МІК теор. әдістемелік нұсқау.. Патологиялы анатомия жне гистология кафедрасы 0446319к ( )
Скачать 481.5 Kb.
|
11. Жаңа тақырыпты бекіту: 4,5 мин (10%) Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау. Сұрақтар Күйзеліс(Cтресс) дегеніміз не?. Стресстің даму кезеңдері.. Стресстің этиологиясы.. Стресстің қандай нәтижелері болуы мүмкін. Стресстің клиникалық маңызы. Кома дегеніміз не? Команың қандай даму себептері бар? Команың патогенезі. Команың қандай даму кезеңдері бар? Команың қандай түрлері бар? 12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (11,1%) Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады. 13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (11,1%) Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру. №6 1. Сабақтың тақырыбы: Регенерация, түсінік. Түрлері. Гипертрофия және гиперплазия. 2.Сағат саны: 45 мин. 3.Сабақ түрі: Теориялық 4.Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Тақырыпты білу патологиялық анатомия курсының жалпы бөлімінің басқа тақырыптарын меңгеру үшін, сондай-ақ, оның жеке бөлімінің ауруларын меңгеру қажет. Клиникалық пәндерді оқып-үйренгенде және күнделікті тәжірибелік жұмыста паренхиматозды дистрофияны білу клиникалық-анатомиялық талдау жасау үшін қажет. ● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс ● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту, сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету. Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету 5. Оқыту әдісі: Тақырыпты ауызша талқылау, прозектураға бару, оның құрылымымен танысу. 6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: теория сабағына арналған макропрепараттар, плакаттар б) оқыту орны: аудитория №415. 7. Әдебиеттер: 8. Ұйымдастыру кезеңі: 2,3 мин (6,6 %) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%) Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап күйінде тексеру. 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27мин (60%) Бейімделу патологияда әртүрлі әрекеттік жағдайлардың бейнесі болып, тіннің (мүшенің) әрекеті тым қарқынды, томен немесе бұрмалануы мүмкін. Сондықтан оған қатысты патологиялық үдерістердің бейнесі: 1) атрофия; 2) гипертрофия (гиперплазия); 3) организация (беріштену); 4) тіндік құрылымның өзгеруі 5) метаплазия немесе 6) дисплазия болуы ықтимал. Организация (беріштену) деп некроз ошағының, тін ақауының немесе тромбының орнына дәнекер тін өсетін немесе қабық қалыптасатын (инкапсуляция) адаптациялық үдерісті атайды. Тіндік қүрылымның өзгеруі. Тіндік қүрылымның адаптациялық өзгерісі гиперплазия, регенерация жэне аккомодация үдерістеріне негізделеді. Мысалы, қанның магистрал тамырлар арқылы жүруі қыйындаса, қан та- мырларының қалыпты сабақтастығы өзгеріп, коллатералдық қанайналым қалыптасады. Дисплазия. Бұл ерекше адаптациялық үдерістің атауы онкоморфоло- гияда қабылданған. Дисплазия кезінде эпителийдің пролиферациясы мен толысуы дұрыс жүрмей, жасушалық атипия қалыптасып, гистоархитектоникасы өзгереді. Жасушалық атипия қалыптасқан жасушаның көлемі мен пішіні әртүрлі, үлғайған ядросы гиперхромды, митоздық саны көп, атипиялы митозы болады. Гистоархитектоника- лық озгеріс кезінде эпителийдің полярлылығы мен осы тінге немесе осы мүшеге тән нышандары (эпителийдің гисто- және органспецификалылығы) жойылады. Сонымен, дисплазия — жасушага емес, тінге қатысты. 