МІК теор. әдістемелік нұсқау.. Патологиялы анатомия жне гистология кафедрасы 0446319к ( )
Скачать 481.5 Kb.
|
Патологиялық анатомия пәні бойынша теориялық әдістемелік нұсқау Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі» Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы мейбике» Курс: 3 Семестрі: V Шымкент 2018ж. №1 1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Патология пән ретінде және патология міндеттері туралы түсінік. Жалпы және жеке патологияның зерттеу әдістері. 2.Сағат саны: 45 мин. 3.Сабақ түрі: Теориялық 4.Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Жалпы патология пәні, міндеттері, әдістері және жалпы нозология туралы түсінік беру. ● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс ● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту, сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету. Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету 5. Оқыту әдісі: Тақырыпты ауызша талқылау, прозектураға бару, оның құрылымымен танысу. 6.Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: теория сабағына арналған макропрепараттар, плакаттар б) оқыту орны: аудитория 415. 7. Әдебиеттер: № 1 қосышада 8. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6,6 %) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 15 мин (33,6%) Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап күйінде тексеру. 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 12 мин (26,6 %) Патологиялық анатомия — патологияның (грекше: pathos — ауру) бір бөлімі; ол биология мен медицинаның ауруларды әртүрлі қырынан зерттейтін ауқымды саласы болып табылады. Патологиялық анатомия құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді. Адамның жалпы патологиясы ең алдымен жасушалық патология мен жалпыпатологиялық үдерістердің морфологиясын зерттейді, сондықтан ол жалпы патологиялық анатомpoия курсының мазмұндық негізі болып табылады. Патологиялық анатомияның клиникалық және қолданбалы мәні — адамның алуан түрлі ауруларының, әр аурудың өзіндік ерекшеліктерінің құрылымдық негізін зерттеу арқылы ауру адамның анатомиясын, басқаша атасақ, клиникалың анатомияны қалыптастыруында. Бұл бөлімге жеке аурулар патологиялың анатомиясы деп аталатын курс арналған. Патологиялық анатомия әртүрлі аурулар кезіндегі организмде болатын морфологиялық өзгерістерді зерттейтін пән. Ол әртүрлі морфологиялық әдістер арқылы ауру дамуының барлық кезеңдерінің, бүкіл өзгерістерін тексереді. Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық негізін зерттейді. Патологиялық анатомия аурулардың шығу себептерін (этиологиясы) даму механизмін (патогенез), өлу үрдісін және оның себептерін де (танатогенез) жанжақты зерттейді. Патологиялық анатомияның қазіргі даму кезеңінде ауру морфологиясы тек организмдік, ағзалық, тіндік, жасушалық деңгейге ғана емес, жасуша ішілік және молекулалық деңгейде де зертеледі. Патологиялык анатомия аурулардың құрылымдық өзгерістері жайлы мағлұматты мәйітті зерттеу, хирургиялық операциялар, биопсия мен эксперимент арқылы алады. Түрлі аурулардан қайтыс болғандардың мәйітін зерттеу (аутопсия; грекше: autopsia - өз көзімен көру) арқылы клиникалық диагноздың дұрыстығы немесе диагностикалық қателік анықталып, өлімнің себебі, аурудың ағымының ерекшелігі, емдегенде қолданылған препараттардың, құрал-саймандардың тиімділігі айқындалып, өлім-жітім (смертность) мен өлім-жітімділіктің (летальность) статистикасы дәйектеліп, т.б. да мәселелер шешімін табады. Мәйітті зерттегенде ауру адамның өлуіне себеп болған, меңдеп кеткен өзгерістермен қатар, микроскоппен ғана көрінетін бастама өзгерістерді де анықтауға болады.