1_ММК_1а5к_Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойла. 1а жаттыу Кзбен кретін айатар негізінде сын трысынан ойлау
Скачать 76 Kb.
|
1А ЖАТТЫҒУ: КӨЗБЕН КӨРЕТІН АЙҒАҚТАР НЕГІЗІНДЕ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ Сабақ тақырыбы: Тарих және география сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету 1а жаттығу: Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау Бұл әрекет саяхат және көлік тақырыбына назар аудара отырып, тарих және география пәндері бойынша айғақтар көзі ретінде фотосуреттермен жұмыс жасауға бағытталған. Олар әртүрлі жас топтарына лайықтап саралануы мүмкін, мұғалімдер мен тренерлер оларды кәсіптік даму үшін пайдалана алады. Бұл жаттығуды біліктілікті арттыру курсында тренерлермен қатар, сынып жағдайында балалардың әрекетін бақылап және жазып отыратын мұғалімдер де пайдалана алады. Мақсат: Балалардың оқуы мен танымдық дамуын қалыптастырушы бағалау үшін және әлеуметтік ғылымдағы оқыту үдерісінің бір бөлшегі ретінде куәлардың көмегімен сын тұрғысынан ойлау үдерісін бақылап, жазып отыру. Бұл «Ауызша алынған ақпарат туралы сын тұрғысынан ойлау» атты 1б-жаттығумен тығыз байланысты және екі жаттығуды да тренерлер мен мұғалімдер үшін қатарынан немесе тізбектеп, ал балалар үшін жеке және біртіндеп өткізуге болады. Дайындық: Қазақстандағы және басқа жерлердегі саяхат пен көлік туралы фотосуреттердің (суреттер, сызбалар немесе гравюралар) жиынтығы отбасылық альбомдардан, қоғамдық фотомұрағаттардан (жергілікті немесе ұлттық мұражайлар), сондай-ақ веб-сайттардан алынуы мүмкін. Оқушыларды үйлерінен әкелген материалдар үшін қолпаштап, сонымен қатар тиісті суреттерді интернеттен іздеуге болады. Бұл бейнематериалдар тарихи уақыттың түрлі мерзiмдері бойындағы жер, су немесе ауадағы саяхатты көрсету үшін іріктелуге тиіс. Олар жеке көлікті (мысалы, жылқыдан бастап мотоциклге дейін, мотоциклден бастап автомобильге дейін) және қоғамдық көлікті (мысалы, пойыздардан бастап автобустарға дейін немесе аэропланнан бастап ғарыш зымырандарына дейін) қамтуы қажет. Іріктеліп алынған материалдар жиырмасыншы ғасырға жататын, тіпті, одан ертерек кезеңді, немесе тек қана қазіргі заманға қатысты географиялық ерекшелігі бар түрлі өңірлер мен орындарды көрсетуі қажет. Географиялық ерекшелік, дүниенің басқа бөліктеріндегі саяхат пен көлік бейнелерін беру үшін, әсіресе, экономикалық даму деңгейін көрсету үшін кеңейтілуі мүмкін. Зерттеу мақсаттары алдын-ала белгіленген фотосуреттер топтамасын ашық зерттеудің өзіндік зерттеу аясы болады. Фотосуреттерді іріктеу ерекше тақырыпты көрсету үшін іске асырылады (аталған жағдайда саяхат және көлік). Сонымен қатар, фотосуреттер бойынша балалар қоюы мүмкін сұрақтардың түрлерін болжау үшін, зерттеудің негізгі мақсаттары әрекет басталмай тұрып айқындалуы керек. 