КЕНЖЕТАЕВА ЖАМИЛЯ ГЛОСАРИЙ. Глосарий
Скачать 23.04 Kb.
|
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ГЛОСАРИЙТақырыбы: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ Орындаған:Кенжетаева Ж.У. Топ:ҚтӘ-201 Тексерген:Балтымова М.Р. Ақтөбе ,2021жыл Инклюзив- бұл барлық оқушыларға пайдалы болатындай етіп тәрбиелеу және нақты қатысуды қажет ететін процес Адаптация – (лат. Adaptatio бейімделу, икемделу) белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі Реабилитация – оңалту қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді Логопедия – сөйлеу ақауларын ескерту әдістерін, олардың диагностикамен сауығуын зерттейтін дефектология саласы Афазия – кенеттен пайда болатын сөйлеудің бұзылуы Логопед- бұл әр түрлі әдістері арқылы сөйлеу кемшіліктерін түзейтін мамандар Дефектология – денсаулығында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасайтын бағытталған көмек түрі Психология – адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан –алуан сезім, интеллектуалды сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым Психолог – адамның ақыл –ой немесе жүйке – жүйесінде мәселе туындаған жағдайда көмектесетін мамандықтың бірі Сурдапедагогика - есту кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым, дефектологияның бөлімі Тифлопедагогика - (гр. typhlos – соқыр және педагогика) – педагогика ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі саласы Олигофренопедагогика - ақыл-ой дамуынан қалып қойған балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым (дефектологияның тарауы) Сенсорлық интеграция - бұл барлық сезімнің рецепторларынан жүйке жүйесі туралы ақпарат алатын процесс. Бүгінгі күні балалардың саны көбеюде дамуы мүмкін Педагогикалық – психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала Аутизм синдромы - (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі Мутизм - (лат. мutus- мылқау) - тіл аппараты сау бола тұра, тілдік қарым-қатынас жасаудан бас тарту Эхалалия - сөздерді және дыбыстарды дәл қайталау немесе қайталау ПМПК - дамуында проблемасы бар балаларды оқытудың түрі мен нысанын анықтау кезінде сараптамалық қызмет функциясын атқаратын мемлекеттік мекемелер Афазия - адамның сөйлеу қабілетінен жартылай не біржола айырылуы Моторлы афазия – өздігінен сөйлей алмайды Сенсорлы афазия - ауызша сөйлеуді түсіну қабілетін жоғалтумен сипатталады Алаллия - тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды Дизартия - бұлшықет әлсіздігі салдарынан пайда болатын сөйлеу бұзылысының түрі Диагностика- оқу-тәрбие процесін тиімді ету немесе оның нәтижесінің қоғам үшін маңызды екенін негіздеу мақсатымен оқу-тәрбие процесінің барысында оның алғы шарттары Әлеуметтік кіріктіру – арнайы мекемелерде оқыта алады Таным процестері – түзету, дамыту Диагностикалық әдістемелер – сөйлеу қабілетін бақылайды Сенсорлық қабілеттің бұзылуы – сөйлеу, көру, есту қабілеті бұзылғандар Қабiлет— бiр адамды екiншiсiнен ажырататын дара психологиялық ерекшелiк. Баршаға бiрдей тəн қасиеттерi қабiлет бола алмайды Потенциал – әр адамның бойындағы дарыны Интеллект– бір және бірнеше мәдениет ішіндегі бағалау деңгейін білу, мәселелерді шешу тәсілдерін білу, өз өнімдерін шығару Түзету – дамыту – баланы жеке педагог мамандармен дамыту жұмысының жүргілуі Ресурстық орталық - заманауи жабдықталған төрт бөліктен тұратын бөлме: ата-ана кеңес алу аймағы, баланың сергіту және демалу аймағы, ұстаздар мен арнайы мамандардың бірге жұмыс жасауға арналған аймағы Педагогикалық дайындық – педагогтың бойынд әдіс – тәсілдердің жақсы болуы Психологиялық дайындық – педагогтың іштей псохолгиялық дайындығының болуы Мониторинг – қоршаған табиғи ортамен жағдайының болжау мен бақылау Консилиум – бір немесе басқа білім саласындағы сарапшылардың мамандардың нәтижесі Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтарды бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне қосу Ағартушылық аспект – ата – аналарға білім беру туралы насихаттау Ақыл-ой кемістігі – ми қыртысының эмоционалды – еріктік және мінез –құлық салдарындағы органикалық зақымдалу |