Главная страница
Навигация по странице:

  • Осыны айта отырып көне грек ойшылдары не айтқысы келді Осы ұғымдарға қандай мағына берді және қазіргі кездегі философтар қандай мағына береді

  • «Болмыс» және «болмыс емес», «болмыс емес» және «ештеңе» өзара қалай қатынасады Адам болмысы дегеніміз не және оның өзіндік сипаттамасы қандай

  • Философия пәні бойынша эссе жазу ережелері

  • Эссені бағалау критерилері

  • Физиология эссе. Философия эссе тақырыптары каз 2020-21. 20202021 жылды ысы емтихан сессиясына орытынды баылау ретінде барлы білім бадарламаларыны


    Скачать 18.05 Kb.
    Название20202021 жылды ысы емтихан сессиясына орытынды баылау ретінде барлы білім бадарламаларыны
    АнкорФизиология эссе
    Дата09.03.2022
    Размер18.05 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия эссе тақырыптары каз 2020-21.docx
    ТипДокументы
    #388255

    2020-2021 жылдың қысқы емтихан сессиясына

    қорытынды бақылау ретінде

    барлық білім бағдарламаларының

    2 курс студенттері үшін «Философия» пәні бойынша ұқсас эссе тақырыптары


    1. Иммануил Кант жазды: «ойлауға емес, ойлануға үйрету». Осы ойды эссе жазу барысында талдаңыз. Философия біз білетін емес, біздің қалай ойланатынымыз деген көзқараспен келісесіз бе? Философия деген не, қандай қөзқарастар бар? Ойлану – деген не? Философия саласындағы біліміңізді қолданып ойыңызды негіздеңіз.




    1. «Сана материалдылықтың «басқа болмысы» ретінде» деген тақырыпқа эссе-пайымдау жазу. Осы эссені жазу барысында сана, бейсана, өзіндік сана мәселелерін туралы алған білімдерді қолдану қажет. Олар қалай байланысқанын негіздеңіз?




    1. А.Камю «Егер шындықтан қашқың келмесе, одан адами құндылықтарды табу керек» деп жазды. Ал Сіз осы жайлы не ойлайсыз? Құндылықтар. Олар қандай сипатта және қалай құрылады? Осы уақытта жалпы адами құндылықтардың орны бар ма? Сіздің өміріңіздегі құндылықтардың орны?




    1. Достоевский «адам болмысының құпиялылығы өмір сүру үшін ғана емес, не үшін өмір сүруімізде. Нақты өзіне түсініктің болмауы, оған не үшін өмір керек, адам өмір сүруге келіспесе және жерде қалғанша өзін өлтіреді, тым болмаса оның айналасында егін болсын». Бұл «Ағайынды Карамазовтар» романынан үзінді. Ф.М.Достоевский адамның тағайындалуы туралы айтады, ал Сіз осы туралы не ойлайсыз? Адамның тағайындалуы туралы эссе-пайымдау жазу.




    1. Абайдың 31 сөзінде «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер». Ал Сіз осы туралы не ойлайсыз? Абайдың көзқарасымен келісесіз бе? Философия саласында біліміңізді қолданып, эссе-пайымдау жазу барысында өз жауабыңызды негіздеңіз.




    1. «Еркіндік жауапкершілікпен бара-бар. Сондықтан да көбісі одан қорқады» (Б.Шоу). «Адамда таңдау еркіндігі бар, әйтпесе ақылдар, үгіттеу, насихаттау, марапаттар және жазалаулар мәнсіз болар еді» (Ф.Аквинский). осы тұрғыда тағы қандай көзқарастарды білесіздер? Философия саласында біліміңізді қолданып, еркіндік тақырыбына эссе-пайымдау жазыңыз.




    1. «Бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ» - деп Парменид тұжырымдаған. «Болмыс емес болмыс сияқты өмір сүреді» - Аристотель.


    • Осыны айта отырып көне грек ойшылдары не айтқысы келді?


    • Осы ұғымдарға қандай мағына берді және қазіргі кездегі философтар қандай мағына береді?


    • «Болмыс» және «болмыс емес», «болмыс емес» және «ештеңе» өзара қалай қатынасады?


    • Адам болмысы дегеніміз не және оның өзіндік сипаттамасы қандай?

