Главная страница
Навигация по странице:

  • Дәріс сұрақтары 1. ҚР экономикасының даму жағдайы. 2. ҚР экономикасының салалық құрылымы 3. Экономиканы мемлекеттік реттеу

  • 2. ҚР экономикасының салалық құрылымы

  • 3. Экономиканы мемлекеттік реттеу

  • 4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері

  • Өндірістік кәсіпкерлікке

  • Комерциялық кәсіпкерлікке

  • лекция. 7 Экономика. 2таырып азастан Республикасы экономикасыны даму сипаттамасы жне оны мемлекеттік реттеу Сабаты масаты


    Скачать 30.83 Kb.
    Название2таырып азастан Республикасы экономикасыны даму сипаттамасы жне оны мемлекеттік реттеу Сабаты масаты
    Анкорлекция
    Дата18.09.2022
    Размер30.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла7 Экономика.docx
    ТипДокументы
    #683401

    2-тақырып
    Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
    Сабақтың мақсаты – Қазақстанның экономикалық даму деңгеиі оның халықаралық қатынастар мен сыртқы экономикалық байланыстарға түсуін, еліміздің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы, экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарын, кәсіпкерлік нысандары мен түрлерін оқып білу болып табылады.

    Негізгі терминдер : Жалпы ішкі өнім, сыртқы экономикалық байланыс, экономиканың салалық құрылымы, экономиканы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік нысандары, кәсіпкерлік түрлері, өндірістік кәсіпкерлік, комерциялық кәсіпкерлік, қаржылық кәсіпкерлік.
    Дәріс сұрақтары

    1. ҚР экономикасының даму жағдайы.

    2. ҚР экономикасының салалық құрылымы

    3. Экономиканы мемлекеттік реттеу

    4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
    1. ҚР экономикасының даму жағдайы

    Қазақстан ТМД елдері арасында өндіріс деңгейін алға қоюға тырысқан алғашқы ел. 1999 ж бастап соңғы жылдары елімізде экономикалық және әлеуметтік даму тұрақты қарқында дамып келеді: ЖІӨ көрсеткіштері, нақты табыс пен тұрғындардың еңбек ақысы, өсіп, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

    10 жыл бұрын ЖІӨ елімізде жан басына шаққанда 700$ болған болса, 2009 ж ол 3000$ жетті, ал 2020 ж 5800$ АҚШ доллары есебінде болады деп жоспарлануда.

    ҚР қаржы жүйесінің басты прогрессивті белгілірінің бірі х/а экспорт. Қазақстан инвестиция алып оны игеруде ТМД елдері арасында алда келеді. Оның бұл көрсеткішке жетуіне біздің облысымыз да өз үлесін қосуда. Бүгінгі күні Атырау облысы республикамыздағы ең ірі өнеркәсіптік-аграрлық аймақ болып табылады. Республикадағы ЖІӨ-де облыс үлесі 1998 ж 3,4%-дан 2019 ж 5,2% өсті.

    ЖІӨ көлемінде өнеркәсіп -22%, құрылыс- 14%, транспорт пен байланыс – 11% құрайды.

    1999-2019 ж аралығында экономикалық өсудің жоғары қарқыны байқалады. Бұл уақытта жиынтық ЖІӨ республикада 50%-ға өсіп, Қазақстанның экономикалық даму қарқыны бойынша лидерлердің біріне айналуына мүмкіндік береді.

    Қазақстан экономикасы жылына 8,9 % өсті, бұл ТМД елдері және Шығыс Европа елдеріне ( РФ – 7,1%, Украина -5,3%, Венгрия-4,4%, Румания -3%, Польша-2,7 ) қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазақстан экономикасының құрылымы қазіргі уақытта нарықтың құрылымға жақындап келеді.

    Функционалдық мәнінде экономиканы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы өзара байланыстағы күрделі жүйе ретінде қарастыруға болады.

    ҚР сыртқы экономикалық дамуы деңгеиі оның халықаралық қатынастар мен сыртқы экономикалық байланыстарға түсуін қажет етеді. Еліміздің х/а еңбек бөлінісіне қатысуы өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан да СЭБ ерекше көңіл бөлу қажет.

