ФИЗИО ПРАКТИКА ОТВЕТЫ. 2. Динамометрия. Динамометрия
Скачать 2.99 Mb.
|
1.Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. 2.Динамометрия. Динамометрия – максимальді бұлшықеттік жиырылу күшін және қол бұлшықетінің күштік төзімділігін зерттеу тәсілі. Құрал-жабдықтар:динамометр, секундомер. Зерттеу адамға жүргізіледі. Жұмыс барысы: зерттелушіден тұруды өтініңіз,қолын алдыға созып және динамометрді ұстатыңыз, а екінші қолын босаңсытып және еркін кеу бойына жіберу керек. Бұлшықет күшін бағалау. Ең максималды күшпен динамометрді екі рет қысыңыз. Бұлшықет күшін бағалауға болатын ең жоғары нәтижені белгілеңіз. Бұлшықеттің жұмыс істеу қабілетін зерттеу. Зерттелушіні максималды мүмкін күші мен жиілігі 5 с 1 рет болатындай динамометрді 10 рет қысуды өтініңіз. Әр қысқан сайын көрсеткішті жазып отырыңыз.Жұмыс істеу қабілетін мына формуламен анықтаңыз: Р= Мұндағы Р- жұмыс істеу қабілеті, f1- f 2 бұлшықеттің соңғы шартындағы динамометр көрсеткіші, n – динамометрдің қысу саны. Бұлшықеттің қажуын зерттеу. 2 жұмыста алынған нәтижелерді бұлшықеттің жұмыс істеу қабілетін төмендеуін есептеуге қолданылатын формулаға салып есептеңдер: S= S- анықталатын көрсеткіш , f1- бұлшықет күшейтуінің бірінші шамасы, f min және fmax - максималды және минималды күшейтудің сәйкестігі. Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Анықталатын көрсеткіштерді есептеп,протоколға енгізіңдер. График сызыңыз, оның абсцисса осінде жиырылудың бағаналық нөмірін, ал ордината осінде әрбір жиырылудан кейінгі динамометр көрсеткішін көрсетіңіз. Алынған нәтижелерді бағалаңыз. Әр түрлі зерттелінген конституциялық типтердің нәтижелерін салыстырыңдар. 3. ОНЖ зерттеу әдістері. Орталық жүйке жүйесі – ми мен жұлыннан құралады. Оның негізгі функциясы – қозуды өткізу мен рефлекстік болып табылады. ОЖЖ-нің функцияларын зерттеу әдістеріге 2-ге бөлінеді – экспериментальдық және клиникалық. Экспериментальдық әдістер – жануарларға, клиникалық әдістер адамдарға жүргізіледі. Экспериментальдық әдістерге жатады: Экстирпация әдісі – комиссуротомия – миды екі үлкен жарты шарға бөлу, лоботомия – миды жоғарғы және төменгі бөліктерге бөліп зерттеу. Бұл әдіс арқылы кесіп алынған ми бөлігінің функциясын зерттеуге болады. Стереотаксикалық әдіс – стереотаксикалық инструмент көмегімен мидың терең бөлігіне әртүрлі жазықтықта электрод енгізу арқылы зерттеу. Потенциалдарды тудыру әдісі – ЭЭГ-ны қолдану арқылы ми нейрондарын тітіркендіріп, мидың электрлі белсенділігін анықтауға арналған әдіс. Шартты рефлекстер әдісі – ми қыртыстарының даму механизмдерін зерттеуге арналған. Модель жасау әдістер – концентуальдық, физикалық, математикалық болып бөлінеді. Мидағы процесстерді түсіну үшін жасанды модель жасап зерттеу әдісі. Клиникалық әдістерге жатады: Электроэнцефалография – мидағы электрлік потенциалдарды пайда етіп, оларды тіркеу үшін қолданылады. Эхоэнцефалография – миға ультрадыбыстық зерттеу жүргізу, бұл әдіс көмегімен ми тіндері мен бас сүйектегі патологиялар анықталады. Реонцефалография – реографтың көмегімен мидың қанмен қамтамасыз етілуін зерттеу. Зерттеу электродтарды бас терісіне бекітіп, электроимпульстар жіберу арқылы жүзеге асырылады. Мидың әртүрлі бөлімдерінің реограммасы жазылынады. Компьютерлік томография – мидың ішкі құрылымын, тіндерін, сүйегін рентген сәулесі арқылы зерттеу. Магнитті резонанстық томография – сутек атомдарының магнитты резонансын қолданып, мидағы патологияларды анықтауға арналған объективті әдіс. Электроэнцефалография – мидың биоэлектрлік белсенділігін анықтаумен сипатталады. Алынған нәтиже – электроэнцефалограмма деп аталады. Зерттеу электродтар арқылы жүзеге асырылады. Электродтар фиксациялануы мен пішініне қарай – ине тәрізді, мостик тәрізді, базальді, шыны тәрізді болып бөлінеді. .Электроэнцефалограмманың жиілігі мен амплитудасына байланысты 4 типке бөлінеді. 1.Альфа ырғақ синусоидқа ұқсайтын ырғақты тербеліс жиілігі сек.8-13рет, 50мкВ.Бұл ырғақ түрі адам қимылдамай психикалық тыныштық күйде болса мидың шүйде және төбе бөлімінде анықталады. 