Главная страница
Навигация по странице:

  • 8. Бастауышта сыныпта Жиынтық бағалаудың әдістемесі

  • 9. Бастауыш сыныптағы қысқа мерзімді жоспарын (ҚМЖ) құрастыру әдістемесі

  • дид 2 кезең. 2дегей Оытуды функцияларына сипаттама


    Скачать 50.52 Kb.
    Название2дегей Оытуды функцияларына сипаттама
    Дата25.12.2021
    Размер50.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладид 2 кезең.docx
    ТипДокументы
    #317539
    страница2 из 3
    1   2   3

    7. Бастауыш сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың әдістемесі

    Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі және тоқсан сайын жүйелі жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

    Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. 

    Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

    Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырмалар үлгілері берілген.

    Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру бойынша дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім:тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;

    - кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;

    - қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын құруы;

    - тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның кері байланысы; ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) сабаққа талдау жүргізу қажет.

    Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады:

    Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.

    Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтықжұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

    Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

    Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет.

    Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

    Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

    Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.

    Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

    Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

    Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.

    Қалыптастырушы бағалаудың 12 әдісі мен стратегияларына талдау жасап көрелік:

    1. Жұптарда өзара бағалау

    Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс. 

    Жұптарда өзара жауап үлгілерімен бағалау

    Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда пайдалы. Кез келген жағдайда, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады. Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді. Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді. 

    Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды. 

    Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім жасамайтын өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді. Мұғалімдердің оқушылар алған бағаларды, тіпті, жазып та алмайтындығын Гиббс атап көрсетеді. Мұндай жағдайда, осындай стратегияны қолдану нәтижесінде орташа баға шамамен, 45%-дан 75%-ға дейін артады! (әрине, егер сіз қажет деп санаған жағдайда, бағаларды осы сатыда жинай аласыз). 

    2. Топтардағы өзара бағалау

    – Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үрдісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс. 

    – Алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде). 

    – Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келісуге тырысады: Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?

    – «Үздік жауаптың» топтық идеясы.

    – Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?

    Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.

    3. Оқушылардың түсіндірулері

    – Жауап үлгілерін түсіндіреді

     

    8. Бастауышта сыныпта Жиынтық бағалаудың әдістемесі

    Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі.

    Өткізіледі:

    • Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (мұғалім)

    • Тоқсан бойынша жиынтық бағалау (мұғалім)

    • Білім деңгейі бойынша жиынтық бағалау (ҰТО

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. ААталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

    • жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша; 

    • әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

    • тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.

    Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында 1-тоқсанда 3 бөлім берілген: «Сандар мен цифрлар», «Геометриялық фигуралар», «Шама және өлшем бірліктері». Оқу мақсаттарының саны әр бөлімде әр түрлі: бірінші бөлімде – 12, екінші бөлімде – 4, үшінші бөлімде – 4. Сәйкесінше математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-тоқсанда әр бөлімді меңгеруді аяқтаған кезде үш рет өткізіледі.

    Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды. Мысалы, 1-сыныптағы математика бойынша «Геометриялық фигуралар» бөлімінде 4 оқу мақсаты берілген: 

    1. Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу; 

    2. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау; 

    3. Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру; 

    4. Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалау. Аталған бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде ұйымдастыру ұсынылады.\

    Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі оқуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Аталған ақпарат рубрика түрінде беріледі 

    Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысының бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілерінде құрастырылған рубрикалар көрсетілген. Білім алушыларды бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен таныстыру кезінде білім алушылардың жұмыстары, олардың рубрикада белгіленген оқу жетістігі деңгейлерін қоса ұсыну қажет.

    Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.

    Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді. Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады. 

    Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады: 

    • тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты; 

    • тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

    – жиынтық жұмыстардың ұзақтығы

    – бағалау құрылымы; 

    – тапсырмалар саны; 

    – тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:

    • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау; 

    • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

    • тапсырмалардың балл қою кестелері.

    Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттердімұғалімдер алдын ала дайындайды. Айналасы білімалушыларға таныс, күнделікті сабақ өтіп жүрген кабинеттеріболуы ұсынылады. Кабинеттерді дайындау кезінде келесілердіескеру қажет: 

    • білім алушылардың шуламай, жұмысты өз бетіншеорындауына қолайлы болатындай етіп отырғызудыойластыру; 

    • білім алушыларды басқа білім алушылардың жұмыстарынкөре алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіпотырғызу;  

    • білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайдапарталардың арасы мұғалім мен бақылаушының еркінжүріп тұруына мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс; 

    • негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратынболғандықтан тақта білім алушылардың алдында болғаныдұрыс;  

    • тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегітиюі мүмкін деген плакаттар, ақпараттық сипаттағықабырға материалдарының алынып тасталуы немесе бетіжабылуы тиіс. 

    Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білімалушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарыныңнәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. 

    Мұғалім модерацияға дейін: 

    • білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпенқойылады; 

    • жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен; бағалауда қиындық тудыратынжұмыстарды) іріктеп алады; 

    • жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардыңжұмыстарының көшірмелерін дайындайды.  

    Модерация кезінде: 

    • жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлықбалдардың балл қою кестесіне сәйкес қойылғанына көзжеткізеді; 

    • қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қоюкестесіне өзгерістер енгізеді; 

    • отырыс хаттамасына қол қояды. 