    Қазақстандағы СЭБ мынадай халық шаруашылық тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.

    1. Экономикалық дамуды интенсивтілендіру мен оның тиімділігін көтеруге;

    2) Өндіріс сапасын жақсартуға, өнеркәсіптің прогрессивті технологиялық және экономикалық қатынастағы салаларының өсу қарқынының жеделдеуіне, сонымен бірге халық шаруашылық құрымын жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

    Қазақстанда әлемдік экономикалық одақтастыққа ену үшін қажетті алғышарттардың бәрі бар: шикізаттық, өнеркәсіптік, алыл шаруашылық, кадр потенциялы мен еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы.

    Қазақстан әлемде 130 астам елмен байланыс жасайды. Қазақстан экспортының 40% астам ЕО ( Европалық Одақтастық ) елдеріне бағытталған.

    Қазіргі уақытта Қазақстан экспорты құрылымдық шикізатпен толығуы алаңдаушылық туғызып отыр, ол әлемдік сауда тенденцияларына сай емес. Шикізат бағыты Қазақстанды әлемдік нарыққта қолайсыз жағдайда ұстап отыр

    Сонымен бірге облыс минералды өнімдер сатып алады- 40%, машина құрал-жабдықтары мен транпорт құралдары -30%, металлургиялық өнімдер -10%, химия өнеркәсібі өнімдірі- 8 %.

    Нәтижесінде импорттан экспорт басым бола отырып, 2009 ж сыртқы сауда балансының сальдосы қосылғаны байқалады. 2019 ж ол 307,4 млн. көлемінде болып, 2018 ж мен салыстырғанда ол 86 млн. –ға өскен.

    2018 ж біздің облыс экономикасына 745,7 млрд. тг. инвестиция тартылған. Негізгі үлесті Құмкөл алады. 2019 ж инвестиция көлемінің едәуір азайғаны байқалады. Бұл Тұзкөл жобасының 2 этапының аяқталуымен байланысты.
    2. ҚР экономикасының салалық құрылымы

    Қазақстан экономикалық материалдық базасын күделі салалар кешені құрайды. Мұнда өнеркәсіп негізгі рөл атқарады. Өнеркәсіп материалдық өндірістің басты және жетекші саласы. Өнеркәсіп (әсіресе, ауыр индустрия ) экономикадағы ұдайы өндірісті ұлғайтудың негізі болып табылады. Ауыр индустрия озық технологиялар мен өнеркәсіптің өндірістің барлық сплаларын, ауыл шаруашылық транспорт, байланыс, құрылыс, сауданы жабдықтайды.

    Өнеркәсіптің дамуы өндіргіш күштерді рационалды орналастыруға, еліміздің экономакалық аймақтарының дамуына, табиғи ресурстарды мақсатты пайдалануға алып келеді. Өнеркәсіп еліміздің қорғанысын күшейтудің негізі болып табылады, себебі ол қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы барлық техника түрлерін шығарады.

    Экономикалық бекітуіне қарай өндірістік өнеркәсіп 2 топқа бөлінеді:

    - Өндіріс құрал-жабдықтардан шығарушы салалар ( «А» тобы )

    - Тұтыну заттарын өндіруші өнеркәсіп ( «Б» тобы).

    Республикада маңызды салалардың бірі мұнай айдау, оның үлесі өнеркәсіптік өндірісте -5% құрайды.

    Мұнайды өндеу кеңінен үш аймақта шоғырланған:

    ОҚО (43%) , Атырау облысы (28%) және Павлодар (25%),2015-2019 ж орташа 1 жылға өндіріс өсімі республикада 8,7%.

    Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің өндірісі бойынша облысымыз республикада 1 орын алады 130,5%.

    Өндіріс көлемінде ең үлкен үлесті тау кен өндірісі алады (86%). Бұл салада физикалық көлем индексі 133,8%. газ өндірісі есебінен болды.

    Даму бағыттары біріншіден газ өндіруші өнеркәсіп пен машина жасау кәсіпорындары өсінуі байланысты.
    3. Экономиканы мемлекеттік реттеу

    Кәсіпкерлік іс-әрекет пен ел экономикасы дамуы белгілі бір деңгейде мемлекеттік саясатқа байланысты. Өзінің іс-әрекетімен мемлекет бұл процестерді жеделдетуі немесе мүлдем тоқтатып тастауы мүмкін.

