Главная страница
Навигация по странице:

  • Дәстүрлі тәсілдеме Инклюзия тұрғысынан тәсілдеме

  • Деңгей Мақсаттары/тәсілдемелері Жауапты

  • Инклюзивті оқу ортасын құру Қарым-қатынас

  • Сынып бөлмесінің жабдықталуы

  • Оқушылардың мінез-құлқын бақылау

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ресірс. 2.1-ресурс. 2 Ерекше білім беру ажеттіліктері бар балаларды оытуда жеке тсілдемені олдану. Инклюзивті оу ортасын ру. Жеке тсілдеме


    Скачать 41.92 Kb.
    Название2 Ерекше білім беру ажеттіліктері бар балаларды оытуда жеке тсілдемені олдану. Инклюзивті оу ортасын ру. Жеке тсілдеме
    АнкорРесірс
    Дата20.07.2022
    Размер41.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2.1-ресурс.docx
    ТипДокументы
    #634085

    ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУ ОРТАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

    2.1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жеке тәсілдемені қолдану. Инклюзивті оқу ортасын құру.

    Жеке тәсілдеме – білім беру процесін әрбір баланың өмірлік дамуының жеке ерекшеліктеріне сәйкес реттейтін психологиялық-педагогикалық принцип. Жеке тәсілдеме балаға деген адамгершілік қарым-қатынастан, оның құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде қабылдаудан көрініс табады. Осы тұрғыдан алғанда әрбір бала оқу-тәрбие процесінің белсенді қатысушысы болуы керек. Әрбір бала қайталанбайтын тұлға және ол кешенді оқу мен даму процесіне өз тәжірибесін, өзіндік оқу стилін, өзінің әлеуметтік моделін, өзіне тән әрекеттестікті, жеке табиғи қарқынын енгізеді.

    Жеке тәсілдеме инклюзивті білім берудің квинтэссенциясы болып табылады және инклюзивті білім беру саясаты, инклюзивті мәдениет негізінде білім беру мекемесі мен қоғамдастықтарда жүзеге асырылады.

    ЕБҚ бар балаларға арналған жеке тәсілдеменің қазіргі заманғы үрдістері дәстүрлі тәсілдемеден ерекшеленеді. Олар баланы жалпы білім беру ортасына қосуды, қосымша білім беру құрылымдары мен қолдау қызметтерін құруды, инклюзия формаларын әртараптандыру арқылы мектеп бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз етуді, оқу жоспарының икемділігін, дидактикалық технологияларды бейімдеуді көздейді.

    2.1-кесте. Жеке тәсілдеме мен дәстүрлі тәсілдеменің сипаттамасы.

    Дәстүрлі тәсілдеме

    Инклюзия тұрғысынан тәсілдеме

    ЕБҚ бар балалар тек қана арнаулы және көмекші мектептерде оқи алады.

    Балалар қолдау мақсатында құрылымдары мен қосымша білім беру қызметтері бар жалпы білім беретін мектептерде оқиды.

    Оқушылар арасындағы айырмашылықтар жасырын түрде болады немесе оларға проблема туындағанда ғана мән беріледі.

    Оқушылар арасындағы айырмашылықтар зерттеледі және олар оқу процесін жоспарлаудың негізі болып табылады.

    Жақсы ұғымының бір ғана басым анықтамасы бар (үздік оқушының анықтамасы – барлық пәндер бойынша жалпы оқу бағдарламасын меңгерген бала).

    «Жақсы оқушы» белгілі бір бағдар бойынша жеке дамумен сипатталады, (барлық оқушылар жақсы, оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты дамуындағы ілгерілеу көрсетіледі).

    Білім беру мақсаттары барлығы үшін бірдей.

    Білім беру мақсаттары оқушының мүмкіндігіне қарай жеке белгіленеді (жеке оқу бағдарламасы).

    Тапсырманы орындау уақыты қатаң шектелген.

    Тапсырманы орындау уақыты баланың қажеттілігіне қалай өзгертіледі.

    Мектеп нәтижелерін бағалау бірыңғай бағалау стандарттары негізінде жалпы оқу бағдарламасымен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

    Мектептің оқу жетістігі баланың дамуындағы ілгерілеуді ескере отырып, жеке бағдарламалар перспективасында қарастырылады.