Патологанатом операция кезінде алынған материалды зерттегенде алуан түрлі морфологиялық тәсілдерді қолданып, аурудың түрлі сатыларының морфологиясын анықтай алады. Жалпы патология әртүрлі аурулар кезіндегі организмде болатын морфологиялық өзгерістерді зерттейтін пән. Ол әртүрлі морфологиялық әдістер арқылы ауру дамуының барлық кезеңдерінің, бүкіл өзгерістерін тексереді. Патологиялық анатомия аурулардың құрылымдық негізін зерттейді. Жалпы патология аурулардың шығу себептерін (этиологиясы) даму механизмін (патогенез), өлу үрдісін және оның себептерін де (танатогенез) жанжақты зерттейді. Жалпы патология қазіргі даму кезеңінде ауру морфологиясы тек организмдік, ағзалық, тіндік, жасушалық деңгейге ғана емес, жасуша ішілік және молекулалық деңгейде де зертеледі. Патологиялық анатомия – ауру организмнің анатомиясы. «Патологиялық» деген сөз гректің, «pathos» яғни «сырқат», «ауру», «кесел», «дерт» деген мағынадағы сөзінен туындайды. Ауру организмге қатысты барлық мәселелерді түгел қамтитын медицина мен биология ғылымдарының саласы - «патология» деп аталады. Бұл термин де әлгі грек сезінен туындаған. Патологиялык анатомия аурулардың құрылымдық өзгерістері жайлы мағлұматты мәйітті зерттеу, хирургиялық операциялар, биопсия мен эксперимент арқылы алады. Түрлі аурулардан қайтыс болғандардың мәйітін зерттеу (аутопсия; грекше: autopsia - өз көзімен көру) арқылы клиникалық диагноздың дұрыстығы немесе диагностикалық қателік анықталып, өлімнің себебі, аурудың ағымының ерекшелігі, емдегенде қолданылған препараттардың, құрал-саймандардың тиімділігі айқындалып, өлім-жітім (смертность) мен өлім-жітімділіктің (летальность) статистикасы дәйектеліп, т.б. да мәселелер шешімін табады. Мәйітті зерттегенде ауру адамның өлуіне себеп болған, меңдеп кеткен өзгерістермен қатар, микроскоппен ғана көрінетін бастама өзгерістерді де анықтауға болады.Патологанатом операция кезінде алынған материалды зерттегенде алуан түрлі морфологиялық тәсілдерді қолданып, аурудың түрлі сатыларының морфологиясын анықтай алады. Биопсия (грекше: bios - өмір және opsis - көру) -тіндерді тірі организмнен алып, микроскопиялық тәсілдермен зерттеу. Патолоғанатомдар бұдан 150 жыл бұрын, жарық микроскопы пайда болысымен, биопсия тәсілі арқылы алынған материалды - биоптатты зерттей бастаған. 11. Жаңа тақырыпты бекіту: 8 мин (17,7%) Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау. Сұрақтар 1. Жалпы патологияның зерттеу объектілері нелер болып табылады? 2. Биопсия дегеніміз не? 3. Аутопсия дегеніміз не? 4. Эксперимент дегеніміз не? 12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (11,1%) Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады. 13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (11,1%) Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру. №2 1. Сабақтың тақырыбы: Денсаулық және ауру туралы түсінік. Ауру кезеңдері мен аяқталуы. 2. Сағат саны: 45 мин. 3.Сабақ түрі: Теориялық 4.Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Патологиялық анатомия денсаулық сақтаудағы орны, өлім жайлы түсінік, аурулардың этио-патогенезі туралы түсінік беру. ● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс ● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту, сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету. Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету 5. Оқыту әдісі: Тақырыпты ауызша талқылау, прозектураға бару, оның құрылымымен танысу. 6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: теория сабағына арналған макропрепараттар, плакаттар б) оқыту орны: аудитория № 415. 7. Әдебиеттер: № 1 қосымшада 8. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6,6 %) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 15 мин (33,6%) Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап күйінде тексеру. 