынып қалғандығын анықтау өте маңызды. Тоналған заттардың бағасы (кұны) анықталады. Қылмыскердің белгілерін жэбірленушіден мұқият түрде анықтау керек (сыртқы бет-келбетінің ерекшелігі, киімі, жүрісі, жекелеген сөздерді айту ерекшеліктері). Жэбірленуші қарсылық көрсетті ме жэне ол неден көрінеді, қылмыскердің денесіне немесе киіміне қандай да бір зақымдар келтірілді ме деген сұрақтар іс үшін маңызды. Қылмыстық топпен жасалған шабуыл кезінде әрбір қылмыскердің релі аныкталуы тиіс. Егер жэбірленуші керсетілген жэбір нэтижесінде ауруханаға емделуге түссе, жауап алуды дыбыс таспасын қолданып, жэбірленушінің әр сөзін жазып алу арқылы жүргізген жөн. Бұл жэбірленушінің емделуі созылып кетсе немесе жәбірленуші қайтыс болып кетсе, қылмыскерге іздеу салуда маңызды рел атқарады.Киімді қарау мен жәбірленушіні куәландыру. Тонау және карақшылық шабуылдары кезінде жэбірленуші мен қылмыскер арасында төбелес болуы мүмкін. Төбелес нэтижесінде қылмыскер киімінің талшықтары жэбірленушінің киімінде калуы ықтимал. Олардың табылуы кылмыскерді эшкерелеуде маңызды рөл атқаруы мүмкін, сондықтан жәбірленушінің киімін мүмкіндігінше тезірек тексеруге жіберу керек. Қарау өте күшті үлкейткіштер немесе микроскоптың көмегімен жүргізіледі. Қарау кезінде ешнэрсе табылмаса, киімнің сыртқы жағын ішке қаратып, целлофанға салып, сараптамаға жібереді. Сараптамада микроталшыктарды арнайы аппараттарды қолдану аркылы іздеу жұмыстары жүргізіледі.Киімді карау кезінде денеге келтірілген жарақат құралдарының түрін анықтау мэселесін де үмытпау керек. Келтірілген жарақаттан қалған іздің формасы арқылы қылмыскердің немен қаруланғанын анықтауга болады (пышақпен, үш қырлы үшкір қайрағышпен, тескішпен және т.б.).Кейде жэбірленушінің киімін қарау кезінде қылмыскердің төбелес нэтижесінде алған жарақат іздерін, яғни қан іздерін табуга болады. Көрінбейтін қан іздерін табу үшін ультракүлгін сэуле колданылады. Егер жэбірленуші соққыға үшыраған болса, онда ҚІЖК-ң баптарына сэйкес куәландыру жүргізіледі. Куәландыру кезінде жарақат сипаты міндетті түрде іске тіркеліп, масштабты фотосуретке түсіру ережесі арқылы суретке түсіріледі. Егер куэландыру барысында жэбірленуші денесінен қан іздері немесе өзге де микроіздер табылса, олар тампондардың көмегімен алынып, сараптамаға жіберіледі.Жэбірленушіден жауап алынғаннан кейін, ал кей жағдайларда оған дейін, окига болған жерді қарау жүргізіледі. Оны жүргізу тактикасы көбінесе ұрлық істері бойынша жүргізілетін оқиға болған жерді карау тактикасына ұқсас болып ' келеді. Ал негізгі ерекшелігіне келсек, тонау және қарақшылық шабуылдарында оқиғаны өз көзімен көруші - жэбірленуші болып келеді жэне оған орта, ауыр дэрежедегі дене жарақаттары келтірілмесе қарауды оның қатысуымен жүргізген жөн. Жэбірленушінің оқига болған жерде көрсетпелер беруі іздеу жұмыстарын, ягни оқтарды, гильзаларды, қылмыскердің қолы мен аяқ киімінің іздерін, оның түсіріп алган жеке заттарын (пышақ, қолғап, бас киім), жэбірленушіден ұрлап лақтырылған заттарды (сөмке, эмиян, олардың ішіндегі заттар) табуды жеңілдетеді. Төбелес болған жер аса мұқият қаралуы тиіс. Ол жерден кебінесе мойын орағыштар, узіліп қалған түймелер, бас киімдер, басқа да дэлелдемелік маңызы бар заттар табылуы мүмкін.Оқиға болган жерді жәбірленушімен бірге қарау кейде негативті жагдай-ларды анықтауға мүмкіндік береді (мысалы, қол іздерінің немесе аяқ киім іздерінің болуы тиіс жерлерде болмауы), ол тонау және қарақшылық шабуыл қылмыстарының инсценировкаланғандығы туралы болжауға жол береді. Тэжірибеде осы категориядагы қылмыстар бойынша оқиға болған жерді қарау тергеу эрекетінде аса көңіл бөлінбейді. Бұл оқиға болған жерде қылмыстың іздері қалмайды деген қате пікірмен байланысты болып отыр. Тонау немесе қарақшылық шабуылдары болған жерде, эсіресе ашық орындарда, аяқ іздері, көліктін іздері, қылмыскерлерден тусіп қалған немесе жоғалтқан заттары және т.б. табылуы мүмкін. Микроіздер мен иіс іздеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл үшін оқиға болған жерді қарау шегіне тек қана шабуыл болған жерді кіргізбей, қылмыскерлердің қылмысқа дейін жэне қылмыс жасағаннан кейін тығылған, жасырынган жерлерін, орындарын қоса қамтып кіргізу керек. |