ҰБТ стенд (1). 11(12) сынып білім алушыларын орытынды аттестаттау
Скачать 35.01 Kb.
|
11(12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары Өткізілетін орны: білім алушылар оқитын мектеп базасы Өткізу мерзімі: шамамен 01.06.2021 – 10.06.2021
Емтихандар жайлы қысқаша: 1. Ана тілі. Эссе жазу үшін ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 250-300 сөзден, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 300-350 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет. 2. Алгебра және анализ бастамалары. Емтихан жұмысы екі бөлімнен тұрады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы және физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептер үшін: А бөлімі бес ұсынылған жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдауға берілген 10 тапсырмадан тұрады; В бөлімі толық жауапты қажет ететін 6 тапсырмадан тұрады. 3. Қазақстан тарихы. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы. 4. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі. Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады: Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін), Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін); 5. Таңдау пәндері бойынша: Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы. Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері). Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады: Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін), Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін); Информатика. Тест 17 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 5 тест тапсырмасы және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған 2 тапсырма. Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13:00 сағатқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 74-тармағы). Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны. ҰБТ өткізіледі: · ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына; · республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне; · республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне; · республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне; · республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға; · ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін; · ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар. Өткізу формасы: тестілеу. Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.
*Қазіргі таңда Қағидаларға ҰБТ-ны өткізу мерзімі бойынша өзгерістер енгізілуде. Тестілеуге қатысу бағасы - 5640 теңге. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды. ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік). Барлық тест тапсырмалар саны —120. Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут) Апелляция: қарастырылған.
Жоғары балл саны: 140 Шекті деңгей балы: Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл. Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл. Сонымен қатар, әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді. Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.
|