Философия. ФИЛОСОФИЯ РК2 (1). Махаббат философиясы. Трлері
Скачать 197.37 Kb.
|
Махаббат философиясы. Түрлері Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді. Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ. «Эрос» сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды. «Рhilia» сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді. «storge» сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат. «Аgape» термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді. Орта ғасырларда христиандық ілімі махаббатты адамның мәнін терең ашатын адамгершіліктің ең жоғарғы принципі ретінде анықтаған болатын. Христиандық ойшыл Аврелий Августин махаббаттың үш түрлі формаларын көрсеткен болатын, олар: адамның құдайға деген махаббаты, жақыныңа деген махаббат және құдайдың адамға деген махаббаты. Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар: 1 Махаббат ол құмарлық; 2 Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім; 3 Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты; 4 Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды. Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар: 1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты; 2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты; 3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты. Енді махаббаттың сипаттамаларының ең маңызды ерекшеліктері неде? Осы сұрақтарды талдайық: Махаббаттың экзистенциалдық анықтамасы, яғни оның сезімінің терең осі – бұл сүйікті, ғашық адамыңды өзің сияқты көру, оған да өзіңе сияқты қарау, онымен өзіңді бір деп ұғыну. Мұнда сүйіп отырған емес, сүйікті адам маңыздырақ. Махаббат болашақты көруге меңзейді, алдағы перспективаларды көруге мүмкіндік береді; сүйіктіңнің, яғни ғашық адамыңның ерекше мүмкіндіктерін ашады. Махаббаттың басты құпиясының бірі – оның таң қаларлықтай, екі жақты оптика сияқты екендігінде. Сүйікті адамыңның жақсы жақтарын бинокльмен ұлғайтып көрсетіп, ал кемшіліктерін теріс айналдырылған бинокльмен кішірейтіп көрсететіндігінде. Адам өзінің сүйікті ғашығын әлемдік өлшеммен теңестіреді. Ғашық адамның іштей өзінің таразысы болатындай, ол таразының бір басына ғашығын, ал екінші басына бүкіл жер шарын қояды. Яғни бір жанды бүкіл адамзатпен тең дәрежеде қояды. Жақсы көру, сүю дегеніміз басқа адамды бүкіл әлемдік өлшем ретінде түйсініп, ұғыну, оны адамзаттың өкілі ретінде тану, оны бақытқа бөлеуге ұмтылу, оған адмзаттың шеңберінде қарым қатынас жасау, яғни оған шектен тыс қайырымдылықпен, мейірімділікпен және қамқорлықпен қарау. Шынайы махаббатта екі орталықтық, эгоистік қатынастар болмайды және бұл оның ең маңызды негізі болып табылады. Махаббатта сезімділіктің үш түрлі типері бар, олар: біріншіден, жалпы сезімдер, бұл бүкіл ғасырға тән барлық халықтардың махаббатында кездеседі, яғни бұл махаббатты басқа да сезімдерден ажыратып тұратын ерекшелік. Екіншіден, типологиялық сезімдер, яғни махаббаттың бір ғана типімен жақсы көретін адамдардың сезімдері сияқты, бірақ та махаббаттың басқа типімен жақсы көретін адамдардың сезімдеріне тіпті ұқсамайды. (мысалы, холериктің махаббаты – «гейзер», флегматиктің махаббаты – «мұхит» сияқты). Үшіншіден, «индивидуалдық, жеке» – бұлар басқа ешқандай адамдарға ұқсамайды; мұнда ерекше қайталанбас сезімдер мен осындай сезімдердің қайталанбас үйлесімдері көрініс береді. Махаббат бұл адам еркіндігінің көріністерінің бірі. Адамды ешкім біреуді немесе өз өзін жақсы көріп сүюге мәжбүрлей алмайды, өйткені оны жұмыс істетуге, тіпті зұлымдық жасатуға да мәжбүрлеуге болады, бірақ жақсы көргізуге емес. Жалпы махаббат дегеніміз, интуиция мен түсіну тәжірибесін талап ететін өнер болып табылады. Жақсы көруге, сүюге, махаббатқа деген қабілетсіздік биологиялық емес ол жанның, яғни психологиялық кемістік. Махаббат әр түрлі дәреже мен деңгейде дамуы мүмкін, махаббаттың болмауы мүмкін емес, махаббат болмаса адамзат та болмас еді. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы Қожа Ахмет Ясауи ортағасырлардың танымал,әсіресе түркі тілдес халықтардың арасында, жазушы, ақын, пәлсапашы және ұлы ойшыл. Түркістандық ғұламаның 90 мыңдай шәкірттері болған және ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Алайда тарихта үлкен із қалдырған тұлғалардың барлығы тек қана еселі еңбектерін емес, жұмбақ өмір сүрген ғұмырларында қалдырады десек болады. Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын жете түсіну үшін көптеген зерттеулер мен іздестіру жұмыстары жүрген болатын. Шынында да бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткердің дүниетанымы өз алдына танылмаған ғарыш секілді. Қожа Ахмет Яссауи - сопылықтың негізін салушы, ойшыл, ақын. Құдай барлық жерде бар, мәңгі бар, деп пайымдады ол. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық мектебі ұсынған сопылықтың зерттеушілердің пікірі бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Яссауидің сопылық мектебі бірнеше кезеңдерден өтуді талап етті: шариғат, тариқат, хакикат, магрифат. Шариғат - мұсылмандықтың ережелеріне сәйкес тақуалық өмір сүруді білдіреді; тарикат - дүниеден бас тартуды білдіретін мистикалық жол; магрифат - экстаздың мистикалық білімі мен жетістігі, Құдаймен уақытша бірігуі, хакикат - сопылар дүниелік құмарлықты басу арқылы кемелдікке жететін кезде, құдаймен үнемі бірге болу кезеңі. Қожа Ахмет Яссауи өз шығармаларын оғыз-қыпшақ диалектісінде жазған алғашқы талантты түркі ақыны болған. Оның ең танымал шығармалары - "Диван-и хикмет" ("Даналық кітабы"), "Мира-ул Кулуб" ("жан айнасы"), "Пакыр-нана" ("кедей туралы ертегі"). Бірақ бізге бірнеше нұсқада жеткен ең танымал Қожа Ахмет Яссауи "Диван-и хикмет" ("Даналық кітабы") болып табылады, ол қыпшақ диалектімен ескі түрік тілінде жазылған және түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасына жатады. Түпнұсқа сақталмады, бізге XV-XVI ғасырдың көшірмесі ғана жетті. Бұл шығармада Ясауи тарикатының негізгі ережелері жинақталған. Ислам дінін насихаттап, халықта мұсылмандықтың нығаюына ықпал етті. Қoжа Ахмeт Яcауи дүниeтанымында әулиe – даңғыл жoл иесі, өйткeні oл – халқына жақcы мeн жаманның, ақиқат пeн жалғанның айырмашылығын негіздейтін, Алла рақмeтінің қoғамдағы ұлы көрініcі бoлып табылатын дана тұлға. Этикалық ілімдердің тарихи типтері Әлем мәдениетінің бірінші ұстазы Аристотель игілік, теңдік, еркіндік, адамгершілік, ар-ождан туралы да ой пікірлерін білдіреді. Ол құндылықты қасиет деп көрсетеді. Ол өзінің "Эстетика" трактатында эстетикалық теориясының негізін қалауға тырысып, этика терминін ғылымға енгізеді. Ол этика ғылымның мақсаты адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру әрі саяси сана сезімін қалыптастыру деп көрсетеді. Этика тұжырымдамасының тарихы ежелгі Римнен басталады деп саналады. Римдіктер мораль ұғымын Этос сөзінен алған. Басқаша айтқанда, олар екі түрлі сөз болды, бірақ мағынасы бірдей болды. Бұл тұрғыдан алғанда, этика ғылымның жеке бір саласына айналып, мораль оның пәндерінің біріне айналды. Осыдан этика мораль туралы ғылым деп тұжырым жасауға болады. Этика - бұл, бір жағынан, жеке адамның моральдық сипаты мен ізгіліктерінің жиынтығын, екінші жағынан, адами қатынастар нормаларының жиынтығын зерттеу. Келесі, Этика философиясын қарастырған адам Сократ болды. Ол адамгершілік тұрғыда әрекет ету үшін игіліктің бар екенін және оған қалай қол жеткізу керектігін нақты түсіну керек деп әділ ойлады. Ол үшін белгілі бір даналық қажет. Оның көзқарасы бойынша, оған ие болған адам зұлымдық жасай алмайды, және тек жаман қылықтардың себебі болып табылады. Бұл ретте философ мемлекет және адамгершілік заңдарын нақты бөліп берді. Этиканың категориялары Этика категориялары - моральдың маңызды элементтерін көрсететін этика ғылымының негізгі түсініктері. Этика категориялары тек теориялық конструкциялар ғана емес. Теорияның формальды аппаратын құрайтын