2.Бета ырғақтық жиілігі сек.13,аплитудасы 20-25мкВ ой жұмысында,эмоция,тітіркену кезінде пайда болады. 3.Тета-өте сирек болады,ырғақ жиілігі 4-8рет,амплитудасы 100-150мкВ ұйықтағанда,гипоксия,наркоз кезінде кезедеседі. 4.Дельта-жиілігі 0.5-3.5рет ,амплитудасы 200-300 мкВ,терең ұйықтағанда,наркозда,гипоксияда және мидың потологиясында кездеседі. ЭЭГ көмегімен ісіктер, қабынулар секілді патологиялар анықталады. 4. Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі) ОЖЖ- жүретін, үрдіс ретіндегі тежелу, 1862ж. И.М. Сеченовпен ашылды. Аралық миды тітіркендіру, жұлынмен іске асырылатын, рефлекстің тежелуін тудыруы мүмкін. Әрі қарай ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері, жұлынның рефлекторлық әрекетін тежеуі немесе жеңілдетуі мүмкін. Жұмысқа қажеттілер: препаровкалық құралдар, штатив, секундомер, 100 мл 3 химиялық ыдыстар, біреуі- 200 мл, NaCl тұздары, 0,5% -HCl ерітіндісі, Рингер ерітіндісі. Зерттеу объектісі – көлбақа. Жұмыс барысы:көлбақаны препоравкалық тақтаға ішімен жатқызып, тіркейді. Қайшының көмегімен басында кескін жасайды, кескін орнындағы бас қаңқасының терісін алады. Кішкене қайшының үшкір ұшын бас қаңқасының қақпағының астына ендіреді. Миды жарақаттамас үшін, ми қақпағына көлденең кескін жасайды. Қақпақты екі бүйірі бойынша сүйекті кесе отырып, ми қақпағын алып тастайды. Өткір пышақпен (скальпельмен) көру төмпегінің үстінен кескін жүргізеді және кескіннен жоғары ми ұлпасын алып тастайды. Көлбақаның жоғарғы жағымен штативке іледі және Тюрк әдісі арқылы (99 сурет, А), (№3-жұмысты қараңыз) рефлекс уақытын анықтайды. Фильтрленген қағаз арқылы ми беткейін кептіреді және көру төмпегіне NaCl (99 сурет, Б) тұздарын салады. Содан соң тікелей рефлекс уақытын анықтайды, тұзды алып тастап, миды физиологиялық ерітіндімен жуады. 5 минут уақыттан соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды. Жұмыс нәтижелері және оны бейнелеу. Тәжірибе жобасын сызыңыз. Тәжірибенің әр түрлі жағдайларындағы рефлекс уақытын жазыңыз. Көру төмпегіне салынған ас тұзының әсерімен, рефлекс уақытының өзгеру себептерін талқылаңыз. Бақыланған құбылыстың сипаты туралы қорытынды жасаңыз. Қорытынды: 5. Сүйектік және ауалық өткізгіштігін зерттелуі Жұмыс барасы: Сүйекті өткізгішті байқау үшін дыбыс шығарғыш камертонның аяғын зерттелушінің самайдың ортасына орналастырады. Зерттелуші екі құлағымен де дыбысты бірдей күшпен еститіндігін белгілейді. Содан соң бір құлаққа мақта тығып, тәжірибені қайталайды. Мақта тығылған құлақта дыбыс қатты естілетін сияқты болады. Бұл кезде дыбыс есту рецепторларына бассүйектің ең қысқа жолымен жеткендігімен түсіндіріледі. Әріқарай екінші зерттелушінің құлағын бірінші зерттелушінің мақта тығылмаған құлағын резеңкелі түтікпен жалғастырады. Екінші зерттелуші дыбысты дәл солай естиді, себебі дыбыс толқындарының кеңістікті бағанада таралуы жүреді. Сүйекті және ауалық өткізгіштікті салыстыру үшін сонымен қатар Ринне тәжірибесі жүргізіледі. Дыбыс шығарғыш камертонның аяғын самай сүйегінің емізікше тәрізді өсіндісіне тығыз жанастырады. Зерттелуші біртіндеп әлсізденген дыбыс естиді. Дыбыс өшкен кезде камертонды құлаққа апарады. Зерттелуші қайта дыбыс естиді. Секундомер көмегімен дыбыстың естілу уақытын анықтайды. Тәжірибе кезінде есту талдағышы бейімделмеуі үшін камертонды 0,5м алшақтатады, кішкене уақытқа қайта құлаққа әкеледі. Қорытынды: 6.Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу. Жұмыс барысы: зерттелушінің 3 рет 1 – 2 мин сайын оң қолдың максимальді және минимальді артериялық қысымын, пульсін өлшейді, эмоционалды тыныштық және бұлшықет ширығуының жоқтығы кезінде зерттелушіні арқасына жатқызған қалпында пульсін есептейді. Есептеу үшін минимальді көрсеткіштерді алады. Негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын Рид формуласымен есептейді: Ауытқу дәрежесі = 0,75*(пульс жиілігі+пульс қысымы*0,74)-72 Сонымен қатар намограмманы қолданады. Қорытынды. 7. Қозғыш тіндерде биоэлектрлік құбылыстарды көрсетудің биологиялық әдісі (Л.