11. Жаңа тақырыпты бекіту: 4,5 мин (10%) Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау. Сұрақтар Бейімделу дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз. Бейімделу және адаптация кезеңдерін, олардың морфологиялық сипаттамасын атау? Бейімделу үдерістерінің іртүрлі түрлеріне анықтама беріңіз? Олардың даму механизмдерін түсіндіріңіз? Бейімделу үдерісінің түрлерін ультрқұрылымдық сипаттамасын, макро және микроскопиялық негізде ажырату? Бейімделу үдерісінің функционалдық маңызын түсіндіріңіз? 7. Ұйымдастырылуы денегіміз не? Анықтамасын беріңіз. 8. Реперативті регенерация заңы бойынша жараның жазылу түсініктемесін беріңіз? 9. Жараның жазылу түрлерін атаңыз? 10. Ұйымдастырылудың даму механизмдері және себептерін атаңыз? 11. Жараның жазылуының әртүрлі көріністерінің морфологиясын түсіндіріңіз? 12. Ұйымдастырылу және жараның жазылуының функционалдық маңызын және оның ақырын түсіндіріңіз? 12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (11,1%) Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады. 13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (11,1%) Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру. №7 1. Сабақтың тақырыбы: Иммунды процесстердің бұзылуы. Иммуногенездің бұзылу морфологиясы. 2. Сағат саны: 45 мин. 3.Сабақ түрі: Теориялық 4.Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Тақырыпты білу патологиялық анатомия курсының жалпы бөлімінің басқа тақырыптарын меңгеру үшін, сондай-ақ, оның жеке бөлімінің ауруларын меңгеру қажет. Клиникалық пәндерді оқып-үйренгенде және күнделікті тәжірибелік жұмыста паренхиматозды дистрофияны білу клиникалық-анатомиялық талдау жасау үшін қажет. ● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс ● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту, сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету. Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету 5. Оқыту әдісі: Тақырыпты ауызша талқылау, прозектураға бару, оның құрылымымен танысу. 6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: теория сабағына арналған макропрепараттар, плакаттар б) оқыту орны: аудитория №415. 7. Әдебиеттер: 8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,3 мин (6,6 %) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%) Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап күйінде тексеру. 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 12 мин (26,6 %) Иммундық жүйеге байланысты патологиялар Әртүрлі антигендергн қарсы бағытталған иммундық реакциялар тек қана қорғаныс қызметін атқармай,сол аймақтағы тіндерді де зақымдап,иммундық патология негізін қалайды. Тіндердің иммундық зақымдануы гуморалдық немесе жасушалық иммунитет негізінде жүреді. Олар жоғары сезімталдық реакциялары деп аталып төрт түрге бөлінеді. Иммундық кешендік аурудың жергілікті түрінің классикалық үлгісі ретінде Артюс феноменін мысалға келтіруге болады.Бұл реакция алдын ала сенсебилизацияланған жануарлардың терісіне антигеннің шешуші дозасын артқанда туындап қанда иммундық кешендердің пайда болуымен сипатталып,төмендегі сатылардан өтеді: 1.Иммундық кешендердің түзілуі. 2.Осы кешендердің комплементпен байланысуы. 3. Иммундық кешендердің лейкоциттерді өзіне тартып алуы ( хемотаксис ). 4. Лейкоциттердің иммундық кешендерді жұтуы ( фагоцитоз ). 5. Лейкоциттерден лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың бөлініп шығуы. 6. Осы заттардың әсерінен қан тамырлары кемерінің зақымдануы, тығындалып (тромбоз ) қалуы, айналасының ісініп, қан құйылуы ошақтарының пайда болуы және тіндердің некрозы. Жоғарғы сезімталдық реакциясының бірінші ( анафилаксиялық ) түрі алдын ала сенсебилизацияланған организмге антигеннің шешуші мөлшері түскенде өте жедел түрде дамиды. Оның себебі IgJ – нің лаброциттер мен базофилдер сыртындағы ?