Главная страница

Тарих. _аз тар тест. 19221991 жж. Соыстан кейінгі жылдары кшпелілерді ола дуіріндегі тарихы мен мдениетін зерттеген Марлан


Скачать 47.67 Kb.
Название19221991 жж. Соыстан кейінгі жылдары кшпелілерді ола дуіріндегі тарихы мен мдениетін зерттеген Марлан
АнкорТарих
Дата28.11.2021
Размер47.67 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла_аз тар тест.docx
ТипДокументы
#284341

1. КСРО өмір сүрген жылдар:

1922-1991 жж.
2.Соғыстан кейінгі жылдары көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген:

Марғұлан;
3. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды:

1970 жылдар ішінде.
4. II-ші Жалпы қазақ съезі қашан болды ?

1917 ж
5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске желеу болған себеп:

19-дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы
6. Жетісудағы 1916 жылғы көтерілістің жетекшілерінің бірі ?

Б.Әшекеев;
7 Қазақ автономиясын құру туралы шешім қай жиында қабылданды?

1917 ж. II жалпы қазақ съезінде;
8. 1917 ж. желтоқсанда Орынборда өткен II жалпы съезінің төрағасы кім болды?

Ә.Бөкейханов;
9. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қанша қала болған?

19 қала;
10. 1916 ж. көтерілістің ірі ошақтары?

Торғай- Жетісу;
11.1916 жылғы көтерілістің қай өңірдегісі революцияға ұласты?

Торғайдағы;
12. «Алашорда» үкіметінің төрағасы кім?

Ә.Бөкейханов;
13. 1916 ж шілде айындағы ереуіл Қазақстанның қай қаласында болды?

Семей;
14. Столыпиннің реформасы бойынша қазақтардан тартып алынған жер көлемі

17 млн десятина;
15. XX ғасырдың басында Қазақстанда жақсы дамыған өнеркәсіптің түрі:

Кен өндіру;
16. 1913 жылдан бастап шыққан апталық газет:

«Қазақ»
17. XX ғ басында Ресейден Қазақстанға көшіп келген әрбір қоныстанушыға қанша десятина жер берілді?

3,17 дес-а;
18. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп айтқан кім?

А.Байтұрсынов;
19.1916 ж патша жарлығына қарсы, қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырған революцияшыл топ өкілдері?

А.Иманов, Т. Бокин;
20.1916 ж Жетісудағы қарулы қақтығыс қай айларда бұқаралық сипат алды ?

Шілде-тамыз;
21. 1916 ж қарашада Торғайдағы көтерілісшілердің саны қаншаға жетті ?

20 мың;
22. Торғайдағы көтерілісті басуға келген отрядты кім басқарды ?

Генерал Лаврентьев;
23.Жетісудағы 237 мыңнан астам қазақ жазалаушылардың қудалауымен қайда көшіп кетті?

Қытай;
24.1917 жылы тыл жұмысына тартылған жұмысшыларды елге қайтару туралы шешім қабылдады:

Уақытша үкімет
25. Орынборда өткен I жалпы қазақ съезі қашан болды ?

1917 ж 21-26 шілде;
26.1917 ж шілде айында Орынборда өткен I жалпы қазақ съезінің төрағасы кім болды ?

Х.Досмухамедов;
27. Жетісу облысында Уақытша үкіметтің комиссары кім болды ?

М.Тынышбаев;
28.1917 жылғы 22 қарашада Бүкілтүркістандық ІҮ съездің шешімімен құрылған жаңа мемлекеттік құрылым

Түркістан автономиясы
29.Қазақ (Қырғыз) АКСР-нің алғашқы астанасы қай қала болды?

Орынбор;
30.1916 жылғы көтеріліске байланысты орыс патшасы қай генералды Түркістан өлкесіне генерал-губернатор қылып тағайындады?

Куропаткин;
31.Түркістан-Сібір темір жолы қашан салынды?

1927-1930 жж;
32.1931-33 жж. елімізде жаппай етек алған жағдай?

Ашаршылық;
33.Жұмысшы және солдат депутаттар Кеңестері құрылған мерзім:

1917 ж.наурыз-сәуір;
34.БК(б)П-ның XIV съезі қандай бағыт жариялады:

Индустрияландыру.
35.Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді:

1998 жылдың 6 мамыры.
36.Ер адамдардың мамандығын меңгеруге жаппай әйелдер қозғалысы қай жылы басталды?