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 12 мин (26,6 %) Патологиялық анатомия – ауру организмнің анатомиясы. «Патологиялық» деген сөз гректің, «pathos» яғни «сырқат», «ауру», «кесел», «дерт» деген мағынадағы сөзінен туындайды. Ауру организмге қатысты барлық мәселелерді түгел қамтитын медицина мен биология ғылымдарының саласы - «патология» деп аталады. Бұл термин де әлгі грек сезінен туындаған. Аурудың құылыстық негізі оның клиникалық бейнесімен тығыз сабақтастырыла зерттеледі. Клинико-анатомиялық бағытты бетке ұстай зерттеу - Ресей патологиялық анатомия ілімінің ерекшелігі. Аурудың құрылыстық негізін зерттеу мынадай құрылымдық: организмдік, жүйелік, мүшелік, тіндік, жасушалық, субжасушалық және молекулалық деңгейлерді қамтиды. Организмдік деңгейде зерттеу мүшелер мен жүйелердің ауру организмдегі арақатынасын саралап, ондағы алуан түрлі өзгерістерді түгел байқауға мүмкіндік береді. Клиникада ауру организмді, ал секция залында мәйітті зерттеу осы деңгейден басталады. 11. Жаңа тақырыпты бекіту: 8 мин (17,7%) Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау. Сұрақтар 1. Жалпы патология пәні нені үйретеді? 2. Жалпы патологияның қандай зерттеу әдістері бар? 3. Жалпы патологияның зерттеу объектілері нелер болып табылады? 12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (11,1%) Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады. 13. Үйге тапсырма беру: 2 мин (4,4 %) Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру. №3 1. Сабақтың тақырыбы: Зақымданулар. Зақымдану түрлері: атрофия, дистрофия . Жіктелуі. 2. Сағат саны: 45 мин. 3. Сабақ түрі: Теориялық 4. Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Дистрофияның, жасушалар мен жасушааралық тіндер патологиясының негізгі себептерін, даму механизмдерін және функционалдық маңызын білу. Дистрофияның негізгі жіктелу принциптерін (инфильтрация, декомпазиция, бейтабиғи синтез, трансформация) және морфогенетикалық механизмдерін ашу. Атрофия туралы түсінік беру. ● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс ● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту, сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету. Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету 5. Оқыту әдісі: Тақырыпты ауызша талқылау, прозектураға бару, оның құрылымымен танысу. 6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: теория сабағына арналған макропрепараттар, плакаттар б) оқыту орны: аудитория №415. 7. Әдебиеттер: № қосымшада 8. Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6,6 %) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 15 мин (33,6%) Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап күйінде тексеру. 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 12 мин (26,6 %) Сему, атрофия (грекше atropheo — ашығу, сему) — организмдегі белгілі бір орган немесе тін қызметінің бұзылуынан олардың көлемінің кішіреюі. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлері бар. Физиологиялық сему адамның жасына байланысты. Мысалы, жаңа туған нәрестелерде — кіндік қан тамырларының семуінен кіндігі түседі; жасөспірімдерде 13 — 15 жас аралығында айырша бездің (тимус) қызметінің тоқтауына байланысты ол семіп қалады. Ал қарт адамдардың терісі жұқарып, әжім пайда болады; сүйектері жұқарып, морт сынғыш келеді; ішкі секреция бездерінің қызметтері төмендейді. Патологиялық cему белгілі бір аурудың салдарынан дамиды. Оның 2 түрі бар: 1) жалпы cему қатерлі ісіктердің, жүйке және эндокрин жүйелері ауруларының, аштықтың салдарынан болады. Бұл кезде ағза өз салмағының 40 — 50%-ын жоғалтып, адам көтерем болып қалады. Тері асты торларында, шарбыда, шажырқайда май қоры мүлдем жойылып, тері жұқарып, қатпарланып, қоңырқай тартады. Ішкі органдардың көлемі кішірейеді, ауру адамда тек тері мен сүйек қана қалғандай көрінеді. Ішінара cему жеке органдардың қан тамырлары қысылып қалғанда, ағзаның тропик. қызметтері (тамақтануы) бұзылғанда, жекелеген органдар өз жұмысын толық атқара алмаған жағдайда дамиды. Мысалы, гипертония, атеросклероз ауруларында қан тамырларындағы өзгерістерге байланысты бүйрекке қан келуі азайып, олардың көлемі кішірейіп, бүрісіп қалады. Соның нәтижесінде бүйректің жұмысы бұзылады. Жұлынның