с-бөлшектерімен байланысуы. Байланыстыру қызметін комплемент компоненттері – С5aжәне C3a атқарады. Нәтижеде лаброциттер түйіршіксізденіп ( дегрануляцияланып ),көптеген біріншілік медиаторлар ( гистамин, аденозин, эозинофилдер мен нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары, протеазалық ферменттер, қышқыл гидролазалар )және екіншілік медиаторлар ( арахидон қышқылының метаболиттері –лейкотриендер мен простагландиндер, тромбоциттерді белсендіруші факторлар, кейбір цитокиндер ) бөліп шығады. Осы медиаторлар әсерінде жергілікті және жүйелі анафилаксиялық реакция дамиды. ЖЖТ – ның жүйелі түрі клиникада анафилаксиялық шок түрінде көрінуі мүмкін. Ол кейбір дәрі – дәрмектерді ( пенициллин, новокаин, дифтерияға қарсы сарысу, құтыруға қарсы сарысуы және т.б. ) организмге енгізгенде дамиды. Бірнеше минуттан соң аурудың терісі қызарып, қышып, тыныс алуы тарыла бастайды.Тыныс алудың қиындауы жедел дамыған бронхоспазммен байланысты. Сонымен қатар, көмей шырышты қабаты ісініп, бронхтарда секрецияның жедел күшеюі, іш өту байқалады, тамыр соғуы әлсіреп, ауру есінен танып қалады.Шок нәтижесінде өлген адамдардың мәйіттерін ашып көргенде өкпенің ісінуі, қан құйылуы ошақтарын,көмейдің ісінуі немесе өкпенің жедел эмфиземасы мен жүректің оң қарыншасының кеңейіп кетуі көрінеді. Жоғарғы сезімталдық реакциясының екінші ( цитотоксиндік ) түрі иммундық жүйеде организмнің өз антигендеріне қарсы антиденелер түзілуімен сипатталады. Ол үш түрде өтуі мүмкін: Комплементке тәуелдіреакциялар. Бұл кезде антигенмен антидененің әсерлесуі жасушаның сыртында өтіп, сол жерге комлемент жабысады. Комплементтің белсенділігі артқанда мембрана шабуылдаушы кешен іске қосылып, мембрана бүтіндігі бұзылады. Бұл патология кезінде көбінесе қан элементтері ( эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер ) нысана жасуша рөлін атқарады. Аутоиммундық гемолиздік анмияның, агранулоцитоздың, тромбоцитопенияның,нәрестелердің гемолиздік анемиясының дамуы осы реакцияға байланысты. Антиденелермен байланысты реакцияларда өзгерген жасушалардың жойылуы IgJ – дің ?с – рецепторлары бар жасушалар арқылы жүреді. Олар ( табиғи киллерлер, макрофагтар, эозинофилдер ) антидене жабысқан нысана жасушаларды комплемент көмегінсіз –ақ жояды. Антиденелерге байланысты жасуша дисфункциясы.Бұл реакция нәтижесінде жасуша зақымданбайды,бірақ қызметі өзгереді ( күшейеді немесе әлсірейді). Мысалы, антиденелерге байланысты қалқанша без жасушалары қызметінің күшеюі Базедов ауруына соқтырады. Жоғарғы сезімталдықтың ( иммундық кешендік) түрі. Үшінші типтегі жоғарғы сезімталдық иммундық кешеннің тіндерге зақымдаушы әсер етуіне, оның компломенті белсендіру мүмкіншілігіне байланысты. Иммундық кешен қанда немесе антидене қан тамырынан шыққанда, жергілікті, пайда болады. Кейін иммундық кешендер қан тамырларының қабырғасына немесе тіндерге, әртүрлі сүзгілерге (мысалы, бүйрек сүзгісіне ) шөгіп қалады. Осыған байланысты иммуно – кешендік аурудың жергілікті және жүйелі түрлерін ажыратады. ЖБТ реакциясы жасушалық иммунитетпен байланысты, көбінесе созылмалы инфекцияларда кездеседі. Қабыну ошағында лимфоциттер, макрофагтар, тіндік гистиоциттер топталады. Антигендік құрамы өзгерген жасушалар мен тіндерді сенсебилизацияға ұшыраған Т – лимфоциттер өздерінен лизосомалық ферменттерді бөліп шығарып ыдыратады. Бұл үрдісте жасушалық иммунитет медиаторларының да маңызы зор.