1940 ж;
37.Алматыда ашылған алғашқы жоғарғы оқу орнын атаңыз?

Қазақ педагогикалық институты;
38. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университеті қашан құрылды?

1934 ж;
39. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік музыкалық опера және балет театры қашан ашылды?

1934 ж;
40. ХХ ғасырдың 20 жылдары түсті металлургияның негізгі ауданы:

Кенді Алтай;
41. «Қазақ» апталық газеті 1913 жылы жарық көрген қала?

Орынбор;
42.Ф. Голощекиннің "Кіші Қазан" идеясына кімдер колдау көрсетті:

Құрамысов, Ерназаров;
43. «Айқап» журналының баспагері әрі редакторы, белгілі ақын, журналист ?

М. Сералин;
44. Голощекин қашан Қазақстан компартиясының 1-ші хатшысы болды?

1925-1933 жж;
45.Жаппай саяси репрессия жылдарын атаңыз ?

1937-1938 жж;
46. 1921 жылғы Жер-су реформасының негізгі мақсаты:

Патша өкіметі тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару;
47.1923 жылға қарай жалпы Одақта өндіретін қорғасынның 40 пайызын берген Қазақстандағы қорғасын зауыты:

Риддер;
48.РКФСР-дің құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет жарияланды:

1920 ж 26 тамыз;
49. 1924 жылғы ұлттық мемлекеттік бөлісу кезінде Қазақ АКСР-нің құрамына қандай облыстар кірді?

Сырдария және Жетісу;

50.1926-1927 жылдары КСРО Ғылым Академиясының комплексті экспедициясы Қазақстан бойынша қандай зерттеу жүргізді?

берілген жауаптардың бәрі дұрыс;
51.1926 жылы ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалым:

М.Е.Массон
52. Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімімен 1931 жылы желтоқсанда енгізілді:

15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беру;
53.1933 жылы наурызда ұжымдастырудың нәтижесінде туған кең ауқымды қасірет туралы Сталинге хат жазған

Т.Рысқұлов;
54.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды...» деген сөздерді күйінішпен айтқан кім?

С. Сәдуақасов;
55. 1934 жылы қаңтарда Алматыда не ашылды?

Қазақтың мемлекеттік музыкалық театры;
56.1931 жылы наурызда алғашқы оқу жылын бастады?

Алматы дәрігерлік институты;
57.1934 жылы құрылған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрінің жетекшісі

А.Жұбанов;
58.1938 жылы қараша айында Қиыр Шығыстан Қазақстанға күштеп көшірілген ұлт өкілдері

Корейлер;
59. «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды:

1938 жылы
60.С. Асфендияровтың «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты еңбегі қай жылы жарық көрді?

1935 ж;
61.1939 жылы жаппай сауатты қалаларға айналды?

Әулие-ата, Шымкент, Риддер;
62.Ұлы Отан соғысы жылдарында күріштен рекордты өнім алған, екі мәрте «Социалистік Еңбек ері»

Ы.Жақаев;
63.Ұлы Отан соғысы жылдарында екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақ ұшқышы?

Т.Бигелдинов;
64.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның қай облыс орталығы майдан төңірегіндегі статусқа ие болды?

Атырау-Орал;
65.Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан құрамына енген рейх-комиссариат

Үлкен Түркістан;
66.Ұлы Отан соғысында Одақ бойынша 11600-ден аса адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атанды. Қанша қазақстандық батыр атағына ие болды?

498 адам;
67.Екінші дүниежүзілік соғыста Қызыл Армия қатарында шайқасқан Қазақстандық жауынгерлер саны?

1,2 млн;
68.Генерал-майор И.В. Панфилов басқарған дивизия ?

316-шы атқыштар дивизиясы;
69.Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған:

Т.Тоқтаров
70.Жау дзотын өз кеудесімен жапқан қазақ батыры?

С.Баймағанбетов;
71.Бауыржан Момышұлына қай жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілді?

1990 ж;
72.Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» өлеңін жазды:

1941 жылы
73.Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңестер Одағында қираған қалалар саны?

1710;
74.Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қанша жоғарғы оқу орны жұмыс істеді?

20;
75.Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров соғыс кезінде әскери міндетін атқарған бөлімі?

