Главная страница
Навигация по странице:

  • 2-көрініс

  • Милиция

  • 3-көрініс

  • Қайрат

  • Тергеуші

  • 4-көрініс

  • Жансезим. 2крініс


    Скачать 16.72 Kb.
    Название2крініс
    Дата19.10.2022
    Размер16.72 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖансезим.docx
    ТипДокументы
    #742234

    1-көрініс

    1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады.

    2-көрініс

    Автор: Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.

    Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді.

    Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!

    Жеңгесі: Қайрат, бері кел.

    Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.

    Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.

    Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.

    (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
    Автор: Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

    Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

    Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

    Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

    Жауыздықты жасаған да - Желтоқсан

    Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан

    Жазықсыздың көз жасына жуынып,

    Абақтыға тастаған да - Желтоқсан

    3-көрініс

    Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.

    Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

    Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

    Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

    Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?

    Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

    Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.

    Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала

    дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп

    мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен

    Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.

    Әйтпесе әкеңді де…

    Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.

    Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,

    «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?

    Кайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?

    Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.

    Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!

    Қайрат:

    Тоқта! Айтар сөзім бар.

    Күнәдан таза басм бар,

    Жиырма бірде жасым бар.

    Қасқалдақтай қаным бар,

    Бозторғайдай жаным бар.

    Алам десең алыңдар.

    Қайрат деген атым бар,

    Қазақ деген затым бар.

    «Еркек тоқты – құрбандық»,

    Атам десең атыңдар.

    (Қайратты кісендеп алып кетеді.)

    4-көрініс

    Автор: Қайраттың ату жазасына кесілгенін білген халық алаңға көтеріліске шығады. Сол себепті, сот шешімі Қайратты ату жазасынан өзгертіп, қамауға алынуын қабылдайды.

    Сонымен тарихқа көз жүгіртсек. 1990 жылы 25 қазан күні "Каз ССР-нің мемлекеттік егемендiгi туралы" декларациясына кол койылды. 2001 жылы Қазақстан айтулы күнді "Республика Кунi" деп белгiлеп жалпак журтка жария еттi. Бiрак арада 8 жыл өткен соң бұл мереке мемлекеттiк мерекелер тiзiмiнен алынып тасталынды.

    Арада уақыт өткен соң 2022 жылдың 25 қазанынан бастап, бұл мереке қайта мемлекеттік мереке болып аталып өтілетін болды.

    Қазақстан
    Жақсы атанды демессің сүйем десем,

    Табынатын тәңірім, ием де - сен.

    Адам болып күн кешу қиын маған.

    Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.

    Сен менің сүйегім мен қанымдасың,

    Жанымдасың, ұятым, арымдасың.

    Саған деген махаббат дамылдасын,

    Тек сенің топырағыңды жамылғасын.

    Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек,

    (Сырым бар саған айтар ішімде көп.)

    Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,

    Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.

    Қазақстан!

    Пай, пай, пай!

    Ардағым-ай!

    Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,

    Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

    Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...


    написать администратору сайта