    Бағалау барлығына бірдей тәсілмен жүзеге асырылады.

    Мұғалім бағалаудың көптеген стратегияларын қолданады.

    Ата-аналар оқу процесінің белсенді емес бақылаушылары болып табылады.

    Ата-аналар нақты міндеттеріне сәйкес оқу процесіне белсенді араласады.


    Жеке көмек оқушы оқитын сынып деңгейінде, мектеп деңгейінде, сондай-ақ мамандандырылған құрылымдардың қатысуымен көрсетіледі.

    2.2-кесте. ЕБҚ бар оқушыларды оқытуда жеке тәсілдеме қолдану/қолдау көрсету

    Деңгей

    Мақсаттары/тәсілдемелері

    Жауапты

    Сынып

    Бірінші реакция, оқушының қажеттілігіне жылдам жауап беру.

    Педагогикалық тәжірибеде жиі қолданылатын жалпы және жеке тәсілдемелерді көздейді.

    Пән мұғалімі

    Сынып жетекшісі

    Мектеп

    Сынып деңгейіндегі араласу жеткіліксіз немесе оқушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырмаған жағдайда жүзеге асырылады. ЖОБ (жеке оқу бағдарламасы), қосымша қызметкерлер мен қолдау қызметтерін қамтиды.

    Психолог

    Логопед және басқалар

    Жергілікті мамандандырылған құрылымдар

    Егер оқу орнында оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиісті ресурстар болмаған жағдайда тартылады. Көп салалы тәсілдеме.

    ППҚҚ

    Әлеуметтік құрылымдар

    Басқа мамандандырылған құрылымдар.

    Жеке тәсілдеменің мақсаты – оқушылардың білімдерінде олқылықтардың пайда болуына жол бермеу. Бұл жағдайда оқушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға басты назар аударылады. Жекелеген оқушыларда пайда болуы мүмкін қиындықтарды мұғалім алдын ала болжауы керек. Сондықтан мұғалім тапсырманы орындау кезінде қиындықтар туындаған оқушыларға оқулықта материалды алдын ала оқып, кестеге жүгінуді, осыған ұқсас жаттығуларды тағы да орындауды ұсынады, жетекші сұрақтар қояды, оқушының ойын бағыттайтын бірнеше сұрақтар береді.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жеке тәсілдеме әрбір пәннің ерекшелігін есепке алуды талап етеді. Мұғалім сыныпта оқушыға кез келген уақытта сұрақ қоя алатындай жағдай жасауы қажет. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдістерін меңгеру олардың психикалық қызметінің ерекшелігін құрайтын көрсеткіштердің барлық кешенін зерттеудің тереңдігіне байланысты. Әр оқушының жеке ерекшеліктерін білу педагогке оған ең тиімді тәсілдемені табуға көмектеседі. Жеке тәсілдемені жүзеге асыру кезінде:

    - баланың дене және психикалық дамуына әсер ететін бастапқы ерекшеліктерін;

    - сөйлеу, интеллект, эмоционалды-ерік саласының жағдайы;

    - балалардың жас және жеке ерекшеліктері;

    - балалардың тілектерін, мүдделерін, бейімділігін, мүмкіндіктерін көрсету және дамыту үшін жағдай жасау;

    - психикалық процестердің ерекшеліктері (қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау);

    - темперамент түрін ескеру қажет.

    Жеке тәсілдеме аталған ерекшеліктерді ескерумен қатар, әрбір баламен жеке, жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Балалардың кейбір санаттары үшін жеке сабақтар өткізу де дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

    Инклюзивті білім беру ЕБҚ бар оқушылар үшін маңызды және олардың басқа оқушылармен қарым-қатынасына сүйенеді. Мұғалімдер сыныптағы оқушыларға кейбір балалардың сөйлей алмауының, өзін басқаша ұстауын, қозғалыс қиындықтарының және т.б. себептерін түсіндіре алады. Мұғалім оқушылардың бір-бірімен қалай жұмыс істеу керектігін өздері анықтай алатындай оқу жағдаятын туғызуы тиіс.

