Саяси білім. Реферат таырыбы Саяси білімні дамуына лес осан алымдар
Скачать 29.03 Kb.
|
РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫБЫ: «Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар» ЖОСПАР:
Кіріспе Адамзаттың немесе әрбір қоғамның өмірі көптеген салалардан тұрады. Мысалы, экономика саласы, мәдени сала, рухани сала және тағы басқалары. Әрбір салада үнемі дамып отыратын өзіне тән білімдер қалыптасып, осы білімдер кейін ғылымға айналып, қоғамның қарқынды дамуына негіз болады. Қоғамдағы осындай салалардың бірі – саяси сала. Саяси салада да мыңдаған жылдар бойы жинақталған саяси білім қалыптасқан. Саяси ойлар, саяси идеялар, саяси тәжірибе – жинақтала келіп саяси ғылымның қалыптасуына негіз болды. Сөйтіп, басқа ғылымдармен қатар саясаттану да өз алдына дербес ғылым болып бөлініп шықты. Саяси ғылым немесе саясаттану көптеген өркениетті елдермен бірге Қазақстанда да мемлекеттік білім беру үлгісі бойынша қоғамтану ілімдерінің қатарына академиялық пән ретінде енгізілді. Қазіргі кезеңде саясаттану - бүкіл дүние жүзі ғалымдары мойындаған, өмір елегінен өткен саяси процестерді жан – жақты зерттейтін ғылым. Саяси ғылым - қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен даму тарихын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістерді, саяси сана мен саяси мәдениетті, әлемдік саяси үрдісті зерттейді. Саяси ғылым сұрақтары бойынша өткен 1948 ж. халықаралық коллоквиум оның зерттеу объектілері ретінде: 1) саяси теория; 2) саяси институттар; 3) саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір; 4) халықаралық қатынастарды анықтады. Саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алына ғылымға негізделеді, саяси жүмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет. Сонымен қатар саясаттану экономикалық теориямен де өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты – адамды күрделі әлеуметтік – саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету, сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. 2.1 Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеубірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», — деп түсіндірген. Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Басқа коғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға келеді. Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды. Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты. Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады. Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты. Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді. ХIХ ғғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 2.2 Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар Саяси ғылымның негізін қалаушы - гректің ұлы ойшылы, философ Аристотель болатын. Бұл ойшыл өз заманына дейінгі саяси ойларды зерттеп, аса маңызды ғылыми тұжырымдамалар жасады. Аристотельдің бұл еңбектері саяси ғылымның дамуына осы күнге дейін зор әсерін тигізіп келеді. Саяси ой-пікірлердің, білімдердің даму тарихы Аристотельге дейін де ұзақ уақытты қамтиды. Жалпы саяси білімдердің дамуы үш кезеңге бөлінеді: мифологиялық, діни және ғылыми. Мифологиялық кезеңнің өзінде-ақ ежелгі адамдар тайпаның, қауымның, қоғамның дамуы адамдардың қасиеттерімен тікелей байланысты екенін түсінеді. Өзінің қауымына ерекше қызмет еткен тұлғаларды Ежелгі Грекияда құдайларға айналдырды (Кронос, Зевс, Посейдон және т.б.). Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді. Ежелгі Грекияда рухани күштердің мүмкіндіктері де қасиетті адам қалыптастыруға бейімделді. Олардың түсінуінше қасиетті адам болудың айғағы – тұлғаның өз қауымының өміріне, өзінің табиғи орталығына бейімделіп қалыптасуы. Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы түсінік ежелгі гректердің мифологиялық дастандарында кең орын алған. Ал бұл елде өркениеттің қалыптасуына негіз болып айналадағы теңіздер саналған. Мысалы, Гомердің «Илиада» поэмасының кейіпкері Ахиллестің қоршаған ортаның қасиетті күшін бойына сіңірмеген бір-ақ жері - өкшесі, ақырында оның қаза болуына себеп болады. «Илиада» поэмасында қоғамдық өмірдегі көсемнің алатын орны да белгіленген. Көсем Агамемнонның қаза болуына себеп болған оның тәкаппарлығы. Бұл да басқаларға өнеге, көсем тәкаппар болмауы тиіс. Гомердің тағы бір поэмасы «Одиссеяның» басты кейіпкері - Одиссей батыр, әрі ел басқарушы. «Бірақ ел басқарушы болу үшін тек ғана батырлық жеткіліксіз, оған ұқыптылық, тапқырлық, сақтық та керек» деген пікір «Одиссея» поэмасының негізгі идеясы. Адамдар қауымы, ел, қоғам қандай болуы керек? Осыны танып - білу үшін мифтік кезеңнің өзінде басқа ежелгі елдерде де қуатты мемлекетті, қасиетті адамдарды, олардың арасындағы үйлесімді қарымқатынасты бейнелеу үшін ертегілер, аңыздар, поэмалар шыққан. Мысалы, ежелгі Қосөзенде «Гильгамеш туралы дастан», Үндістанда «Махабхарата», «Рамаяна», Қытайда әлеуметтік қатынастарға «дао» жолын енгізу тағы с.