    Нарықтық экономика қолайлы артықшылықтарына қарамастан, барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді тұтас қоғам мен әр адам мүддесіне қарай автоматты реттей алмайды. Ол табыстың әлеуметтік әділ бөлінуін қамтамасыз ете алмайды, еңбек құқығын кепілдендірмейді, қоршаған ортаны қорғауды көздемейді, қоғамның аз қамтылған тұрғындарына жәрдем ете алмайды.

    Жеке бизнес қоғам мен мемлекеттік үшін өте қажетті, бірақ жоғарғы табыс әкелмейтін салалар мен жобаларға капитал салуға мүдделі емес. Нарықтық экономика және басқа да өзекті мәселелерді шеше алмайды. Сондықтан да кез-келген елде экономика қалыпты дамуы үшін мемлекет сәйкес жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.

    Мемлекет негізгі мынадай қызметтерді атқаруы қажет.

    1. Құқықтық негіз жасау. Мемлекеттік меншік құқығын анықтаушы, кәсіпкерлік іс-әрекетті реттеуші, өнім сапасын қамтамасыз етуші заңдарды жасап қабылдайды. Құқықтық негіз көмегімен мемлекет кәсіпкерлік субъектілер арасында қатынастарды реттеуші заңды ойын ережесін бекітеді.

    2. Елдегі құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мемлекет әр азамат, тұтас қоғамның және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Егер де мемлекет өзінің бұл қызметін тиісінше атқармайтын болса, елде қылмыстық жағдай дамуына мүмкіндік береді, мафия, коррупция, жемқорлық, сыбайластық және т.б. негативті жағдайлар кәсіпкерлік іс-әрекет, жалпы экономика дамуына кедергі болады.

    3. Экономиканы тұрақтандыру. Тұрақтандыру дегеніміз – экономиканың тұрақты дамуы, яғни негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оптималды ұстап тұру. Мысалы: Жалпы Ұлттық өнім(ЖҰӨ) көлемі, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі, бюджет тапшылығы және т.б.

    Экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін мемлекет сәйкес фискальды, қаржы-несие, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу арқылы қолдағы бар барлық рычагтар мен әдістерді пайдалану қажет. Тек қана инфляцияның өзінің мынадай кері әсері бар:

    - ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендету, бұл төлем балансы тапшылығы, өнеркәсіп өндірісі төмендеуі, жұмыссыздық өсуіне алып келеді;

    - ақшаның шет елге кетуі, әсіресе шет ел валютасы;

    - валюта девальвациясы, ол импорттық тауарлар бағасы өсуіне алып келеді;

    - азаматтар жинақ қорларының құнсыздануы;

    - инвестициялық белсенділікті төмендету;

    4. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.

    Мемлекет белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі керек. Мұның мәні барлық жұмыс істеушілерге ең төмен еңбекақыны, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны, зейнетақыны және т.б. аз қамтылған азаматтарға көмекті қамтамасыз ету.

    5. Бәсекені қорғау. Нарықтық экономикада бәсеке ең негізгі реттеуші құрал болып табылады. Ол экономиканы барлық сферасындағы прогресс негізі. Бәсеке жағдайында сатып алушылар-қожайын, нарық қызметшісі. Монополия жағдайында бұл күрт өзгереді де, сатып алушылардың қызметіне айналады.

    6. Шаруашылық заңдылықты жасау, қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру, кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін, салық салу, банк жүйесін құру. Бұл қызметтерін орындау үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтары мен әдістерін пайдаланады.

    Мемлекет экономикаға, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар болған жағдайда араласады. Олар позитивті немесе негативті болуы мүмкін. Мемлекеттің экономикаға араласу жағдайларына мыналар жатады: ұлтық қауіпсіздік талаптары, қоғамдағы әлеуметтік қиындықтар, экономикадағы негативті құбылыстар(өндіріс құлдырауы, инфляция, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, бюджет тапшылығы, әлемдік нарықта отандық тауарлардың бәсекеге қабілетсіздігі, инвестициялық құлдырау), қоршаған ортаның ластануы.