    Инклюзияға деген теріс көзқарас әдетте, ең үлкен кедергі болып табылады. Сыныптағы/мектептегі балалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қарым-қатынасқа түсуге дайын болмауы мүмкін. Ал ата-аналар сынапта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болуы салдарынан «стандарттар төмендейді» деп балаларының оқуына алаңдаушылық білдіруі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімдер балалар, ата-аналар, әріптестер арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға деген жағымды көзқарас қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.

    Мұғалім сыныпта «пікір алмасу» үшін жағдай жасауы тиіс. Бұл тұста дайындығы бар оқушылар қиындықтары бар оқушыларға көмектесе алады. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың тек «көмек көрсету» нысаны болмауы үшін, мектептегі іс-шараларға үлес қосуға тарту керек.

    Топтық тапсырмаларды барлық оқушылардың жеке үлестерін қосуға мүмкіндік беретіндей бөлген дұрыс. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ойындар мен спорттық іс-шараларға қатыстыру алдын ала ойластырылады. Мысалы, көру қабілетінің ішінара бұзылуы бар баланы жүгірумен байланысты ойындарда қарапайым баланың қасына қосуға болады немесе ойын барысында барлық балалардың көзін орамалмен байлап жүгіртуге болады. Мектептегі шығармашылық іс-шараларға қатысуға ынталандыру арқылы барлық балалардың бойындағы қандай да бір талантты ашуға болады.
    Инклюзивті оқу ортасын құру

    Қарым-қатынас

    Білім беруде қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Мұғалімдер балалармен, балалар мұғалімдермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасап, араласуы керек. Мұғалімдер қарым-қатынас барысында балаларға түсінікті тілде сөйлеу керек. Оқушылар әртүрлі болғандықтан олардың оқу стилі де бір-бірінен өзгеше болады: кейбір оқушылар оқу материалын көру арқылы қабылдаса, кейбір оқушылар есту арқылы немесе істеп көру барысында жақсы қабылдайды. Шебер мұғалім қарым-қатыснастың түрлі құралары мен жолдарын қолданады және оқу материалын қайталау арқылы оқушыларға қолдау жасайды.

    Мұғалім қарым-қатынас барысында төмендегі ұсынымдарды ескергені жөн:

    • анық және дауысын сәл көтеріп сөйлеу;

    • қарапайым сөздерді қолдану;

    • орындықта отырып емес, барлық оқушы көретіндей тұрып сөйлеу;

    • оқушылардың назарын аудару үшін «мұқият тыңдаңыз» т.с.с сөз орамдарын қолдана отырып, олармен визуалды байланыс орнату, маңызды ақпаратты қайталау;

    • хабарламаны түсінікті ету үшін сөйлеу кезінде ым-ишара мен мимиканы қолдану;

    • балаларды сұрақтар қоюға тарту, егер түсініксіз нәрсе болса, балалардың барлығының дұрыс түсінгенін тексеру;

    • ауызша қарым-қатынасты көрнекі суреттермен және жазбаша хабарламалармен толықтыру;

    • ақпаратты нақты жеткізу үшін балаларды мимика немесе ым-ишараларды қолдануға шақыру.


    Сынып бөлмесінің жабдықталуы

    Сыныптың жабдықталуы оқушылардың оқуына көмектесуі немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін. ЕБҚ бар балалар мұғалімге және тақтаға жақын отыруы керек. Сынып бөлмесі балалар еркін жүре алатындай етіп ұйымдастырылады (әсіресе қозғалыс немесе көру проблемалары болса). Кейбір балаларға жарық көбірек қажет болса, ал кейбір балалар жарыққа сезімтал болуы мүмкін екенін ескеру керек.

    Оқушылардың орындықтары немесе парталарын топта бірге жұмыс істей алатындай орналастыруға болады. Егер сынып бөлмесі үлкен болса, сыныптағы парталарды уақытша кейбір балалармен жеке немесе шағын топтарда жұмыс істей алатындай орналастыруға болады.

    Өз тапсырмаларын басқаларға қарағанда ертерек аяқтаған оқушыларға арнап түрлі тапсырмаларды дайындап қойған дұрыс. Бұл оқылым материалдары, жұмыс парақтары және ойындар болуы мүмкін.