нәрсе сонымен бірге қоғамның өздігінен қалыптасатын санасында бар. Мәселен, мазмұнын Аристотель түсіндірген әділеттілік категориясы әр адамның санасында, кез-келген қоғамның, әлеуметтік топтың санасында бар. Этикалық категориялардың жүйесін анықтаудағы барлық әртүрлілікпен бізге жалпы танылған, теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды категорияларды бөліп көрсететін болсақ: - жақсылық пен жамандық; -достық -махаббат - әділеттілік; - ар-ождан; - жауапкершілік; - бақыт Достық - бұл адамдар арасындағы махаббат пен сүйіспеншілікке, мақсат бірлігіне, ұзақ мерзімді және жан-жақты достыққа негізделген өте тығыз қарым-қатынас. Махаббат - достықтың, бейбітшіліктің, адам өмірінің керемет үйлесімі. Онсыз өмір мағынасыз, қызықсыз және пайдасыз. Жомарттық - мейірімділік, жақсылық жасау және басқаларға көмектесу. Жақсылық пен жамандық - бұл әдептің орталық категориясы. Ар-ождан, ар-намыс және ұяттық ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды ажырату қиын. Ар-ождан мен ұят адамзат заңын іске асырудың қамқоршысы. Ұят - адамзаттың жемісі, сонымен бірге бәрінің серігі. Ұят болмаған жерде әдеп жоқ. Әділеттілік - адамзаттың ерекше формасы. Бұл адамзат қоғамын тану және танылыс арқылы көбейтіледі. Бақыт - бұл әдептің негізгі категориясы. Мәдениет тарихында фелицитология деп аталатын нысан болды, ол бақыт мәселесімен айналысты. Бақыт - бұл сүйіспеншілік дейді, бірақ кейбіреулер бақытың мақсатқа жетіу депте ойлайды. 5. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Адамгершіліктің бастауларын түсінуідің негізгі тәсілдері Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу. Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу. Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі: реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызметтер. Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады. Адамгершілік принциптері - бұл әлеуметтік және мәдени дамудың нәтижесі. Адамзат жақсы мен жаманнан туылмайды. Жыныстық қатынастарды реттеу, кісі өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық жасау, әлеуметтік еңбек бөлінісі және адамдар арасындағы ынтымақтастық адамгершілік құндылықтарын құруға айтарлықтай әсер еткен кейбір факторлар. Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру үшін жүйелі (қоғамдық) және жеке мүшелер арасындағы тепе-теңдікті дұрыс анықтау қажет. Жеке тұлға әлеуметтік. Мұны қарым-қатынастың жемісі ретінде көру - бұл адамды бағаламау. Тоталитарлық қоғамда «Ортақ мүдделер жеке мүдделерден басым» деген ұран моральдық қағидаларды бұзады. 6. Адамгершіліктің алтын қағидасы.(Конфуций) Алғашқы «Алтын ережені» Конфуций айтқан: «... Өзгелер үшін өзіңе керек емес нәрсені жасама». Мәсіх тауындағы уағызда да дәл осындай ой естіледі: “Адамдардың бәрін қалай істесеңіз, соны істей беріңіз”. Осы принциптің терең дамуы мен теориялық негіздемесін И.Кант өзінің «Тәжірибелік себептер сыниты» 3 еңбегінде келтірген. Кант ережесіне сәйкес, алтын ереже әр адамды басқаларға қатысты өзіне ұнайтындай әрекет етуге міндеттейді. Кант бұл қағиданы моральдық заң ретінде түсінеді, ол императивті әр адамға міндетті (яғни, мәжбүрлеу ретінде әрекет етеді, оның міндеті ішкі парыз сезімі болып табылады). Конфуций адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”,- дейді. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 7. Бұлжымас императив(И.Кант) Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан. Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданып, оны парыз ұғымы ретінде түсіндіреді. Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны». Бұл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды. Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте де пайдасын тигізеді. Әрбір адам түбінде ең қатал сот - өзінің ар-ұятының алдында жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза. 8. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. |