ұшқыштар;
76.Тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан қуылып, Қазақ КСР Жоғары Сотының Қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастары үшін деген жалған айыппен қай жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

1952 ж;
77. 1942 жылы Жезқазған мыс кен орындарын зерттегені үшін Мемлекеттік сыйлық алған ғалым?

Қ.Сәтбаев;
78.«ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан деген монографиялық еңбектің авторы:

Е.Бекмаханов
79.ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы мемлекеттегі ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірін атаңыз?

Өндірісті электрлендіру;
80.1965 ж қай кен орны өзінің алғашқы мұнайын берді?

Өзен;
81.ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Қазақ қоғамында қандай жағымсыз құбылыстар белең алды?

Берілген жауаптардың бәрі дұрыс;
82.1958 жылы Қазақстан Одақтас Республикалар арасында өнім шығарудан ?

Үшінші орынға шықты;
83.Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

2 млн;
84.Тың жерлерді игеруге байланысты Қазақстандағы мал шаруашылығына жіберілген мамандар саны?

2 мың;
85.Қазақстан және Ресей ғалымдары бірлесіп жазған алғашқы «Қазақ КСР тарихы» қай жылы жарық көрді?

1943 ж;
86.1950 жылы шойынмен тек Қазақстанды ғана емес, Сібірді, Оралды, Орта Азияны жабдықтаған металлургия комбинаты?

Қарағанды;
87.ХХ ғасырдың 60-жылдарында Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарынан құрылған саяси және ағартушылық мақсаттағы ұйым:

«Жас тұлпар»
88. Семей облысындағы Жалаңашкөл көлінің жағасында кеңес және Қытай әскерлерінің әскери қақтығысы қай жылы болды?

1969 ж тамызда;
89. Тың жерлер игерілетін негізгі аудандар?

Қостанай, Ақмола, Павлодар;
90.1970-80 жж Республикада ұлттық саясаттың шектелуі неден көрінді?

берілген жауаптардың бәрі дұрыс;
91. 1970 жылы тұрғызылған ірі аймақтық-өндірістік кешендер?

Қостанай-Лисаковск;
92Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан Одақта өндірілген көмірдің қанша бөлігін берді?

1/8;
93.ХХ ғ. 50 ж басында жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында қанша кәсіпорын болды?

65;
94.1965 жылы экономиканы басқарудағы енгізілген өзгерістер?

Партия комитеттерін салалық принцип бойынша бөлу енгізілді;
95.1960-шы жылдардың басында Қазақстанға қай елден отандастар қайтып оралды және қанша адам?

Қытайдан – 200 мың;
96.1970-80 жж ғылым мен білімді қаржыландыру қандай принциппен жүргізілді?

«Қалдықты» принцип бойынша;
97.Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград жастары қашан қарсы шықты?

1979 ж маусымда;
98.1989 жылғы Жаңа Өзен оқиғасының себебі неде?

Әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі;
99.1985 жылдан кейін Қазақстан экономикалық байланыс қай елмен басталды?

Оңтүстік Корея;
100.Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ақша реформасы қашан жүзеге асырылды?

1947 ж;
101.Тың жерлерді игеру саясатының жағымсыз жақтары қандай?

республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді;
102.1986 ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе қаралды?

Республика басшылары ауысты;
103.Д.А.Қонаев Қазақстанды қай жылдары басқарды?

1960 қаңтар – 1986 ж желтоқсан;
104.«Адамға табын, Жер енді» поэмасын жазған

О.Сүлейменов
105. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы аяқталған жыл?

1989 ж ақпан;
106.1991 жылы Қазақстанда Қазақстан ЛКСМ-нің кезектен тыс ХҮІІІ съезі өтті. Онда жастар ұйымы қалай аталатын болды?

Қазақстан жастар одағы;
107.1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз деп таныған мемлекеттер ішінде қандай дамыған мемлекеттер болды?

Канада, АҚШ;
108.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу жөніндегі жарлыққа қашан қол қойды?

1991 ж 28 тамызда;
109.Қазақстанда жергілікті кеңестерді жаппай тарату қай жылы басталды?

1993 ж соңы;
110.Қазақстан өзінің бірінші алтынын шығарды?

1992 ж қаңтарда;
111.Қазақстан Республикасындағы Конституцияның мызғымастығының, халық пен мемлекеттік бірлігінің символы мен кепілі болып табылады?

президент;
112. 1991 жылдың басында Қазақстанның ауылды жерлерінде халықтың қанша пайызы тұрды?

42% артық;
113. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті атқару билігі органы?

