Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.Синдромдарды анықтаңыз 2.Диагнозды құрастырыңыз 3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

  • Гениколгия. 13тақырып. 13таырып ситуациялы есеп(Бронхоспазм. Астматикалы статус. кпеден ан кету)


    Скачать 15.95 Kb.
    Название13таырып ситуациялы есеп(Бронхоспазм. Астматикалы статус. кпеден ан кету)
    АнкорГениколгия
    Дата24.01.2021
    Размер15.95 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла13тақырып.docx
    ТипДокументы
    #170867

    13-тақырып ситуациялық есеп(Бронхоспазм. Астматикалық статус. Өкпеден қан кету).

    Науқас, 50 жаста, тіс экстрациясынан кейін пайда болған экспираторлық тұншығумен тіс емханасынан стационарға жеткізілген. Анамнезінде: бронхиальды астма. Беротектің 3 ретті ингаляциясы көмектеспеген.

    Науқастың жағдайы ауыр, науқас санасы тежелген. Мәжбүрлі қалыпта қолына сүйеніп отыр. Диффузды жылы цианоз, мойын веналары ісінген, дене температурасы 36,6о С. Тынысы беткей, жиілеген, ТАЖ-32 рет минутына, кеуде қуысы бұлшықеттері тыныс алуға қатысады. Алыстан естілетін ысқырық тәрізді сырылдар. Аускультацияда үнсіз өкпе зоналары оң және сол жақта. ЖЖЖ- 110 рет минутына, АҚҚ- 110/70 мм.сын.бағ.
    Сұрақтары:

    1. Болжам диагноз құрастырыңыз:

    2. Негізгі диагностикалық критерийлерді теріп жазыңыз:

    3. Жедел жәрдем негізінде қолданылатын негізгі препараттарды атаңыз:

    4. Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз:

    Жауаптары:

    1. Бронхиальды астма, астматикалық статус, ІІ дәрежесі.

    2. Экспираторлы тұншығу, ысқырықты сырылдар, үнсіз өкпе зоналары, беротектің көмектеспеуі.

    3. Сальбутамол, беродуал, будесонид, преднизолон, дексаметазон, эуфиллин, оксигенотерапия.

    4. Жедел тыныс жетіспеушілігі, гипоксемиялық кома, жедел өкпетекті жүрек.


    13 Жасар қыз бала. Шағымдары-құрғақ жөтел, тамағында жыбырлау сезімі. Дене температурасы 37, 5 С. 3 күннен бері ауырады, суықтаумен байланыстырады. Өкпе аускультациясында дем шығаруы ұзарған везикулярлы тыныс, құрғақ сырыл.


    1.Синдромдарды анықтаңыз ?


    2.Диагнозды құрастырыңыз ?


    3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері ?


    4.Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілер ?
    Жауабы:

    1. Ауырсыну

    2. Бронхоспазм

    3. Пикфлоуметрия, спирометрия,бронхоскопия.

    4.В-адреноблакаторлар, холинолитиктер,сальбутамол,битолтерол.


    написать администратору сайта