    • Болу немесе болып көріну – адам тіршілік етуінің баламалары




    1. Жаңа дәуір философиясында таным теориясы шеңберінде рационализм мен эмпиризм арасында талас жүрді. Ф.Бэкон мен Р.Декарт әдістерін салыстырыңыз. Осы әдістердің қайсысы Сіздің көзқарасыңыз бойынша тиімдірек және неліктен?




    1. Адамдарды бірігуге және қоғам құруға не итермелейді? Осы бойынша қандай көзқарастар бар? Өз ойыңызды негіздеңіз.




    1. Бұрынғыны тану қалай мүмкін? Өткеннің, қазіргінің және болашақтың байланысы қандай? Халық тарихының мәні барма? Осы бойынша қандай көзқарастар бар? Өз ойыңызды негіздеңіз.

    Философия пәні бойынша эссе жазу ережелері

    Эссе жазу үшін алдымен осы тақырып бойынша әртүрлі әдебиеттерде жазылған мәліметтерді оқып игеру керек. Сіз өзіңіздің жеке қөзқарасыңызды қалыптастыру үшін бұл тақырыпты түсініп қарастыруыңыз керек. Түп негізінде эссе, нақты фактлермен түйінделген сіздің жеке көзқарасыңыз. Эссе кіріспеден басталады, ол жерде бастысы - эссе тақырыбының өзектілігі. Кіріспе таңдалған тақырыптың маңыздылығын сипаттаудан тұрады, ол тым көлемді болмауы керек, үш-төрт сөйлем жеткілікті.

    Эссе мынадай құрылымнан тұрады: тезис-аргументация- жаңа тезис-жаңа аргументация, бұл жерде аргумент пен мысалдар философиялық ойлау тарихынан алынуы керек.

    Соңында – қорытынды ой-түйіндеме, осы мәселе бойынша сіздің көзқарасыңыз. Эссе нақты логикалық құрылымда болуы қажет.

    Осылайша пайыздық көрсеткіште: кіріспе – 30%, негізгі бөлім – 60%, қорытынды – 10% .

    Эссе жазу барысында азат жолды, абзацтан бастау, абзацтар арасындағы байланысты ескеру қажет, осылай жұмыстың толықтығына қол жеткіземіз. Күнделікті тұрмыстық тілмен жазылмауы қажет. Тақырыпқа қатысы жоқ ұғымдарды қолданбаймыз.

    Эссені бағалау критерилері

    (90-100) балы - білім алушы тақырыпты өте жақсы түсініп оның өзектілігін көрсете алған жағдайда қойылады. Өз ойын толық білдіріп, тақырыптың өзіндік ерекшелігін нәтижелі көрсетіп беруі керек. Ойшылдардың нақылдарын қолданып және оны талқылай алуы керек. Философиялық әдебиеттердегі білім негізінде берілген тақырыпты талдап, өзіндік қорытынды жасауы. Эссе берілген тақырыпқа сай толық байланысқан құрылымда болуы керек. Мұндағы ойлар логикалық тұрғыдан жүйелі дамуы керек. Мазмұндау тіл байлығы жоғары болып, сөздердің қайталануы болмау керек.

    (85-89) балы - тақырыпты түсінгенін жеткілікті деңгейде көрсетіп, негізгі ерекшеліктерін жіктей білуі. Философиялық әдебиеттердегі талдаулар негізінде талқылап, өзіндік қорытынды жасауы. Жауаптар берілген тақырыпқа негізінен құрылымдық жағынан байланысқан, бірақ жеткілікті жүйеленбеген. Жазу тілі анық емес.

    (70-84) балы – ойын толық жеткіліксіз көрсеткен. Жауаптар берілген тақырыпқа негізінен құрылымдық жағынан байланысқан, бірақ жеткілікті жүйеленбеген. Жазу тілі анық емес.

    (60-69) балы – тақырыпты толық түсінбегенін, кейбір өзгеше ерекшеліктерін көрсеткен. Тақырыпқа толық қорытынды жасамаған, және оны толық талдамаған. Тіл байлығы таяз.

    50-59) балы – тақырыпты толық түсінбеген. Тақырыпты талдауға әрекет жасаған. Жазу тілі анық емес.

    (0-49) балы – тақырыпты мүлде түсінбеген. Ешқандай талдау жоқ.


    написать администратору сайта