Гальванидің І және ІІ тәжірибелері). «Тірі электрліктің» бар екендігін бәсекелессіз дәлелдейтін Гальванидің 1-тәжірибесінің мәні- жүйке-бұлшықет препаратына биметалдық пинцет әсерінен кейін бұлшық еттің жиырылуы бақыланатындығында. Гальванидің 1-тәжірибесі: Жұмысқа қажетті құралдар: биметалдық пинцет, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, универсалды штатив, марлі салфеткалары, Рингер ерітіндісі, көлбақа. Жұмыс барысы: Көлбақаның екі артқы аяғынан препарат жасап, оны штативке іліңіз. Сосын бір браншасы мыста, ал екінші браншасы темірден жасалған пинцетті аламыз. Содан кейін мыстан жасалған браншаны жүйкелік өрімге апарады да екнінші браншасын аяқ бұлшықетіне саламыз. Осының нәтижесінде аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз. Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жобасын салыңыз, бұлшықеттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз. Гальванидің 2-тәжірибесінде (металсыз жиырылу) балтыр бұлшықетінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшықеттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшықет жарақаттанғанда бақыланады. Жарақаттанған және жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, «жарақат потенциалы» немесе «демаркациялық потенциал» деп аталады. Бұлшықеттің жарақаттанған электрлі-теріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшықеттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын, тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тәжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей әсер ететін токтың тітіркендіргіш әрекеті болып табылады. Жұмыс барысы: Көлбақаның артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын шонданай нервін жақсылап препараттап, ол нервіні омыртқа жанынан кесеміз. Санның төменгі бөлігіндегі бұлшықетті қиып өтіп, әйнек ілгішпен тез арада шонданай нервін алып, тез арада бұлшықеттің үстіне қою керек. Ол жанағы санның жарақаттанған және жарақаттанбаған аймағвн бір уақытта жанау керек. Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: тәжірибенің жобасын сызыңыз, қорытындыда артқы аяқтар бұлшық етіннің жиырылу себебін қорытындылаңыз. 8. Электроэнцефалограмманы талдау. Электроэнцефалограмманы талдау. Жұмыстың мақсаты: электроэнцефолограмманың құрылысымен танысу. Мидың әртүрлі биотоктарын жазу үшін өте кең тараған арнайы специкалық құрал электроэнцефолограмма. Бұл тәсілмен өлшеуде адам миының биотоктары мидың бетіндегі тіркелген электродтарменен өлшейді. Биоэлектрлік құбылыс ЭКГ-да периодты және апериодты толқындармен әртүрлі валтабен және жиіліктермен байланысты. Қазіргі кезде ЭКГ-дағы электрлік тербелістер жиілігі мен амплитудасына және әрекеттік маңызына байланысты төрт типке бөлінеді: альфа, ветта, тета, дельта Жұмыс орындалуы: Сыртқы электрлік және магниттік өріс әсерінен саналатын арнайы экрандық камерада тіркелуді жүргізеді. Шлемм түріндегі электрографты бекітетін және шығарушы электродтардан тұратын арнайы электродты құрылым көмегімен электродтық толқын шығады. Электр терімен ұласуын қамтамасыз етіп, үлкен кедергілер болмау керек. Зерттеушіге түрлі әсері әрекет етілгенде ЭКГ жауап бере бастайды. 1)Көзін жұмдырып бұлшықеттің босаңсып ұстап тұруын сұрайды. Бірнеше минуттан соң ЭКГ-да α-ырғақ пайда болғандығын байқайды. Көзін ашқыздырып қойғаннан кейін α-ырғақ бұзылуы көрінеді. 2) 20Гц жарық сигнал берілу жиілігін фотофоностимуляторда тұрғызып, жарық әсерінен берілу кезеңін жазу үшін ЭКГ-ден байқайды. Кесте. Элекроэнцефалограмма параметрлерінің көрінісі және әртүрлі ритмдердің тіркелу шарты.
