Главная страница

нурбатыр мендыбай. Жер бетінде тіршілікті пайда болуы жне дамуыны алашы кезедері


Скачать 26.46 Kb.
НазваниеЖер бетінде тіршілікті пайда болуы жне дамуыны алашы кезедері
Дата14.04.2022
Размер26.46 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файланурбатыр мендыбай.docx
ТипРеферат
#472402

ШЖҚ КМК «Cолтүстік-Қазақстан жоғары медициналық колледжі»КГУ`УЗ акимата

Реферат

Тема: Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуының алғашқы кезеңдері


Орындаған:Мендібай.Н.Қ.Ф21-01к 1 курс

Тексерген:Какошева.Т.А.

қ. Петропавл

2022жыл.

Жоспар:

1. Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері.

2. Тірі организмдердің тіршілік деңгейлері.

3. Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар.

1.Адам баласы ежелден толғандырып келе жатқан өзекті мәселенің бірі тіршіліктің пайда болуы, оның геохронологиялық даму тарихын. «Тіршілік» жер бетіндегі тірі ағзалардың жиынтығы.Оның мәні тірі ағзалардың өзінен кейін үнемі ұрпақ қалдыруы

«Тіршілік» ұғымына алғаш анықтамасын Ф.Энгельс берген, «тіршілік» тірі организмдердің қоршаған ортамен тұрақты түрде зат алмасуына негізделген, нәруызды денелердің тіршілік ету тәсілі.М.В. Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі: «Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады».

Тіршілік дегеніміз - құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін - өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдыратын тірі организмдердің жиынтығының ашық жүйесі.Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі қасиеттері арқылы бірден ажыратуға болады.

Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:

• химиялық құрамының біркелкілігі - тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70 - тен астам химиялық элементтер болады. Тірі ағзалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т. б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%- ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге — көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады.

• заттар мен энергияның алмасуы, метаболизм- тірі ағзалар мен қоршаған орта арасындағы зат және энергия алмасу нәтежесінде тірі ағзалардың қоректік заттарды сіңіру(анаболизм) және ыдырау өнімдерін сыртқа шығару(катаболизм) процестері. • құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы.Жасушалық құрылым. Барлық тірі ағзалардың денелері жасушалардан құрылған (вирустар- жасушасыз тірлік құрылымдары). • Көбею(репродукция)- тірі ағзаның өзіне ұқсас ағзаны өндіру. Бұл процесс ДНҚ-да сақталатын ақпараттың жаңа құрылымы мен молекуласы негізінде жүзеге асады. • тұқым куалаушылық- тірі ағзалардың өзіне тән белгілерді, қасиеттерді және даму ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қасиеті. • өзгергіштік- тірі ағзаның жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы. • су мен даму- жасушалар санының көбеюі нәтижесінде тірі ағзаның салмағы мен пішінінің ұлғаюы, бұл кезде оның жалпы түрінің құрылысы сақталады және онтогенездің дамуымен сипатталады.

Онтогенез- тірі ағзалардың туғаннан бастап өмірінің соңыны дейінгі жеке дамуы.

Филогенез- тірі ағзалардың тарихи дамуы. • тітіркенгіштік- тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге жауап қайтара алу қасиеті.

• өзін - өзі реттеу- тірі ағзаның химиялық құрамы мен физиологиялық процесс ағымын тұрақты ұстап тұру қасиеті.

• ырғақтылық қасиеттер (энерготәуелділік)- тірі ағзаларға материядан тыс үздіксіз энергия түсуінің қажеттілігі.

2.Тіршілік деңгейлері:

Молекулалық тіршіліктің ең қарапайым деңгейі. Барлық тірі ағзалар молекулалық қосылыстардан тұрады. Тірі ағза денесіндегі зат және зат алмасу,тұқым қуалау, құрылымдық түзулу процестері осы молекула деңгейінде жүзеге асады.

Жасушалық барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Ұлпалық шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі біркелкі жасушулар мен жасушааралық заттар ұлпа тұзеді.