1- тапсырма: Тарихи және географиялық санаттар бойынша сұрыптау Шағын топтардағы қатысушылар іріктелген фотосуреттер мен суреттерді қарастырып, талқылайды. Тарихи немесе географиялық санаттардың тақырыптары бар үлкен қағаз парақтары әзірленеді және суреттер әр параққа сәйкес сұрыпталады [бұл үшін сызбалар мен диаграммалар салыңыз; ересек оқушылар өздерінің сызбаларын жасай алады]: Ерте-ерте-ертеде (ұлы әжелер ұрпағы); өте ертеде (әжелер мен аталар ұрпағы); ертеректе (ата-аналар ұрпағы); қазіргі заман (біздің ұрпақ). Неғұрлым озық оқушылар үшін бұл санаттар: 100 жылдан бұрын; 100-50 жыл бұрын; 50-25 жыл бұрын; соңғы 25 жыл болуы мүмкін. Құрлықтағы көлік; су көлігі; әуе көлігі; қоғамдық көлік; жеке көлік; (қазақстандық дереккөздер үшін: ауылдық жер; қалалық жер); (әлемдік дереккөздер үшін: экономикалық дамушы елдер; экономикалық дамыған елдер). Мақсат тарихи немесе географиялық нақтылықты анықтау емес, дәл түсініктер мен білімді пайдалана отырып, айғақтарды зерттеу және ойларды талқылау кезіндегі оқушы ойының барысы. Мұғалімдерге тарихи немесе географиялық көрсетілімдерді түсіну сатылары туралы ойлану үшін, балалардың талқылауларын жазып алуына болады немесе қысқаша ескертпелер жасауы мүмкін, сондай-ақ балалар пайдаланған лексиканы жазып алуына болады. Аталған бақылаулар мен жазбаларды кейінірек мұғалімдер арасында немесе жоғары сынып оқушыларымен талқылауға болады. Төменде орналасқан кестелер мен сызбалар суреттерді сұрыптауға арналған үлгі болып табылады. Міндет: балалардың өз идеяларын алға тартуы мен оны өз араларында талқылауы кезінде, мұғалім оларды талқылау барысында қажет болатын тиісті терминологияларды қолдануға үйретеді. Сондай-ақ әртүрлі қосымша санаттарды пайдалануға болады. Суреттерді сұрыптау бойынша орта буын оқушыларына арналған тарихи кестенің үлгісі:
Суреттерді сұрыптау бойынша анағұрлым жақсы оқитын оқушыларға арналған тарихи кестенің үлгісі:
Суреттерді сұрыптау бойынша орта буын оқушыларына арналған географиялық кестенің үлгісі:
Суреттерді сұрыптау бойынша анағұрлым жақсы оқитын оқушыларға арналған тарихи кестенің үлгісі:
2- тапсырма: Көзбен көретін айғақтар бойынша сауалнама Шағын топтағы қатысушылар бір, екі немесе үш қарама-қарсы сурет таңдайды. Әрбір сурет үлкен қағаз парағына орналастырылады. Сурет бойынша «миға шабуыл» әдісі арқылы ықтимал сұрақтар қойылып, суреттің айналасына жазылады: Бұл фотоны түсірген немесе суретті салған кім? Ол қашан жасалған/салынған? Бұл қай жерде жасалған? Ол қашан түсірілді/салынды? Бұл қай жерде жасалған? Бұл фото немесе сурет қандай себеппен жасалған? Көмекші/мұғалім бастапқыда бір немесе екі арнайы сұрақ ұсынуы мүмкін, ал қатысушылар барынша көбірек сұрақтар құрастыруы қажет. Сондай-ақ, 1-жаттығу кезінде мұғалімдер кейінгі талқылауларға арнап балалардың ойлауы мен олардың лексикасы туралы жазбалар жасап отыруына болады.
3- тапсырма: Сұрақтарды бағалау және жауап іздеу Сұрақтарды сұрыптау үшін қатысушылар өз кестелерін ұсынады. Арнайы тарихи немесе географиялық зерттеулер үшін қандай сұрақтар барынша пайдалы болып табылады? Жауаптарды іздеу үшін қайда жүгінуге болады?
Көліктің ескі түрлерін пайдаланып, ескі заманның адамдары қалай өмір сүргендерін елестетіп көріңіз. Сіздің қазіргі өмір туралы біліміңіздің арқасында қандай өзгерістер болуы мүмкін? [кестені құрған кезде «кейін» және «қазір» сөздерін пайдаланыңыз]. Дереккөздер: Оксфам білім бөлімінен: Бейнелеулер және материалдар: Деректер: Фотосуреттерді сыныпта пайдалану http://www.oxfam.org.uk/education/teachersupport/cpd/images_and_artefacts/files/background_to_using_photographs_in_the_classroom.pdf |