    Графиктер мен плакаттар (көрнекі құралдар) барлық балаларға жақсы көрінетін тұсқа, үлкен қаріптермен, суреттер және символдармен беріле отырып, ілінгені абзал.
    Жеке оқу бағдарламасы

    Мұғалімдер сабақ жоспарлау барысында балалардың жеке қажеттіліктерін ескеруі керек. Мұғалім сабақ жоспарлауда ЕҚБ бар балаға арналған жеке оқу бағдарламасында көрсетілген мазмұнды назарда ұстайды.

    Жеке оқу бағдарламасы жеке оқу жоспары аясында жасалады. Жеке бағдарлама әзірлеу барысында бағдарламаның кейбір тұстарын жобалауда мұғалім оқушылардың қажеттіліктері мен қызғушылықтарын анықтау мақсатында ата-аналардың балаға қатысты ой-пікірлерін сұрай алады алады. Ата-аналардың үйде баланы көтермелеп, көмектесуі маңызды. Ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау баланың күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.

    Функционалды жеке оқу бағдарламасын әзірлеу үшін мұғалімдер оқушының дайындық деңгейін бақылап, бағалап, оның мүдделері мен ерекше қажеттіліктерін ескеруі керек. Баланың өз бетінше не істей алатындығын, мұғалімнің, құрдастарының шамалы көмегімен немесе мүлдем көмексіз не істей алатындығын анықтау керек. Мұны мұғалім сыныптағы бақылауларына сүйене отырып немесе оқушыға қарапайымнан күрделіге дейінгі тапсырмаларды орындату арқылы олардың қабілеттерін анықтай отырып жүзеге асырады.

    Әр тоқсанның соңында баланың жеке оқу бағдарламасын қайта қарау ұсынылады. Бұл баланың үлгерімін талдауға және жаңа міндеттер қоюға мүмкіндік береді. Жаңа міндеттер бала үшін қолжетімді, баланың жаңа дағдыларды игеруде оның мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс. Бала ұсынылған материалды жылдам меңгерген жағдайда, жаңа міндеттерді қосуға болады. Ал міндеттер қиын болған жағдайда, балаларды олармен жұмыс істеуге ынталандыру үшін оларды біртіндеп, кезең кезеңмен ұсынған дұрыс.

    Жеке көмек

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар көмек пен қолдауды қажет етеді. Сондықтан, оқу - бағалау процесі олардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған жағдайда, олар көбірек нәтижеге қол жеткізеді. Балалар жеке көмекті қалай ала алады?

    Төменде мұғалімдер пайдалы деп тапқан кейбір идеялар берілген.

    Сынып қандай-да бір тапсырманы орындап жатқанда, мұғалім бір немесе екі баламен жеке жұмыс істей алады, олармен сабақтың белгілі бір материалын бекітеді немесе оларға тақырыпқа байланысты жеке тапсырманы орындауға көмектеседі.

    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар басқа оқушылармен бірге жұпта жұмыс істей алады. Басқа оқушылар өз тапсырмаларын аяқтағаннан кейін, жұптарына қолдау көрсетіп, көмектеседі. Мұндай «алқалы репетиторлық» оқушылардың барлығына пайдалы болуы мүмкін.

    Мектептегі жоғары сынып оқушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмектесуге дайын болуы мүмкін. Бұл әлеуметтік көмек курсының бір бөлігі аясында жүргізілуі мүмкін.

    Волонтерлер мен оңалту орталықтарының қызметкерлері жеке қолдаудың тағы бір көзі болып табылады. Олар баланы және оның отбасын бұрыннан білетіндіктен, бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өз көмектерін бере алады.

    Көмекші материалдар

    Балалардың қиындықтарын арнайы материалдар мен құрылғылардың көмегімен жеңуге болады. Мысалы, мектепте жүруді жеңілдету үшін көзілдірік, мүгедек балаға арналған арба, есту аппараттары.

    Дидактикалық құралдар: мұғалімдер көбінесе сабақта үлестірме материалдар, плакаттар, суреттер пайдаланады және т.б. оларды пайдалану оқу процесінде балалар үшін пайдалы болғандықтан, мұндай материалдарды әзірлеуге арнайы уақыт бөлген жөн. Тіпті осындай оқу материалдарын дайындауға сыныптағы басқа оқушыларды да тартуға болады.