9. Көз қарашығының рефлекстері. Жұмыс барысы: Зерттелуші шам жарығына қарама-қарсы отрырады. Зерттеуші, зерттелушінің екі көздің қарашығының өзгерісін бақылайды, содан соң, зерттелуші бір көзін алақанмен жабады, ал зерттеуші осы көздің қарашығының өзгерісін бақылайды. Содан кейін осы көздің ашылғандағы қарашықтың өзгерісін анықтайды. Зерттелуші екі көзін де 30 сек. жабады, ал зерттеуші екі көз ашылғандағы қарашықтың өзгеру реакциясын бақылайды. Келесі кезекте зерттелушінің алысқа көздерін тігуін сұрайды. Осы кезде 15 см. алшақтатылған саусақ ұшына немесе қаламсапқа көздерін жылдам тігуін қадағалайды. Осы уақытта зерттеуші көз конвергенциясы және біруақытта қарашық реакциясын бақылайды және көз өсі мен қарашық шамасы қалай өзгеретіндігін белгілейді. 10. Нерв-бұлшықет препаратын дайындау. Жүйке-бұлшықет жүйесінің физиологиясын оқу қозғалыс жүйесі мен жүйке жүйесі жайлы маңызды ақпарат алуға мүикіндік береді.Жүйке-бұлшықет физиологиясы (практикалық) тәжірибелік медицинада, жеке дәрігерлік бақылауында, жүйке аурулар клиникасында, ортопедияда және емдік дене шынықтыруда қажет. Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқуда жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады.Оны бақаның артқы аяғынан дайындайды.Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен (Седалищный нерв) шонданай жүйесі табылады. Жұмысқа қажетті құралдар: препарат дайындауға қажет құрал-саймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа Жұмыс барысы: Бақаны жансыздандырады, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп өтеді.Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып,қайшвмен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратады.Бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды.Ол үшін 2 дәке сүлгісін алып. Біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап тұрады, ал екіншісімен теріні ұстап. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратады.Эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады. Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстайды.Ұстаған кезде құйрық сүйегін (уростиль) жоғары қаратады.Ол үшін қайшымен кесіп өтеді.Көзбен қадағалап препаратты вентральді беткеймен аударады, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар алады.Бұл препаратты Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсайды. Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан (ахиллова) бастайды.Сіңірдің астынан ұзына бойы сесамовидный сүйегінің астынан кесіп өтеді.Өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын тканьдардан ажыратады. Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырады.Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз.Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі. 11. Көру өткірлігін анықтау. Жұмыс барысы: Көру өткірлігін анықтау үшін 12 бағанға орналасқан әріпті белгілі Сивцев – Головин стандартты кестесін қолданады. Әр бағанға әріп мөлшері жоғарыдан төмен қарай. Әр бағанның бүйірінде арақашықтықты белгілейтін сан болады, бұдан берілген 1 көру бұрышынан әріпті қалыпты көз анықтайды. Кестені жарық қабырғаға іледі немесе қосымша электрлік лампамен жарықтандырады. Зерттелушіні кестеден 5м қашықтықта орындыққа отыруын және арнайы қалқамен көзін жабуын сұрайды. Тәжірибеші сілтеуішпен зерттелушіге әріптерді көрсетіп, оларды атауын сұрайды. Анықтауды бағанның жоғарғысынан төменге қарай түсіре отырып, ең төменгі бағанды көрсетеді. 2 – 3 секунд ішінде зерттелуші барлық әріптерді дұрыс айтады және анық көреді. Содан соң көру өткірлігін мына формула бойынша есептейді: V=d/D, мұнда V – көру өткірлігі, d – зерттелушінің кестеден арақашықтығы, D – қалыпты көздің көру арақашықтығы. Содан соң екінші көздің көру өткірлігін анықтайды. Қорытынды: 12. Гаррис – Бендикс кестесінің көмегімен негізгі алмасуды анықтау. Жұмыс барысы: тәжірибеде зерттелушінің қалыпты жағдайдағы негізгі алмасуын спирометаболограф көмегімен анықтау керек. Бұл үшін зерттелушінің жынысына, жасына, бойына және дене салмағына сай арнайы кестемен немесе номограммамен негізгі алмасуды есептейді. Негізгі алмасудың бұзылыу мен сипатын тәжірибеден табылған ауытқу көрсетеді. Зерттелуші 21 жастағы әйел адам деп есептейік. Ростомер көмегімен оның бойын, дене салмағын өлшейді. Бойы – 160см және салмағы – 60кг. Негізгі алмасуды өлшеу үшін сәйкес кестені ашады. Өлшеуіш кесте екі А және Б кестесінен тұрады. А кестесінен – зерттелушінің салмағы 60кг-ға қарсы тұрған 1229 санын табады. Б кестесінен– көлденеңнен 21 жасты, тігінен – 160см-дің қиылысқан жеріндегі 198 санын табады. А – кестесіндегі 1229 санына, Б – кестесіндегі 198-ді қосады. Сонда зерттелушінің қалыпты негізгі алмасуы 1427 ккал құрайды. Тәжірибе барысында анықталған негізгі алмасу 1382,4 ккал теңеседі. Қалыптан ауытқу 3% шамасын құрайды. Қорытынды: 13.