2тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар 9сынып аза тілі
Скачать 31.29 Kb.
|
Абдукаримова Патима Тилеубердиевна Тыңдаушы портфолиосы Шымкент қаласы «ПШО» филиалы А бөлімі 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 9-сынып қазақ тілі «Адам құқығы мен бостандығы. Синтаксис» бөлімі Оқу мақсаты : 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе); 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру; Бағалау критерийі Білім алушы Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдай алады; Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, жағдаятты талқылайды, өз ойын дәлелдеп жазады(аргументативті эссе) Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіре алады; Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану, талдау, жинақтау Орындалу уақыты 20 минут Берілген мәтіндерді мұқият оқыңыз. А мәтіні Адам құқығы Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті. Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы октардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е)кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Ә мәтіні Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) Жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды.Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC_%D2%9B%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%B1%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B 1-тапсырма. Осы мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін кестеде салыстыра талдаңыз.
2.Тапсырма «Адамның құқықтары мен бостандықтары» тақырыбы бойынша эссенің құрылымы мен даму желісін сақтап, жағдаятты талқылап, өз ойыңызды 100 сөзбен дәлелдеп жазыңыз (аргументативті эссе) Эссе жазу барысында салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз. ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатыстыата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні ----------------------------------------------------------
|