    Жағдайлары мен алғышарттарын білу мемлекет араласуына толық шарт емес, ол сонымен бірге мемлекет сапалық жағдайын бағалайтын критерий, белгілерін білуі керек.

    Жұмыссыздық. Бұл нарықтық экономиканың бөлінбес элементі. Оның жұмыс күні деңгейінің 4-6 болуы қалыпты саналады, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болып есептеледі. Табиғи фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жатады. Бұл жұмыссыздық тиімді жұмыс іздеумен, маусымдық үзіліспен, мамандыққа деген сұраныс өзгеруімен сипатталады. Сондықтан мемлекет мұндай жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен асқанда ғана реттеуі қажет.

    Инфляция. Инфляция дегеніміз – тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, ол жұмыссыздықтан да күрделі құбылыс. Тауарлар мен қызметерге баға әрқашан тұрақты болмағандықтан да, инфляция әлемнің барлық еліне тән. Сондықтан да белгілі бір деңгейге дейін ол өте қауіпті емес. Мемлекеттің қолданатын шаралары инфляция деңгейіне байланысты болады. Инфляцияның 2 типін көрсетуге болады: сұраныс инфляциясы; өндіріс шығындары өсуімен немесе жиынтық ұсыныс төмендеуімен байланысты инфляция.

    Бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығы дегеніміз – мемлекет шығындарының оның табысынан артып кетуі. Мұның белгісі ретінде жалпы ұлттық өнімдегі тапшылық үлесі алынады.

    Мемлекет өзінің қызметін орындау мен экономиканы реттеуде әкімшілік(тікелей) және экономикалық(жанама) әдістерді пайдаланады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің әлемдік тәжірибесі экономиканы реформалауда (кризис) дағдарыс жағдайында мемлекет ролі төмендейтінін көрсетті. Кез-келген жағдайда мемлекет кәсіпкерлік іс-әрекетке әсер етуде басты ережені ұстануы керек нарықтық негізді бұзып алмауы қажет. Кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік реттеудегі экономикалық әдістер әкімшілік әдіске қарағанда неғұрлым тиімді келеді. Экономиканы реттеудегі мемлекеттің негізгі рычагтары мыналар: салықтар, табыс пен ресурстарды қайта бөлу, баға қалыптастыру, мемлекеттік іс-әрекет, несие-қаржылық механизмдер т.б.

    Егер де экономикалық әдістер өз нәтижесін бермеген жағдайда мемлекет әкімшілік әдістерді қолдануға мәжбүр болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей әкімшілік әдістерді мына облыстарда қолдану тиімді:

    - табиғи мемлекеттік монополия (негіздік ғылым, қорғаныс және т.б.)

    - қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды пайдалану;

    - сертификаттау, стандарттау, метрология;

    - әлеуметтік саясат: кепілдендірілген төменгі еңбекақы; жұмыссыздыққа жәрдемақы және т.б.

    - сыртқы экономикалық іс-әрекеттер (экспортты лицензиялау мен несиелендіру, импортты мемлекеттік бақылау);

    Мемлекеттің фискальдық саясаты.Мемлекеттің фискальдық саясаты дегеніміз – экономиканы тұрақтандырып дамыту мақсатымен мемлекеттік бюджетпен салық салуды реттеу.

    Өндіріс құлдырауы кезінде жиынтық сұранысты арттыру үшін мемлекет қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүргізу шығындарын арттырады. Экономиканы көтеру үшін мемлекет тұрғындар мен кәсіпорындарға салықты азайту арқылы әсер етеді. Бұл жағдайда тұрғындардың тұтыну бұйымдарына сұранысы артады, кәсіпорындар қаржысының негізгі бөлігін инвестицияға жұмсайды, нәтижесінде экономика тұрақтанады.

    Мемлекеттік шығындардың төмендеуі кей жағдайларда мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі, бұл инфляциялық процестерді тежейді.

    Мемлекеттің фискальдық саясаты ең біріншіден экономикалық ауытқуларды реттеуге бағытталған.

