Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы

  • математика. 4 Ә математика пәні. Кні 02. 03. 2022 Пні математика Сынып


    Скачать 16.65 Kb.
    НазваниеКні 02. 03. 2022 Пні математика Сынып
    Анкорматематика
    Дата25.03.2023
    Размер16.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4 Ә математика пәні.docx
    ТипДокументы
    #1013712

    Күні: 02.03.2022

    Пәні: математика

    Сынып: 4 «Ә»

    Мұғалім: Дарханбаева Айнагуль Иманбаевна

    Сабақтың тақырыбы: Бөлшектер. Аралас сандар


    Оқушылар сабақтың оқу мақсаты бойынша жай бөлшектің негізгі қасиеті және жай бөлшекті қысқарту ережелерін пайдаланып, есептер шығару, дұрыс бөлшектерді , бұрыс бөлшектерді ажырата білу тиіс. Мұғалім оқушылардың ойлау қабілеттерін, оқу белсенділіктерін есепке ала отырып тапсырмаларды жоспарлаған. Жаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалім оны өткен тақырыппен ұштастыра білді. Мұғалімнің түсіндірмесі демонстрациялық көрнекілік құралдармен, дидактикалық материалдармен жүзеге асырылды. Сабақ барысында сандарды бүтін және бөлшек бөлігінің қосындысы түрінде жазу, аралас сандарды бүтін және бөлшек бөлігінің қосындысы түрінде және керісінше бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға берілген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүргізілді. Тапсырма оңайдан күрделіге қарай құрылып, білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасай алуына тиімді болды. Білім алушылардың басым көпшілігі дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырата алады. Оқушылардың басым бөлігі алымдары бірдей немесе бөлімдері бірдей жай бөлшектерді салыстыра алады, сан сәулесінде салыстыра алады. Кейбір оқушылар бөлімдері бірдей жай бөлшектермен қосу және азайту амалдарын орындай алады.

    Қарапайым дұрыс бөлшектер мен бұрыс бөлшектерге берілген амалдарды орындау кезінде жеке жұмысты қажет оқушылар да бар. Олар: Алтынбек Арайлым, Оразғали Аяжан, Медетова Мәдина, Диярова Дильназ, Тлепов Болатбек.

    Шығармашылықпен жұмыс жасауға талпынып, қызығушылық танытқан оқушылар да болды. Ойлау қабілеттерінің шапшаңдықтарының арқасында жаңа тақырып бойынша берілген тапсырмаларды дұрыс әрі тез орындай алды. Атап айтар болсақ: Болат Інжу, Баймуратов Абай, Жұмажан Назгүл, Куанғанова Айару, Болатбек Таңшолпан, Ұзақбаев Әбдісалан, Наурузов Арнур.


    написать администратору сайта