қозғалтушы нейрондарының қабынуынан, адамның аяқ-қол бұлшық еттері семіп қалады. Семудің клиникалық маңызы оның қай органда, қаншалықты дәрежеде дамуына байланысты. Сему процесі ұзаққа созылмаса, оны тудырушы себептерді тез анықтап, дер кезінде ем жасалса, ағза өзінің қалыпты жағдайына түседі. Мысалы, ғарышкерлердің ғарышқа ұшу кезіндегі әрекетсіздік, салмақсыздықтан қаңқа бұлшық еттерінің семуі — Жерге қонғаннан кейін күнделікті жаттығулардан соң толық қалпына келеді. Кей жағдайда, семуді тудырушы себептер ұзаққа созылып, процесс қайтымсыз түр алса, органдардың қызметі мүлдем тоқтайды. Егер несеп ағарға тас толып, бітеліп қалса, бүйрек несептің жиналуына байланысты бірте-бірте кеңейіп, бүйрек тіні семе бастайды. Бұл кезде операция жасап, тасты алып тастамаса, бүйрек өз қызметін мүлдем тоқтатып, іші несепке толы қалтаға айналады. Дистрофия (грекше: - бұзылу, бүліну және dys -қоректендіремін, нәрлендіремін) - тінның (жасушаның) метаболизмі (зат алмасуы) бұзылуынан құрылымдық өзгерістер дамитын күрделі патологиялық үдеріс. Дистрофия - зақымның бір түрі. Трофика - тін (жасуша) өзінің арнаулы қызметін атқару үшін қажетті, оның метаболизмі мен құрылысының қалыптасуын қамтамасыз ететін механизмдер жинтығын қамтитын ұғым. Бұл механизмдерің – жасушалық және жасушадан тыс деп аталатын аса маңызды екі түрі бар. Жасушалық механизмдер жасуша құрылысының калыптасу ерекшеліктері және оның өздігінен реттелуі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, жасушаның трофикасы - өздігінен реттелетін күрделі жүйе жасушаның өзіне ғана тән қасиет. Жасушаның тіршілік әрекетін оны «қоршаған орта» қамтамасыз етіп, организмнің бірқатар жүйелері реттейді. Сондықтан трофиканың жасушадан тыс мезханизмдері тасымалдау (қан, лимфа, микроциркуляциялық арна) және интегративтік (нейроэндокриндік, нейрогуморальдық) жүйелерді қамтиды. Қорыта айтсақ, дистрофияны дамытатын тікелей себеп жасушалық механизмдердің де, жасушадан тыс механизмдердің де бүзылуымен байланысты бола алатыны түсінікті. 1. Жасушаның өздігінен реттелуінің бұзылуы әр түрлі факторлардың (гиперфункцияның - қызметі артуының; улы заттардың, радиацияның, тұқымқуалайтын фермент ташлығының немесе ферменттің болмауының, және т.б.) әсерінен дамуы ықтимал және ол жасушада энергия тапшылыгы мен ферменттік үдерістердің бұзылуына әкеліп соғады. Сөйтіп, трофиканың жасушалық механизмдері бұзылғанда тұқымқуалайтын немесе жүре болатын ферментпатия (энзимпатия) - ферменттік жүйенің зақымдалуы - дистрофияның негізгі патогенездік буыны мен бейнесіне айналады. 2. Тіндердің (жасушалардың) метаболизмі мен қалыпты құрылысын қамтамасыз ететін тасымалдау жүйесінің қызметінің бұзылуынан дисциркуляциялық дистрофияның негізгі патогенезі болып табылатын - оттегі тапшылығы -гипоксия дамиды. 3. Трофиканың ішкі секреция арқылы реттелуі бұзылғанда (тиреотоксикоз, диабет, гиперпаратиреоз) дамыған дистрофияны эндокриндік деп, трофиканың жүйке жүйесі арқылы реттелуі бұзылғанда (иннервация бұзылғанда, мидың ісіктерінен ж.т.б) дамитын түрін -жүйкелік немесе милық дистрофия деп атауға болады. Құрсақтағы кезде дамыған дистрофиялар патогенезінің ерекшеліктері жүкті әйелдің ауруларымен тікелей байланысты болады. Жүкті кездегі аурудың салдарынан мүшенің немесе тіннің ұрықтағы бастамасының бір бөлігі жойылса, нәрестеде осы мүшелер мен тіндердің қайтымсыз кемістігі (порок) қалыптасуы ықтимал. Дистрофия дамыған жасушалар мен (немесе) жасушааралық заттарда ферменттік үдерістер бұзылуының салдарынан сандық немесе сапалық сипаты өзгерген әр түрлі зат алмасу өнімдері жиналады (белок, май, кемірсу, минерал, су). Паренхималқ дистрофиялар - заттардың алмасуы орындайтын қызметі жағынан жоғары специализациялы жасушаларда бұзылатын үдеріс. Алмасуы өзгерген заттың түріне қарай, паренхималық дистрофиялар белокты (диспротеиноздар), майлы (липидоздар) және көмірсулы түрлерге бөлінеді. |