әкім;
114. Кеңес өкіметі алғаш орнаған қала?

Перовскіде (Қызылорда)
115.Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына не себеп болды?

Уақытша үкімет Қазақстандағы ұлттық мәселені шеше алмады
116.Жер мен бітім туралы декреттер қашан қабылданды?

1917ж. 25-26 қазан
117.Батыс Алашорданың басшысы кім болды?

Х.Досмұхамедов
118.1918ж. 20 сәуір-1 мамыр аралығында Ташкенттегі Түркістан өлкесі кеңесінің Ү съезінде республика құрамына қандай облыстар енгізді?

Сырдария, Жетісу
119. Патша үкіметі құлағаннан кейін, қазақ Автономиялық Республикасын құруға қандай жағдай кедергі болды?

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы
120.Жетісуда Кеңес өкіметі орнаған мерзім?

1918ж. наурыз
121.Алашорда автономиясын теріске шығарғандығы туралы қарар қай съезде қаралды?

Ақмола уездік съезінде
122.1918ж. 18 қаңтарда Кеңес өкіметі қай жерде орнатылды?

Орынборда
123.1917ж. 1 қарашада қай жерде Кеңес өкіметі қарулы күреспен орнады?

Ташкентте
124.1918ж. Семейде ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастыру жұмыстарын кімдер жүргізді?

Орыс жұмысшылары
125.Әліби Жангелдиннің экспедициясы Қазақстанның қай майданына қару-жарақ әкелді.

Ақтөбе майданына
126.“Үш жүз” партиясының саяси бағдары қандай?

социалистік
127.“1920ж. мамырда неше жастағы азаматтар армияға шақырылды?

19-35 жастағы
128.Қазақтың атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған қайраткер кім?

Б.Қаратаев
129.1919ж. күзде 5-армия (қолбасшысы М.Н.Тухачевский) Қазақстанның қай бөлігін азат етті?

Солтүстік және Шығыс
130. Әскери коммунизм саясатындағы азық-түлік салғырты қашан енгізілді?

1919ж. қаңтар
131. “Қосшы” одағы қашан құрылды?

1921ж.
132.Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін жан-жақты дәлелдеген кімдер?

А.Байтұрсынов, М.Сералин
133.Индустрияландыру кезінде Ф.И.Голощекиннің “Кіші Қазан” бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынған кім?

С.Садуақасов
134. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстарды ата?

Атырау, Маңғыстау химия зауыты
135. КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы болған мерзім?

1928-1932жж.
136.“Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын” ұранын республиканың қай облыс белсенділері көтерді?

Торғай
137.Ұжымдастыруға қарсы болған көтерілістердің қайсысы “бандиттік-басмашы” деп бағаланды?

Бетпаққара көтерілісі
138.КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы қашан құрылды?

1932ж.
139.Қазақстанның қай қалалары 20-30 жылдары жаппай сауатты аудандар болды?

Шымкент, Қарағанды, Әулиеата
140.Мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов қай жылдары республикадан аластатылды?

1927-1929жж.
141.Брест қамалын қорғауда ерлік көрсеткен қазақстандық жауынгерлерді ата?

Б.Аманжолов, Қ.Орынтаев
142.Кеңес Одағының екі мәрте батырлары тізіміндегі қатені табыңыз?

Бауыржан Момышұлы
143.“Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің “Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар” туралы қаулысы қашан шықты?

1942ж. 24 тамыз
144.“Ақ тарының атасы атанған Шығанақ Берсиев әр гектардан қанша центнер тары алып, дүниежүзілік рекорд жасады?

201ц.
145.“Соғыс жылдары Қазақстан халқының материалдық жағдайының төмендегенін неден көруге болады?

Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
146.“Брест қамалына қай жылы “Батыр қала” атағы берілді?

1965 ж.
147.Шетелдегі қарсыласу қозғалысына қатысып даңқын шығарған, Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар

А.Егоров, З.Хұсайынов
148.“1941ж. 7 тамызда Жоғары Бас Қолбасшы И.В.Сталиннің бұйрығымен Германияның астанасы Берлинді бомбылауға қатысқан “Қанатты батыр” атанған Кеңес Одағының Батыры ұшқыш жерлесіміз кім?

Қ.Біләлов
149.“Атырау облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын қашан енгізді?

1942ж. 15 қыркүйек
150.“Қазақстандық қандай әскери құрамалар Сталинград шайқасына қатысты?

