Тарих рк1-2 сұрағы. 20202021 оу жылына арналан азастанны азіргі заманы тарихы пні бойынша
Скачать 23.07 Kb.
|
БЕКІТЕМІН Кафедра жетекшісі ________ Ж.Т. Төлепбергени Хаттама № _____ «____»___________ 20___ж. 2020-2021 оқу жылына арналған «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының зерттеу объектісі мен пәні, мақсаттары, міндеттері, атқаратын қызметтері және негізгі зерттеу әдістері Зерттеу объектісі – адам және қоғам Пәні – адамзаттың даму заңдылықтары мен кезеңдері, ерекшеліктерін зерттеу Мақсаты-Мемлекетіміздің қазіргі заманғы дамуының негізгі кезеңдері туралы білімдер беру; Ұлттық мемлекет құру жолындағы “Алаш” қайраткерлерінің еңбектері туралы білімдерді жүйелеу; Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, мемлекетіміздің аз уақыт ішіндегі жеткен жетістіктерін дәрежесін айту. Міндеттері-Қазақ халқының шығу тегін, мемлекетіміздің территориясында өркениетті елдердің болғанын айта отырып, тарихи оқиғаларға обекьтивті баға беріп ғылыми тұжырым қалыптастыру; Қазіргі заманғы Қазақстанның дүниежүзі тарихының контекстіндегі маңызды орнын және ерекшелігін анықтау. Қазақстанның мемлекеттілігінің құрылуы, қалыптасу жолдарымен қиындықтары перспективалары туралы нақты ақпарат беру; Зерттеу әдістері Логикалық әдіс – тарихи оқиғаларды жүйелі, тәртіптік ретпен зерттеуге, себептілік-салдарлық байланыстарды анықтауға; Тарихи әдіс – оқиғаларды оған дейінгі және кейінгі болған жағдайлармен байланыстыра ретпен зерттеуге; Анализ және синтез – оқиғаларды нақты деректермен талдап зерттеп баға беру. Хронологиялық әдіс – болған оқиғаларды уақытпен кезеңімен жүйелеу; Салыстырмалы әдіс – белгілі бір уақытта болған оқиғаларды салыстыра отырып зерттеу; Негізгі қызметтері Танымдық қызмет – мемлекетіміздің, әлемнің тарихын және оның кезеңделуін білуге; Дүниетанымдық қызмет – ел тарихын баяндайтын ақпараттарды біле отырып өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға; Практикалық-саяси қызмет – мемлекетіміздің қалыптасуы, саяси даму жолдарын талдау; Болжамдық қызмет – қазіргі өзекті мәселелерді өткен уақытта қалай шешті, саяси қайшылықтарды реттеуде қандай әдістер қолданғанын білу және болжам жасау; Тәрбиелік қызмет – өткеннен сабақ алып, жас ұрпақта тарихи сана қалыптастыру үшін тірбиелеу. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының хронологиялық шеңберлері мен кезеңделуі, негізгі деректер мен зерттеулер. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан (1905-1917 жж.); Қазақстандағы Кеңестік құрылыстың қалыптасуы мен орнығуы кезеңі (1918-1935 жж.); Сталиндік-тоталитарлық дәуірдегі Қазақстан (1936-1945 жж.); ХХ ғ .ІІ жартысындағы реформалар кезеңіндегі Қазақстан (1946-1964 жж.); Тоқырау жылдарындағы Қазақстан (1965-1985 жж.); Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан (1985-1990 жж.); Тәуелсіз Қазақстан және қазіргі уақыт. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жәнеқазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының дамуы. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның аграрлық жағдайы мен өлкедегі қоныс аудару саясаты, оның отаршылдық сипаты. П.А.Столыпин реформалары. ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы, қызметі мен шығармашылығы.ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз және оның қоғамдық-саяси жағдайына әсері («Қазақ», «Айқап» және т.б.). Бірінші орыс революциясы және оның қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси идеялардың дамуына әсері.Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақ өлкесіндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметі мен іс-әрекеті. 1917 жылғы қос үкімет жағдайындағы Қазақстан және оның ерекшеліктері.1917 ж. шілдедегі I Жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясының құрылуы мен оның бағдарламасының қабылдануы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі, оның ерекшелікті сипаты және Қазақстанның саяси өміріне ықпалы. 1917 ж. ІІ Жалпықазақ съезі. «Алаш» және «Түркістан» автономияларының және ұлттық өкіметтерінің құрылуы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. Соғыстыңжүру барысы, майдандары мен негізгі соғыс қимылдары. «Әскери коммунизм» саясаты, оның қазақ өлкесіндегі жүргізілуі мен салдарлары. Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің құрылуы және оның Қазақстанды кеңестендіру бойынша атқарған шаралары, ұлттық мемлекет құру идеясына қарсы іс-әрекеттері. «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық республикасының» құрылуы және жаңа өкіметтің атқарған іс-шаралары. 1921-1922 ж.ж. ашаршылық және оның салдарларын жою бойынша атқарылған іс-шаралар. Қазақстандағы 1921-1922 жж. жер-су реформаларының жүру барысы мен ерекшеліктері. Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстандағы жүру барысы мен ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж). Қазақстанды жаңа аудандастыру ерекшеліктері. 1928 ж. тәркілеу саясаты, сипаты, жүру барысы мен салдарлары. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру: оның әдістері, түрлері, қарқыны және Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері. 1920-1930 жж. өнеркәсіпті индустрияландыру саясаты және оның Қазақстанда жүргізілу ерекшеліктері: талас тартыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың басты құрылыстары, қарқыны және нәтижелері, отаршылдық сипаты. Қазақстандағы 1929-1931 ж.ж. көтерілістер: сипаты, басты ошақтары, жүру барысы мен нәтижелері. Қазақстандағы 1931-32 жж. аштық нәубеті және оның демографиялық салдарлары. Қазақ зиялыларының «Асыра сілтеу» саясатына» қарсы халық мүддесін қорғау жолындағы күрестері. Т. Рысқұловтың және «Бесеудің хаты». Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы, оның әлеуметтік-экономикалық, этнодемографиялық және саяси ахуалы. 1937-1938 жж. репрессиялар мен қуғын-сүргін. ҚазақстанГУЛАГ жүйесінде. Қазақстан – лагерьлер өлкесі ретінде. Мәдени революция және оның Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері. Ағарту, ғылым және білім беру мәселелері. Қазақ Кеңестік өнері мен мәдениетінің қалыптасуы: музыка, театр, кино және т.б. 1920-1930 жж. Қазақ кеңестік әдебиеті және оның жаңа пролетарлық сипатқа көшірілуі. Отан соғысы қарсаңындағы (1936-1940 жж.) Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани жағдай. КСРО территориясында фашистерден Отанды қорғау соғысының басталуы.Қазақстандықтардың майдандағы көрсеткен ерліктері Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдер және олардың соғыс қимылдарына қатынасуы. Республика экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу (1941-1942 жж). Эвакуацияланған кәсіпорындардың орналастырылуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерен ерлігі. Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары. Қазақстандық партизандар және олардың Отан соғысындағы ерліктері. Соғыс жылдарындағы ұлт және депортация саясаты. (1941-1945жж.) Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ахуал. Бейбіт құрылысқа бейімделу ауыртпалықтары. Кеңес Одағындағы ХХ ғ. 50-60 жж. әскери-өнеркәсіптік базаны жеделдету бағытын қолға алу. Республика өңіріндегі ядролық полигондар және олардың зардаптары. 1940-1950 жж. қоғамдық-саяси өмірдегі бақылаудың күшеюі. Е.Б.Бекмахановқа, Қ.И.Сәтбаевқа, Б.Сүлейменовке, т.б. жасалған қудалаулар мен қысымдар. 1940-1950 жж. білім мен ғылым саласындағы өзгерістер. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы. Н.С.Хрущевтің билікке келуі және оның партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалары. КСРО-ң 1950-60 жж. экономикалық-шаруашылық дамуы. КОКП ХХ съезі және Сталиннің жеке басқа табыну саясатын айыптау және «Хрущевтік жылымық». 1950-1960 жж. ауыл шаруашылығындағы ахуал. Тың және тыңайған жерлерді игеру: артықшылықтары мен қиыншылықтары. 1950-1960 жж.әлеуметтік жағдайдағы қайшылықтар. 1958 ж. Теміртау оқиғасы. ХХ ғасырдың 60-80 жж. Қазақстан экономикасы және онда экономиканың экстенсивті үлгісінің орнығуы. «Тоқырау жылдарындағы» ауыл шаруашылығындағы жағдай және оның қайшылықтары ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстанның әдебиеті мен мәдениеті. Тіл және ұлт саясатындағы қайшылықтардың өрістеуі. «Жас тұлпар» ұйымы. ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы экологиялық ахуал және оның қасіретті сипаты. Тоқырау жылдарындағы әлеуметтік-саяси ахуал. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайындағы қайшылықтар. 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы. Дінмұхамед Қонаев және оның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі. ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. 1979 ж. Целиноград оқиғасы. КОКП ОК сәуір Пленумы (1985 ж.) бағыттары. Қайта құру саясаты. 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғаcы. Сипаты, себептері мен салдардары. 1985-1990 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал, ондағы. тәуелсіз ұйымдар мен партиялар, қозғалыстардың құрылуы, қызметі мен бағдарламалары. Қазақстан саяси жаңғыру өзгерістер және КСРО-ның ыдырау жылдарында. ҚР Егемендігі туралы Декларациясы. 1991 жылғы Тамыз бүлігі. 1991 жылғы Алматы Декларациясы және КСРО-ң ыдырауы және ТМД-ң құрылуы. БЕКІТЕМІН Кафедра жетекшісі ________ Ж.Т. Төлепбергени Хаттама № _____ «____»___________ 20___ж. 2020-2021 оқу жылына арналған «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша № 2 межелік бақылау сұрақтары Қазақстанда Президент интиутының енгізілуі және ҚР Президентін бүкілхалықтық сайлау. ҚР Мемлекеттік Тәуілсіздігі туралы Конституциялық Заңының қабылдану және ҚР даму стратегиясын қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысының қалыптасуы және оның алғашқы Заңдарының қабылдануы. