Главная страница
Навигация по странице:

  • Созылмалы бронхиттің қандай себептері бар

  • Дәрігер созылмалы бронхитті қалай диагностикалайды

  • Созылмалы бронхитті емдейтін дәрі-дәрмектер бар ма

  • Созылмалы бронхитке тап болғанда атибиотиктер көмектесе ала ма

  • Оттегі терапиясы жайында не айтуға болады

  • Мен өкпемнің жағдайын жақсарту үшін тағы не істеуім керек

  • Созылмалы бронхит асқынып кетсе не болады

  • Мен тыныс алуымды жақсарту үшін және жөтелді тоқтатуым үшін не істей аламын

  • Созылмалы, бронхит. Созылмалы бронхит 2. Реферат Пані Терапия Такырыбы Откiр жне созылмалы бронхит Бронх демікпесі. Пневмониялар


    Скачать 18.08 Kb.
    НазваниеРеферат Пані Терапия Такырыбы Откiр жне созылмалы бронхит Бронх демікпесі. Пневмониялар
    АнкорСозылмалы, бронхит
    Дата29.11.2021
    Размер18.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСозылмалы бронхит 2.docx
    ТипРеферат
    #285644

    КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛИ

    Башев жогары медициналык колледжі

    Реферат

    Пані: Терапия

    Такырыбы: Откiр және созылмалы бронхит Бронх демікпесі. Пневмониялар.

    Орындаған: Сәметұлы Ә.

    Тексерген: Ырысалиева Л.К

    Актобе, 2021

    Бронхит – бұл тыныс алу жолдары мен өкпенің қабынуы (немесе қышуы). Тыныс алу жолы деген – өтпеге ауа апатарын түтікше. Оны бронх деп те айтады. Тыныс алу жолдары қабынғанда, олардан шырыштар бөлінеді. Шырыштар тыныс алу жолдарына кедергі жасайды да, өкпеге ауаның келуін қиындатады.
    Созылмалы брохиттің симптомдарына келер болсақ, тамақтан шырыш (қақырық) бөлінеді, жөтел пайда болады, тыныс алу қиындайды, кеудеде ауру сезімі байқалады.
    «Созылмалы» деген терминнің өзі бұл аурудың ұзақ уақыт бойы мазалайтындығын меңзейді. Созылмалы деп аталатын бронхит, үш айдан артық уақыт мазалайды. Созылмалы бронхит өкпе эмфиземиясымен жиі байланысып кетеді, ондай жағдай туындағанда, оны өкпенің обструктивті созылмалы ауруы (ӨОСА) деп аталады.

    Созылмалы бронхиттің қандай себептері бар?
    Шылым шегу созылмалы бронхиттің бірден-бір себебі болып табылады. Шылым түтіні өкпеге барып тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, нәтижесенді одан шырыш бөлінеді. Узақ уақыт бойы химиялық бу немесе шаң, сондай-ақ басқа зиянды заттар тыныс алу жолдары арқылы өкпеге түссе, оның әсерінен өкпе тітіркеніп, созылмалы бронхит туындауы мүмкін.

    Дәрігер созылмалы бронхитті қалай диагностикалайды?
    Дәрігер сізден аурулардың симптомдарын сұрастырады және келесідей сұрақтар қойылуы мүмкін:
    • Сізден қақырық бөлініп, жөтеліңіз күшейді ме?
    • Тыныс алу жолдарында мәселелеріңіз туындады ма?
    • Кеудеңізде қысылып тұрғандай сезім бола ма?
    • Сізде бұл симптомдар қашаннан бері пайда болды?
    • Сіз шылым шегесіз бе?
    • Күніне қанша шылым шегесіз?
    • Шылым шегіп жүргеніңізге қанша жыл болды?
    • Өкпеңізді тітіркендіретін химиялық бу немесе шаң сияқты басқада зиянды заттардан заардап шектіңіз бе?
    Егер дәрігер сізде созылмалы бронхит бар деп тапса, сіз өкпеңіздің зақымдалғанын тексертуіңіз керек. Дәрігер сіздің өкпеңіздің қызметін тексереді, оның қаншалықты жақсы жұмыс істеп жатқанын анықтайды. Тексеру барысында сіз өкпедегі ауа мөлшерін өлшейтін құрылғы арқылы дем аласыз. Сондай-ақ, дәрігер сізге кеуде жасушаларын тексеру үшін қан талдамасын тапсырып, рентгеннен өтуіңізді міндеттейді.

    Созылмалы бронхитті емдейтін дәрі-дәрмектер бар ма?
    Иә. Дәрігер созылмалы жөтелді емдеу үшін бронходилататорлар тобындағы дәрілік препараттарды тағайындайды. Бұл дәрілер тыныс алу жолдарын кеңейтеді, еркін тыныс алуға жағдай жасайды.
    Бұл дәрілерді әдетте ингаляция түрінде қолданады. Ингалятордың қызметі, дәрілерді өкпеге әсер еткізу болып табылады. Ингаляторды дұрыс қолдану керек, себебі өкпеге дәрінің толық қанды әсер етуі соған байланысты. Негізі дәрігер оны қалай қолдану керектігін сізге үйретеді.
    Қатты демікпе кезінде, дәрігер сізге теофиллин секілді дәрілік препаратты тағайындайды, олар таблетка түрінде қолданылады.
    Егер ауру симптомдары бұл дәрілерді қолдғанғаннан оңалмаса, дәрігер сізге стероидтарды қолдануды тағайындайды. Оның ингаляциялық және таблеткалық түрлері болады.

