класно. 11_сынып_Молекулалық_биология_1_параграф. 11сынып. Молекулалы биология жне биохимия. Антиденелерді рылысы мен рылысы
Скачать 21.52 Kb.
|
11-сынып. Молекулалық биология және биохимия. §1.Антиденелердің құрылысы мен құрылысы. 1.Әртүрлі антигендердің әсерінен лимфоидті ұлпаның плазма жасушалары синтездейтін қан плазмасының нәруыздары - АНТИДЕНЕ 2.Антиденелер екі түрлі қызмет атқарады - 1)АНТИГЕН-Байланыстырушы 2)ЭФФЕКТОРЛЫҚ 3.Халықаралық жіктеуге сәйкес антиденелерге тән қасиет көрсететін плазма нәруыздарының жиынтығы - ИММУНОГЛОБУЛИН (lg) 4.Нәруыздың IgY деп белгіленетін y-глобулиндерге жатады - АНТИДЕНЕ 5.Антиденелердің топтары - 1) СЕДИМЕНТТІК КОНСТАНТАСЫ 7S БОЛАТЫН ШАҒЫН МОЛЕКУЛАЛАР(y-глобулиндер) 2)СЕДИМЕНТТІК КОНСТАНТАСЫ 19S БОЛАТЫН ҮЛКЕН МОЛЕКУЛАЛАР(y-глобулиндер) 6.Антиденелердің молекуласы тұрады - АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫНАН ҚҰРАЛАТЫН ТӨРТ ПОЛИПЕПТИДТІК ТІЗБЕКТЕН. Олардың екеуі ауыр, екеуі жеңіл болады. Жеңіл және ауыр тізбектер бір-бірімен дисульфидті көпіршелер арқылы байланысады. 7.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес иммуноглобулиндер бөлінеді - БЕС КЛАСҚА 8.IgG- Антиденелердің 80%-ын құрайды. Қанға плацента арқылы өтеді. Молекулалық салмағы 160 000 г/моль. Иммунитеттің арнайы факторы ретінде маңызды. Антигенді тұндыру реакциясы, агглютинация кезінде иммуноглобулинмен байланыстырып бейтараптайды. Баяу жүретін аллергиялық реакциялардың пайда болуына ықпал етеді. Термотөзімді 750С-та 30 мин қыздыруға шыдайды. 9.IgM- Антиденелердің 5-10%-ын құрайды. Молекулалық салмағы 950 000 г/моль. Функционалды бес валентті. Жұқпа жұқтырған соң немесе жануарға вакцина салғаннан кейін алдымен пайда болады. Аллергиялық реакцияларға қатыспайды, плацентадан өте алмайды. Грам оң бактерияларға әсер етеді, фагоцитозды белсендіреді. IgM класына адамның А,В,О қан топтарының антиденелері жатады. 10. IgА- Екі түрі болады: Плазмадағы және Секреттегі. Қан плазмасында болатын IgА-ның молекулалық салмағы 170 000 г/моль. Еріген антигендерді тұнбаға түсіретін қабілеті болмайды. Токсиндерді бейтараптау реакцияларына қатысады. Термотөзімді. Көкбауырда, лимфа түйіндеріде, шырышты қабаттарда синтезделеді де, бөлінділерге, сілекейге, көз жасы сұйығына, бронх бөліндісіне, уыз сүтке түседі. Бөліндідегі немесе секреттегі IgА (SІgA)-полимер, құрылымдық қосымша компонентінің болуымен ерекшеленеді. Молекулалық салмағы 380 000 г/моль. Шырышты қабаттарда синтезделеді. SіgA-ның биологиялық қызметі: шырышты қабаттарды жергілікті қорғау. Асқазан-ішек жолы немесе тыныс жолдары ауруларында кездеседі. 11. IgD- Қан плазмасындағы концентрациясы 1%-тен кем емес. Молекулалық салмағы 160 000 г/моль. Белсенділігін арттыру қажет ұлпалармен байланыспайды. Адам миеломалық ауруға шалдыққанда оның мөлшері артатыны байқалған. Миелома-қан өндіретін ұлпалардың ісігі. 