72,73-гвардиялық атқыштар дивизиясы
151.Сталинградтағы әйгілі “Павлов үйін” қорғауға қатысқан Оңтүстік Қазақстандық жауынгер

Т.Мырзаев
152.“Берлин шайқасына қатысқан Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болған кім?

С.Нұрмағамбетов
153.“Новгород қаласын азат етуге қатысқан қай Қазақстандық дивизияға “Новгород дивизиясы” деген құрметті атақ берілді?

310-атқыштар дивизиясы
154.“Сталинградты қорғауда ерекше ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры ұшқыш жерлесімізді ата:

Н.Әбдіров
155.Соғыс кезінде Мемлекеттік Қорғаныс Комитетіне 140 мың центнер балық өнімін тапсырған атақты балықшыны ата:

Жаңабатыр Сарбөпиев
156.1946 жылғы маусымда республиканың мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға:

Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы
157.Социализм құру ісінің аяқталуына байланысты коммунистік қоғам құруға көшу басталды деген қағида қай съезде айтылды?

ХҮІІІ съезде
158.1946-1950 жж. ІҮ бесжылдықтың негізгі экономикалық міндеті қандай болды?

Қираған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру
159.1950 жылдары ұзындығы 483 шақырымдық қандай темір жол іске қосылды?

Мойынты-Шу
160.Соғыс аяқталғаннан кейін карточка жүйесі қашан жойылды?

1947ж.
161.Гурьев-Астрахан темір жолы қай жылы іске қосылды?

1970ж.

1942ж деген жауап бар
162.Соғысқа дейінгі қай жылы Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті?

1936ж. мамырда
163.Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған қанша Қазақстандық болды?

4
164.Ұлы Отан соғысы кезінде алғаш рет Кеңес Одағының батыры атағын алған Қазақстандық жауынгер кім?

К.А.Семенченко
165. Е.Бекмахановты жалған әшкерелеудің бастамасы болған мақала қандай басылымда жарияланды?

Правда
166.Қазақстанда сауатсыздықты толық жою қай кезде аяқталды?

1940ж.
167.1948ж. қандай үш облыстың қиылысында ядролық полигон салынды?

Семей-Павлодар-Қарағанды
168.ХХғ. 50-жылдары мал шаруашылығын дамытуда еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған кім?

Ж.Қуанышбаев
169.Қазақстанда ерікті тарихи-ағартушылық “Әділет” қоғамы қай жылы құрылды?

1989 ж. 22 қыркүйекте
170.1980 жылдары құрылған Балқаш және Арал проблемалары жөніндегі комитетті Қазақстанның қай қоғам қайраткері басқарды?

М.Шаханов
171.Тәуелсіздігін бірінші болып Түркия мемлекеті таныған Қазақстан Біріккен ұйымына қай жылы қабылданды және оның тұңғыш өкілі кім болды?

1992ж., А.Арыстанбекова
172.1989 жылғы КСРО халық депутаттарының 1-съезінде желтоқсан оқиғаларын әділ баға беруді талап етіп сөз сөйлеген кім?

М.Шаханов
173.Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар:

«Ұлтшылдық»
174.1997-1998 жж. Кентау, Жаңатас тау-кен өнеркәсібі жұмысшыларының ереуілдерге шығып, аштық жариялануының себептері?

шетелдік инвесторлардың еңбекақыны уақытында төлемеуі
175.ҚР Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауы бойынша, қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор не?

Адамдардың ерік-жігері, білімі мен күші
176. Өлкеде Кеңес өкіметі қарулы күреспен қай аудандарда орнады?

Семей, Орынбор, Верный
177. 1918ж. күзде БОАК-тың Құрметті Қызыл туымен марапатталған әскери бөлім:

Қазақ атты әскери полкі
178.Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеті құрылды:

1919 жыл, шілде
179.1926ж. халық санағы бойынша Қазақстан республика халқының неше пайызын құрады?

61,3%
180.1922ж. Ә.Жангелдин бастаған “Қызыл Керуен” жолының бағыты?

Орынбор-Ақмола-Семей
181. Ф.И.Голощекиннің “Кіші Қазан” төңкерісінің бағыты қандай?

Өлкені шикізат базасы ету
182.Азамат соғысы кезеңінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе

Әскери коммунизм
183.Азамат соғысы кезіндегі Черкасск қорғанысының тарихи маңызы қандай?