Олар оттегі метаболиттерінің жәрдемімен нысана жасушалар мембранасының өткізгіштігін арттырып, жасушаның ішіне цитотоксиндік факторлардың кіруіне жол ашады. Нысана жасушалардың жойылуы табиғи киллердің қатынасымен басталады.Олардың цитотоксиндік айырмашылығы әсері антигенге тәуелді емес. Жүйелі иммундық кешенді аурудың дамуы бірнеше кезеңдерден тұрады: қанда антиген антиденеден тұратын иммундық кешеннің түзілуі; иммундық кешеннің әртүрлі ағзаларға шөгіп қалуы; иммундық кешеннің комплементпен бірігуі; иммундық кешеннің лейкоциттерді өзіне тартып алуы ( хемотаксис) ; лейкоциттердің иммундық кешенді жұтуы ( фагоцитоз ); Жедел иммуно кешенді аурудың дамуында иммундық кешендердің белгілі бір тіндерге шөгіп қалуы өте маңызды.Әдетте, иммундық кешендер бүйрек шумақтарының тіректік мембранасына шөгіп қалады.Сол жерден комплементтің белсенділігі нәтижесінде көптеген биологиялық белсенді заттар:С3a, C5a, хемотаксистік факторлар және т.б. бөлініп сол жерге лейкоциттер топталады. Лейкоциттерден лизосомалық ферменттер және биологиялық белсенді заттар бөлініп шығып, қабынудың басталуы. Осы реакция нәтижесінде қан тамырларының өткізгіштігі артып кетеді. Медиаторлар,ферменттер әсерінен қан тамырларының қабырғасы зақымданып, некроздық васкулит, микротромбтар пайда болады, жергілікті тін некрозданады. 11. Жаңа тақырыпты бекіту: 4,5 мин (10%) Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау. Сұрақтар Жоғары сезімталдық дегеніміз не?Анықтамасын беріңіз. Жоғары сезімталдықтың қандай түрлері бар? Иммуногенездің бұзылу морфологиясы. Иммуногенездің бұзылу нәтижелері. Иммунотапшылық жағдайлар дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз. Иммунотапшылық жағдайлардың түрлерін атаңыз. Иммунотапшылық жағдайлардың түрлеріне сипаттама беріңіз. Иммунотапшылық жағдайлардың нәтижелері. 9.Аллергиялық серпілістердің I түрінің патогенезі қандай? 10.Аллергиялық серпілістердің II түрінің патогенезі қандай? 12. Сабақты қорытындылау: 5 мин (11,1%) Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады. 13. Үйге тапсырма беру: 5 мин (11,1%) Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру. №8 1. Сабақтың тақырыбы: Иммунды процесстердің бұзылуы. Аллергия. Аллергендер. Түрлері. 2. Сағат саны: 45 мин. 3.Сабақ түрі: Теориялық 4.Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Тақырыпты білу патологиялық анатомия курсының жалпы бөлімінің басқа тақырыптарын меңгеру үшін, сондай-ақ, оның жеке бөлімінің ауруларын меңгеру қажет. Клиникалық пәндерді оқып-үйренгенде және күнделікті тәжірибелік жұмыста паренхиматозды дистрофияны білу клиникалық-анатомиялық талдау жасау үшін қажет. ● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс ● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту, сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету. Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету 5. Оқыту әдісі: Тақырыпты ауызша талқылау, прозектураға бару, оның құрылымымен танысу. 6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: теория сабағына арналған макропрепараттар, плакаттар б) оқыту орны: аудитория №415. 7. Әдебиеттер: 8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,3 мин (6,6 %) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 7 мин (15,5%) Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап күйінде тексеру. 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 12 мин (26,6 %) Жоғарғы сезімталдықтың төртінші иммундық жасушаларымен байланысты түрі.Бұл реакцияның екі түрі бар: 1) жоғарғы сезімталдықтың баяу түрі, ол CD4+ T – лимфоциттерімен байланысты; 2) тікелей цитотоксиндік әсер етуші CD8+Т лимфоциттері реакциясы. |