    Қаржы-несие саясаты. Қаржы-несие саясаты дегеніміз – мемлекеттің банк процентін,ақша массасын мақсатты басқару. Бұл саясаттың мәні мемлекет ақша массасы мен проценттік ставкаға әсер етеді, ал олар тұтынушы мен инвестициялық сұранысқа әсер етеді.

    Қаржы-несие саясатын жүргізуде Қазақстанның орталық банкі басты роль атқарады. Қалыптасқан экономикалық жағдайға қарай проценттік ставканы реттей отырып, ол коммерциялық банктерге несие беру мүмкіндігін молайтады немесе кемітеді.

    Мемлекет экономика өсуімен инфляцияға құнды қағаздарды сату мен сатып алу арқылы әсер етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясат мемлекетпен бірге және байланысты жүргізілуі керек. Сонда ғана ол ел экономикасы мен кәсіпкерлік іс-әрекетке тиімді әсер етеді.

    Ғылыми-техникалық саясат. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету экономиканы көтеру мен елімізді қуатты-индустриалды мемлекетке айналдырудың маңызды факторы. Мысалы, Жапонияның әлемдегі ең алдыңғы қатарлы позицияға шығуы аз мерзім ішінде осы ҒТП негізделген мақсаттық мемлекеттік саясатты жүргізуге байланысты.

    Мемлекеттің бірыңғай ғылыми-техникалық саясаты дегеніміз – ғылым мен техниканың кешенді дамуын қамтамасыз ететін, оның нәтижелерін халық шаруашылығына енгізуге бағытталған шаралар жүйесі.

    Қазіргі уақытта қоғам мойындаған ғылым мен техника дамуының мынадай бағыттары бар: өндірісті кешенді автоматтандыру, халық шаруашылығын электрлендіру, жаңа материалдар мен олардың өндірісінің технологиясын жасау, биотехнология, атом энергетикасы және т.б. Бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу үшін мемлекет негізінен мынадай құралдарды пайдаланады: білім беру мен академиялық ғылым сферасын мүмкіндігінше қаржыландыру, прогрессивті амортизациялық және инвестициялық саясаты.
    4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері

    Нарықтық қатынастар көпдеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін артыра түседі. Ең соныңда бұл қызметтің ерекше түрі- кәсіпкерліктің пайда болуына әкеп соғады.

    Оның көмегімен адмдар тәуекелге бел буып, мүлікті жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісіне тапқырлыққа, жанашылыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дертікке, бастағаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жене білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалык прогреске жетуге тікелей қатысты.

    Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтін қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін концултациялық және комерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялар.

    Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:

    - Қазақстанның азаматтары;

    - Шетел мемлекетінің азаматтары;

    - Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).

    Кәсіпкердің мәртебесі заңды және занды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

    Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердін кепілдіктері ұлттық зандармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының реттелетіндер:

    - Кәсіпкерлік қызметпен айналысуқұқығы, кәсіп-орындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;

    - Барлық субъектілердің рыногтағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің тедік құқығы;

    - Меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіп орын қызметінің тендік жағдайы;

    - Кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;

    - Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін тандау;

    - Нарықтық манополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

    Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төмен беру өзгешілігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

    Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерцйялық және оржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіне ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады.

    Өндірістік кәсіпкерлікке-тұтынушылардың кейінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің мүделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтежесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.

    Комерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұның мәнің анықтайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату жәнеқай жерде екенің таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.

    Қаржылық кәсіпкерлік – комерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы – тауар болып есесптеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада мүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік – бұл комерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі комерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы актифті болып саналады.

    Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Сонғысын мына жағдаймен түсіндіріге болады:кәсіпкерлік өзінің мәнін жеке түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінінң материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы тудырады.
    Бақылау сұрақтары
    1. Экономикадағы реформалық өзгерістердің басты өлшемі.

    2. Қазіргі экономикалық даму үлгілерінде мемлекеттік реттеудің рөлі.

    3. Нарықтық қатынастарды дамыту үшін мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттері.

    4. Экономикадағы шағын бизнестің орны және экономиканы дамытудағы рөлі.

    5. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері

    6. Шағын бизнесті дамытудағы қиындықтар және оны жеңу жолдары


    написать администратору сайта