Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру. Топтастыру.
| Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
| Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
| Фигуралар салынған конверт
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1. Не себепті шығарма «Атау-кере» деп аталған? Бұл сөз күнделікті
өмірде неге жиі қолданылмайды?
2. Неліктен Нүрке кемпірдің ақырғы аманаты орындалмады?
| Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалайды.
Кері байланыс орнатады.
| Берілген шығармадағы сюжеттің композициялық құрылымын жазыңдар.
| Дескриптор:_-Берілген_шығарманы_мұқият_түсініп_оқиды._-Сюжеттің_композициялық_құрылымын_жазады.Жалпы_-_5_балл'>Дескриптор:
-Берілген шығарманы мұқият түсініп оқиды.
-Сюжеттің композициялық құрылымын жазады.
Жалпы - 5 балл
| Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.
|
Жұптық жұмыс
| Тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
| CD-дегі №1 қосымшаны үлгі ретінде пайдаланып, презентация жасайды.
| Дескриптор:
-Презентация дайындайды.
-Қорғайды.
Жалпы - 5 балл
| Оқулық, жұмыс дәптерлері
CD-дегі №1 қосымша
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
| Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|