с. Көне заманда саяси ілімдердің қалыптасуы жалпы адамзат тарихының алғашқы діни-мифологиялық түрінен рационалдық-логикалық деңгейімен ұштасады. Көне египеттіктердің, қытайлықтардың, үнділердің, вавилондықтардың, еврейлердің, парсылардың, гректердің және римдіктердің әлеуметтік-саяси алғашқы түсініктері діни сипатқа көше бастады. Бұнда орын алып отырған билік пен тәртіп құдайдан туындайды деген түсінік басым болды. Сөйтіп, біздің заманға дейінгі І мыңжылдықта мифологиялық идеологияда өзгеше бетбұрыс басталды. Бұл діни кезеңнің басталуы болды. Мысалы, буддизм діні бақытқа сегіз тарапты жол апарады, атап айтқанда: шынайы сезім, дұрыс шешім, дұрыс сөз, дұрыс іс, дұрыс өмір, дұрыс күш жұмсау, дұрыс ой, дұрыс зейін қою деп есептеді (Чаттопадхай Х.Индийский атеизм. М., 1973). Осы жолдар арқылы жалпыға бірдей азаптан арылып, жан рахатына жетуге болады деген ойлар орнықты. Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің өзінде-ақ Қытайда, Парсыда, Грекияда саяси білімдердің дамуындағы мифологиялық-діни көзқарас ғылыми көзқараспен ұштаса бастады. Мысалы, ежелгі Қытайдың саяси ойларында рационалдық тенденцияның көрінісі ретінде легистерді атауға болады (б.з.д. VІІ-ІV ғғ.). Олар өндіріс пен сауданың бірқатар салаларында мемлекеттік монополияны негіздеу қажеттігін айтты. Легизм өкілдері қоғам өмірі мен жеке адам тіршілігінің барлық жақтарын реттеуге мүмкіндік беретін орталықтандырылған қатаң, авторитарлық мемлекет құру қажет деп санады. Ежелгі Парсыда ақсүйек Мегабиз және патша Дарий қоғамдағы еркіндіктің артықшылықтарын көрсетіп, барлық билік бір қолға шоғырланған монархияны сынайды. Ежелгі Грекиядағы кең көлемдегі саяси-құқықтық түсініктердің қалыптасуы Перикл, Пифагор, Гераклит, Демокрит және софистердің есімдерімен байланысты. Құқық, саясат, мемлекет туралы ілімдер Сократтың, Платонның, Ксенофонттың еңбектерінен айқын көрінеді. Орта ғасырларда басқа аймақтарда, әсіресе Еуропада саяси білімдердің дамуы біраз қиындықтар кешті. Еуропада бұл кезеңнің саяси тұжырымдары діни сипатта болды. Бұның басты себебі:христиан шіркеуі билік үшін кұресте үстемдік көрсетіп, зорлық-зомбылық жасап, халықты діни соғыстарға ұшыратты. Ғылым христиан, кейін католик дінінің қызметшісіне айналып қарқынды дами алмады. Қоғамның осындай саяси жүйесін насихаттаушылар Ұлы Василий, Иоан Златоуст, Григорий Нисский,Ориген христиандық әлеуметтік-саяси идеяларының «әкелері» және «ұстаздары» деп аталды. «Билік жүйесінен басқа барлық адамдар өмірдің бишаралары»деген көзқарас қалыптасты. Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде Фома Аквинский ерекше орын алады. Басты еңбегі – “Теологияның жиынтығы”. Фома Аквинский: «заң - белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті айқындаушы ереже», адам үшін бұл ереже «рахат» деп түсінді. Фома билік құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал «Құдай жауыздықтың емес, қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті құрайтындардың бәрі мейірімділіктен туындайды, Құдайдан шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу тегі адамдардан» деп түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның ойынша, саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді. Келесі құдайшыл ойшыл орта ғасырлық Мартин Лютер (1483-1546). Оның еңбектерінде әртүрлі таптардың наразылығы көрініс тапты, олар: серілік құрушылар, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін иелері өкілдері арасындағы келіспеушіліктер Римдік-католик дініне қарама-қарсы Лютер адам және оның зайырлы өмірі негізінен күнәлі деп қаралмауы тиіс екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол адам мен құдай арасындағы шіркеу мен дін иелерінің жарастырушылық ролін теріске шығарды. Лютер өзінің міндетін алғашқы христиандыққа қайта оралу деп есептеді, бірақ бұл жолды тек дін саласында жүргізуді уағыздады. Лютердің саяси іліміндегі негізгі тезис – екі әлемнің болуы. Христианшыл Лютердің пікірі бойынша, адам бір мезгілде екі әлемде: рухани (аспандағы) және нәрселік (жердегі) әлемде өмір сүреді. Саяси білімдер дамуының ерекше маңызды кезеңі – Қайта өрлеу дәуірі. Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси - әлеуметтік ғылымдардағы жарқын жұлдыздардың біріне италиялық Никколо Макиавелли жатады. Оның саясатқа байланысты шығармалары: “Тақсыр”(«Государь»), “Соғыс өнері”, “Флоренцияның тарихы”. Макиавелли діни саясатқа қарсы шықты. Шындықтың белгісі – сенім емес, тәжірибе деп білді. «Адамдар мен қоғамның өмірі, тағдыры құдайдан» деп күтіп отырмай, саяси ойды, саясатты қоғамдағы мәселелерді шешуге бейімдеу керек. Адамдардың өмірін жақсарту үшін «елді басқаруға қабілеті бар билік, мемлекет ұйымдастыру керек» – деп түсініп осы мақсатқа жеткізетін әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. Макиавелли саяси ғылымның мәнін, қызметін, мақсатын айқындауға жол ашты. Макиавеллидің шығармаларында саяси ойдың басқа да көптеген мәселелері зерттелді. Мысалы, табиғат жағдайының адамдардың мінез-құлқына әсері, мемлекетті басқару түрлерінің алмасу заңдылықтары туралы бағалы пікір айтты. Макиавелли халық пен меншік иелерінің арасындағы мүдделердің қарама-қайшылығын көрсетті. «Адамдар табиғатынан жауыздықпен жаралған, саясатпен айналысушы ең алдымен осыны ескеруі қажет» деп есептеді. Италиялық ғалым бір орталықтан басқарылатын мемлекетті жақтады. Оған мемлекеттің тұтастығын әлсіретіп күйрететіннің бәрі жат, жамандық болып көрінді. Алауыздықтың, бақталастықтың себебі болатын дворяндар мен шіркеуге қарсы болды. Макиавелли мемлекетті негізгі екі түрге: монархия мен республикаға бөліп, “Тит Ливидің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар”атты еңбегінде республиканы монархиядан жоғары қояды. Ең ұтымдысы - республика: билікте халық өкілдері, ақсүйектер мен сайланбалы мемлекет басшысы болуы керектігін көрсетті. Макиавеллидің пікірі бойынша республикада еркіндік пен теңдікті жеңіл жүзеге асыруға болады. Макиавеллидің көптеген ой-пікірлерінің ішіндегі саяси білімдер дамуына қосқан үлкен үлесі – саяси мәселелерді діни, жалпы этикалық - философиялық көзқарастан ажыратып, бөлек сала ретінде түсіндіріп саяси ғылымды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашуы. Макиавеллиден кейінгі кезеңде саяси ғылымның дамуы тәжірибе мен ғылыми көзқарасқа негізделді. Нәтижесінде саяси салаға мыңдаған ғалымдар, ойшылдар өздерінің ой-пікірлерін, идеяларын, тұжырымдамаларын ұсынды, жаңа жағдайларға бейімделген институттар пайда болады. Саяси зерттеулердің даму нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында саясаттану өз алдына жеке пән болып қалыптасты. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер “Тарих және саясаттану” кафедрасын ашты. Яғни, саясаттану ғылымы тарихта алғашқы рет академиялық пән мәртебесін алды. Осы колледжде 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. Саясаттанудың қоғам өміріндегі рөлінің өсуіне байланысты 1880 жылы АҚШ-та “Саяси ғылымдар” атты журнал шықты. 1872 жылы АҚШ-тағы сияқты Францияда да мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы АҚШ-та «Саяси және әлеуметтік ғылымдар» академиясы, 1903 жылы «Америкалық саяси ұйымдар ассоциациясы» құрылды. Қазіргі кезде осы ассоциацияның құрамында бірнеше бөлімдері, мыңдаған мүшелері бар. Қорытынды ХХ ғасырдың басында саясаттану жеке академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған «Саяси ғылымдар халықаралық ассоциациясының» қосқан үлесі жоғары. Сөйтіп, саяси ғылым халықаралық статусқа ие болды. Саясаттану құқықтық ғылыммен де тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, іс — әрекетін реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен иниституттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарыстырады, реттейді. Келесі саясаттануға жақын ғылым — әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс – жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға әсерін зерттейді. Саясаттану тарихпен байланыста болады. Ол жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси иниституттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. Бүгінгі таңда Америка, Еуропа, шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, ал әлемнің ең ірі университеттері саясаттанушы мамандарын дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттануға мамандандырылған 30-ға жуық сала бойынша білім беріледі. Көптеген өркениетті елдерде бұл ғылымның қолданбалы түрінің қалыптасуы кең өріс алған. Бұрынғы Кеңес өкіметі саясаттануға «халыққа қарсы», «буржуазиялық ғылым» деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Кеңес өкіметі шын мәніндегі саяси сауатты мамандар даярлауға мүдделі болмады, себебі мемлекеттің саяси билігінің өзі демократиялық (халықтық) емес болатын. Қазақстанда саясаттану пәні 1991 жылдан бастап оқу орындары бағдарламасына енгізілді. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылуда. Пайдаланылған әдебиеттер: Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006. Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000. |