Маттеучи тәжірибесі. Қаңқа бұлшықеті жүйкенің ток күші әсерімен тітіркенуі (2-реттік тетанус). 1840 ж. Маттеучи, жүйке-бұлшықет препараты бұлшықетінің жиырылуын, келесі препараттың жирылған бұлшықетіне жүйкені салса да, тудыруға болатындығын көрсетті. Бұл тәжірибе, басқа препараттың жүйкесіне арналған тітіркендіргіш ретінде қолдануға болатынын, жиырылған бұлшықеттегі токтар мәні жоғары екендігін куәләндандырады. Осы токтар «Ток әрекеті» деген атау алды. Жумысқа қажетті құралдар: препараттауға арналған құрал-жабдықтар жинағы, лоток, стимулятор, электрод, әйнектен жасалған ілгіш, тығын пластинкасы, Рингер ерітіндісі және көлбақа. Жұмыс барысы: Көлбақаны жансыздандырамыз да, екі артқы аяғынан препарат жасаймыз. Сосын екі препараттағы шонданай жүйкесін әйнек іггіштің көмегімен тізе буынына дейін препараттайды. Сан сүйегі мен сан бұлшықеттерін түгелдей алып тастап, тек қана сирақ пен табанды қалдырамыз. Бір препарттағы жүйкені омыртқа кесіндісімен қалдырып, ал екіншісінде омыртқа кесіндісін алып тастайды. Екі аяқты да тығын пластикасының үстіне қоямыз. Бір жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін әйнек ілгіштің көмегімен электродқа қояды. Ал ол электродтар стимулятормен байланысты. Бұл препараттың бұлшықетіне ұзына бойы екінші препараттың жүйкесін орналастырады. Бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін ретмикалық тітіркенуге апарып соқтырады. Содан кейін аяқтардың титаникалық жиыруларын бақылайды. Жұмыстың орындалу кезінде жүйкені препараттағанда өте сақ болу керек! Өйткені жұмыс барысында жүйке кеуіп қалуы мүмкін. Әрине тәжірибеден бұрын бірінші жүйке-бұлшықеттік препараттың бұлшықеттік жазықтығын фильтр қағазы көмегімен кептіру керек. Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жүргізілу жобасын сызыңыз, қорытындыда ток әрекетінің туу себебін түсіндіріңіз 14.Бинокулярлық көру қабілетін зерттеу. № 6а жұмыс «екі қарындаш» Керекті құрал-жабдықтар: 2 карындаш. Зерттеу объектісі: адам. Жұмыс барысы: бір қарындаш үстел үстінде жатыр. Зерттелушіге көзін жұмбай тұрып екінші қарындашты үстел үстінде жатқан қарындаштың ортасына тигізе отырып перпендикуляр қоюын сұрайды. Бинокулярлық көру қабілеті қалыпты адам бұл жұмысты бір істегеннен-ақ тигізе алады,ал қалыпты емес жағдайда ол бірнеше рет қайталаса да істей алмайды . Содан соң зерттелушіге көзін кезекпен,яғни оң және сол көзін жұма отырып екінші қарындаштың ұшымен бірінші қарындашқа тигізу керек . Монокулярлық көру қабілеті бойынша бірінші қарындаштың ұшын екіншісіне тигізу қиын. Қорытынды: Зерттелуші көзі ашық кезінде екінші қарындашты біріншіге неше рет қайталағанда және қаншалықты дәл тигізгенін анықтаңыз. Бір көзі ашық кезінде бұл жұмысты жүзеге асыру не себепті қиын екенін түсіндіріңіз. № 6б жұмыс. «Алақандағы тесік» Керекті құрал-жабдықтар: Тесігі бар темір түтік. Зерттеу объектісі: адам. Барысы: Зерттелуші екі көзімен жақсы жарықтанған кеңістікке түтіктің тесігі арқылы сол қолымен ұстап тұрып қарайды .Зерттелуші сол қарап тұрған қалпында түтікке оң жағынан оң алақанын қояды . Егер зерттелушінің бинокулярлық көру қабілеті бұзылмаса, онда кеңістіктегі түтікпен көрген бейне алақанның ортасына өту арқылы «алақандағы тесік» сияқты көрінеді.Бинокулярлық көру қабілеті бұзылған жағдайда «алақандағы тесікті»көре алмаймыз. Қорытынды: Зертелушінің жауаптарына анализ жаса және бинокулярлық көру қабілетінің қалыпты немесе бұзылған жағдайына қорытынды жасаңыз. 15.