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылдауны және олардың тарихи маңыздары. ҚР Ата заңының қабылдануы. 1993 және 1995 жылғы Конституциялар. Қазақстардың дүниежүзілік Құрылтайлары және ұлттық идеяның өрістетілуі. Қазақстанды экономикалық қайта құрудың жасампаздық кезеңі және оның экономикалық саладағы алғашқы құжаттары. Тәуелсіз Қазақстандағы Парламентаризмнің бастаулары және олардың Заң шығарушы қызметі. ҚР Президентінің ұсынған «Қазақстан-2030» Стратегиясы және оның негізгі басымдықтарының жүзеге асырылуы. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері. Қазақстандағы индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік Бағдарламасы. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы әлемдік стандарттарға кірігу жолындағы реформалары және «Интеллектуалды ұлт-2020» Бағдарламасының жүзеге асырылуы. Қазақстандағы нарықтық экономикаға көшудің ерекшеліктері мен жүру барысы. Қазақстанның қаржы-экономикалық және валюталық саласындағы өзгерістер мен реформалар. Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы және оның негізгі басымдықтары. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол» экономикалық даму жоспары және оның жүзеге асырылуы «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Мемлекеттік Бағдарламасы және оның мазмұны. Халықаралық «ЕХРО» көрмесі және оның Қазақстан үшін маңызы. Тәуелсіз Қазақстандағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға бағытталған реформалар және олардың сипаты. «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттікң жаңа саяси бағыты»Стратегиясы және оның негізгі басымдықтары. ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы мен оның маңызы. Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған реформалар. «Саламатты Қазақстан-2020» Бағдарламасы. ҚР 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы және оның жүзеге асырылу ерекшеліктері. «Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» Бағдарламасы және оның басты басымдықтары. Тәуелсіз Қазақстанның спорт және дене шынықтыру саласындағы жетістіктері мен табыстары. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласын жетілдіру бойынша жүргізілген реформалар және олардың мазмұны. Қазақстандағы ииновациялық білім берудің мазмұны және бағдарламалары. Қазақстанның Болон Декларациясына қол қоюы мен әлемдік білім беру кеңістігіне енудегі қадамдары. ҚР Президентінің «Интеллектуалды ұлт-2020» Бағдарламасы және оның мәні мен мазмұны. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мен жаңарту реформалары. Қазақстанның партиялық жүйесінің қалыптасу эволюциясы. «Нұр Отан» партиясы жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. Ұлтаралық татулықты қалыптастырудың қазақстандық моделі. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы мен қызметі. 2010 жылғы «Ел бірлігі» Доктринасы. ҚР жастар саясатының жүзеге асырпылу ерекшеліктері және оның нормативтік негіздері. Мемлекеттік жастар саясаты шеңберіндегі бағдарламалар. «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы және оның жүзеге асырылуы. Қазақстан Республикасындағы діни ахуал және және дін бостандығын қамтамасыз етуді жүзеге асырудың тәжірибесі. Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съеездері және олардың маңыздылығы. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты. «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастырудың Тұжырымдамасы» және оның жүзеге асырылуы. «Мәдени мұра» Мемлекеттік Бағдарламасы және оның іске асырылуының барысы мен ерекшеліктері. ҚР Президентінің «Халық – тарих толқынында» Бағдарламасы және оның жүзеге асырылуы. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтілуі мен оның маңызы. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы және оның басты құндылықтары. ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласы және оның басымдықтары мен мазмұны. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі мен халықаралық жағдайы. Қазақстанның ұлттық қауіпсздік пен сыртқы саясатының басымдықты бағыттары, оның көп қырлы сипаты. Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған Евразиялық идеясы мен оның жүзеге асырылуы. ҚР әлемдік қайшылықтарды реттеудегі бітімгершілік саясаты. ҚР Президентінің «Әлем ХХІ ғасырда» Манифесі мен оның маңызы. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының жүргізілуі мен басты нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен оның басымдықты бағыттары. ҚР Президетінің «Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы және оның негізгі бағыттары мен басымдықтары. ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын артыру» Жолдауы және оның басымдықтары мен бағыттары. |