Жедел пневмония. Жедел бронхит патаннннн (копия) (wecompress.com). Жедел бронхит Орындаан Айтмырза
Скачать 155.1 Kb.
|
Жедел бронхит Орындаған : Айтмырза Ә. Тобы: 3-009 ЖМ Тексерген: Нығызбаева Р.Ж Қарағанды медицина университеті Жалпы патология кафедрасы Қарағанды 2022 Жоспары: І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ.Қорытынды Кіріспе Төменгі тыныс жолдарының жедел инфекцияларына пневмония (өкпе альвеолаларының қабынуы), сондай-ақ жедел бронхит, капиллярлық бронхит (бронхиолит), тұмау және көкжөтел жатады. Бұл аурулар дүние жүзінде балалар мен ересектер арасындағы аурушаңдық пен өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жедел бронхит Жедел бронхит - бұл орташа не үлкен калибрлі бронхтардың жедел ағымды қабынуы. Көбіне инфекциялардан туындайды.Ол дербес ауру да бола алады немесе бірқатар аурулардың салдары ретінде де дами алады (мысалы, пневмония, гломерулонефрит). Этиологиясы мен патогенезі Қоздырғыштары:
-химиялық: күкіртті газ, хлор, азотты тотықтар -механикалық: жарақат Қоздырушы факторлар әсеріне тыныс алу жүйесіндегі қорғаныстық барьерлердің тұқым қуалайтын дәрменсіздігі, мукоцеллюлалық клиренс пен гуморальды жергілікті қорғаныс факторларының нашарлауы қолайлы жағдай туғызады да, бронхит кезінде мукоцеллюлалық клиренс одан әрі зақымдалады. Патогенді әсерден бронхтар бездері мен бокалша жасушалар шырышты көп бөліп, кірпікшелі призмалық эпителий түлейеді.Солай бронхтардың кілегейлі қабаты жалаңаштанып, инфекциялар бронх қабырғасын тесіп өтіп іргелес тіндерге жайылады. Патологиялық анатомиясы Жедел бронхит кезінде шырышты қабатына қан толып, ісінеді және қанды дақтар мен ойық жаралар пайда болады, саңылауына шырыш жиналады. Микроскоппен қарағанда деструкциялы ойық жаралы бронхит көрінеді.Ол дегеніміз, бронхтың шырышты қабатында, фибринді не фибринді-геморрагиялы қабыну үдерісі өршіп, шырышты қабаты ойылып жаралануы. Ал бронхиоладағы қабыну пролферациялы болуы мүмкін. Кейде қабыну орнында шырышты қабатта лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер шоғырланып, эпителийі көбейіп, шырышты қабаты қалыңдайды.Тек шырышты қабат зақымдалса эндобронхит, шырышты мен бұлшықетті зақымданса эндомезобронхит делінеді.Дисталды бронхиолаларда қабыну барлық қабатты толық қамтып панбронхиолит дейді. Патологиялық анатомиясы Микробейнеде:
Көбіне жедел бронхит бронхтардың дренаждық әрекеті бүлінгендіктен асқынады. Өйткені мұндай жағдайда бронх тармақтарының дисталды бөлігіне инфекциялы шырыш өтіп өкпенің өзі де қабынады (бронхопневмония). Кейде панбронхиолиттәі салдарынан бронхтардың іргелес тіндерімен қоса өкпенің стромасы да қабынады (перибронхылық аралық пневмония) Асқынуы Жедел бронхит соңы оның қабырғасы қаншалықты зақымдалғанына байланысты. Ұйымалы не шырышты катар нысанында өрістеген бронхит қайтымды болса, деструкция бронхит пен бронхиолит пневмонияға ұласады. Патогенді әсер ұзақ болса созылмалы ағымға ауысады. Қорытынды Созылмалы бронх ауруы бар науқастарда трахеобронхиальды төменгі тыныс жолдарының қабынуы жедел бронхит емес, керісінше созылмалы обструктивті өкпе ауруларының асқынуы болып табылады. Төменгі тыныс жолдарының инфекциясының ішінде осы жедел бронхит көптеп кездеседі. Инфекциядан туындады деген күннің өзінде қоздырғышы анықталуы екі талай. Егер патогенді әсер ұзақ сақталса созылмалыға ағымға ауысып өкпенің обструктивті созылмалы ауруларына алып келеді. Пайдаланылған әдебиеттер: https://cyberleninka.ru https://www.msdmanuals.com https://ru.wikipedia.org А.И.Струков, В.В.Серов – Патологиялық анатомия, ГЭОТАР-Медиа, 2013жыл |