Бозторғай немесе жапалақ» тесті бойынша жеке тұлғалық ерекшелікті анықтау 1. Сізге таңертең ерте тұру қыин емес пе? А) ия, әрқашан Б) кейде В) сирек Г) өте сирек 2. Сiз қай уақытта ұйықтауға жатуды дұрыс көресiз? А) түнгi бiрден кейiн Б) он бір жарымнан, он екіге дейін В) оннан, он бiр жаpымағa дейiн Г) онға дейiн 3. Таңертең тұрған соң, қандай асты дұрыс көресiз? А) тоқ тамак Б) көп, бiрақ каллориясы онша емес В)бутерброд немесе пісірілген жұмыртқа жеткілікті Г) бiр стакан шай немесе кофе жеткiлiктi 4. Үйде және жұмыста болатын сiздiң жеңiл ашуыңыз майда ұрыс ¬керiстердi еске түсiрiңiз. Олар кебiнесе қай уақытта болады? А) күннiң бiрiншi жартысында Б) күннiң екiншi жартысында 5. Қай нәрседен сiз жеңiл бас тарта аласыз? А) таңертеңгiлiк шай немесе кофеден Б) кешкi шайдан 6. Демалыс уақытыңызда сiз тамақты қабылдауға байланысты әдеттеріңізді өзгертесіз бе? А) өте оңай Б) жеткiлiктi оңай В) қиын Г) әдеттерді өзгертпеймін 7. Таңертеңнен сiздi маңызды icтep күтiп тұр. Кешке сіз қаншалықты ерте жатасыз? А) eкi сағаттан көп Б) бiр сағаттан көп В) 1 - 2 сағатқа Г) әдеттегiдей 8. Сіз бір минутқа тең уақыт арналған қалай дәл бағалай аласыз? Біреу сізді тексерсін. А) уақыт аралығы 1 минуттан кем Б) уақыт аралығы 1 минуттан көп 7 балл – таңергенгелiк тип, боз торғай 8 - 13 балл - аритмия лык тип, көгершiн 14 - 20 балл - кешкелiк тип, жапалак 16.Психикалық функцияларды зерттеудің физиологиялық әдістері. 17. 2. Парабиоз (В.Введенский), оның кезеңдері. Құрал – жабдықтар: миограф, кимограф, стимулятор, әмбебап штативі, электродтар, лоток, мақта, буландырғыш құралдар (препаровальный набор инструментов), лигатура 1% калий хлоридінің ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, бақа. Жұмыстың барысы: Парабиоз жайлы ілімді алғаш рет Введенский анықтаған. Жүйке - бұлшықеттік препараттың көмегімен жүйке қиындысынан импульстің өтуін зерттеу арқылы ол: электродтар арасындағы жүйке бөлігіне химиялық немесе наркотикалық заттардың әсер етуі және бірнеше уақыттан кейін бұлшықеттің жиырылуы қозуға жауап беруін тоқтатқанын анықтады. Парабиоз кезінде лабильдіктің күрт төмендеуі байқалады. Парабиоз біртіндеп дамитын 3 фазадан тұрады: теңестірулік; парадаксальді; тежегіштік. Жүйке – бұлшықеттік перпаратты дайындап, оны стимулятормен байланысқан электродқа орналастырады. Біркелкі стимулмен қоздырып және бұлшықет жиырылуының әлсіз және күшті қоздырғыштарын кимографқа қисық сызықтар арқылы тіркейді, мұны бұлшықеттің әлсіз және күшті жиырылуы деп атайды. Электродтан төмен орналасқан жүйкенің бір бөлігіне 1% калий хлоридінің ерітіндісіне батырылған мақталық тампонды орналастырамыз. Біраз уақыттан кейін (әдетте, парабиоздың дамуы 8-10 мин кейін басталады) жүйкені қоздырып және қозу күшінің жоғарылауы мен төмендеуі - бұлшықеттің жиырылуының бірдей амплитудада тіркелетіндігіне көз жеткізеді. Бұл парабиоздың теңестірілген фазасының басталуын көрсетеді. Әлсіз стимулдар жоғарғыамплитудалық жиырылуды шақырса, ал күшті стимулдар, керісінше, бұлшықеттің жиырылуының төменгіамплитудалық периодын шақырады. Бұл парабиоздың парадаксальді фазасы. Егер де бұлшықет жиырылуын тоқтатып, әлсіз және күшті қоздырғыштарға жауап беруін тоқтатса, онда оны парабиоздың тежегіштік фазасы деп түсінеміз. Парабиоз туралы ілім Н.Е. Введенскийге тән. Жүйке-бұлшық еттік препаратың жүйке кесіндісі арқылы серпініс өтілуін зерттегенде, ол химиялық немесе есірткілік заттарды электрод пен бұлшық ет аралығындағы жүйке бөліміне әсер еткенде тітіркендіргіш әсеріне бұлшық ет жиырылуының тоқтағандығын бақылады. Парабиоз кезінде қызметтік қимыл бірден төмендейді. Парабиоз біртіндеп дамумен сипатталады, онда үш: тепе-теңдік, парадоксальді және тежелуші кезеңдерді ажыратады. Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда парабиоз кезеңдерінің даму үрдісінде бақыланатын құбылыс тегершігінің қандай екендігін түсіндіріңіз. 18. 2. Идеалды массаны номограмма мен Брок формуласымен анықтау. Брок формуласымен сәйкес салмақты анықтау. Салмақ (кг) = бойы (см) - 100 20 жастан кейiн әр келесi 1О жылдықыта 60 жасқа дейiн алынған Брок көрсеткiштiң 3% - тiк өлшемiн қосамыз. Мысалы: 20 жаста, бойы - 180см, сәйкес салмақ Брок формуласы бойынша тең болуы тиiс: 180 – 100 = 80кт 30 жаста: 80кг + (80 * 3% / 100%) = 82,4кг 40 жаста: 80кг + (80 * 6% / 100%) = 84,8кг. 19. 