Сібір мен Орта Азия контрреволюциясының бірігуіне жол бермеді.
184.Жетісу және Петропавл-Көкшетау темір жолдарының маңызы неде?

Елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз ету
185.Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне қашан кешірім (амнистия) жариялады?

1919 ж. 4 сәуірде
186.Уақытша үкімет 1917 жылдың 7 наурызында 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға жариялады:

Амнистия
187.Атбасар уезінің Мариновка қонысындағы партизан командирі кім?

Н.М.Ирченко
188.Қай жылы Ақмешітте Кеңестердің бүкілқазақстандық Ү съезінде «қырғыз-қазақ» атауы берілді?

1925ж.
189.1926ж. халық санағы бойынша Қазақстан республика халқының неше пайызын құрады?

61,3%
190.Орал мен Орынбор облыстарын азат етуді қай майданға жүктеді?

Түркістан майданы

Шығыс майданы
191.Бірінші бесжылдық кезінде республикаға білікті жұмысшы кадрлар инженер-техник қызметкерлері қайдан әкелінді?

Ресей, Ураинадан
192.Индустрияландыру кезінде Қазақстанда академик Губкин басқарған экспедиция нені зерттеді?

Орал-Ембі мұнайын
193.Қостілдік және ана тілін оқыту әдістемесінің авторы кім?

А.Байтұрсынов
194.1937ж. қыркүйек-қазан айларында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қай аймақтан 2 мың 400 отбасы жер аударылды?

Қиыр Шығыс, Әзірбайжан, Армения
195.Соғыс алдындағы жылдары салынған ұзындығы 806 км темір жолды атаңыз?

Ақмола-Қарталы
196.Орал-Қазақстан-Сібір “үшбұршы” нені өндірді?

Мырыш, қорғасын, молибден
197.Алаш зиялыларын Кеңес өкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізген ағартушы, гуманист:

С.Сейфуллин
198.Алғашқы кеңестік үлгідегі қазақтың І-үлгілі атты әскер полкі қай жерде құрылды?

Бөкей Ордасында
199.Қазақстандағы партиялық жүйе

көп партиялық жүйе
200.Депортация деген не ?

жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару
201.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштер кіргізілетін сала

Туған жер бағдарламасы
202.Латын графикасына көшудің аяқталу жылы

2025 жыл
203. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қашан жарияланды

2017 жылы 12 сәуір
204.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық код мәселесі-

Тарихи дәстүр, ұлттық құндылықтармен байланысты ;
205. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аста – төк ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында қандай мәселе қозғалады?

Прагматизм;
206.«Сананың ашықтығы» туралы мәселе қандай бағдарламалық құжатта көрсетілген?

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында;
207.1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:

«Тоқырау жылдары»
208.Жаңа экономика саясатыны (ЖЭС-тің) «әскери коммунизм» саясатынан айырмашылығы:

Салғыртты салықпен ауыстыру.
209.Қазақстан көмір өндірісінде Стахановтың ізбасары болған шахтер кім:

Т. Күзембаев.
210.1075-атқыштар полкінің 28 жауынгері жаудың 18 танкісін Дубосеково разъезінде жойып жіберді. Бұл ерлік қашан жасалды:

1941 ж. 16 қараша.
211. 1954-1962 жж. Қазақ КСР-на тың және тыңайған жерлерд іигеруге келген адам саны:

2 млн адамға жуық
212.1970 жылы дүние жүзі тарихшыларының назарын аударған жаңалық:

Есік қорғанынан алтын киімді сақ жауынгерінің табылуы
213.Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы:

«Социалистік партия».
214.ХХ ғасырдың 90 – жылдары Қазақстаннан халықтың қоныс аударуының басты себебі:

Экономикалық дағдарыс.
215. Ресей империясының Бірінші Жалпы халық санағы бойынша 1897 жылы Қазақстан халқының саны:

4 млн. 333 мың адам.
216.Рубль аймағынан шығу және ұлттық валюта-теңгені енгізу:

Қараша 1993 ж.
217.Қаз АКСР-де ұжымдастыруды аяқтау мерзімі:

1932 ж. көктемінде.
218. Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсы 5000 шаруа бірігіп, көтеріліс жасаған қай аймақ:

Созақ.
219.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын "Қазақстан Республикасына" өзгерту туралы Заң қабылданды:

1991 ж. 10 желтоқсанда.
220.Қазіргі зерттеушілер «Алаш» партиясының мүшесі болды деп көрсетеді:

350-400 дей адам
221.1918 ж. Жетісу, Сырдария облыстары болды:

Түркістан АКСР-нің құрамында
222. Жер-су реформасы аяқталды:

1922 жылы
223. 1929 ж. ұжымдастыруға қарсы алғашқы наразылық басталды:

Тақтакөпірде
224.Р.Конквестің көрсетуі бойынша аштық жылдарында 200 мың қазақ көшті:

Қытайға
225. 1930-1933 жж. Қазақстанға жер аударылды:

317 мың адам
226. Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы атап өтілді:

2015 жылы
227.Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы:

1946 ж. 1 маусым
228.Кенесары бастаған көтеріліс туралы шындықты жазып, қуғын-сүргінге ұшыраған тарихшы-ғалымға араша түсіп, қорғаған Ресей ғалымы:

А.М.Панкратова

229. 1917 жылы қарашада құрылған «Үш жүз» партиясының ұйымдастырушысы және төрағасы:

К.Тоғысов
230..Түркістан (Қоқан) автономиясы Уақытша үкіметінің алғашқы төрағасы болып сайланды:

М.Тынышпаев
231.Украинада партизан отрядын ұйымдастырып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыста ерлігімен көзге түскен қазақ жауынгері:

Қ.Қайсенов
232.1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Қазақ КСР тілдері туралы» заңда орыс тілі жарияланды:

Ресми тіл
233.1893 жылдан 1905 жылға дейін қазақ халқынан қоныс аударушы шаруалардың пайдасына тартып алынған жер көлемі:

8 миллион десятинадан астам
234. Халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бері жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген сегізінші бесжылдық (1966-1970) ие болды:

«Алтын бесжылдық» деген атқа

235. 1928 жылы республика көлемінде тәркіленген «бай-феодалдар» шаруашылықтарының саны:

696
236. Республикада шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу науқаны жүргізілді:

1926-1927 жылдары
237. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қостанай уездік комиссары болып бекітілді:

А.Бірімжанов
238. Уақытша үкімет 1917 жылы 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне тағайындады:

Ә.Бөкейхановты
239. 1916 жылы 22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың қол қоршауға алған қала:

Торғай
240. 1925-27 жылдары Смағұл Сәдуақасовтың атқарған қызметі:

Қазақстан оқу-ағарту халық комиссары
241. Түркістан АКСР-і қашан құрылды:

1918ж.
242. Кеңес Өкіметі Қазақстанда қашан түгел орнады:

1917 ж. қазан – 1918 ж. наурыз.
243 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:

Н.Назарбаев
244. 1957 жылы салалық басқарушылықты жүргізуде территориялық принцип бойынша құрылды:

совнархоздар
245. Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды:

1995 ж.
246. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды:

2003 жылы.
247. ТМД құрып, 11 мемлекет басшылары Алматы декларациясына қол қойған уақыт және жер:

1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда
248. «Қазақ» газетінің ұстанған бағыты:

Либерал-демократиялық
249 Соғыс жылдарында еңбек армиясына қазақтар шақырылды:

200 мыңнан аса
250.1937 ж. балаларды бастауыш біліммен қамту көрсеткіші:

96%
251. 1936 жылға дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР болды:

РКФСР-дің құрамында
252.470 рет ядролық жарылыс жасалды:

Семей
253. ҚР жастар жылы деп аталды:

2019 жыл
254.І Дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанда халық бой көрсетулерінің кең таралған нысаны:

«әйелдер бүліктері»
255. Республикадағы қайта құру кезінде Н.Ә.Назарбаевқа кеңесші болған америкалық экономист:

Ч. Бэнг
256. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды:

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында
257.1918 жылдың күзінде Ақтөбе майданының Қызыл армия әскері тұрған Шалқар станциясына Мәскеуден қару-жарақ жеткізген экспедиция басшысы:

Ә.Жангелдин
258.1919 жылы 5 қаңтарда Гурьев қаласын Қызыл Армия бөлімшесі басып алғаннан кейін жойылды:

Орал майданы
259.Жеке адамға табынуды айыптау жаңа тарихи кезеңге жол ашты:

«Жылымық» деп аталатын
260. Сауатсыздықты жою қоғамы ұйымдастырылды :

1924ж. 
261.Басқа республикалардың ЖОО мен техникумдарында 1930 жылдары білім алған қазақстандық жастар саны:

20 мыңдай.
262.Тоталитарлық жүйенің құрбаны болған, КОКП XX сьезінен кейін ақталған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері:

С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин
263.Еңбегі Лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғалымы:

М.Айтхожин 
264.Н.Ә. Назарбаев қол қойған 1993 ж. Лиссабон хаттамасы Қазақстанды жариялады:

Ядролық қарудан азат территория.
265. Мемлекеттік құрылым жағынан Қазақстан :

унитарлық
266.2017 жылы өткен Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық маманданған көрменің тақырыбы:

«Болашақтың энергиясы»
267.Төрт ақын: М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева құрастырған әнұран мәтіні қолданылды:

14 жыл бойы
268.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1998 жыл жарияланды:

«Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы»
269.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ойының өкілдері:

А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев
270.Тың игеру жылдары астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан нешінші орынға шықты?

Екінші орын
271. Қазақстан Республикасының тұңғыш сыртқы істер министрі:

Т. С. Сүлейменов.
272. Қазақстан 1992 ж. 2 наурызда тең құқылы мүшесі болды:

БҰҰ.
273.ХХ ғ. 40-жж. аяғы-50 жж. басында Қазақстанда ұсақ колхоздарды біріктіріп, ірілендіру іске асырылды:

өндіріс өнімдерін арттыру үшін
274. 1970 ж. Қазақстандағы полигондар мен әскери объектілер аумағы:

18 млн га
275.Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша мемлекеттің жоғарғы құндылықтары болып жарияланды:

Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
276. АЛЖИР:

Отанын сатқан опасыздардың әйелдерінің Ақмола лагері
277. Араб жазуындағы кітаптарды шығаруға тиым салынды:

1929 ж.
278.1958 ж. комсомолдың екпінді құрылысы:

Теміртау металлургия комбинаты
279. «Жеке басқа табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулы қабылданды:

1956 жылы
280.1954-1960 жж. Қазақстанда жыртылған жер көлемі:

25, 5 млн. гектар
281. Парламентті тарату құқығы берілген:

Президентке
282. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І сьезі болды:

2003 жылы
283.Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент ашылды:

Таразда
284. Уақытша халықтық кеңес – «Алашорда» үкіметі тұруға тиіс болды:

25 адамнан
285.Қазақтың ірі байларын тәркілеу қашан іске асырылды?

1928 ж;
286.1970 жылдары Қазақстан жерінде құрылған ірі территориялық өндірістік комплекс?

Маңғыстау;
287. “Қазақ Автономиялық республикасын Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” деп тұжырым жасаған академикті атаңыз:

Н.С.Курнаков
288.Қазақстан Ұлы Отан соғысына қалай қатысқан?

Елдің біртұтас бөлігі ретінде
289.Днепр үшін шайқаста Кеңес Одағы батыры атағын алған ең жас қазақ кім?

Ж.Елеусізов

290.Қазақстанның қай қаласындағы әскери авиация училищесінде КСРО-ның үш мәрте батыры атағын алған ұшқыш оқыды?

И.Н.Кожедуб
291Жаңа экономикалық саясатқа көшу жылдарындағы ауыл шаруашылығына берілген несие қанша жылға берілді?

3-5 жылға
292.Ресей империясының Бірінші Жалпы халық санағы бойынша 1897 жылы Қазақстан халқының саны:

4 млн. 333 мың адам.
293. Рубль аймағынан шығу және ұлттық валюта-теңгені енгізу:

Қараша 1993 ж.
294.«Адамға табын, Жер енді» поэмасын жазған

О.Сүлейменов
295.1917 жылы тыл жұмысына тартылған жұмысшыларды елге қайтару туралы шешім қабылдады:

Уақытша үкімет
296.Орынборда өткен I жалпы қазақ съезі қашан болды ?

1917 ж 21-26 шілде;
297.Ұжымдастыруға қарсы болған көтерілістердің қайсысы “бандиттік-басмашы” деп бағаланды?

Батпаққара көтерілісі
298.Кенесары бастаған көтеріліс туралы шындықты жазып, қуғын-сүргінге ұшыраған тарихшы-ғалымға араша түсіп, қорғаған Ресей ғалымы:

А.М.Панкратова
299. КСРО өмір сүрген жылдар:

1922-1991 жж.
300. Соғыстан кейінгі жылдары көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген:

Марғұлан;


написать администратору сайта