    Модерациядан кейін: 

    • модерацияны ескере отырып, білім алушылардыңжұмыстарын қайта қарайды, жоғарылату немесетөмендету жағына қарай балдарды өзгертуі де мүмкін; 

    • соңғы нақты балдар қаламмен қойылады; 

    • соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды.

     

    9. Бастауыш сыныптағы қысқа мерзімді жоспарын (ҚМЖ) құрастыру әдістемесі

    Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» (2, 6).

    Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін)  үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (40 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды.

    Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына  айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек  ықшамдауға немесе түсіндірууге болады.

    Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді. Алайда сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмайды. Дегенмен оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз да керек. «Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.

    Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

    • Оқушылар нені білу керек?

    • Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?

    • Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

    Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

    • сабақтың тақырыбын анықтау;

    • әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

    • оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

    • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

    • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

    • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

    • жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.

    • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

    • оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

    • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

    Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.

    Ал. нәтиже:

    ·оқушыға бағытталуы керек;

    ·белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;

    ·оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.

    Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:

    1. оқушының қатесін табу үшін есес, қайта қателерін түзету үшін оқыту;

    2. оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;

    3. оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;

    4. дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

    5. өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;

    6. тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.

    Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне тоқталып кетсек:

    • Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді, яғни ол қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады.

    • Интерактивті оқыту әдіс -тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге өтіп отыруына мүмкіндік береді.

    • Белсенді оқытуда оқушылар өз пікірін айта білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді.

    • Ұжымдық оқыту технологиясы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады.

    Ұжымдық оқыту технологиясының мақсаты – қиын істерді атқаруда, топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білуде қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.

    Қандай әдіс – тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың соңында сабаққа талдау жасап, жақсы жақтары мен кемшік тұстарын анықтап отырудың маңызы зор. Ол мұғалім әр сабақтан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

    ·Сабақ мақсаты орындалды ма?

    Бүгін оқушылар нені үйренді?

    ·Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

    ·Тапсырмалар, жаттығулар сабақтың мақсатына сәйкес болды ма?

    ·Уақытты қалай пайдаландым?

    ·Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

    Егер мұғалім осы сұрақтарға жауап бересе, ол алдағы сабақтарда нені ескеруі керек, қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлуі керек, т.с.с. екенін біледі, осы жағдайда әр мұғалімнің сабақтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні сөзсіз.Мұғалімнің міндеттері:

    — оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша алған білімдерін айқындап, оны бағалап, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.

    Оқушылардың міндеттері:

    — осы сабақта білгендері мен үйренгенін дәлелдейді, үйренгендерін тұжырымдайды;

    — олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;

    — өзінің жаңа біліміне баға береді;

    — сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді,

    — жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қалай қолданатындығын айтады;
    — «Не білдім/үйрендім? Менің қандай жетістіктерім болды? Нені сәтті жасай алдым? Оның себебі қандай? Қандай кедергілер болды? Нені сәтті жасай алмадым? Оның себебі қандай? Бұл білім маған не үшін керек? Бұл білімнің қолданысы қандай? Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын? Тағы да не білгім келеді?» деген секілді сұрақтарға жауап беруге ізденеді.

    Тапсырманы орындау барысында мұғалім қалыптастырушы бағалау жасайды: сыныпты аралайды, оқушылардың қалай үйреніп отырғандығын бақылайды, сұрақ қояды, әңгімелеседі, кері байланыс ұсынады, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, оқушылардың үйрену деңгейлері бойынша өзі үшін қорытындылар жасайды, сынып/топ/жұп жұмысын үйлестіреді. Тапсырманы орындаудың нәтижелерін жариялау, тексеру және орындалу сапасын бағалау (критерийлер не дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі немесе бірін-бірі, мұғалімнің кері байланысы) — 2-5 мин.

    Рефлексия: «жетістік – кедергі – шешу жолдары» тұрғысында талқылау, қорытындылау – 1-3 мин. — мұнда «Тапсырманы қалай орындадық? Не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Мақсатқа жеттік пе? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» деген секілді сұрақтарға жауап іздеу керек: — алдымен жұп не топпен, — содан кейін сыныппен. Бұл рефлексияны сабақ соңындағы рефлексиямен біріктіріп жіберсе де болады.

    Сабақ бойынша рефлексия: сабақ нәтижелерін талқылау, қорытындылау (2-5 мин.): — «Сабақта не үйрендік? Не білдік? Тапсырманы орындау не берді? Қалай орындадық? Сабақ мақсатына жеттік пе? Оның дәлелі қандай? Табысты жерлеріміз қандай болды? Қай жерде қиналдық? Енді не істеу керек? Қалай жақсарту керек? Ол не беруі мүмкін? Қандай қорытынды жасаймыз?» деген секілді сұрақтарды талқылау («жетістік – кедергі – шешу жолдары» тұрғысында): — алдымен жұп не топпен, — содан кейін сыныппен. Үйге берілген тапсырманы талқылауды сабақтың мақсатын, дескрипторларын не критерийлері мен орындалу жолдарын оқушылар түсінбейінше тоқтатпау керек
    1   2   3


    написать администратору сайта