2. Форстер периметрінің көмегімен көру өрісін анықтау. Жұмыс барысы: Көру өрісін анықтауды Форстер периметрінің көмегімен өткізеді. Периметрді жарыққа қарсы қояды. Зерттелушіні жарыққа арқасын қаратып отырғызады және периметр штативінің ойшасына иегін қоюын сұрайды. Егер сол көздің көру өрісі анықталса, иекті қойғыштың оң жақ бөлігіне қояды. Штатив ұшы көзшарасының төменгі шетімен келетіндей етіп реттейді. Зерттелуші бір көзбен периметр доғасының орталығындағы ақ дөңгелекті белгілеп, екінші көзді қолмен жабады. Периметр доғасын көлденең қалыпқа келтіріп, өлшеуді бастайды. Бұл үшін ақ марканы периметр доғасының ішкі беткеімен 90◦ - тан 0◦ - қа ақырын жылжытады. Зерттелушіні белгілінген көзге айыратын марканың қозғалмай көрінген кезін айтуын сұрайды. Сәйкес келетін бұрышты белгіліп, екіншілей тексереді. Көру өрісінің шекарасы дәл анықталғанына қарай, зерттелуші меридианы көбірек болады. Алынған нәтижемен екі түске де периметрлік сурет сызасыз. Ақ, жасыл және басқа түстердің көру өрісінің мөлшерін салыстырыңыз және олардың арасындағы айырмашылық себебін түсіндіріңіз. Қорытынды: 20. 2. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің доминанттық түрін пиктограммалар әдісімен анықтау. 21. Тұлғаның өзін-өзі бағалау тесті. 1. Үстем етуші адам 36. Кекшіл 2. Озбырлық 37. Ерекшеліктік 3. Желіктеушілік 38. Ойсыздық 4. Адалсыздық 39. Сұлулық 5. Ойсыздық 40. Жағымпаз 6. Ойламаушылық 41. Жалқау 7. Аямаушылық 42.Өтірікші 8. Ұялмаушылық 43. Кек алушы 9. Өкпесіздік 44. Әсемділік 10.Арсыздық 45. Ойлаушылық (пікіршіл) 11.Қатыгездік 46. Бояушылық (жайбасар) 12. Ұятсыздық, жолсыздық 47. Үндеместік 13. Ұятсыздық 48. Нәзхік 14. Бай 49. Зарлаулық (мазасыз) 15. Қажетті, маңызды 50. Тіл табыса алатындық 16.Сенімділік 51. Ержүректі 17. Көңілді 52. Ашық 18. Сыйлаушылық 53. Сенімсіздік 19. Әрекеттілік 54. Бас игіш 20. Еркінділік 55.Жасқаншақ 21. Өзін-өзі жоғары ұстайтын адам 56. Мылжың 22. Алға шабушылық 57.Ессіздік 23. Көкірек 58. Батыр 24. Ақымақ 59. Менменшіл 25. Тәртіпті 60. Еркіндікті жақсы көретін адам 26. Ақ көңілді 61. Күшті, мықты 27. Іскер адам 62. Әлсіз мінезді 28. Сараң 63. Өжетті 29. Өмірде көңілді 64. Жылауық 30. Көре алмаушылық 65. Көңілшек 31. Жұмбақ 66. Өзін сүйетін адам , өзімшіл 32. Сескенуші 67.Таршыл 33. Ұялшақ 68. Еңбекқор 34. Әлдеқаншайлық .69 Қорқақ 35. Ашуланшақ 70.Кең адам 1.Жоғарыда көрсетілген тізімдегі әртүрлі қасиеттердің сіздерге қатыстысын ескере отырып, өздеріңіздің ерекше болуларыңызға байланысты, соларды жеке есептеңіздер (х). Сол таңдалып алынған қасиеттердің ішінде сізге тән сандарын есептеңіз (у). Алдыңғы табылған сандарды (У) біріне-бірін (Х) бөліңіздер, нәтижесін А әрпімен белгілейсіздер: А=У/Х Мұнда, х- осы қаситке ұқсағым келеді; У- сізге тән қасиеттер 2. Жалпы тізімдегі қасиеттердің ішінде сіздерге тән емесін санаңыздар (М). Ал сонымен қатар жоғарыда көрсетілген қасиеттер сіздерге тікелей қатысы бар екендігін белгілеп, оның санын анықтаңыздар (N). Содан М санына 100-дікке дейін бөліп, нәтижесін Б әрпімен белгілеңіздер: В=N/M N-өзіңіздегі бар қасиет; М- сізге тән емес қасиет (антиидеал) 3. Ұсынылып отырған кесте бойынша анықталған сандарды орналастырып, координаттар нүктесін анықтап, олардың қай квадрат нөмірінде қиылысатындығын есте сақтаңыздар. Алынған нәтижелерді талдау 1.Сіз өзіңізді өте кемітесіз. Өзіңізге деген жек көрушілік, өзіңізді кінәлаушылық және сіз депрессиялық жағдайда болуыңыз мүмкін. 2.Сіз өзіңіздің кемшіліктеріңізге өте қаталсыз жіне олармен күресудегі мүмкіндіктеріңіздің аздығын сезінесіз. Сонымен қатар, өзіңіздің ерекшеліктеріңізді бағалай білмейсіз. 3.Сіз өз жеткіліктеріңізге объективті түрде қарайсыз. Бірақ қандай да бір нағыз кемшіліктеріңізден артығымен қиналасыз. 4. Сіз өзіңіздің кемшіліктеріңізді жоғары тұтасыз, осы кезде сол кемшіліктермен келісіп, қажеттілігін асырасыз. 5. Өзіңізде озбырлық қасиетті табуға тырысып, өзіңізді күмәнді көрсетесіз. 6.