Главная страница
Навигация по странице:

  • 3 Ауылдық жердегі өмір. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.

  • Әлеуметтік өзгеріс

  • 2 Халық туралы заманауи зерттеулер. Миграция. Жаһандық урбанизация.

  • 4 Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы. Қоғамдық қозғалыстар

  • социология. Социология 14апта. 14тжірибелік саба. Таырыбы Халы, урбанизация жне оамды озалыстар. Тапсырма 1 Жаыру жне урбанизация. леуметтік згерістерді бастаулары


    Скачать 23.48 Kb.
    Название14тжірибелік саба. Таырыбы Халы, урбанизация жне оамды озалыстар. Тапсырма 1 Жаыру жне урбанизация. леуметтік згерістерді бастаулары
    Анкорсоциология
    Дата01.12.2020
    Размер23.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСоциология 14апта.docx
    ТипДокументы
    #155552

    14-тәжірибелік сабақ.

    Тақырыбы: Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар.

    Тапсырма:

    1 Жаңғыру және урбанизация. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары.

    2 Халық туралы заманауи зерттеулер. Миграция. Жаһандық урбанизация.

    3 Ауылдық жердегі өмір. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен

    түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.

    4 Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.

    Жауап

    1 Жаңғыру және урбанизация. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары.

    Урбандалу – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы

    Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. 

    2 Халық туралы заманауи зерттеулер. Миграция. Жаһандық урбанизация.

    Этнография- халықтардың қоғамдық құрылысы туралы ғылым, гректің «этнос»-халық, «графо»-жазу, үйрену деген сөзінен құралған. Өзінің мағынасы бойынша этнография- халықтардың қоғамдық құрылысын, олардың арғы- бергі тегін, өзара қарым-қатынасын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.

    Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.

    Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған.

    "Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")

    Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады.

    3 Ауылдық жердегі өмір. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен

    түрлері. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.

    Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:
    Консервативтік  бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:
    Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді:


    Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді  демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:
    Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді:
    Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.
    Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.
    Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.
    Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары.
    Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б.
    Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с.

    4 Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.

    Қоғамдық қозғалыстар - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау.

    Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар қүбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді, сайлау кампанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына эсер етуді көздесе, қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.


    написать администратору сайта