    Сынып жиһазы: мүмкіндігі шектеулі балалар орындықта отыруда қиындықтар туындауы мүмкін. Олар денесін дұрыс ұстау үшін арнайы орындықтарды немесе құралдарды қолдана алады.

    Көлік құралдары: оларға қимы-қозғалыс қиындықтары бар балаларға арналған арбалар және көру қабілеті бұзылған балаларға сүйенуге арналған таяқтар кіреді.

    Байланыс құралдары: балаларға суреттерді, символдарды немесе сөздерді орналастырғанға ыңғайлы планшет беруге болады. Мұғалімдер мен балалар осылайша бір-бірімен планшет арқылы байланыса алады.

    Оқушылардың мінез-құлқын бақылау

    Мұғалім балалардың мінез-құлқының себептерін анықтай ала ма? Олар басқа балалардың немесе мұғалімдердің назарын өздеріне аударғанды ұнатады ма? Оқушының белгілі бір жағдайларда өзін ұстауын бақылай отырып, мұғалім оның мінез-құлқындағы ерекшеліктердің себептерін анықтай алады және тиісінше әрі қарай іс-әрекетін жоспарлау үшін шешім қабылдайды.

    Көбінесе оқушылар девиантты мінез-құлықтың басталуын ескертетін сигналдар жібереді. Егер мұғалім баланың бойынан девиантты мінез-құлықты байқаса, балаға жақын келіп, өзіне ұнаған тапсырманы орындауды сұрауына болады. Мұғалімдер баланы өзін дұрыс ұстаған кезде немесе берілген тапсырмаларды сәтті орындаған кезде, мақтап отыру керек. Мадақтау оқушының басқа сыныптастары алдында беделін арттырады. Қолайсыз мінез-құлықты жеңуге бағытталған жұмыс жоспары жағымды мінез-құлықты ынталандыруды қамтуы керек. Әйтпесе, бала не істеу керектігін ғана біледі және өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсінбейді. Сыныпта беделді оқушылардың басқалардың мінез-құлқына қалай әсер етуі мүмкін екенін талқылаңыз.
    Бірлескен жұмыс

    Мұғалімдер жалғыз өзі жұмыс істемеуі керек. Мектептегі басқа мұғалімдерден кеңес сұрағанның еш ағаттығы жоқ. Мұғалімдер бір- бірінен көп нәрсені үйрене алады. Мұғалімдер тобы аптасына бір рет 30 минутқа жиналуы мүмкін.

    Әр апта сайын мұғалімдер ЕБҚ бар балаға қатысты проблемаларымен бөлісіп, шешу жолдарын талқылай алады. Басқа әріптестердің ұсынған шешу жолдарының ішінен өзіне тиімдісін өз тәжірибесінде пайдалана алады.

    Мұғалім басқа әріптестерінің сабақты қалай ұйымдастыратынын көру үшін олардың сабақтарына қатыса алады және оларды өз сабақтарына шақыра алады. Осылайша мұғалімдер бірлескен жұмыс арқылы сабақтың жағымды жақтарын, сонымен қатар сабақтың жақсартуды талап ететін жақтарын талқылай алады.

    Мектеп мұғалімдерді инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарына жібере алады, содан кейін олар әріптестерімен курстан алған білімімен бөлісе алады.
    Пайдаланылған әдебиеттер

    1. Галина Булат, Светлана Курилов, Николае Букун. ; коорд.: Домника Гыну. Инклюзивное образование : Методическое пособие для непрерывного обучения дидактических кадров, работающих в области инклюзивного образования детей (Инклюзивті білім беру: балаларға инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін дидактикалық кадрларды үздіксіз оқытуға арналған әдістемелік құрал) ; Проект “Интеграция детей с ограниченными возможностями в общеобразовательные школы”, Fondul de Investiţii Sociale din Moldova, LUMOS (Protecting Children. Providing Solutions). – Кишинев : Б. и., 2016 (Tipogr. “Bons Offices”).

    2. What Really Works in Special and Inclusive Education. Second edition. by Routledge © 2014 David Mitchell.


    написать администратору сайта