Мүшелік ағзада атқаратын қызметі мен құрылысы бір біріне жақын ұлпалар мүшелерді, ал мүшелер жиынтығы жүйесін құрайды.

Ағзалық табиғатта бір жасушалы және көп жасушалы ағзалар орын алады.бір жасушалылар барлық тіршілік процестері сол жасуша ішінде жүреді, ал көп жасушалы ағзаларда барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқарады.

Популяциялық-түрлік деңгей. Бұл деңгейде қарапайым құрылым популяция болып табылады, ол тіршілік ететін араелдары бойынша бір түрге жататын тірі ағзалардың бір-бірінен оқшауланған топтары.

Биогеоценоздық деңгей. Зат және энергия алмасу процестері негізінде тірі ағзалар және өлі табиғатты біріктіретін жүйе биогеоценоз деп аталады. Биогеоценозда өзін-өзі реттеу қасиеті тән және оның тұрақтылығы биосфераның тұрақтылығына байланысты.

Биосфералық деңгей.Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар мен олардың тіршілік ететін табиғи орта жағдайларының жиынтығы. 3. Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес.

Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.

Аристотель

Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.

Фалес Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады.

XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды.

Фрэнсис Бэкон

Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561—1626 жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.

Франческо Реди XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626—1698 жж.) тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты. Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.

Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.

Ең алғашқы Жер ғаламшарының пайда болған кезіндегі қоршаған орта жағдайларын білудің, ғылым үшін маңызы зор. Бұл салада орыс ғалымы Александр Иванович Опариннің (1884-1980 жж.) еңбектері елеулі орын алады.

Ол 1924 жылы Жер тарихының ең алғашқы кезеңіндегі химиялық эволюцияның жүру мүмкіндігі туралы өз тұжырымдамасын ұсынды. А.И.Опарин тұжырымы химиялық қосылыстардың біртіндеп ұзақ уақыт аралығында күрделенуіне негізделді.

Стэнли Ллойд Миллер

Америкалық ғалымдар С.Миллер және Г.Юри де 1953 жылы А.И.Опариннің тұжырымына негізделген тәжірибелер жасады. Олар арнайы құралғыда метан, аммиак және су қоспаларына электр разряды арқылы әсер етіп, әр түрлі органикалық қосылыстар (несепнәр, сүт қышқылын, әр түрлі амин қышқылдарын) алды. Кейіннен мұндай тәжірибелерді көптеген ғалымдар қайталады. Бәрінің де алған нәтижелері бір-біріне ұқсас болды және мұның бәрі де А.И. Опариннің тұжырымының дұрыс екендігін дәлелдей түсті.

-Жердің алғашқы тарихындағы әр түрлі су айдындарында түзілген органикалық қосылыстардың құрамы және олардың жиынтығы да түрлі дәрежеде болды. Мұндай қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі тәжірибе арқылы дәлелденді.

Америкалық ғалым С.Фокс 1957 жылы амин қышқылдары судың қатысуынсыз-ақ өзара қосылып пептидті байланыстар түзуі мүмкін деген пікір ұсынды. Жоғарыдағы айтылғандардың бәрі де А.И.Опариннің пікіріне сәйкес келеді. А.И.Опариннің тұжырымы ғылымда коацерват теориясы деп аталады.

Қорыта айтқанда, А.И.Опариннің тіршіліктің пайда болуы туралы теориясының негізгі қағидалары мынадай:

1) қоршаған орта факторларының тікелей әсер етуінен бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттар түзілді;

2) түзілген органикалық заттар өзара қарым-қатынас жасай отырып, құрылысы күрделі органикалық қосылыстардың (ферменттердің) және өзін-өзі қайта қалпына келтіре алатын бос гендердің түзілуіне әсер етті;

3) түзілген бос гендер басқа да жоғары молекулалы органикалық заттармен қосылды;

4) ондай жоғары молекулалы заттардың сыртында біртіндеп, нәруызды- липидті мембрана (жарғақша) пайда болды;

5) жоғарыда айтылған процестердің нәтижесінде жасушалар пайда болды


написать администратору сайта