Рухсора. Штатты режим кезінде жым жне студенттерге ойылатын санитарлы талаптар
Скачать 15.64 Kb.
|
Штаттық режим кезінде ұжым және студенттерге қойылатын санитарлық талаптар 1. Білім беру ұйымдарында: 1) жауапты жұмыскерлер барлық педагогтарға, персонал мен білім алушыларға (байланыссыз термометрмен термометрия, қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді; 2) жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады; 3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба қойылады; 2. Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі: 1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сыныптарда білім алушыларының барынша ажырауын қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді; 3) «бір сынып – бір кабинет» қағидаты сақталады; 5) спорттық іс-шаралар таза ауада, жылдың салқын мезгілінде желдету және ылғалды жинау режимі сақтала отырып, спорт залдарында өткізіледі. 3. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі: 1) педагогтардың, персонал мен білім алушылардың маска кию режимі сақталады; 2) әр қабатта қолжетімді жерлерде және санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер қолдарын өңдеуі үшін тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады; 3) санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар және қызметкерлер үшін дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі; 4) жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу); 5) білім алушылардың объект аумағында, дәліздерде, үй-жайда жүріп-тұруы кезінде кемінде қашықтық сақталады; 6) білім алушылар, педагогтар және персонал арасында айына кемінде 1 рет жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (педагогтар мен қызметкерлер арасында нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі; 7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, білім алушыларға, педагогтареға, өндірістік оқыту шеберлеріне және қызметкерлерге санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу); 9) жыл мезгілін ескере отырып, оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимі кестесіне сәйкес ауаны залалсыздандыру жөніндегі жабдықтарды (рецеркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) үй-жайларды желдету; 10) профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі; 11) қажетті жабдық және медициналық дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, шпатель, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар (ауырған адамдар анықталған жағдайларға оқшаулау, қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, температураны күн сайын өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция (жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдарды анықтау үшін) жұмыс істейді; 4. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алушыларды ұйым ғимаратына кіретін есіктерге дейін ертіп апарады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді. 8. Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар, педагогтар мен персонал көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулауды жүзеге асырады. 11. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді. Жеке ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдыс қолданылады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда пайдалануға жол беріледі. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. 1. Білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінде мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі: 1) білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кірнетін орын болған жағдайда асханаға кіретін жерде «Ashyq» қосымшасын енгізу қамтамасыз етіледі (асхана персоналының, өнім берушілердің және асхана қызметімен байланысты басқа да адамдардың (білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымының персоналын қоспағанда) QR-код (check-in) бойынша тіркелуі); 2) асхана персоналының QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа да платформалар арқылы кіруі (мысалы, еGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты); 3) байланыссыз термометрия жүргізе отырып және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулай отырып, персоналдың күн сайынғы «кіру сүзгісі» (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін орын болған жағдайда); 4) персоналды 100% вакцинациялау (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда); 5) өндірістік процестермен байланысты жұмыстарды (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу; 6) көпшілік пайдаланатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер, аяқ педалі бар қоқыс контейнерлері; 7) персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалануға арналған маскалар қорымен, қолды өңдейтін дезинфекциялық сулықтармен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету (жұмыс ауысымының ұзақтығына және 3 сағатта кемінде 1 рет маскаларды ауыстыруға қарай). Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді. Баяндамашы: Медбике Р.Дадаханова |