Сіз өзіңізге қатал қарайсыз, анықталған қасиеттерді табуға тырысасыз. Бірақ әлсіздік сезіп, еркіндіктің жетіспеушілігінен өзіңізді ұрысасыз. 7. Сіз өзіңізді бағалай білмейсіз, сол себептен өзіңізді өзіңіз қазбалайсыз, теріс көз-қараспен бағалайсыз, әртүрлі ыңғайсыз жағдайларды сезінесіз. 8.Сіз өзіңіздің ерекшеліктеріңізді бағалай білесіз, бірақсіз өзіңізге артығымен кемшіліктерді тіркейсіз. 9.Сіз өз кемшіліктеріңізге үлкен сынмен қарайсыз, бірақ өз ерек шеліктеріңізді артығымен бағалайсыз. 10. Сіз өзіңізде нақтылы және ойдан туған кемшіліктерді бар деп есептейсіз, бірақ оларды өзіңіздегі ерекше кездесетін жетістіктермен толықтырғыңыз келеді 11. Сіз өзіңізді қатал бағалайсыз және өз мінізіңізді тәрбиелеуге тырысасыз. 12.Сіз өз кемшіліктеріңізді объективті түрде бағалайсыз, бірақ өз кемшіліктеріңізді төмендетесіз. 13. Сіз өзіңізге толығымен сын көзбен қарап барлық жағдайларды бағалайсыз, бірақ шеткі болып қалмауға тырысасыз. 14. Сіз өз кемшіліктеріңізді бағалайсыз, бірақ өз кемшіліктеріңізді және ерекшеліктеріңізді асырып бағалайсыз. 15. Сіз өз кемшіліктеріңізді объективті түрде бағалайсыз, бірақ жақсылықтарыңызды өте жоғары көтересіз. 16. Сіз өз кемшіліктеріңізді түсінесіз, бірақ көбінесе басқа адамдардан көресіз. Сіздің принципіңіз: «Мен сыртқы орта әсерімен осындаймын». 17. Сіз өзіңізді былай бағалайсыз: «Мен ерекше болмасам да, басқалардан кем емеспін». 18.Сіз өзіңізді, өз ерекшеліктеріңізді объективті түрде бағалайсыз, бірақ өз кемшіліктеріңізге сынсыз қарайсыз. 19. Сіз өзіңізді артығымен бағалайсыз, щсы бағалауды шын жүрегіңізбен және қарапайым түрде істейсіз. 20. Сіз өзіңізге тән жақсы қасиеттерді өте жоғары көтеріп, кемшіліктеріңізді көргіңіз келмейді, тіпті болмаса жоқ деп есептейсіз. 21.Сіз өз жетіспеушіліктеріңізге теріс қарайсыз, бірақ өз ерекшеліктеріңізге немқұрайлы қарайсыз. 22. Сізге әртүрлі жағдайдың құрбанымын деу ұнайды. 23.Сіз өз ерекшеліктеріңізге толығымен объективті түрде қарайсыз, бірақ өз кемшіліктеріңіз өзіңізге құнды, себебі: оларды жеке басыңыздың аса ерекшелігі деп түсінессіз. 24.Сіз өз мінезіңіздегі кемшілікті байқамағаныңызды мойындамайтын жағдайда сирек қасиеттеріңізді өте жоғары бағалайтыңызда. 25.Сіз шынында да өзіңізді періштемін деп санайсыз ба? 22.Есту анализатораның зерттеу әдістері. 23. Жұлындық рефлекстің орталықты тежелуі (Сеченов тежелуі) ОЖЖ- жүретін, үрдіс ретіндегі тежелу, 1862ж. И.М. Сеченовпен ашылды. Аралық миды тітіркендіру, жұлынмен іске асырылатын, рефлекстің тежелуін тудыруы мүмкін. Әрі қарай ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері, жұлынның рефлекторлық әрекетін тежеуі немесе жеңілдетуі мүмкін. Жұмысқа қажеттілер: препаровкалық құралдар, штатив, секундомер, 100 мл 3 химиялық ыдыстар, біреуі- 200 мл, NaCl тұздары, 0,5% -HCl ерітіндісі, Рингер ерітіндісі. Зерттеу объектісі – көлбақа. Жұмыс барысы:көлбақаны препоравкалық тақтаға ішімен жатқызып, тіркейді. Қайшының көмегімен басында кескін жасайды, кескін орнындағы бас қаңқасының терісін алады. Кішкене қайшының үшкір ұшын бас қаңқасының қақпағының астына ендіреді. Миды жарақаттамас үшін, ми қақпағына көлденең кескін жасайды. Қақпақты екі бүйірі бойынша сүйекті кесе отырып, ми қақпағын алып тастайды. Өткір пышақпен (скальпельмен) көру төмпегінің үстінен кескін жүргізеді және кескіннен жоғары ми ұлпасын алып тастайды. Көлбақаның жоғарғы жағымен штативке іледі және Тюрк әдісі арқылы (99 сурет, А), (№3-жұмысты қараңыз) рефлекс уақытын анықтайды. Фильтрленген қағаз арқылы ми беткейін кептіреді және көру төмпегіне NaCl (99 сурет, Б) тұздарын салады. Содан соң тікелей рефлекс уақытын анықтайды, тұзды алып тастап, миды физиологиялық ерітіндімен жуады. 5 минут уақыттан соң қайтадан рефлекс уақытын анықтайды. Жұмыс нәтижелері және оны бейнелеу. Тәжірибе жобасын сызыңыз. Тәжірибенің әр түрлі жағдайларындағы рефлекс уақытын жазыңыз. Көру төмпегіне салынған ас тұзының әсерімен, рефлекс уақытының өзгеру себептерін талқылаңыз. Бақыланған құбылыстың сипаты туралы қорытынды жасаңыз. Қорытынды: 24.Дене температурасын дененің түрлі аймақтарынан анықтау. |