    Созылмалы бронхитке тап болғанда атибиотиктер көмектесе ала ма?
    Созылмалы бронхитке антибиотиктер көмектесе алмайды. Олар тек өкпемен байланысты созылмалы жөтелге, өкпелік инфекция кезінде пайда беруі мүмкін. Егер сізде өкпелік инфекция болса, ол жөтелген кезде, қақырықтың бөлінуімен көріс береді. Ол кезде қақырық сары немес ашық жасыл түсті болады. Ондай жағдайда да тыныс тарылып, қалтырау пайда болады.

    Оттегі терапиясы жайында не айтуға болады?
    Созылмалы бронхит пайда болып, өкпе зақымданған кезде ағзаға оттегі тасымалдану қиындайды. Егер созылмалы бронхит ауыр дамыса, және қолданған дәрілеріңіз пайда бермей жатса, онда, дәрігер сізге қосымша оттегі алуды тағайындайды. Егер дәрігер сізге оттегін алуды тағайындаған болса, онда оны күндіз қаншалықты мөлшерде қолданған болсаңыз, түнде де солай пайдалануды ұмытпаңыз. Оттегі сізге тыныс алу үшін, әрі қарай өмір сүру үшін қажет болады.

    Мен өкпемнің жағдайын жақсарту үшін тағы не істеуім керек?
    Бірқалыпты физикалық жүктеме тыныс алуға атсалысатын бұлшықеттеріңізді нығайтады. Аптасына жоқ дегенде 3 рет жаттығып тұрыңыз. Содан соң, жаттығу күштемелерін көбейте беріңіз. Мысалы сіз аптасына 3 рет 15 минуттан жүгіруіңіз мүмкін. Уақыт өте келе бұл жаттығуға да бойыңыз үйреніп, ақырындап жүгіруіңізге жылдамдық қосыла бастайды. Содан сіз 20 минут бойы жүгіре бастайсыз, содан 25,30 минут деп кете береді. Дәрігеріңізден өзіңіздің денсаулығыңызға байланысты қандай жаттығудың күн тізбесін орнату керектігін сұрап алыңыз.
    Өкпелік реабилитация деп аталатын емдеу бағдарламасы сіздің тыныс алуыңызды жеңілдетеді. Өкпелік реабилитация әдетте пульмонолгпен (өкпе ауруын емдеумен айналысатын дәрігер) бірге өткізіледі. Дәрігер өкпелік реабилитация бағдарламасын өткізу үшін сізді, емдеу мекемесіне жолдауы мүмкін.
    Тыныс алуды жеңілдету үшін және бір әдіс «ерінді жымқырып тұрып дем шығару» әдісі де көмекші бола алады. Ол үшін терең дем алыңыз, содан соң ауыз арқылы ақырындап дем алыңыз, енріңізді жымқырып тұрыңыз, тура біреуге ызаланып тұрғандай кейіпте. Бұл жаттығу тыныңтың тарылуын жеңілдетеді, созылмалы жөтелді азайтады. Нәтижесінде сіз өзіңізді жақсы сезініп қаласыз.

    Созылмалы бронхит асқынып кетсе не болады?
    Созылмалы бронхит өкпе инфекциясын жоғарлатады, сол үшін сізге әр жыл сайын тұмауға қарсы екпе салдырып тұрған дұрыс. Одан басқа, әр 5-6 жыл сайын пневмококқа қарсы екпе салдырып тұрыңыз, сонда пневмония ауруынан аман боласыз.

    Мен тыныс алуымды жақсарту үшін және жөтелді тоқтатуым үшін не істей аламын?
    Егер сіз шылым шексеңіз, ең бастысы, сіз ол жағымсыз әдеттен айыққаныңыз дұрыс. Себебі, қаншалықты түтін жұтсаңыз, өкпеңіз соншалықты зақымданады. Егер сіз темекіні тастасаңыз, тыныс алуыңыз жақсарады, аз жөтелетін боласыз, және өкпеңіздің жалпы жағдайы оңдалатын болады. Темекіден бас тарту арқылы, өкпенің қауіпті ісігінен аулуқ кетуге болады. Сол үшін дәрігерден шылымды қалай тастау керектігін сұраңыз.
    Аэрозолдық азықтар, шашқа арналған лактар, шашырайтын бояқтар секілді өкпеңізді тітіркендіретін заттардан аулақ болыңыз. Химиялық бу мен шаң-тозаңнан да аулақ жүріңіз. Бояулар, лак және химиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда аузы-мұрныңызға маска тағып алыңыз.


    написать администратору сайта