12. IgЕ- Молекулалық салмағы 190 000 г/моль. Температураға қарай өзгереді. Ұлпа жасушаларымен байланысқа түспейді. Ұлпалық базофилдермен берік байланысады. Жылдам жүретін гиперсезімталдық реакциясына қатысады. Гельминтоздар мен протозойлы ауруларда қорғаныс рөлін атқарады. Макрофагтар мен эозинофилдердің фагоцитарлық белсенділігін күшейтеді. 13.Антиденелердің бәрінде болатын белсенді орталық - Антидене бетінің 2% -ін құрайтын 700 А0 аймақ ауданы 14.Белсенді орталық тұрады -10-20 аминқышқылынан 15.Белсенді орталықта көп кездесетін аминқышқылдары - Тирозин, Лизин, Триптофан 16.Антиденелердің қабілетіне жатады - Бір антигенді екіншісінен ажырата алатын қабілет 17.Антиденелер тек қана өзіне қарсы жасалған және кеңістіктегі құрылымы бойынша сәйкес келетін антигендермен өзара әрекеттеседі. Антидененің бұл қабілеті - Комплементарлық 18.Антидененің арнайылығы байланысты - Олардың 1)химиялық құрылымымен және 2)антидетерминантаның кеңістіктегі құрылымымен 19. Белсенді орталықтың арнайылығын қамтамасыз етеді - Иммуноглобулиндердің ауыр және жеңіл тізбектері 20.Антиденелерге қарсы антиденелер бар.Ол антидененің әрекетін тоқтатады. Бұл жаңалықтың негізінде пайда болған жаңа теория - Организмнің иммундық жүйесін желілік реттеу 21.Антиденелер синтезіне қатысты гипотеза - ең танымалы Ф.Бернеттің клонды-селекциялық гипотезасы. 22.Антиген мен антидене қосылуының кезеңдері - Бірінші кезеңі- арнайыланған емес, көзге көрінбейтін, антидененің антиген бетінде 370С температурада бірнеше минут бойы жүретін абсорбциялануымен сипатталады. Екінші кезең – арнайыланған, көзге көрінетін агглютинация, тұнбаға түсу немесе еру құбылысымен аяқталады. 23.Антиденелер антигендермен әрекеттесу сипатына қарай бөлінеді - Коагуляциялаушы (преципитиндер, агглютининдер): фагоцитозды оңайлатады. Лизистейтін (комплемент байланыстырушы: бактериолизистер, цитолизистер, гемолизистер): антигеннің еруін туғызады. Бейтараптандыратын (антитоксиндер): антигеннің уытын қайтарады. 24.Антиген-антидене реакциясының оң әсері - Фагоцитозды оңайлатады. Улы бактерияларды бейтараптайды. Трепонема қоздырғышын, лептоспира бактерияларын, жануарлар жасушаларын ерітеді. 25.Иммуногенез барысында пайда болады - Антиденелер 25.Антигендер мен антиденелердің арнайыланған өзара әрекеттесуі реакциясына негізделеді - Зерттеудің серологиялық әдісі 26.Серологиялық әдістің қолданылу мақсаттары - 1)Науқас қанының плазмасында антиденелерді табуға 2)Жұқпалы ауруларды биологиялық сұйықтықтарда немесе ұлпаларда патогенді микробтардың антигендерін табуға негізделген 3)Жұқпалы ауруларды диагностикалаудың бактериологиялық әдісінде табылған белгісіз микробтарды серологиялық идентификациялау. 27.Серологиялық зерттеу әдісі тұратын бірнеше реакциялар - Агглютинация Тұндыру Комплементті байланыстыру Иммунофлюоресценция Иммуноферменттік және радиоиммунологиялық талдау 28.Серологиялық әдістің артықшылығы – Жоғары арнайылығы Салыстырмалы қарапайымдылығы Қолжетімділігі Қауіпсіздігі Нәтижені алу жылдамдығы 29.Серологиялық әдістің кемшілігі - Жедел жұқпалы ауруларда антиденелерді табу көбіне ретроспективтік диагноз болып кетеді. |