Главная страница
Навигация по странице:

  • Қайда жүргізіледі

  • материал. матери, диплом. 2 слайд. Кедендік тексеріп арау кеден органдары лауазымды адамдарыны тауарларды орамаларын немесе клік ралыны жк тиелетін бліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді


    Скачать 20.31 Kb.
    Название2 слайд. Кедендік тексеріп арау кеден органдары лауазымды адамдарыны тауарларды орамаларын немесе клік ралыны жк тиелетін бліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді
    Анкорматериал
    Дата14.07.2022
    Размер20.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламатери, диплом.docx
    ТипДокументы
    #630805

    2 слайд. Кедендік тексеріп қарау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеті.

    5 слайд. Кеден органы кедендік тексеріп қарауды декларанттың, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттігі бар өзге де адамдардың және олардың өкілі болмаған кезде жүргізуге құқылы:
          1) аталған адамдар тауарлар мен көлік құралдары тапсырылғаннан кейін 10 күн өткен соң келмеген жағдайда;
          2) ұлттық қауіпсіздікке, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, ҚР халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп болған жағдайда және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де жағдайларда;
          3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберген кезде;
          4) тауарлар мен көлік құралдарын ҚР-ның кедендік аумағында кедендік режимді бұза отырып қалдырған жағдайда.

    6 слайд. 1) кедендік тексеріп қарау тауар партиясымен өткізілетін тауарлардың барлық атауларына, көлік құралынан барлық тауарларды міндетті түрде толықтай түсіре отырып тауар партиясын құрайтын тауарлардың барлық мөлшерінің көлеміне қатысты жүргізіледі. Қызыл дәлізге түскен тауарларға қатысты қолданылады.

    Бұл ретте уәкілетті лауазымды тұлға келесі оперцацияларды жүргізуді қамтамасыз етеді:

    • тауарларды толық өлшеу;

    • барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта санау;

    • барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта санау;

    2) 10 белгі дейіндегі СЭҚ ТН бір кодының тауарларына қатысты кедендік тексеріп қарау, кейін есептеу жолымен тауардың барлық партиясының санын және салмағын анықтай отырып, тауар орамының әрбір түрінің тек 1 данасын ашу, қайта санау және өлшеу жолымен жүргізіледі.

    3) егер, көлік құралына біртекті тауарлар (10 белгі дейіндегі СЭҚ ТН бір кодының тауарлары) тиелген жағдайда көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын қалыптастыра отырып, тауарларды ішінара түсіру жүргізіледі.

    7 слайд. тәуекелді басқару жүйесінің негізінде тағайындалған, кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде, бейнетүсірілімді жүргізу туралы ұсыным болған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қараудың барлық процесін үздіксіз бейнетүсірілімді жүргізуді қамтамасыз етеді.

    ҚР аумағына әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарларды анықтау мақсатында кедендік тексеріп қарау қажет болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары қызметтік иттерді пайдаланып жүргізеді.

    8 слайд. Кедендік тексеріп қарау жүргізілгендігі туралы актіде мынадай мәліметтер:

    Актінің 2-ші данасы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар адамға не оның өкіліне тапсырылады.

    9 слайд. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуді тездету және олардың тиімділігін арттыру үшін тауарлар (олардың мөлшері, құрамы, физикалық және химиялық қасиеті, түпнұсқалылығы, жасырын орындардың болуы және т.б.) қажетті мәліметтерді анықтауға мүмкіндік беретін кедендік бақылаудың техникалық құралдарының әртүрлі түрлері қолданылады.

    КБТҚ қолдану кезінде уәкілетті лауазымды тұлға адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтіруге жол бермеу мақсатында қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.

    КБТҚ-ның ішінде инспекциялық-тексеру кеші маңызды роль атқарады. ИТК көмегімен орташа немесе ірі габаритті тауарларды тексеруге, сондай-ақ көлік құралдарын, тауарлар орналасқан қөлік құралдарын, контейнерлерді және жүк орындарын қарап тексеруге арналған техникалық құралдар. Яғни, тауарлардың сыртқы қаптамалары мен орамдарын ашпастан, бүтіндігін бұзбай, қөлік құралдарынан немесе жүк орындарынан тауарларды түсірмей тексеріп қарауға мүмкіндік беретін КБТҚ болып табылады. (уақытты үнемдеу, жарамдылық мерзімі өтіп кететін тауарлар).

    ИТК жүк көлігінің кескінін және тасымалданатын жүктің, көлік құралының құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік беретін сипаттамалары бар, онда тасымалданатын жүктің бейнесін алуға мүмкіндік береді. Оларда тасымалдауға тыйым салынған объектілерді анықтауға, сондай-ақ тасымалданатын жүк көлемінің шамамен алынған бағасын жасауға мүмкіндік береді.

    Қайда жүргізіледі? Кедендік тексеріп қарау кеден қоймаларының, уақытша сақтау қоймаларының аумағында, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден бекеттерінде, ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өткен кезде, сондай-ақ ҚР-ның Кеден кодексіне сәйкес басқа да орындарда жүргізіледі.

    11 слайд. Заңсыз саудамен күресудің бір жолы – кедендік тексеріп қарау. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қараудың көмегімен кеден ісі саласындағы көптеген құқық бұзушылықтар анықталды.

    кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар - Экономиканың қауіпсіздігіне төнетін қатерлер, сыртқы сауда жағдайының нашарлауына және елдің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады.

    ҚБ: тауарлар мен көлік құралдарын кеден органдары арқылы заңсыз өткізу; тауарлардың саны, олардың таңбалануы, тауардың атауы, салмағы және көлемі туралы анық емес ақпарат туралы кеден органына хабарлама; тауарларды белгіленген нысан бойынша декларацияламау; тауарлар және көлік құралдары туралы жалған мәліметтерді мәлімдеу сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық – «контрабанда». Қатар жүретін сыбайлас жемқолрық

    Қорытынды. Жүргізілген зерттеулер негізінде қорытынды жасасам.

    Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау заңдылығын анықтау мақсатында тексерілетін тауарлардың кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкестігін яғни, физикалық, сапалық және сандық сипаттамаларын салыстыру арқылы сәйкестігіне өзара байланысты бағалауды алудан тұратын әкімшілік әрекет. Кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу, тыйым салынған заттарды әкелуге немесе әкетуге жол бермеу және жасырын контрабанданы анықтау, сонымен қатар кеден ісі саласында міндетті орындауға жататын рәсімдерді жүзеге асыру барысында құқық бұзушылықтардың орын алуын болдырмау болып табылады.

    Кедендік тексеріп қарау кеден рәсімі көмегімен тауарлардың декларацияда көрсетілінген мәліметтерге сәйкестігін,


    написать администратору сайта